Киршимова
Нұршаш Құрмашевна
Қабдеш Жұмаділов –шығармаларын жаңа технологиямен
оқыту әдістемесі
С.Сейфуллин атындағы №5
көпсалалы мектеп – лицейі
Қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақстан, Акмола
облысы Степногорск қаласы
Қабдеш Жұмаділов –
қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті
өкілдерінің бірі. Туған әдебиетіміздің тың
арнамен дамып, өсіп – өркендеп, қанат жаюына сүбелі
үлес қосып келе жатқан майталман жазушы.
Шығармаларының негізгі өзегі – тағдыр тәлкегімен
туған жерден жырақта жүрген қандастарымыздың
киелі топырақ, қасиетті атамекеніне оралуды зарыға
аңсап күткен сағынышы, арман – мүддесі, көз жасы,
үміт – сенімі. Қабдеш шығармаларынан Отанға деген
сүйіспеншілік, атамекеніне деген өрттей лаулаған махаббат,
осы жолда елдік пен ұлттық рух ұрандап тұрғандай.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік тізгіні қолда тұрған
шақта ел ертеңі болатын жас ұрпақтың бойына
елжандылық рухты қалай дарытамыз. Осы мақсатта мектепте
әдебиет пәнінің рөлі өте зор десек,
ұлттық рухы асқақтаған Қабдеш
шығармаларының орны өте зор. Міне, осыған орай
Қабдеш шығармаларын оқытуда шығарманың тарихи
негізін, негізгі мәселе мен айтпақ ойын ашып та анық талдай
білу – ұстазға үлкен міндет жүктейді.
Мектепте Қ. Жұмаділов
шығармашылығы
«Сәйгүліктер» романынан үзінді
«Қозыкүрең» үзіндісі, 8 – сыныпта «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы
әңгімесі, 11 – сыныпта жазушы шығармашылығына шолу
түрінде өтеді. Осы жинақта жазушы шығармаларын
оқыту тәжірибемнен әдістеме ұсынып отырмын.
Балаларды
бағыныштылықтан, құлдық психологиядан арылтып,
өз позициясы бар, өз намысын қорғай алатын
ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде талап үрдісінен
шығуға мүмкіндік беретін бірден – бір тиімді әдіс –
«Сорос – Қазақстан» қоры арқылы елімізге келген СТО
жобасы. Бұл технологияның тиімділігін мен сабақ
үрдісіндегі кенет туған өзгерістерден, серпілістерден
байқадым. Сол себепті СТО жобасын тәжірибемде жиі
тұрақты қолданамын. Мәселен,
«Қызығушылықты ояту» кезеңінде «ой шақыру»,
«негізгі ойды суреттеу», «ББҮ» стратегияларын пайдаланамын, 8 – сыныпта
Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
әңгімесін өткенде,
балалар ой шақыру үшін «Туған жер» сөзіне
ассоциация құрды. Бұл тәсілдің тиімділігі –
миға шабуыл жасауға мүмкіндік беру, пікір еркіндігі, шабытты
ояту, сыни тұрғыдан ойлауға стимул(түрткі) жасау.
Қазіргі кезде
оқушылардың әсіресе әдебиет пәнінде көлемді
ұзақ әңгімелерді не үзінділерді бәрі бірдей
оқымайтыны жасырын емес. Осы тұрғыда СТО жобасының
«Жигсо – 1», «Жигсо – 2» стратегиясының
тиімділігі өте мол екендігін байқадым. «Қаздар
қайтып барады» әңгімесінің идеялық мазмұнын
ашу үшін сынып оқушыларын 4 топқа бөлдім. Алдымен
үй тобына (1,2,3,4) нөмірледім. Одан кейін 1-лер өз алдына
бір топ, 2-лер бір топ болып, жұмыс тобын құрды. Мәтін
ой аяқталуына байланысты 4 бөлікке бөлінген. Жұмыс
тобында әр оқушы мұғалім роліне дайындалады. Осы
бөліктегі бір мәселені шешті. Мысалы: «Қайсар әрі
табанды қарт бұл сапарға неліктен кеш шықты?» Одан
кейін I топ мәтін бөлігіне «Рухы берік қарт деген ат
қойды» Басқа жұмыс топтары да алдымен жеке, одан кейін
жұпта, сосын топта осы ізбен жұмыс істейді. Үй тобына оралып,
әр оқушы жұмыс тобында оқыған мәтін
мазмұнын кезекпен оқыды. Жұмыс тобында
құрған жоспарын оқыды, проблеманы шешті, бекітті.
Оқушыны бағалағанда, сөйлеген оқушыға емес,
қасындағы балаға баға қойдым.
Ой толғаныс кезеңінде
«5 жолды өлең»; «7 жолды өлең»; «Эссе»; «Еркін жазу»;
«Әлем шарлау»; «Т кестесі» стратегияларын пайдаланып жүрмін.
Балалардың қиялын
дамытатын, сөздік қорын байытатын, ойлау шаттығын
туғызатын стратегия – «Еркін жазу» стартегиясы. «Қаздар
қайтып барады» әңгімесін жан жақты талдап
болғаннан кейін, «Еркін жазу» стратегиясын жазып, әңгіме
оқиғасын өз қиялымен әрі қарай
жалғастырып, өзінше аяқтады.
2 шығармадағы 2 кейіпкерді салыстыру
үшін «7 жолды өлең» стратегиясын қолданып жүрмін.
1.
Зат есім
______
2.
Сын есім _____ _____
3.
Етістік
____ _____ _____
4.
2 тақырыпты байланыстыратын ортақ сөйлем ___ ___ ___ ___
5.
Етістік ____ _____ _____
6.
Сын есім
_____ _____
7.
Зат есім ______
Қ. Жұмаділовтің «Қозыкүрең»
әңгімесіндегі тұлпар мен «Қаздар қайтып
барады» әңгімесіндегі
қартты салыстыруға арналған «7 жолды өлең»
стратегиясы.
1.
Қарт.
2.
Отаншыл, қайсар.
3.
Шыдады, күресті, оралды.
4.
Қарт пен Қозыкүрең – атамекенін
аңсаушылар
5.
Қашты, жетті, өлді.
6.
Жүйрік, жершіл.
7.
Қозыкүрең.
Сюжеттік – композициялық ерекшелік
Жоғары сыныптарда эпикалық
шығармаларды мынадай үлгіде талдап жүрмін:
Тақырыптық-идеялық
ерекшелік

![]()

Стильдік-жанрлық ерекшелік


![]()


Шығарманы осы жүйеде
талдау, қорытындылау үшін, конструкциялық – жобалау
технологиясы тімді екенін байқадым. Жазушының «Қаздар
қайтып барады» әңгімесін жинақтау үшін,
конструкциялық – жобалау технологиясына құрылған
сабақтың сызба моделі мынадай үлгіде
құрылды:

Оқушылар
бағыт бойынша тапсырманы жеке, жұп немесе топ болып таңдап
алады, бағыттағы нүктені толтырады, ізденеді тезис
түрінде дәптерлеріне жазады.
«Сабақ беру –
үйреншікті жай ғана шеберлік емес, жаңадан жаңаны
табатын өнер», - деген екен Ж.
Аймауытов. Осы өнерді игеру – ұстаздар қауымының биік
парызы. Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ
қолында, ал білімді ұрпақ болашағы – ұстаздар
қолында. Осы мақсатта ұстаздарға жүктелер
жүк аз емес. Мұраты биік, рухы өр, сапасы ояу, білімі
терең, пікірі өткір, бәсекеге қабілетті елжанды
ұрпақ тәрбиелеу жолында заман талабына сай болып, озық
технологияларды тиімді қолдана білу – бүгінгі ұстаз
парызы.
1 – сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың өзіндік белсенділігі, жеке, жұптың,
топтың тапсырмалар арқылы әңгіменің
мазмұны, тақырыбы, идеясы меңгертіледі.
Тәрбиелік: а) Жат жерде жүрген
қандастар тағдырының шежіресін ашылады.
ә) Туған жер
құдіретін тану арқылы елжандылыққа
тәрбиеленеді.
Дамытушылық: Кейіпкер бейнесі
арқылы ерлік, кайсарлық пен шыдамдылыққа
төселеді.
Сабақтың
типі: Жаңа
сабақ.
Технологиясы: СТО жобасы.
Оқыту
әдістері: СТО стратегиялары.
Күтілетін
нәтиже:
1.
Әңгіменің мазмұнын толық ашып, түсіну.
2.
Кейіпкер бейнесін ашу.
3.
Атамекеннен жырақта жүрген қандасымыздың
туған дерге деген қасиетті сезімін, ерлік, қайсар мен рухын
сезіну.
Сабақтың
барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
2.
Психологиялық ахуал тудыру. (Мультимедияда
Құрманғазының Сарыарқа күйінің
әуенімен туған жер, туған ел, табиғат суреті
көрсетіледі).
О.Сүлейменовтің
«Арғымақ» өлеңінен үзінді оқылады.
Пай! Пай! Пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп
өткен жер.
Сарылып сал – сері кеткен
жер...
Бос иіп, иіскеп
топырағын,
Тағзым жасамай
өтпеңдер!
-
Балалар, өлең не жайында?
-
Туған жер туралы.
І.Қызығушылықты
ояту.
-
Туған жер дегенде көз алдарыңа не елестейді?

(Ассоциацияны әр жанұя тобы жеке,
жұпта, сосын ортада қорғайды).
ІІ.
Мағынаны табу.
-
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады»
әңгімесі. Әңгіменің идеялық мәнін
ашып, мазмұнын меңгеру үшін 4 жанұя тобы 4 жұмыс
тобына бөлініңдер.
«Жигсо - 2» стратегиясы. (Әңгіме
4 логикалық бөлікке бөлінген. Әр топқа
әңгіменің идеялық мазмұнын ашуға байланысты
сұрақтар беріледі).
І топка
сұрақ:
1.
Қарт туған жерге жетуді не себепт «бұл менің
ақырғы тілегім» деді?
2.
Қарттың туған жерден жырақта жүруінің
себебі неде деп ойлайсыңдар?
ІІ
топқа сұрақ:
1.
Қарттың бойындағы қайсарлық неден
көрінеді?
2.
Қайсар әрі табанды қарт бұл сапарға неліктен
кеш шықты?
ІІІ
топқа:
1.
Жалғыз немересі Төлеутайды сақтай алмауының себебі
неде?
2.
Әңгіме не себепті «Қаздар қайтып барады» деп
аталған?
IV топқа:
1.
Туған жер топырағын аттаған сәттегі
қарттың сезім күйін, атамекенге деген сағынышын жазушы
қалай суреттейді? (мысалмен дәлелде).
2.
Қарт не себепті 40 жыл бойы мойнынан бойтұмарын
түсірмеген?
(Оқушылар
алдымен жеке-жеке жұмыс істейді, сосын досына айтып, бірін-бірі
толықтырады, содан кейін топ мүшелері кезекпен сөйлеп,
негізгі мәселені шешеді, ортақ ой жинақтайды,
дәптерлеріне тезис түрінде жазады).
1.
Оқушылар жұмыс тобынан жанұя тобына оралады. Эксперт
парағы бойынша №1, одан кейін кезекпен №2, №3, №4 сөз алады.
2.
Жанұя тобында әр оқушы жұмыс тобында үйреніп
келген мәтіннің идеялық мазмұнын кезекпен бір-біріне
айтады.
3.
Ортақ ой жинақталады.
4.
Дәптерлеріне тезис түрінде жазады.
5.
Кластерге қайта
оралу.
(Сабақтың
І бөлімінде туған жер туралы жазған ұғымдарын
жаңа сабақта алған мәліметпен толықтырады).

ІІІ.Ой – толғаныс.
Әр топ плакатта
жазғандары бойынша ортада қорғайды. Бұрынғы білім
мен жаңа білім ұштастырылады.
2 –
сабақ.
Сабақтың
тақырыбы: Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады».
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу арқылы
шетелдегі
қазақтардың туған жерге сағынышы, махаббат
сезімі танылады.
Тәрбиелік: Туған
жердің құдіретін сезіну арқылы
елжандылыққа, азаматтыққа, Отансүйгіштікке
тәрбиеленеді.
Дамытушылық: Оқушылар өзіндік пікірін еркін
айтып, қорған білуге төселеді.
Оқыту
әдісі: СТО стратегиялары.
Сабақтың
типі:
Жаңа білімді меңгерту.
Күтілетін
нәтиже:
1.
Әңгіменің тақырыптық – идеялық,
стильдік – жанрлық ерекшелігін ашу.
2.
Кейіпкер бейнесін ашу, мінездеме беру.
3.
Шетелдегі қазақтардың туған жерген деген
сағыныш, махаббат сезімі, Отансүйгіштікті тану.
І. Қызығушылықты
ояту. «Ой қозғау»
- Жазушы
Қ.Жұмаділов туралы не білесіңдер?
-
Оның шығармаларының басты өзегі не?
- Жат
жерде жүрген қандастар тағдырына арналған басқа
қандай шығармалары бар?
-
Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы
қашан болған?
ІІ.
Мағынаны тану.
«Блум сұрақтары»:
Білім:
-
Әңгіменің тарихи негізі неде?
-
Тақырыбы мен идеясын айтыңдар.
-
Әңгімеден пейзаж, суреттеу, баяндау, монологты табыңдар.
Түсіну:
-
Қарттың туған жерге сапары не себепті күзде
болған?
-
Табиғат пен кейіпкер арасындағы байланыс пен ұқсастық
неден көрінеді?
Қолдану:
-
Қарт неліктен «бұл – менің ақырғы тілегім»
дейді?
-
Әңгімеде психологизм көрінісі қандай
оқиғаға байланысты көрінеді?
-
Атамекеніне жеткен қарттың қуанышы мен сағынышын
жазушы қалай суреттеген?
-
Қызыл империя мен Қытай отаршылдарының арасындағы
үндестік неде?
Талдау:
-
Қарттың мойнынан түспеген қырық жылғы
бойтұмардың символикалық мәні неде деп
ойлайсыңдар?
-
Қартқа мінездеме бер.
Жинақтау:
Туған жер тақырыбында ой толға (мақал –
мәтел, нақыл сөздер арқылы) .
Бағалау:
-
Шығарманың философиялық тереңдігі неде?
-
Шығарманың құндылығын айт.
«2 түрлі түсініктеме күнделігі»
(Оқушылардан
дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу
сұралады. Бөліктің оң жағына
әңгіменің қатты әсер еткен тұстары,
үзінділер жазады. Сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады.)
|
Әсер еткен жері |
Неліктен? |
|
|
|
ІІІ. Ой – толғаныс сатысы.
«7 жолды өлең»
(Автордың
«Қозыкүрең» әңгімесіндегі тұлпар мен
«Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі қартқа
байланысты).
1.
Қарт.
2.
Отаншыл, қайсар.
3.
Шыдады, күресті, оралды.
4.
Қарт пен Қозыкүрең – атамекенін аңсаушылар.
5.
Қашты, жетті, өлді.
6.
Жүйрік, жершіл.
7.
Қозыкүрең.
Үйге
тапсырма. Жазушының тілі мен шығарманың көркемдік
ерекшелігіне мысалдар жазу.
3 – сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
әңгімесі.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Әңгімені
көркемдік ерекшелігіне талдау арқылы жазушының суреткерлік
шеберлігін тану.
Тәрбиелік: 1. Туған жер
құдіретін сезіну.
2. Елжандылық,
патриоттық сезімді тереңдету.
Дамытушылық: 1. Пікірін еркін айтып,
қорғай білу қабілетін жетілдіру.
2. Образды – эмоционалды
ойлауын дамыту.
Сабақтың
түрі: Жинақтау сабағы.
Оқыту
технологиясы: Конструкциялық жобалау.
Оқыту
әдістері: Талдау, жинақтау, ізденіс, проблемалық.
Сабақтың
барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
2.
Оқушыларға
сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.
3.
Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстырамын.
-
Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады»
әңгімесін жан – жақты талдау үшін конструкциялық
жобалау технологоиясына негізделген сызба – модель берілген. Модель бірнеше
бағыттан тұрады, оның әрқайсысының аты бар.
Әр бағыт бірнеше нүктеден тұрады. Өз
қалауларың бойынша жеке немесе жұп болып тапсырманы
аласыңдар. Бағытта неше нүкте бар, оны әрі қарай
толтырасыңдар. Ойларыңды жоспар не тезис түрінде айтуға
болады.
Оқушылар бағыт бойынша тапсырманы
жеке, жұп немесе топ болып таңдап алады, бағыттағы
нүктені толтырады, ізденеді, тезис түрінде дәптерлеріне
жазады.
Б1.
Шығарманы композициясына қарай талда.
|
Композициясы |
Мысал |
|
1.
басталуы 2.
дамуы 3.
шарықтау шегі 4.
шиеленісуі 5.
шешімі |
|
Б2.
Психологизмнің көрінісі.
Ықтимал жауаптар:
Суреттеу: сызықтап
өте салысымен, бүкеңдеп жүгіріп отырып, екі – үш
шақырымдай ұзап кетті. Тобылғылы Құр сайға
жеткенде «уп» деп деміп бір – ақ алды. Тұла бойын бер басып кеткен
екен, дереу омырауын ағытып, терістіктеп аңқылдай соққан
самалға тосты әлдекімге мұңын шаққандай
еңкілдеп жылап жіберді. Сақалынан пара – пара жас ақты. Жер –
ананы құшақтап сүйе берді әсіресе жылап, біресе
күледі...
Монолог: «Қапыда
қалдым ғой...Қайтейін, қайтейін...Төлеутайымды
қалай ғана сақтай алмадым екен? Неге ертерек
қолданбадым?»
Б3. Жазушы
тілі.
Қ.Жұмаділовтың «Қаздар
қайтып барады» әңгімесіндегі жазушы тілінің
сөздігі.
|
Жазушы тілі |
Мысал |
|
Мақал – мәтел |
|
|
Шешендік сөздер |
|
|
Басқа тілден енген сөздер |
|
|
Тұрақты тіркес |
|
|
Көнерген сөз |
|
|
Жазушы жиі қолданатын сөздер |
|
Б4.
Әңгімеде көрінетін тартысты табыңыз.
|
Тартыстар |
Дәлелдеме пікір |
|
Жауыздық – махаббат Қасиет – қасірет Үміт - өкініш Қайғы – қуаныш Өмір – өлім |
|
Б5.
Әңгімеден полифониялық тәсілді анықтаңыз.
1.
Диалог
2.
Монолог
3.
Баяндау
4.
Пейзаж
5.
Суреттеу
(Оқушылар әңгімеден мысалдар
келтіре отырып дәлелдейді).
Б6.Әңгіменің
философиялық тереңдігі неде?
имандылық
![]()
![]()
Жазушының сенім
даналық
ойы
кие – қасиет
махаббат
күші
1.
Оқушылар бағыт бойынша ізденеді.
2.
Бағыттағы нүктені толықтырады.
3.
Ойларын тезис түрінде жазады.
4.
Кезекпен сөз алады.
5.
Оқушылар сызба – моделі бойынша жұмыс істейді,
толықтырады.
Сабақты
бекіту.
Сызба – модельдің толық нұсқасы мен оқушылар
өздері іздене отырып, толықтырған жаңа
нұсқасы салыстыра көрсетіледі, ұқсастығын
табады,жинақтайды.
Үйге
тапсырма: «Туған жер- тұғырың» атты шығарма жазу.