Досанова Альбина
Жумадилдаева Сымбат
әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық университеті
Казахстан, Алматы
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
ТІЛДЕРДІ ҮЙРЕТУДЕГІ РӨЛІ
Қазақстандағы мемлекеттік тілмен қатар басқа
да тілдерді (ағылшын, орыс, неміс, қытай, түрік, испан, корей
және т.б.) жан жақты игерудің ғылыми-теориялық,
педагогика-психологиялық және тәжірибелік-әдістемелік
деңгейлері тілдерді оқытуда инновациялық
технологиялардың тиімділігін дәлелдеп отыр.
Соған сәйкес білім стандарты жасалынып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық
технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім
кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының
«Мен» менталитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі таныту
үшін еңбектену оқытушылар қауымына үлкен мақсаттар жүктеді.
Технология –
қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын
әдіс-тәсілдердің жиынтығы; технология – өнер, шеберлік,
дағды, өңдеу әдістерінің жиынтығы,
күйдің өзгеруі (В.М.Шепель).
Оқыту технологиясы – дидактикалық
жүйенің құрамдас процессуалды бөлімі.
(М.Чошанов).
Педагогикалық технология – оқытудың
түрлерінің, әдіс-тәсілдерінің арнайы
құрамын анықтайтын психологиялық-педагогикалық
нұсқамалардың жиынтығы; ол педагогикалық
үрдістің ұйымдастырылған әдістемелік
құралы (Б.Т.Лихачев); педагогикалық
технология –
оқу үрдісін іске асырудың мазмұнды құралы
(В.П.Беспалько); педагогикалық
технология –
оқытудың жоспарланған нәтижелерге жету
үрдісінің сипаттамасы (И.П.Волков); педагогикалық технология – оқытушы мен оқушы
үшін ыңғайлы шарттарды сөзсіз қамтамасыз
ететіндей оқу үрдісін жобалауда, ұйымдастыруда және
жүргізуде бірлескен педагогикалық іс-әрекет.
Ақпараттық технология –
сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің,
дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты
жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі.
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін
сабақтарда – студент өзін белсенді және еркін сезінугі
мүмкіндік тауады.
Қазіргі инновациялық
технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен,
яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды
білдіреді.
Оқытушыдағы басты мақсат –
алдындағы оқушыларға таза білімінің өзін бере
білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік
қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның
өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін
көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің
ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының
мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады.
«Инновациялық технология –
инновациялық білім беру технологияларына білім, білік, дағды
жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны
өмірде тиімді етіп қолдана білуін қамтамасыз ететін арнайы
жобаланған, әзірленген жаңа енгізілімдерді оқу
үрдісінде іске асыру біліктерінің жүйелі жиынтығы» [1,
34].
Тілдерді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді
қолдануға түрткі болған ең үлкен фактор – Елбасының
жолдауы. Атап айтқанда, Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан жолы - 2050: қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты стратегиясы алдағы жылдарда білім
беру реформасына бірнеше бағдарламалардың іске асуын белгіледі.
Олар «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан 2030» стратегиясы, т.б.
Әсіресе, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт
– 2020» жобасы білім беруде инновациялық технологиялармен қатар
инновациялық ойлау стилін қалыптастыруға жол ашты. Бұл
жобаның басты мақсаты «жаңа формациядағы
қазақтандықтарды тәрбиелеу және
Қазақстанда әлемдегі ең бір әлеуетті,
бәсекеге қабілетті адами капиталға ие елге айналдыру» [2].
Осы тұрғыдан алғанда, интеллектуалды адам ресурсы,
өз мемлекеттік тілімен қатар басқа да тілдерді өз
халқының мүддесі және мемлекетаралық
қарым-қатынас пен ынтымақтастық жолында игере
және тиімді пайдалана білетін интеллекттердің мақсатын
айқындай түседі. Бұл туралы Садықова Р.Қ.:
«Интеллектуалды адам ресурсы дегеніміз – тек білім мен ғылымды
меңгеріп қоймай оны экономика мен қоғамдық
өмірде, өндірісте кеңінен қолдана алатын және
озық технологиялардың кілтін білетін, сондай-ақ өзіндік
тұжырымдар мен ұсыныстар әзірлей алатын парасатты
адамдардың образы» [3, 131-133].
Сонымен қатар тілдерді қатар тілдерді оқыту
жүйесіне енгізілетін инновациялық технологиялар ұлттық
дәстүрге, ұлттық санаға, ұлттық
қайнар көздерге, ұлттық негіздерге қайшы келмеуге
тиісті. Мысалы, «үш тұғырлы тіл» бағдарламасы аясында
үш тілді бірдей меңгерген индивид қалыптастыру үдерісі
кезінде ана тіліміз - қазақ тілінің басым рөлін
ұмытпауымыз керек. Мұны Х. Досмұхамедұлының:
«Өз тіліңді біліп барып, өзге тілі меңгеру -
сүйініш, ал тіліңді білмей тұрып өзге тілді білу -
күйініш» [4, 41] деген сөзі дәлелдеп береді.
Тілдерді оқытуда дәстүр мен әлемдік білім
кеңістігіндегі қағидаларды ұмытпау қажет.
Бұл дегеніміз, басқа да мәдениетті елдердің
тәжірибесінің өзімізге керегін алып, келіспейтін келелі
жақтарын ортаға салып, өзіндік
әдіс-тәсілдерімізді де үйрету, ой бөлісу дегенге саяды.
Қазіргі кезде дүние жүзінде тілдерді инновациялық
технологиялар деңгейінде оқытудың бірнеше жолдары кең
қолданылады. Қазақстанда шетел тілдерін инновациялық
технологияларды қолдана отырып, үйретуге ат салысып жүрген
мамандар баршылық. Атап айтқанда, Қараев Ж., Жүнісбек
Ә., Жанпейісова Қ. және т.б. ғалымдар мен
педагогтардың инновациялық оқыту технологиялары шетел тілін
белсенді түрде игеруде және үйретуде қазіргі кәсіби
- педагогикалық мақсат аясында кең қолданылуда. Мысалы,
Садықова Р.Қ.: «Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі
құралдар, аудиоматериалдар, мультимедиялық
құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек.
Сабақ барысында светотехникалық және дыбысты техникалық
құралдарды (бейне магнитофон, теледидар, проектор,
мультимедиялық проектор, компьютер) пайдалану студенттердің
өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны
көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі тиеді.
Бұл жағдай студенттердің сөйлеу деңгейін жақсартуына
көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің
сөйлеудегі қателерін жөндей алады. Бұл «аудирование»
терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген
мағына. Аудио немесе бейне таспаларды тыңдағанда
коммуникативті жаттығулар жасау керек. Алынып отырған
тапсырмалардың жеңіл-қиындығын ескере отыра, жаңа
сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог және монолог
құрастыру сияқты жаттығулар жасалуы қажет. Бейне
фильмді көріп отырып, жаңа сөз немесе сөз тіркестері
кездескенде тоқтап, сол сөздерді қайталап және
әрбір көріністен кейін сұрақтар қойып
отырған жөн. Сабақтың қорытындысы ретінде тест
сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау
қажет» [3] десе, Аухадиева З.Ж.: «Шетел тілін коммуникативті
тұрғыда компьютерлік бөлмеде оқыту нәтижелі
қарым-қатынас жасауға жетелейді, ал интернетті пайдалана
отырып сөйлеуді, грамматикалық жаттығуларды жасауға
және түрлі тілдік жағдаяттарда қолдануға болады»
[5, 74-75].
Тәжірибелі тіл үйретуші оқыту үдерісінде
компьютерді тек құрал-жабдық ретінде қолданып, шетел
тілдерін үйрететін көптеген бағдарламалармен жұмыс
істегені абзал. Мысалы, Professor Higgins, Triple Play Plus, Deutsch fũr
Kinder, Deutsch Gold, Euro Talk, Deutsch Platinum, Talk to me, Hotpotatoes
бағдарламалары ұсынылған. Осы аталған
бағдарламалар өз тиімділігімен өте жақсы нәтижеге
қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі
ақпараттық қоғамда осылайша компьютерлік
технологияларды кең қолдану әдістері, әсіресе, шетел
тілдерін оқытудағы ең озық инновациялық
технологиялардың қатарынан орын алып отыр.
Қорыта келгенде, тілдерді оқытудың тиімді технологиялары
инновациялық тәсілдерді қолданумен бірге тіл
үйретушілердің ұлтжандылық қасиеттеріне де барып
тірелетіні тәжірибелердің өзі көрсетіп отырған
айғақ.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Әбуов Ә.Е. Мектептің оқу үрдісінде
инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың шарттары. Пед.ғыл.канд.дисс.-Астана,
2005.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан,
2012ж. 14 желтоқсан.
3. Садықова Р.Қ. Шетел тілдерін оқытудағы
инновациялық технологиялар // Абай атындағы
ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(42), 2012ж.
4. Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз
тілдеріндегі сингармонизм заңы. –Алматы: Мектеп, 1993.
5. Аухадиева З.Ж. Шетел тілдерін үйретуде жаңа
инновациялық технологияларды пайдаланудың маңызы // ISSN
1561-1140. Пищевая технология
и сервис. 2011. №4