Филологические науки/3.Теоретические и методологические проблемы  исследования языка

Магистр, преподаватель Шаяхмет Ж.

Евразийский Национальный университет им. Л.Н.Гумилева, Республика Казахстан

Қытай тілінің грамматикалық бірліктері

   Қытай (中国) қазақстанның ежелден келе жатқан тарихи көршісі, қытай тілін үйрену Кеңес кезеңінен басталған болса да, біз жөнінен айтқанда тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындап қолға алына бастады. «Жұртқа ғылым үйретумен, көрумен, білумен жайылады. Білімнің бас құралы – кітап. Қазақ арасында білім жайылуына, әуелі, оқу үйренетін орындар сайлы болу керек һәм халық арасына көп жайыларға керек», - дейді ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов [1,257].  Ахмет Байтұрсынов айтқанындай, бізде оқу орындары сайлы болғанымен, оқыту барысында маман тапшылығы өз алдына, арнаулы оқу құралдарының жетіспеуі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мақсатта аз да болса, себі тиер деген оймен өзіміздің аз уақыттық оқытушылық практикамызға сүйене отырып «Қытай тілінің грамматикалық бірліктері» атты осы шағын мақаламызды көпшілік қауымның пайдалануына ұсынып отырмыз. «Көш жүре түзеледі», - дегендей, кейінгі толықтыруларға көмегі тиер сын-пікірлеріңізге мұқтажбыз.

   Қазіргі тіл білімінің жеке және жалпылық тіл білімі деп үлкен жақтан екіге бөлінетіндігін біз білеміз. Жеке тіл білімі жеке-жеке тілдерді өзінің зерттеу объектісі болады. Туыстық жақындығына қарай зерттелетін тілдер де жеке тіл білімі көлеміне жатады. Мысалы: қытай тілі, тибет тілі, жуаңзу тілі тәрізді қытай-тибет тілі жүйесіне жататын тілдерді зерттейтін тілі ғылымы – қытай-тибет тіл білімі деп аталады [2,4]. Төменде көбірек қытай тілі (汉语) грамматикасына тоқталамыз.

   Грамматика (语法) тіл құрайтын маңызды факторлардың бірі. Біз қазіргі заман қытай тілін үйренгенде міндетті түрде тіл дыбыстарын, қытай иероглифтерін (қытай тілінің жазу таңбалары), сөздік қорды игеруден тыс, оның грамматикалық ерекшеліктерін жеттік меңгергенде ғана қытай тілінде сөз-сөйлемдер құраудың негіздік қағидаттарын білген боламыз [3,1-2]. Қытай грамматикалық бірліктерінің ең кішкене бөлігі – фонема (音位). Бірақ, грамматикалық құрылымдарды талдаған кезде, фонема сынды осындай кішкене бірлік қазіргі таңда қолданыстан қалып қойды. Өйткені, ол мағынасы жоқ тілдік форма, бар болғаны таңбаларды құрайтын материал ғана [4,9]. Оның есесіне грамматикалық талдау морфемадан (语素) басталады. Қытай иероглифтерінің басым көп сандысы бір буынды (单音节), айталық: 民、桌、子、学т.б.с.с жеке әріптер болып, өз алдына бір морфеманы құрайды. Ал аз сандылары көп буынды ( 多音节) болады, мысалы: 玻璃、葡萄、巧克力т.б. Мұндағы қос немесе үш буынды әріптерді жеке-жеке бөлгенмен, олардың мағынасы болмайды. Мысалы: +璃、葡+萄、巧++. Осындай бір буыннан ажыратар болсақ, аталмыш атаудың мәні жойылады. Жеке тұрып, сөйлем бола алатын морфеманы әдетте, еркін морфема (自由语素), жеке тұрып, сөйлем бола алмайтын морфеманы қосалқы морфема (粘着语素) дейміз. Сол себепті, олар қытай тілінің ең кішкене дыбыс пен мағынадан құралған тұлға, әрі ең кішкентай грамматикалық бірлік болып есептеледі [5,2]. Көріп отырғандарыңыздай, қытай тілінде морфема көбінде бір буынды, кейде қос буынды, немесе үш буынды, тіпті көп буынды болып та келе береді. Бұл біздің қытай грамматикасындағы ең кішкентай бірлік болған морфема жөніндегі қысқаша айтарымыз. Енді одан өрлеп талдар болсақ, кезек сөзге () келеді.

   Сөз тілдегі белгілі бір мағынасы бар, еркін қолданылатын ең кішкентай бірлік болып, ойды білдіретін негізгі материал ретінде қаралады. Қытай тілінің сөздері бір буынды, қос буынды және көп буынды болып келеді. Қытай тілінде бір иероглиф бір буынға өкілдік етеді де, бір буынды сөз бір иероглифтің міндетін атқарады. Ал қос буынды немесе көп буынды сөздер екі не екіден көп иероглифтер арқылы бейнеленеді. Бір буынды сөздерге 少、写、人、书сөздерін; Қос буынды сөздерге老师、悲剧、沙发、哈语 сөздерін; Көп буынды сөздерге阅览室、公共汽车、翻译人员сөздерін мысал ретінде келтіруге болады. Өздеріңіз куә болып отырғандай, сөз де морфема сияқты бір буынды, қос буынды немесе үш буынды, тіпті көп буынды болып келеді. Жалпы айтқанда, қытай тілінде қос буынды (双音节) сөздер көп кездеседі. Сөздің бір ерекшелігі өз алдына жеке тұрып, толық мағына бере алады, айталық: 哈山在家吗?—— / Қасен үйде ме? —— Я. Мұндағы (я) сөзі сөйлемде дара тұрып, өз алдында жеке мағына беріп тұр. Сөзге ұқсас қасиетке ие еркін морфеманы жоғарыда атап өттік, тек қосалқы морфема ғана сөйлемде өз алдында жеке-дара мағына бере алмайды да, басқа морфемалармен бірігіп сөз тіркесін немесе сөйлем құрайды, айталық: 琵琶. Бұл екі иероглифті бөлсек, өз алдында жеке мағына бере алмайды. Сол себепті, екеуі қосылғанда ғана, бір атауды толық көрсетіп тұр. Міне бұл сөз бен морфеманың (оның ішінде қосалқы морфеманың) мәндік жақтағы менмұндалап тұрған бірден-бір айырмашылықтары. Қытай грамматикасын алғаш оқи бастаған студенттер осы қасиеттерді басты назарда ұстағандары абзал.

   Сөздер құрамына қарай өз ішінен дара сөз және күрделі сөздер деп екіге бөлінеді. Бір морфемадан құралып, сөзді қалыптастырса, ол дара сөз (单纯词) болады. Ал екі немесе одан да көп морфемадан құралып, сөз қалыптастырса, ол күрделі сөз (合成词) болады. Мысалы: (адам) – дара сөз, 人民 – күрделі сөз, өйткені ол және сынды екі морфемадан құралып, «халық» деген бір сөзді білдіріп тұр. Бұл біздің сөз жөніндегі шағын талдауымыз. Төменде сөз тіркесіне тоқталамыз.

   Бір морфема және бір морфемамен бірігіп күрделі сөз құрайтындығын жоғарыда айтттық. Енді сөз бен сөз қосылып, сөз тіркесін (词组) қалыптастыратынын қарастырсақ. Мысалы: / 房子 (жаңа / үй), / 电视 (телевизор / көру), / 清楚 (анық / сөйлеу), / 同意 (ол / мақұлдайды). Көріп отырғандарыңыздай, ең қарапайым сөз тіркестері екі сөзден құралған. Сол себепті, сөз тіркестері өз алдында жеке тұрып сөйлем бола алады. Айталық, / 同意 (ол / мақұлдайды). Бұл сөйлемнің бір бөлегі де бола алады, мысалы: 我们知道他同意 (біз білеміз, ол мақұлдайды). Аталмыш сөйлемнің құрамында “他同意” «ол мақұлдайды», - болып еніп отыр. Сөз тіркесінің ішкі құрылымдық құрамындағы грамматикалық байланыстарына қарай, біз сөз тіркестерін мынадай бірнеше түрлерге бөлеміз:

1.     Сабақтастық құрылым (偏正结构). Сабақтастық құрылымда (偏正结构) алдыңғы бөлімі ажарлайды немес кейінгі буынды тежейді. Айталық: 白马 (ақ жылқы) -дағы негізгі тұлға (жылқы) болып, (ақ) (жылқыны) ажарлайды әрі тежейді. Жалғыз (жылқыны) айтар болсақ, ол бір үлкен түрдің аты ғана болады да, әртүрлі жылқылардың ортақ атауы есептеледі. Егер оған (ақ) жалғанғаннан кейін, көлемі кішірейіп, ақ түс сияқты бір түрді ғана көрсетеді. Сабақтастық құрылымның алдыңғы бөлімі әдетте көркемдегіш сөздер (修饰语) де, ал кейінгі бөлігі негізгі сөздер (中心语) деп аталады.

2.     Баяндау-толықтауыштық құрылым (述宾结构). Баяндау-толықтауыштық құрылымның алдыңғы бөлігі баяндайды да, кейінгі бөлігі толықтайды. Айталық: 洗衣服 (кір жуу), 写信 (хат жазу), 爬山 (тауға шығу), 下雨 (жаңбыр жауу), т.б.

3.     Бастауыш-баяндауыштық құрылым (主谓结构). Бастауыш-баяндауыштық құрылым бастауыш және баяндауыш сынды екі бөліктен құралады. 今天星期天 (бүгін жексенбі), 他是学生 (ол студент), 我知道 (мен білемін), 飞机起飞了(ұшақ ұшып кетті) [4,14-17].

   Қытай тілінің сөйлемдері (句子). Сөйлемнің біршама тұрақты ойды білдіретін сөздер тобы екенін, ол сөз тіркестерінен құралатындығын бәріміз бастауыш мектептің қабырғасынан-ақ білеміз. Сөйлем кейде тым ұзын болып, кейде тым қысқа болып та келе береді. Ең қысқа болғанда бір ғана сөзден құралады, мысалы: _ 你先去好吗?(Сен алдымен бар, жарай ма?) _ (жарайды). Жауап сөйлемдегі (жарайды) бір сөзден құралған, әрі бір морфема болып есептеледі. Сөйтіп, осы үлгідегі сөйлемде морфема, сөз және сөйлем бәрі бір жерге келіп, бір түйінде құралып отыр. Алайда оларды бөлшектер болсақ, ұқсамаған үш жікке (морфема, сөз, сөйлем) жіктеледі.

   Сөйлем жасалу жолдарына қарай хабарлы сөйлем (陈述句), сұраулы сөйлем (疑问句), бұйрықты сөйлем (祈使句) , атау сөйлем (称呼句) және лепті сөйлем (感叹句) деп төрт үлкен топқа бөлінеді.

1.     Хабарлы сөйлем (陈述句). Бұл хабарлау мақсатында айтылған жай сөйлем негізінде жасалады. Мысалы: 他一冬天干了这种工作 (Ол қыс бойы осы жұмысты істеген).

2.     Сұраулы сөйлем (疑问句). Сұраулы сөйлем атының өзі атап тұрғандай, сұрақ қою арқылы жасалатын сөйлем. Айталық: 你是学生吗?(Сен студентсің бе?).

3.     Бұйрықты сөйлем (祈使句). Бұйрықты сөйлемнің рөлі тыңдаушыға белгілі бір жұмысты істеуді талап ету. Мысалы: 你明天一定去阿斯塔纳!(Сен ертең міндетті түрде Астанаға бар!).

4.     Қаратпа сөйлем (称呼句). Қаратпа сөйлемнің рөлі тыңдаушының назарын аудару. Айталық: 同志们!(жолдастар!). Қаратпа сөйлем қазақ грамматикасында  да бар.

5.     Лепті сөйлем (感叹句). Адамның қорқу, қуану, таңдану сияқты сезім-күйлерін білдіретін сөйлемдер. Мысалы: 糟糕,我迟到了!(Қап, мен кешіктім!).

   Қортып айтқанда, қытай тілің грамматикалық бірліктері осы шағын мақаламыздың аумағында басты-басты деген жақтары негізінен көрсетілді. Қытай тілін енді оқи бастаған студенттерге аз да болса көмегі тисе, ақ ниетіміздің орындалғаны деп білеміз.

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.     Байтұрсынов. А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991.

2.     Тіл білімі туралы / Құраст, Назари. О., Қанапин О. – Үрімжі: Шынжаң халық, 1989.

3.     李德津.,程美珍. 外国人实用汉语语法. – 北京:北京语言大学出版社,2009.

4.     朱德熙. 语法讲义. – 北京:商务印书馆,2006.

5.     卢福波. 对外汉语教学实用语法. – 北京:北京语言大学出版社,2004.

6.     陆丙甫.,李胜梅. 语言研究论集. – 北京:中国社会科学院出版社,2001.

7.      Қытайша-қазақша сөздік / Құраст, Найман. С.  – Үрімжі: Шынжаң халық, 1987