ф.ғ.к. профессор
М.Х. Шаяхметова
Магистрант С.Х. Мұхаметқали
«Тұран - Астана» университеті,
Қазақстан
Ғ. МҮСІРЕПОВ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ
ЕРЕКЩЕЛІКТЕРІ
Аса
көрнекті сөз шебері Ғабит Мүсірепов - алпыс жылдам астам уақыт бойы
әдебиеттің барлық жанрында дерлік мыңдаған,
миллиондаған оқырманды сүйсіндіріп, сөз
құдіретімен тәрбиелеген жазушы. Қай
тақырыпқа қалам тартса да, сөздің
сұлулығы мен эстетикасын таныта білді.
Қалың
оқырманды былай қойғанда, талғампаз әдебиетші,
тілші ғалымдардың жоғары бағалары мұны
толық растайды. «Ғ.Мүсіреповтің тілінде мөлдір
түсініктілік, көркемдік, қонымды шеберлік мол» - дейді
ұлы М.Әуезов [1,269]. Жазушы С.Мұқанов
«Ғабиттің жазушылығын тұтас алғанда, өзіне
тән бірнеше өзгешеліктері бар» -дей келіп, «тілге үнемшіл,
сипаттап отырған оқиғасына жәрдемі жоқ
сөзді қолданбайтынын», «жарқылдақ сөздерді
көбірек қолданып, шешен сөйлеуге тырысатынын», «адам
портретін жасауда қазақ
жазушыларының ең шеберлерінің бірі» екенін атап
өтеді [2,359]. Кеңес Одағына белгілі «Очерк истории казахской
советской литературы» атты кітапта академик І.Кеңесбаев былай деп жазады:
«Ғ.Мүсірепов с первых лет своей творческой работы зарекомендовал
себя тонким стилистом, «ювелиром» художественного слова, изяществом, зрелым
художественным мастером. Сочетая в языке своих произведений стихию народного
юмора с высоким пафосом революционной романтики, он стилистически
дисциплинирует казахский литературный язык. Каждая его отдельная фраза отточена
как гранит» [3, 395-396]. «Ғ.Мүсірепов аз жазады, - дейді
А.Сүлейменов. Мұның себебін іздеп барғанда, жазушының
табатынын көресіз. Бұл табыныс – саудагердің сомды емес,
тиынды пір тұтқанындай. Ғ.Мүсірепов сөздің
өсім әкелмесіне – ойнамасына; сөздің өсім
әкелмесіне – мысықтың жонындай қайыра тарап көргенде,
ұшқын атпасына; сөздің өсім әкелмесіне –
жалғыз сөздің тіркесті, тіркестің сөйлемді,
сөйлемнің қайырымды (абзац) сілкіп-сілкіп алмасына көзі
зайыр жетсе, төлемі жоқ қайран сөзді рәсуа
етпейді».
Ғ.Мүсірепов
публицистикасында үшінші түрінің аздығына
қарамастан, алдыңғы екеуінің молынан
ұшырасатынына анық көз жеткізуге болады: Баяғыда әр есектің соңынан бір көш
шаң шұбалып бара жататын еді. Қазір
машина соңынан да шаң ере бермейді (Жол-жөнекей).
Ғажап жағдай – бұрын
жері көп, егін аз салынатын, малы да аз кезінде
бұл ауылда жер тарыншылығы бар еді. Жер көлемі қазір де бұрынғы
қалпында. Егін екі есеге жақын артық егіледі, малы да
көбейген (Үлкен миллиард жолында). Осындағы
антонимдердің (баяғыда –
қазір, бұрын-қазір, көп- аз) контрарлық
қайшылықты білдіріп тұрғаны байқалады, олай
болатыны олардың арасына сол мағынаға ұқсас
басқа сөздерді қоюға да мүмкіндік бар: баяғыда – (кейінгі
кезде,бүгін/қазір: бұрын/кейін, бүгін-қазір;
көп-/ ортадан көбірек, аз емес) аз т.с.с. Ал автордың
қолданылуында бұл антонимдер елеулі стилистикалық
қызмет атқарып тұр: екі кезеңдегі көріністі
салыстырып, екіншісін біріншісінен артық, пайдалы көрсету
үшін керек болған.
Контрадиктарлық
антонимдерді де жазушы орнымен қолданады: Абайда еліктеу жоқ, үндестік барын даусыз дәлелдейтін көп
өлеңдер бар. Алдыңғы
жолы Италияға аспанмен – жермен
сөздерінің антонимдердің осы түріне жататындығы
даусыз, өйткені олардың арасына өзге сөз қою
мүмкін емес, ал алдыңғы
жолы мен бұл жолының арасындағы
қатынас контрарлық қайшылықты білдіреді. Сөз етіп
отырған контрадиктарлық қайшылықты білдіретін
антонимдерге келетін болсақ, бұларды автор қарама-қарсылықтың
айқындығын сездіру үшін қолданған.
Ал
енді Күләш жасаған алыс-жақын
дәуірлердегі қазақ қыздарының бейнелерінде ұқсастығы аз да, даралығы басым («Чудо»). Бұл
сөйлемде де антонимдердің аталған екі түрі аралас келіп
отыр. Айталық, алыс-жақын,
ұқсастығы-даралығы – контрадиктарлық
антонимдер де, аз – басым –
контрарлық антонимдер. Контрарлық антонимдер ретінде немерелер мен бабалар сөздерін де қолданады: тегі, мен машина,
техника сияқты заманымыздың поэзиясын немерелеріммен бірге сезінсем, ат поэзиясын бабаларымдай сезінсем керек (Бошайдың үш қарасы).
Ә.
Болғанбаев қазақ тіліндегі синонимдердің мынадай
стильдік түрлерін ажыратады: 1. Қадір тұтып
сыйлағандықты білдіретін реңктер (ақсақал - қария). 2. Салтанат құру,
көтеріңкі мәндегі (мерекелеу
- тойлау ). 3. Поэтикалық реңктер (асқар - биік ). 4. Дәрежелік мәндегі
реңктер (бет- сықпыт). 5.
Кекесін, мысқыл мәніндегі реңктер (жеңілтектену - тұштаңдау). 6. Кеміту, менсінбеген
мәндегі реңктер (ерке-
бөрік тиген).
Ғалымның
мұндай жіктеуінің принциптік жағынан алғанда, демек,
мазмұн, мағынасы тұрғысынан ақылға
қонымды екені рас. Бірақ, түгелдей алғанда,
құнды синонимдер сөздігінің бір күдікті
жағы сол – мұнда тура мағынасындағы сөздер де
жарыстырыла берілген. Былайша айтқанда, тура мағыналы сөздер
мен ауыспалы мағыналы сөздердің синонимдік қатарлы
берілген. Тура лексикалық мағынадағы сөздердің
синонимдігі ретінен келгенде, Ғ.Мүсірепов публицистикасында
аталған түрлердің бәрі де кездеседі. Бірінші рет
қазақ оқушылары осындай қомақты
да аумақты түрде
бауырлас шығыс ақындармен, жазушыларымен танысады. Қажырлы да қайратты, ойлы да білімді жас жападан-жалғыз өзі
дерлік қазақ халқының рухани мәдениетінің
көтерілмеген тыңын игеруге, қазақ халқының
үні өшуге айналған музыкалық өнеріне
қайтадан жан бітіруге, оның жаңа да жайсаң
мәдениетін туғызудың жолын іздестіруге бірден-ақ
кірісіп кетті. Тәртіп, іскерлік,
қонақжайлылық, сыпайлық (Жапон әсерлері). Назды ұяңдылық пен кербез паңдылық өткен
дәуірге лайық қой (Әдебиет пен өнер жаңа
заманға сай болсын). Кейбір сөздер (іскерлік, қонақжайлылық т.б.) болмаса,
келтірілген синонимдердің бәрі дерлік – дәстүрлі
синонимдер. Былайша айтқанда, мұндай синонимдерді көпшілік те
қолдана беруі мүмкін. Бұдан Ғ. Мүсіреповтің
синонимдерді жұмсауында өзгешелік жоқ деген ой тумасқа
керек. Оның өзгешелігі – айтайын деген ойын барынша айқын,
нақты айтуға тырысушылық және сәтті болып
жатқандығында. Заттардың сапасы мен сынын беруде бір
ғана сөзді (мәселен, қайратты
жас немесе шашылып жатқан т.б.)
қолдануына да болар еді, алайда автор жалғыз сөзбен
қанағаттанбайды, сол зат-белгілерін санамалап шыққаны
жөн көреді: қажырлы,
қайратты жас; ойласайық, ақылдасайық; тәртіп,
әдеп, сыпайылық т.б. Осылай еткенде оқырманның
көз алдына кейіпкер бейнесінің немесе әлдебір
көріністің анық келетіні рас.
Ал
стильдік немесе авторлық синонимдер Ғ.Мүсіреповте көп
кездеседі. Еске сала кету үшін айта кетелік, стильдік синонимдер деп жеке
тұрғанда мұндай (синонимдік) қасиетке ие бола алмайтын,
ал контексте сөйлемнің мазмұнына сай мағыналас келетін
сөздердің синонимдігін айтамыз. Мәселен, алыстау, даралану немесе
озығырақ, биіктеу сөздеріне тура мағыналық
жақындығын аңғару қиын. Соған
қарамастан, әйгілі публицист сатиралық
ұғымдағы өзгеру, көзге түсу
мағынасында контекстік синоним жасайды: Қазақ
қызметкерлерінің кейбірінде жауапты қызметке жіберілгенде,
жауаптылығы ауырлаған істен гөрі, дәрежесі
көтеріле түскендікті басымырақ сезінетін дәреже
паңдығы аңқып тұрады. Былайғы көпшіліктен
алыстап та озығырақ та
биіктеу тұра бастады (Өскен талаптар тұрғысынан).
Сол сияқты, қаталдың
әділ немесе тәжірибелінің
талғампаз сөздеріне синоним болмауы да мүмкін, ал жазушы
осы сөздерді иін келтіріп, синоним ретінде жұмсайды: Бұл
шығармалар социалистік реализм әдебиеті мен көркем
өнерін қадірлей білетін қатал
да әділ, тәжірибелі де талғампаз билердің сынынан
өтті (Қазақ совет әдебиетінің қазіргі жайы
мен міндеттері). Мұндай синонимдердің
экспрессивті-эмоцоналдық қасиетін байқататын сырттай бір
белгі – олар оқырмандардың күлкісін туғызады, демек,
адам сезіміне әсер етеді деген сөз. Көркем әдебиеттегі
синонимдердің қолданылу ерекшелігі жөнінде және
автордың шеберлігіне тікелей қатысты Р.Сыздықованың
мына пікірі өте қисынды айтылған: «Синоним дегендер тек
мағыналас (мәндес) келген сөз қатарлары ретінде
лексикалық категория ғана емес, қолданыста, әсіресе,
көркем сөзде ең қуатты, икемді, актив стильдік
құрал. Жұмсалу тәсілдері, орындары сан алуан,
синонимдік қатардан сол орында (сөйлемде, абзацта, шумақта
т.т.) айтылмақ ойға ұтымды келетін варианты алынады, ол
ұтымдылық сөздер мен дыбыстық үндесуіне
қарай жұмсауына байланысты».
Қазақ
әдебиетінің классигі Ғ. Мүсіреповтің өткен
өмір жолына, соңына қалдырған бай мұрасына
мұқият ой жүгіртіп, зер сала үңілсек, онда
оның сөз зергері атануына себепші болған
шығармашылық өнеріне бір ғана баспасөздің
қаншалықты із қалдырып, әсер еткенін ақыл-ой
айнасы – көзбен көріп, көңілмен түйсіну
қиын емес.
Әдебиеттер:
1.
Мұқанов С. Ғ.
Мүсіреповтің публицистік шеберлігі. // Ғ.Мүсірепов –
қазақ әдебиетінің классиктері.
//Халықаралық ғылыми конференция материалдары. - Алматы:
Арыс, 2002. - 80-83 бб.
2.
Қазақ публицистикасының бастаулары. / Ғылым
көкжиегінде. Ғылыми-көпшілік жинақ. - Алматы: Білім,
1998. - 145-152 б.б.
3.
Новые взгляды в исследовании печати Алаш Орды. // ҚазҰУ хабаршысы.
Журналистика сериясы. - 1998. - №2. -35-37 б.б.