Экономические науки/9.Экономика промышленности.
Шалболова У.Ж.
д.э.н., профессор (КГУ им. Коркыт Ата, Казахстан)
Елпанова М.А.
к.э.н., доцент (КГУ им. Коркыт Ата, Казахстан)
Казбекова Л.А. –
к.э.н., доцент (КГУ им. Коркыт Ата, Казахстан)
Қонысбекұлы М.
магистрант (КГУ
им. Коркыт Ата, Казахстан)
Экономикалық өсу жағдайында
мұнай-газ кәсіпорындарының стратегиясын жетілдіруде
жүйелілік тәсілді пайдалану
ерекшеліктері
Мұнай-газ кәсiпорнының сыртқы
ортасының тез өзгеруі басқаруға жаңа
әдiстер, жүйелер және жолдарының пайда болуына
жағдай жасайды. Егер сыртқы орта тұрақты болса, онда
стратегиялық басқарумен айналысудың аса қажеттігі
жоқ. Дегенмен қазіргі кезеңде көптеген кәсіпорындар
тез өзгеретін және қиын болжанатын ортада жұмыс
істейді, сондықтан қазіргі нарықтық жағдайда
кәсіпорынды тиімді басқарудың идеясы ретінде
стратегиялық басқару жүйесінің әдістерін қажетсінеді.
Ең алдымен, «стратегияны жоспарлаудың жүйелі үдерісі
ретінде» түсінігін нақтылау керек. Көбінесе
«стратегиялық» анықтамасының мағынасы стратегиялық
басқаруды басқару қызметінің бір бағытына апарып
қосатыны анық. Стратегиялық жоспарлау әдетте, жоспарлаудан
«тек кейбір компоненттердің құрамымен және осы компоненттердің
уақытша бағдарымен» ажыратылады немесе «стратегияны
өңдеу және жүзеге асыру бойынша ұйым
қызметінің реттілігін анықтайтын процесс» ретінде
ұсынылады.
Демек, стратегия бұл басқарудың жүйелiк процесі
ретінде ұйымның мақсаттары мен міндеттерін анықтаумен
байланысты және өз мақсаттарына жетуге мүміндік беретін
ұйым мен қоршаған орта арасындағы нақты
қарым-қатынасты
қолдаумен, оның ішкі
мүмкіндіктеріне сәйкес келу керек
және сыртқы талаптарды түсіну қажет.
Болашақта ұйымның соңғы мақсаттарына жетуін
қамтамасыз ететін әлеует, стратегиялық басқарудың
соңғы өнімдерінің бірі болып табылады. Сондықтан,
стратегиялық жоспарлау жүйелік процесі ретінде сыртқы орта
факторларының жоғары тұрақсыздану жағдайында
және олардың уақытының белгіленбеуімен
анықталады.
Басқарудың жүйелі процесі ретінде
қарастырылған стратегия ерекшеліктерін жинақтай келе, ішкі
және сыртқы өзгерістерге адекватты әсер ету және
бәсекелестік басымдылығын қалыптастыру негізінде стратегияны
кәсіпорынның қойған перспективалық
мақсаттарына тиімді жету әрекеті ретінде түсіну керек.
Басқарудың жүйелі процесі ретінде стратегияның
мәні сыртқы орта басымдылығы есебінен ерекше
мақсаттармен және тимділікпен сипатталады, ал
кәсіпорынның ресурстары бәсекелестік басымдылығын
ұстап тұру және жаулап алу стратегиялық маңызды
нәтижелерге жету құралы ретінде қарастырылады. Басқарудың
жүйелі процесі ретінде стратегия басқарудың кез-келген үдерісі
тәрізді классикалық түсініктерге сәйкес келесі
кезеңдерді қамтиды: ұйымның мақсаттарын
анықтау және қойылуы; ішкі және сыртқы ортаны
стратегиялық талдау; стратегиялық баламаларды қалыптастыру
және стратегияны таңдау;қабылданған стратегияның
жүзеге асыру; стартегиялық бақылау және реттеу.
Әрбір кезең бір бірінің
қисынды жалғасы болып табылады. Олардың арасында негізгі
орынды стратегиялық баламаларды қалыптастыру және стратегияны
таңдау алады. Әдеттегідей, олар үнемі қатар
жүреді, олардың арасында орныққан тұрақты
кері өзара байланыс әрбір процестің басқаларға
және олардың жалпы жиынтығының кері әсеріне айқын себепші
болады.
Бұл
стратегия құрылымының басқарудың жүйелі
процесі ретіндегі маңызды ерекшелігі болып табылады. Сыртқы
ортаның өзгеруі жағдайында әрекетті жақсарту
немесе сақтап қалу үшін қазіргі кезде
стратегиялық талдау және жоспарлау процесінде
кәсіпорынның позициялары анықталады, сондықтан
кәсіпорынды басқару ережесі мен ұжымдық өзара
қатынасынан туындайтын мүмкін болатын ауытқуларды және
тұрақсыздықтарды зерттеу арқылы ең жақын
мақсаттарды анықтаймыз.
Мұнай-
газ кәсіпорынын стратегиялық басқарудың жүйелі
процесі ретінде үш айнымалы арқылы анықтауға болады:
бизнестің сыртқы стратегиялық шарттарымен;
кәсіпорынның ішкі стратегиялық потенциалымен;
кәсiпорынның бәсекелестiк стратегиялық
артықшылықтарымен. Біз әрбір айнымалыны сипаттап және
жүйеге қосу арқылы бизнес ортамен өзара әрекет
ететін нақты басқару процестерін жүргізе алуға
мүмкіндігі бар стратегияны басқарудың жүйелі процесі
ретіндегі имитациалық динамикалық үлгісін алдық. Үлгі
негізінде стратегияның жүйелі процес ретіндегі кәсіпорын
мақсаттары және мүмкіндіктері арасындағы
стратегиялық тепе-теңдікті қалыптастыру және
қолдау мақсатында
басқару процесінің шешімдерін қабылдау және
жүзеге асырудың графикалық сызбасы 1 суретте келтірілген. Динамикалық
үлгілеудің мәні өзгермелі уақыт жағдайында
сол немесе басқа жүйе әрекетін ұқсату
үлгілерін жасаудан тұрады.
Бұл үлгіде стратегияның басқарудың жүйелі
процесі ретіндегі бірнеше маңызды көріністерін атап өту
қажет: тұрақты кері байланыс бар және сәйкесінше
әрбір процестің қалған барлық процеске кері
ықпалының болуы; стратегия процесі басқарудың
жүйелі процесі ретінде тек өңделген және
түзетілген стратегиялырды жүзеге асыруды білдірмейді, сонымен бірге
стратегиялық өзгерістер, ресурстардың жұмылдырылуын
және қалыптасуын бідіреді; стратегиялық талдау процесінде
старатегиялық жоспарлау моделдері және нарықтық
бәсекелестік есебінен стратегиялық позицияларды анықтау
қолданылады; стратегиялық бақылау процесі жоғарыда
аталған үлгіге ішкі және сыртқы ортаның
әлсіз сигналдарын және күтілмеген жағдайларға
ұйымның дәл уақытында және адекватты реакциясын
қамтамасыз ету арқылы динамикалық икемділік береді.
|
Ішкі ортадан мәліметтер Сыртқы ортадан ақпараттар 1 |
|||||||
|
|
Сыртқы
ортаны талдау |
||||||
Мақсатты
анықтау Стратегияны
қалыптастыру


Шартты белгілеулер: 1-
стратегиялық талдау процесі, 2 – стратегиялық таңдау процесі,
3- стратегиялық орындау процесі, 4 – стратегиялық бақылау
процесі
Сурет 1- Мұнай- газ кәсіпорындағы басқарудың
жүйелі үдеріс ретіндегі стратегияның
тұжырымдамалық үлгісі
Бұл ретте стратегиялық міндеттерді және әлсіз
сигналдарды басқаруда жіктеу үлгісі қолданылады.
Осы жолмен алынған динамикалық үлгі стратегиялық
талдау және жоспарлауда қолданылуы мүмкін. Ол келесілерді
болжауға мүмкіндік береді: бизнестің сыртқы
жағдайлары өзгергенде кәсіпорынның мүмкіндіктері
қалай өзгереді (оның стратегиялық потенциалы); сыртқы
жағдай өзгергенде мұнай- газ саласындағы
қозғалыс күштері қалай өзгереді; сыртқы
жағдай және сала құрылымы өзгергенде
кәсіпорынның бәсекелестік мәртебесі қалай
өзгереді; таңдалған стратегияны жүзеге асырғанда
стратегиялық позиция қалай өзгереді; стратегияны жүзеге
асыру үшін және стратегиялық позицияны өзгерту
үшін стратегиялық потенциал жеткілікті ме; бизнес ортаның
қандай факторлары көп деңгейде жүйені
тұрақсыздандырады, кәсіпорынды дағдарысқа алып
келеді.
Айтып келгенде, стратегиялық жоспарлауда
және талдауда динамикалық модельдерді қолдану өткен
кезеңдегі статистикалық
мәліметтерді талдаудан және эмпирикалық білімдер негізінде
болашақты болжаудан өте көп ерекшеленеді. Бұндай жол
уақиғаның алдағы барыстарына әсер ететiн
өте маңызды өзара тәуелдiлiктерді
айқындауға мүмкiндiк бередi.
Динамикалық үлгi өткен
кезеңдерде болмаған, келешектің құбылыстарын шығаруға қабiлеттi. Ол
сенімді мәліметтер бар казіргінің факторы ретінде, келешекті
қалыптастыруда қолданылатындығын көрсетеді.
Басқарудың жүйелі үдерісі ретінде стратегияның
маңызды ерекшелігі – оның болашаққа бағыты,
сондықтан даму бағыттарын нақты анықтау қажет:
неге ұмытылады, қандай мақсаттар қояды. Бұл үшін
стратегиялық факторларды бағалау негізінде кәсіпорынның
ұзақ мерзімді мақсаттары және корпоротивтік міндеттері
анықталады. Нақты нарықта кәсіпорынның
міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету және
мақсаттарына жету үшін стратегия – кәсіпорынның
күнделікті әрекетіндегі басым бағыттар ретінде, қаржы,
инвестиция, маркетинг, өнеркәсіп және т.б. сияқты нақты салаларда маңызды
мәнге ие әрекеттің перспективалық курсын жасап
шығаруға арналған.
Стратегия басқарудың жүйелі процесі ретінде
әдістемлік негізде кәсіпорынның негізгі даму
құралы болып табылады. Басқарудың жүйелі үдерісі
ретінде стратегияның мазмұнында бәсекелестік күрес
және бәсекелестік артықшылықтарға ұмтылу,
кәсіпорын ресурстарын табысты басқару және клиенттер
сұранысын қанағаттандырудың табысты жолдарын іздестіру
көрініс табады. Бір сөзбен,
стратегия басқарудың жүйелі үдерісі ретінде -
әрекеттер мен шешімдердің кешені. Басқа сөзбен айтқанда,
стратегия координация жолымен қойылған мақсаттарға жету
және кәсіпорынның ресурстарын бөлу үшін
қажетті әрекеттердің жинақталған үлгісін
береді.
Мұнай- газ кәсіпорнын басқарудың жүйелі
процесі ретінде стратегия ұзақ мерзімді мақсаттарға
жетудегі кәсіпорынның дамуының жүйелі
перспективалық бағытын анықтайтын, кәсіпорынның
әрекетіндегі барлық басқару шешімдерін қабылдайтын
интегралдық үлгі ретінде түсіндірілетіндігін айта кеткен
жөн.
Басқару жүйесінің үдеріс ретінде стратегияны
тұжырымдау процедурасы келесі кезеңдерден тұрады:
стратегиялық талдау, стратегиялық позицияны бағалау,
тұжырымдау фазалары, стратегиялық альтернативаларды таңдау.
I кезең. Стратегиялық талдау. Кәсіпорынның
стратегиялық талдауы оның үш бөлімін
қарастыруға мүмкіндк береді: макроортасын, микроортасын, ішкі
ортасын. Талдау кәсіпорынның резервтерін және
мүмкіндіктерін айқындауға, кәсіпорынның ішкі
мүмкіндіктерінің сыртқы орта өзгерістеріне бейімделу
бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
II кезең. Стратегиялық позицияны бағалау. Қолданыстағы стратегиялық позиция жаңа мақсаттар мен ішкі және сыртқа орта динамикасымен сәйкес келуі мүмкін, немесе тек негізгі компоненттің бөлігі ретінде (онда стратегиялық альтернативалардың түзету қажет) сәйкес келуі мүмкін, немесе толық және түпкілікті қарауды қажет етуі мүмкін.
III кезең.
Тұжырымдау фазасы. Стратегия жалпы кәсіпорын және оның
бөлімдерінің деңгейінде стратегиялық жоспарларды талдау
тобын талап етеді, олардың әрқайсысы жалпының
бөлігі болып табылады және кәсіпорын стратегиясы
олардың барлығын біріктіріп отырады. Соған сәйкес олардың функционалдық
стратегиясын қолдайтын іскерлік стратегиясы жасалады.
IV кезең.
Стратегиялық альтернативаларды таңдау (әрекеттердің бірнеше курстары). Стратегияны таңдау кәсіпорын
әректінің маңызды факторларының негізінде жүзеге
асады. Стратегияны бағалау: таңдалған стратегия
мақсаттарға жеткізеді ме? деген сұраққа жауап
береді [1].
Бағалау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
таңдалған стратегия жағдайының сыртқы орта
жағдайына және талаптарына сәйкестігін тексеру; таңдалған
стратегияның кәсіпорынның мүмкіндіктеріне және
потенциалына сәйкестігін тексеру; кәсіпорын стратегиясының
жиынтығының түпкі нәтижесін күшейтуге алып
келетін стратегия нәтижесінің бар болуын тексеру; уақытша
аспект таңдалған стратегияның уақытша шектеу
әрекеттерін анықтауда
қолданылады; тәуекелділік тиімділігі, кәсіпорын
таңдаған стратегиясын қолдануда көрінеді.
Мұнай- газ компаниясының стратегиясын
басқарудың жүйелі үдерісі ретінде қойылған мақсаттарға
жету үшін саналы түрде кәсіпорынды дамытатын,
нарықтың жеке сегменттері - шаруашылықтың
стратегиялық аймақтарының жиынтығынан тұратын
күрделі кешен ретінде қарастыруға болады. Қазіргі кезде
компанияны басқарудың жүйелі үдерісі ретінде
стратегияның қажеттігі ешкімге күмән келтірмейді. Дегенмен
барлық кәсіпорындар өздерінің табысты дамуында тиісті
басымдықтарды орындай алмайды. Олар тек басқарудың
жүйелі үдерісі ретінде стратегияның құралдарынан
хабарсыз емес, сонымен бірге стратегия туралы нақты түсініктері
және оның неге арналатындығы жайлы ақпаратттары
жоқ. Оларда тек қана дамытудың стратегиялық
маңызды бағыттары белгiлелген. Сондықтан, компанияны басқарудың
маңызды проблемасы сыртқы ортаның үздіксіз өзгеру
жағдайында басқарудың жүйелі үдерісі ретінде
тиімді стратегияны қалыптастыру болып табылады. Бұл
кәсіпорындағы сыртқы ортаның
тұрақсыздығымен және бәсекелестіктің
күшейуімен, мұнай- газ кәсіпорнын басқару
жүйесінің өзгеруімен байланысты.
Компания жуықтағы жылдарға арналған корпоративтік
стратегиясы мұнай өндіру деңгейін арттыру мен ұстап
тұруға, көмірсутектердің жаңа қорларын
арттырып, өндірілген мұнайдың орнын жаңа
қорлармен толтыруға, шығарылатын мұнай өнімдерін
көбейтуге, ақша ағындарын және активтердің таза
құнын арттыруға, сондай-ақ өндіріс
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделеді. Менеджмент пен бизнес
жүргізу саласында компания барлық мүдделі тараптардың,
яғни үкіметтің, компания акционерлерінің, оның
қызметкерлерінің, мердігерлердің, іскерлік серіктестер мен
жергілікті қоғамдастықтың арасындағы
қарым-қатынасты үйлесімге келтіруге ұмтылады.
Мұнай- газ компаниясының стратегиялық басымдықтары:
-
мұнай-газ
саласын дамытуға қатысудан Қазақстан Республикасы
үшін алынатын барынша көп пайданы қамтамасыз ету;
-
жаңа
кен орындарын барлау мен іске пайдалануға енгізу есебінен ресурстық
базаны кеңейту;
- компания құнын барынша арттыру, рентабельділікті
жоғарылату, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- отандық тауарлар жеткізушілерді, жұмыстар орындаушыларды
және қызметтер көрсетушілерді қолдау, жергілікті
кадрларды дамыту;
- өндірісті жаңғырту және операциялар тиімділігін
арттыру арқылы қолда бар мықты ұстанымдарын
сақтап қалуға бар күшті шоғырландыру;
- мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі инвестициялық
жобаларды іске асыру;
- өңір ауқымында мұнай өндіру көлемін
ұлғайту, жобаларды инвестициялау, болашақ жобаларда
үлестердің үлкен мөлшерін қамтамасыз ету;
- серіктестіктер мен біріккен кәсіпорынды құру
арқылы техникалық және операциялық
құзыреттілікті өсіру, шетелдік серіктестермен біріге отырып,
күрделі кен орындарын игеруді жүзеге асыру;
- күрделі салымдардың тиімділігін арттыру және
өзіндік құнды бақылау;
- өңдеу тереңдігін ұлғайту және
өнім сапасын арттыру;
- өндірістік қызметтің жоғары стандарттарына
қол жеткізуді ынталандыру;
- жергілікті коммерциялық және өндірістік
құзыреттіліктерді қолдану есебінен жергілікті нарықта
бәсекелік артықшылықтарды дамыту.
Әдебиеттер
1. Клейнер Г.Б. Стратегия предприятия. –
М. Издательство «Дело» АНХ, 2008. – 568 с.
2. Хорин А.Н., Керимов
В.Э.Стратегический анализ: учебное пособие.–М.: Эксмо, 2006.–288с.