ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ-МАҢЫЗДЫ САПАЛАРЫН ДАМЫТУ

 

Нургалиева М.Е.

 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.

 

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға оңай бейімделетін бәсекеге қабілетті маманды даярлауды болашақ мұғалімнің шығармашылық тұлғасын дамыту арқылы жүзеге асыру қажет. Бұл мәселені жоғары білім беру мекемелерінде педагогикалық бағыттағы пәндерді тартумен болашақ мұғалімнің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру арқылы шешу мүмкін. Сонымен бірге студент белсенді, өзін өзі таныта алатын, өмірде өз орнын таңдауға кең мүмкіндікке ие тұлғаға айналу керек. Білім алу үшін қажетті критерий студенттің алған педагогикалық білімін жүгезе асыруға дербес жауапкершілігі болуы керек. Болашақ мұғалім тұлғасының сан қырлылығын, кәсіби сапаларының алуан түрлілігін есептей отыра, оның жан-жақты дамуын қамтамасыздандыратын қажеттілік туындап отыр, бұл тұлғаның негізгі сапаларын қалыптастыруға бағытталған көптеген жүйелердің қызмет етуін шарттайды.

Әрбір жүйе бөлек әрекет жасаған кезде емес, барлық оқу-тәрбие жұмысы кешеніне енгізілген жағдайларда ғана маңызды. Демек, педагогикалық пәндер құралдары арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби сапаларын дамыту функционалды жүйе болып табылады, функционалды жүйе тиісті қызмет түрлері мен оқу-тәрбие құралдарын пайдалану арқылы өзіне тән міндеттерді шешеді. Мұндай жүйенің мақсаты қазіргі жағдайларда болашақ мұғалім тұлғасының ең маңызды сапаларын максималды түрде дамыту болып табылады.

Б.Г. Ананьев, В.П. Беспалько ойынша тұлғаның кәсіби сапаларын дамыту:

· құрылымның біртұтас ерекшелігін қамтитын маңызды белгілерінің бөлінуін;

· талдау алдындағы құрылымның бірыңғай қабылдануын;

· байланыс пен бүтін арасындағы компоненттерді талдауды жорамалдайды [1,3,9,].

Әлеуметтік жағдайлар немесе өмірді ұйымдастыру тұлғаның дамуына әсер ету арқылы олардың қолайлы тәртіпте жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Парыздылық сезімі, кәсіби біліміндегі, ғылыми және іскери мәселелерін табысты шешудегі терең қызығушылығы – бұлар және басқа да түрткілер адам зердесін белсендіру үшін ғана емес, және де оның кәсіби қызметінің жетістігі үшін де маңызды. Танымдық білімпаздық, проблема аспектісіндегі бейімделу, ондағы басты мен қосалқыны түсіну, құбылыстың әр түрлі жақтары арасындағы өзара тәуелділік және т.б. тұлғаға тәртіп тәсілін, өзі мекендеген бірдей әлеуметтік жағдайды таңдауға, сондай-ақ қызметінің болашағын, әрекеттерінің алгоритмін құруға мүмкіндік береді.

Тұлғаның әлеуметтік функциясын орындауға даярлығы оның адамгершілік-мағыналы, уәждемелік, мазмұнды-іс жүргізу аспектілерінің жиынтығымен анықталады [8].

Еңбекке даярлық критерийлері: білімге, іскерлік пен дағдыға саналы қажеттілігі; оқу еңбегіне, кәсібіне қызығушылығы; жеке дербес және қоғамдық мақсаттардың арақатынасы; тәуелсіз, шығармашылық ойлаудың болуы; өз қызығушылықтарын, қабілеттерін, мүмкіндіктерін түсіну.

Психолог ғалымдар тұлғаның үш компоненттік құрылымын бөліп көрсетеді:

· дүниетаныммен, наныммен, ынтамен, қызығушылықпен анықталатын тұлғаның бағыттанушылығы;

· білім, іскерлік, дағды кіретін тәжірибе;

· психикалық үрдістің ерекшеліктері: ерік, сезімдер, түйсік, ойлау, эмоция [8].

Сәйкесінше, педагогикалық пәндерді оқыту үрдісінде маманның кәсіби маңызды сапаларын дамыту құрылымының үш – уәждемелік-құндылықты, операциялық-практикалық, эмоционалды-жігерлі компоненттерін анықтауға болады.

Құрылымның бірінші компоненті – уәждемелік-құндылықты. Оның жүзеге асырылуы болашақ кәсіби қызметін іске асыруға арналған кәсіби білімді, іскерлікті, дағдыларды меңгеруге бағытталған кәсіби қажеттіліктерін дамытуға себеп болады.

Оқу үрдісінің бастапқы кезеңі пәнді игерудегі саналы қажеттілігі болып табылады. Оларды қанағаттандыратын қызығушылық пен қажеттілік, құндылықтар оқу үрдісінің қозғаушы қызметін атқарады. Студенттердің оқу мотивтері әр түрлі. Жаңа кәсіби маңызды материалды оқуға әуестенушілік, кәсіби даярлық деңгейін жоғарылату ықыласы, өздігінен білім алуға ұмтылу болашақ мұғалімдердің кәсіби қызығушылықтарының туындауына жетектейді. Бұны жоғары оқу орнында оқу қызметінің кәсіби бағытын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асыруға болады.

Студенттің көздеген мақсаттарын таңдауға ықпал жасайтын кәсіби маңызды сапаларын дамытуға кәсіби қызығушылық себепші болады. Мақсаттар мен міндеттер білім алушылардың ерік-жігерін бағыттап, реттеп отырады, оқуға лайықты және мақсатты сипаттама береді.

Кәсіби қызығушылық студенттің өзін өзі кемелдендіруі үшін қажетті білімді, іскерлік пен дағдыларды табандылықпен және мақсатты меңгеруіне түрткі болатын кәсіби маңызды сапаларын дамытудың елеулі факторы болып табылады.

Келесі компонент – операциялық-практикалық, ол дербес кәсіби қызметке студенттің қабілетін дамытуға арналған негіз болып келеді, оның жүзеге асырылуы үшін қор құрайды. Мақсаттың нәтижеге айналуы оқыту мазмұнын (оқытылатын пәндер) меңгеруі арқасында өтеді. Бұл меңгеру нәтижелі болу үшін мазмұн белгілі бір талаптарға: ғылымилық, жүйелілік, мақсаттылық, теория мен практиканың байланыстарына сай болу керек.

Бұл компоненттің іске асырылуы студенттің тек таза кәсіби пәндерді ғана емес, сондай-ақ гуманитарлық пәндерді сапалы меңгеру қабілетінің қалыптасуына жағдай жасайды, алған білімдерін қолдану икемділігіне және әр түрлі практикалық жағдайларда жауапты шешім қабылдауына мүмкіндаік тудырады. Демек, оқу жылдары ішінде жігерлілік, іскерлік, нақты шешімдерді қабылдауда дербестік таныту сияқты сапаларды қалыптастыру керек.

Студенттердің болашақ мамандығын игеруіне қажетті біліммен, іскерлікпен және дағдымен жабдықтануы оқу үрдісінің кәсіби-бағытталған қызметпен жанасу жолымен жүзеге асырылады. Оқытылатын пәндерді түйсіну және ұғу пән, оның жақтары мен аспектілері туралы жалпы түсінік береді. Оқытудың формалары мен әдістері кәсіби қызметтің мазмұнын ашуға жағдай жасайды.

Үшінші компонент – эмоционалды-жігерлі, ол студенттің әр түрлі кәсіби ситуацияларда өздігінен шешімдер қабылдауға жауаптылық сезімінің даярлығын қамтамасыз етеді.

Эмоционалды-жігерлі компонентке табандылық, батылдық,  әр түрлі кәсіби жағдайлардағы эмоционалды-адекватты тәртіп, алуан түрлі күрделі міндеттерді өздігінен шешу ынтасы, жұмысының нәтижесі үшін жауапкершілік сезімі сияқты сапалар енеді.

Жоғарыда аталған компоненттер бір-бірімен өзара әрекет жасайды. Уәждемелік-құндылықты компонент, негізінде, кәсіби қызығушылық арқылы байқалады және қайсыбір формаларды, әдістерді, материалды беру құралдарын қолдануды анықтай отыра, операциялық-практикалық және эмоционалды-жігерлі компоненттерге әсер етеді. Уәждемелік-құндылықты компонент студенттердің кәсіби біліміне, іскерлігі мен дағдысына ықпал етеді, шығармашылық белсенділігін жұмылдырады.

Операциялық-практикалық компонент студенттің оқу үрдісі барысында алған қажетті білімімен және икемділігімен; білімін оқу мен еңбек қызметінде қолдану қабілетімен; шығармашылық белсенді қызметінде білімді игерумен және қолданумен сипатталады. Операциялық-практикалық компоненттің бұл сапалары уәждемелік-құндылықты және эмоционалды-жігерлі компоненттерге әсер етеді, өйткені кәсіби білімі, іскерлігі мен дағдысы бар студенттің күрделі кәсіби ситуацияларда мақсатты шешім қабылдауында сенімділігі артады, эмоционалдық күйін бірдей ұстауына мүмкіндік береді.

Эмоционалды-жігерлі компонент уәждемелік-құндылықты және операциялық-практикалық компонентке шығармашылық атмосфераны құру, кәсіби қызметте жоғары нәтижеге ие болу ынтасына мүмкіндік туғызу арқылы әсер етеді.

Сөйтіп, құрылым компоненттері өзара тығыз байланысып, шарттасқан.

Білім, іскерлік пен дағды адам мүлдем қалыптаса алмайтын қызметтерде жүзеге асырылады.

Танымдық кәсіби-бағытталған қызметін іске асыру үшін студентке өз қызметінің мақсатын анық айқындап алу, әрекетін жоспарлай білу және оларды дәлелдей алу, әрекет әдісін таңдау немесе жаңа әдісті құрастыру, міндетін орындау үшін қажетті білімін іріктеу, өзін өзі бақылауды жүзеге асыру керек. Бұл әрекеттерді жасамас бұрын, студентке жаңа танымдық нәтиже алу қажет, ол жаңа білім, жаңа қызмет әдістері, әлдеқашан белгілі болған әдістерді жаңаша қиыстыру түрінде көрінеді. Бұл мақсатқа жетудің басты шарты кәсіби-бағытталған танымдық қызмет амалдарын игеру болып табылады. Олардың арасынан: теңеуді, жалпылауды, нақтылауды, ұғымдарды айқындауды, себеп-салдар байланысын белгілеуді, заңдылықтарды анықтауды, сұрақтар мен болжамдарды, дәлелді, бағаны, ұқсастықты табуды атап кетуге болады.

Педагогтар, психологтар адам қызметін екі негізгі түрге бөледі. Біріншісі – өндіруші, репродуктивті, жадымен байланысты (бұл жағдайда еш жаңа нәрсе жасалмайды, қызмет негізі бұрын болған қызметтің азды көпті қайталануы болып келеді). Екіншісі – құрамдастырушы, шығармашылық, жаңа бейнелер мен әрекеттерді жасауға бағытталған (бұл жағдайда алған тәжірибе элементтерінен жаңа күй, жаңа тәртіп жасалады). Атап айтқанда, адамның шығармашылық қызметі одан болашаққа қараған, жасампаз және қазіргі кезін түрлендіретін жан етеді.

Зерттеушілер егер негізгі қызмет түрлері (оқу, еңбек, қоршаған ортамен қатынас) адамның шығармашылық түрде көрінуі үшін жағдай туғызбаса, онда адамның психикалық қасиеттерін (мінезі мен қабілетін) одан әрі дамытудың табиғи негізі ретінде келетін кепілдеме жүзеге аспайтынын дәлелдеді [4].

Тіршілік әрекетін ұйымдастыру ғана адамның ақыл-ой күшін ынтыландыру, қызметінің бірегей нәтижелерін алуда қызығушылық пен талпыныстарын дамыту керек. Парыздылық сезімі, мамандығына сүйіспеншілікпен қарау, ғылыми және іскери мәселелерді табысты дамытуға деген қызығушылығы – бұл мотивтер табысты кәсіби қызметі үшін өте маңызды.

Жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттер тек кәсіби білім, іскерлік қана алуға міндетті емес, сондай-ақ тұлға ретінде қалыптасуы керек. Болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығында үлкен рөл педагогикалық пәндерге артылады:

· студенттің педагогикалық білім мен әлемді тану әдістері, адам қызметінің тәсілдері негізінде өздігінен білім алуды жоғарылатуға кәсіби даярлығы;

· студенттің педагогикалық пәндерді оқыту үрдісінде табиғат, қоғам, тұлға дамуының диалектикалық заңдарын игеруі негізінде оның дүниетанымын болашақ маман мен біртұтас тұлға ретінде қалыптастыру;

· қоршаған әлемнің өзгеруін есептей отыра, студенттің оқыту мен кәсіби қызметінде өзін өзі кемелдендіруге дайындығы.

Қазіргі жағдайларда айрықша нәтиже оқыту модельдері болуда, оларда болашақ қызметтің жетекші салаларына сәйкес болашақ маман тұлғасын дамытумен бірге кәсіби даярлықтың міндеттері толығымен синтезделеді.

 

Мақалада болашақ мұғалімдердің маңызды кәсіби сапаларын дамыту үрдісі талданады. Олардың құрылым компоненттеріне педагогикалық пәндерді оқыту үрдісі барысында қалыптастыруға сипаттама беріледі, өзара байланысы мен өзара шарттастығы дәлелденеді.

 

Әдебиеттер:

1.      Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Қазақ Ұлтгық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. Алматы, 2005

2.      Ананьев Б. Г. Избранные психологические труды. М.: Педагогика, 1980. Т.2.287с.

3.      Беспалько В. П., Татур Ю. Г. Системно-методическое обеспечение учебно-воспитательного процесса подготовки специалистов. М.: Высшая школа, 1989.144с.

4.      Бодалев А.А., Рудкевич Л.Л. О субъективных факторах творческой деятельности человека // Педагогика. 1995. №3. С. 19-23.

5.      Бокарева Г. А. Совершенствование профессиональной подготовки студентов. Калининград, 1985.264с.

6.      Гурова Р.Г. Социологические проблемы воспитания. М.: Педагогика, 2001. 176с.