Кемелова Гүлнұр Айдарханқызы

Тараз қаласы, №54 орта мектептің география пәнінің мұғалімі, магистр

География сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану жолдары

 

     Қазіргі заман талабы бойынша оқытудың басты мақсаты өздігінен  білім алып дами алатын жеке  тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, біздің жаратылыстану бірлестігі Ж.А.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын өз сабақтарында кеңінен қолданып жүрміз. Бұл технология оқушының білім деңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады. Деңгейлеп оқыту төрт бөліктен тұратыны барлық ұстаздарға белгілі .

1. Оқушылық деңгей. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық оқушы тапсырманы толық орындауы тиіс.

2. Алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін  алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

3. Эвристикалық деңгей. Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым  білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Тағы жаңа білімдерін меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашады. Анализ бен синтез, салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау. Бұл деңгейде  геохронологиялық кесте, географиялық диктант, анаграмма құрастыру, сарамандық жұмыс жүргізу, эвристикалық сұрақтар болуы қажет.

4. Шығармашылық деңгей. Бұл деңгейде  берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндама, эссе, оқиға желісін құрастыра білу қажет.

        Мысалы, 7-сыныпта өтілген «Оңтүстік жарты шар материктері» тақырыбында, білімді бекіту сабағында мынадай деңгейлік тапсырмалар берілді.

7- сынып бойынша .

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік жарты шар материктерін қайталау

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың оңтүстік жарты шар материкерін оқуда алған білімдерін қайталау, бекіту.

Дамытушылық: Өз бетінше және топтық ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың жоспары:

І. Кіріспе

Ұйымдастыру (сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу)

ІІ. Негізгі бөлім

1.     Бәйге (сұрақ-жауап)

2.     Мекен-жай (картамен жұмыс)

3.     Ойлан. Тап (Видео сұрақтар)

4.     Капитан Колумбтың хаттары

5.     Жауапқа сұрақ

ІІІ. Қорытындылау

ІҮ. Бағалау

Ү. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

І кезең бойынша

А) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

Ә) Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру

Б) Оқушыларды топқа бөлу

       Мұғалім сөзі. Біз осы уақыт аралығында оңтүстік жарты шар материктерге саяхат жасап, танып білдік. Яғни Африка, Аустралия, Оңтүстік Америка тіпті Антарктида да болып қайттық. Онда біз әртүрлі қызықты да, ерекше табиғат жағдайларын, жануар түрлерін, өсімдіктерді танып білдік. Бүгін біз оңтүстік жарты шар материктерін қортындылап, білімімізді сынаймыз. Сондықтан сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Ол үшін біз 4 топқа бөлінеміз, топтың жеңіп шығуы үшін түрлі кедергілерден өтетін боламыз. Кедергілерден сүрінбей өту үшін әрине біздің алған біліміміз көп көмегін тигізеді.  Ендеше бағалау парақшасымен танысайық.

1 – топтық бағалау.

2- жеке оқушыларды бағалау

1-    деңгей тапсырмалары:

1-тапсырма. Бәйге (сұрақ-жауап)

І топ.  Оңтүстік жарты шардағы ең биік тау (Анды

Африканы зерттеген ағылшын зерттеушісі (Ливингстон).

*Ең құрғақ материк?  (Аустралия)

Өзені жоқ материк?  (Антарктида)

ІІ топ. Ең тұзды теңіз? (Қызыл)

Д.Ж. ең биік сарқырама? ( Анхель)

Лама, кондорлардың мекен ететін аймағы? ( Анды тауы)

Оңтүстік Америкадағы ылғалды экваторлық ормандарды қалай атайды? (сельва)

ІІІ топ. Оңтүстік америкалық түйеқұс? (Нанду)

Африкалық түйеқұс (Эму)

Амазонка өзеніндегі қауіпті балық? (Пиранья)

Антарктидадағы жанартау (Эребус)

ІҮ топ. Орталық және Солтүстік Америка материгі аралығында орналасқан канал (Панама)

Африканың сөнген жанартауы (Килимандажаро)

Аңдар патшалығы деп аталатын табиғат зона (Африка саваннасы)

Оңтүстік Американың батысында орналасқан шөл? (Атакама)

2-    Тапсырма. «Мекен-жай» картамен жұмыс

Титикака көлі

Танганика көлі

Эйр көлі

Қызыл теңіз

Гвиана таулы үстірті

Айдаһар таулары

Үлкен Суайрық жотасы

Жаңа Гвинея аралы

Амазонка өзені

Конго өзені

Мадейра өзені

Бенгал ағысы

Бразилия

Египет

Аустралия Одағы

Мадагаскар елі

2-деңгей тапсырмалары:

1-    тапсырма. Ойлан.Тап. (Бейне сұрақ)

1.     Қызғылт теңіз (Аустралия). Аустралия материгінде мұндай көлдердің саны 10-нан асады. Көл астындағы балдырлардың қызғылт түс бөлінуінен көлдің түсі де қызғылт. Жергілікті халық көлдің тұздарын өндіреді.

2.     Крокодил (Амазонка). Оңтүстік Американың ылғалды экваторлық орман зонасында тіршілік етеді. Амахонка өзені.

3.     Гуано (Перу). Анд тауының бастыс беткейіндегі құс базарындағы құстардың саңғырықтары 30 м дейін жиналады. Оларды жергілікті халық «Гуано» деп атайды.

4.     Сарқырама (Игуасу, О.Америка). Оңтүстік Американың Парана өзенінде орналасқан әлемдегі ең үлкен сарқырама, 300 тармағы бар.

2-    тапсырма. «Капитан Колумбтың хаты»

Хатта жазылған мәліметтердің қатесін тауып, түзеу.

3-деңгей тапсырмалары:

Болжамдау «Сіз қалай ойлайсыз?»

1.Егерде Анд тауы Оңтүстік Американың шығысында орналасқанда  материктің климаты қандай болар еді?

2. Бәрімізге белгілі Үнді-Аустралия  литосфералық плитасы Еуразия материгіне жылжып барады. 30 млн. жылдан кейін қосылады.  Аустралияның  климаты және органикалық  дүниесі қалай өзгереді?

3.Егер Антарктиданың мұзы еріген жағдайда қандай жағдай орын алады?

4. Егер экваторлық белдеу Африканың оңтүстік  бөлігінде орналасқанда климаты қалай болар еді? 

4 –деңгей тапсырмалары:

«Материктерге саяхат» ұйымдастыру. Атлас картаны пайдаланып маршрут құрастыру.

Әрбір оқушы деңгейлік тапсырманы орындап болған соң, мұғалім дайындаған дұрыс жауаптармен өзі орындап үлгерген тапсырмаларын тексереді. Осылайша бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетінде жетілдіреді. Оқушылардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жарыс туады.

Қорыта айтқанда деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі мынада:

1. Өтілген материалды толық меңгереді, өйткені сабақ сайын қайталанып, пысықталынып отырады.

2. Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген тапсырмалар толығымен орындалады.

3. Оқушы өзін - өзі тексереді, өзінің жіберген қателерін біліп отырады.

4. Талдау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Талдаудың барлық түрінде сабақ сайын қайталап отырады.

5. Білім сапасы әр сабақ сайын тексеріліп отырады, алған білімдерінің нәтижесі айқын көрініп тұрады.

6. Ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар орындайды.

7. Техникалық құралдарды жиі пайдаланады.(Компьютер, интерактивті тақта).

Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын» тиімді пайдалануда оқушының білімге деген құштарлығы, ынтасы артқанын, еркін сауатты сөйлеуге, өз ойын жинақтап ашық айтуға немесе дәлелдеуге, ұсыныс, пікір білдіруге, ой қорытуға дағдыланады. Сабақтарда тиімді технологияларды пайдаланып, әр түрлі әдіс - тәсілдерді үздіксіз қолданған жөн.