Бекембетова Л.И., Касымов М.Р.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

ИНКЛЮЗИВТІ СЫНЫПТА ПӘНДІК БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН МОДЕЛЬДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Инклюзивті мектепте білім беру ортасын заман талаптарына сай модельдеу мәселесі бүгінгі күнде аса маңызды мәселелердің бірі.

В.А.Ясвиннің ойынша, жеке тұлғаның психологиялық мінездемесі (А.Маслоу бойынша), «педагогтар қолынан шығарылатын», «сапалы затты» модельдеу мен жобалаудың нақты нысанасы болуы мүмкін: қоршаған ортаны белсенді қабылдау және онда жақсы бағдарлай алу; өзін және басқа адамдарды ерекшеліктеріне сай қабылдау; өз ой-пікірлерін және сезімдерін ашық білдіріп, іс-әрекеттернде еркін болу; өзінің ішкі өміріне (сзімдері, уайымдары) ғана емес, «сыртқа» болып жатқан жағдайларға назар аудару; көңілді, әзілкеш болу; дамыған шығармашылық қабілеттер; ережелерді қабылдай алу; тек өзімен ғана айналыспау, басқаларды да уайымдау; өмірді түсінуге ұмтылу; қоршаған адамдармен (барлығымен болмаса да) жақсы қарым-қатынаста болу; өмір сүруде жаңа, қызықты жолдар іздеуге ұмтылу.

В.А.Ясвиннің ойынша, мұндай білім беру ортасын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – әр оқушы үшін дамуына жағымды жағдай жасау арқылы оқу процесін модельдеу. Білім беру ортасы балаға дамуыгдағы түрлі бағыттар бойынша (физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік және т.б.) жоғары нәтижелерге жетуге жағдай жасауы тиіс.

          Білім беру ортасының кеңістіктік-заттық компонентін модельдеу мен қйымдастыруға Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» еңбегінде назар аударған. Ол оқу мекемесінің кеңістіктік-заттық ортасын қарастырғанда бала мектептің ғимаратының отыратын сыныбы мен орнының және т.б. әдемі болуын, ұнауы туралы айтқан.

            Білім беру ортасының кеңістіктік-заттық модельдеуі жекетұлғалық дамудың негізгі факторы екендігіне бірінші болып Мария Монтессори назар аударған. М.Монтессори білім беру ортасының кеңістіктік-заттық ұйымдастырылуын «дайындық ортасы» деп атаған. Инклюзивті білім беру ортасын модельдеуде ерекше қажеттіліктері бар балалардың келесі ерекшеліктеріне назар аудару керек: алғашқы бұзылыстың (кемістіктің) құрлымына; оның көрініс табуына; психофизикалық дамудың мінездемесі мен ерекшеліктеріне (сенсомоторлық, көру, сезу, есту, қимыл-қозғалыс, көру-кеңістік); екіншіден дамыту ортасының концепциясында құрастырылып, ұсынылған талаптарды ескеру; мұнда келесі принциптер ерекше маңызға ие болады:

1.     Ортаның көп қызметтілігі мүмкіндігі шектеулі балаларды түрлі әрекеттерге итермелейтін жағдайлар жасалады. Шартты түрде өзіндік іс-әрекеттер орындай алатын балалардың түрлі міндеттерді шешуге негіз болатын дидактикалық материалдар, көрнекіліктер ұсынылады, қолжетімді болып орналастырылады.

2.     Жайлылық және тұрақтылық принципі. Ортаның компоненттерінің тұрақтылығы, сенімділік пен қамқорлық сезінуі.

3.     Әр баланың даму ерекшеліктерін ескеру принципі. Инклюзивті кеңістікті жобалауда баланың психофизиологиялық даму деңгейін, қызығушылықтарын ескеру керек. Орта баланың өзекті, жақын даму және оның өзіндік даму қажеттіліктерін қамту керек.

4.     Коммуникативтік мүмкіндіктерін дамыту.

5.     Тиімділік пен қолжетімділік принципі. Ортаның әрбір компоненттері жалпы мақсаттарға сәйкес болуы керек. Ерекше балаға дамытатын заттық ортаның қолжетімді болуы – материалдар, кітаптар, көрнекіліктердің қол созымды деңгейден жоғары болмауы.

Инклюзивті кеңістікке қосылған балалар контигентіне байланысты

дамытатын заттық орта өзіндік ерекшеліктерге ие болып, барлық іс-әрекет түрлерін терең дамытуға жағдай жасайды. Яғни, инклюзивті сыныпта кіші топтармен немесе белсенділік орталықтарында балалармен жүргізілетін жұмыстарда білім беру ортасын түрлендіру қажет: бала сипап сезу арқылы ажырататын белгілері бар оқу орталықтары мен басқа да сыныптағы аймақтарды жабдықтау; баланы сабаққа дейін сынып бөлмесімен таныстыру; ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға басқа балаларды тарту; баланы қоршаған орта тұрақты болуы тиіс; төтенше жағдайдың пайда болу жағдайына әрекеттер жоспарын құру; оқу жағдайында көмек дер кезінде көрсетілуін қамту; қажет болғанда мүгедектер арбасы өтетіндей етіп, есікті кеңейту; барлық баспалдақтарды пандустармен жабдықтау; мүгедектер арбасымен еркін қозғалу үшін жиhаздарды ыңғайлы етіп орналастыру; топтық сабақтар мен ұжымдық ойындарға арналған жеткілікті кеңістікпен қамту; ғимаратта мүгедек арбасымен кіруге мүмкін емес, әжетхананы баланың пайдалануына байланысты жоспар құру; баланың мұғаліммен немес басқа баламен жұмыс жасауына арналған бұрышты жабдықтау; бұрыштың ішінде болып жатқанды мұғалімнің қадағалауы, ал балалар сыныптағыларды көрмеуі үшін ол бұрыш ширмамен бөлінуі тиіс; іс-әрекет орталықтарын, физикалық тосқауыл ретінде тақтайшалармен бөлу керек; зақым келтірмейтіндей етіп, жиhаздардың үшкір бұрыштарын жұмсақ заттармен қаптау; балаға, демалу керек болған сәтте, қимылдауға жағдай жасау; танымал ортамен қамту.

         Инклюзивті сыныпта мүгедектігі бар балаларға арналған ортаны ұйымдастыруда міндетті түрде:

-         балаларды ыңғайлы орындарға отырғызу керек;

-         балаларды жақсы оқитын баламен отырғызу;

-         сыныпта жағымды рольді атқаратын баламен отырғызу керек;

-         назарды аударатын заттардың жанына отырғызу;

-         жеке жұмысқа арналған орындарды немесе сыныптағы тыныш аймақтарды пайдалану;

-         сынып тақтасын қажет емес материалдармен толтырмау;

-         қауіпсіз, кедергілер мен асулардан бос, қолжетімді орта қажет;

-         сыныпта қозғалуға адекватты кеңістікпен қамту;

-         оқушылардың бір-бірімен араласып, жұмыс жасауына арналған оқу орындарын ұйымдастыру.

          Инклюзивті білім берудің маңызды міндеттерінің бірі болып оқушылардың оқудағы қажеттіліктерін ескере отырып оқу процесін нәтижелі ұйымдастыру, білім алу жағдайларын жасау табылады. Ерекше назарды инклюзивті сыныптарда оқыту процесін қамтитын оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына аудару керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы мектептерде оқытуды қолдайтын, қалыпты сыныптардың мұғалімдерінің ойынша балаларға, оқу бағдарламасын меңгеруде қойылатын талаптарды жеңілдету керек. Олар, балалардың танымдық процестеріне сүйене отырып көмек беру қажеттілігін түсінгенімен, инклюзия жағдайында оқу процесін ұйымдастырумен байланысты арнайы білімдерді меңгермеген.Яғни, мұғалімдердің мүмкіндігі шектеулі балаларды сегрегациялық оқытуға бағытталуы мен білімдердің қолжетімділігін қамту қажеттілігін түсіну арасында қарама-қайшылық бар.

          Педагогтар мен мамандардың өзара байланыстары деп баланың мәселелерін шешуде кешенді бағытты қамтитын, балалар мен жасөспірімдерді дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру міндеттерін шешуге бағытталған, білім беру процесінің субъектісіне (бала, топ, сынып) жетекшілік жасауға бағытталған түрлі мамандар мен педагогтардың біріккен іс-әрекеті саналады. Сонымен мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпыға білім беру процесінде педагогикалық қолдау көрсетудегі мамандардың өзара байланыстары психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жүйелі әсер деп қарастырады. Жүйелі әсер түрлі мамандардың (педагогтар, дефектологтар, психологтар, логопедтер) бірігіп жұмыс жасауы арқылы іске асырылады.

 

        Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы». А., 2010ж.

2. Хакимжанова Г.Д., Айдарбекова А.А. Обучение и воспитание детей с особыми образовательными потребностями в условиях массовой школы. - Алматы, 2001.   

3. Аксенова Л.И. Социальная педагогика в специальном образовании -М., 2001.

4. Марцинковская Т.Д. Диагностика психического развития детей. Пособие по практической психологии. — М.: ЛИНКА - ПРЕСС, 1997.