Жарнама және коммуникация
мәтіндерінің стильдік ерекшеліктері
Нурелова Динара Даленханқызы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті
Магистратура және PhD доктарантура институы
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі
мен әдебиеті факультетінің,
II курс магистранты
Тілдік құралдар мен вербалды емес
құралдарынан тұратын комплексті мәтін қазақ
жарнамасын біз гезеттік-публицистикалық стильдің ішкі шағын
стилі деп танимыз.
Лингвистикада подстиль термині аталғанымен
бұл өз алдына жеке қарастырылмаған. Әдетте
лексикографиялық еңбектерде, функционалдық стилистикаға
қатысты зерттеулерде подстиль «жанр» ұғымымен бірдей
түсіндіріледі. Осыған байланысты жанр және подстиль
терминдеріне нақты тоқталу қажет болады.
Жанр – подстиль
терминіне қарағанда әдебиеттану және тілтану
ғылымдарында кең тараған ұғымдардың бірі.
Әдебиеттану ғылымы бойынша «Жанр –
шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиет
салалары» /126.250/, деген анықтама беріліп, әдебиетте «орныққан
жүйе бойынша эпостық жанр, лирикалық жанр және
драмалық жанр» бар екендігін көрсетеді.
Жанр – әдеби терминдік ұғым ретінде
кең қолданылады, әдеби шығармаларды
түр-түріне ажырату үшін жанр деген ұғым
қалыптасқан.
Әдебиеттану категориялары бойынша әдеби
жанрларды ажырату – көркемдік функциясы бірдей шығармалардың
тақырыпты баяндау, шығармалардың құрылысы,
оқиғаны бейнелеу тәсілі жағынан бір-бірінен айырмашылықтары
бар екендігін көрсету үшін қажет.
Ал тілтануда, лингвистикада қолданылатын жанр термині
функционалдық стильдердің, оның ішінде әсіресе
газеттік-публицистикалық стильдің ішкі шағын стильдерін
ажырату үшін қолданылады.
Демек, тілтануда жанр – өзіндік стильдік белгілері
бар, шағын стильдері деген ұғыммен бірдей. Бұл арада
газеттік-публицистикалық стильге азырақ тоқталуға тура
келеді.
Қазақ тіл ғылымында
газеттік-публицистикалық стиль (бұл топқа негізінен
газет-журналдардың тілі мен стилі енгізіледі) – көп зерттелген
салалардың бірі деп айтуға болады. Мақсаттық
стильдердің ішінде газеттік-публицистикалық стильдің тіл
тарихына Р.Сыздықова /98/, Б.Әбілқасымов /127/, әдеби
тілдің дамуына С.Исаев /128/, А.Алдашев /129/, Б.Момынова /130/,
лингвистикалық стилистикаға қатысты О.Бүркітов /96/,
орыс не қазақ тілдеріндегі газет тіліне Е.Журавлева /132/,
Б.Райымбекова /110/ арналған зерттеулері бар.
Ал, Ф.Жақсыбаеваның
/112/ еңбегінде газет
мәтінінің прагматикалық функциясына жан-жақты талдау
жасалынған.
Зерттеулердің көпшілігінде
газеттік-публицистикалық стильдің жанрлық түрлерінен
болатындығы жалпы аталады да, олардың
әрқайсысының стильдік белгілері, жалпы стильді
құрайтын ортақ стильдік белгілері таратылып айтылмайды.
Дәстүрлі түрде газеттік-публицистикалық стильдің
жанрлық құрамына бас мақала, очерк, памфлет, хроника,
репортаж, ақпараттық хабарлама енетіндігі аталады. /130.56/. Кейбір
зерттеулерде осы қатарларда жарнама да газеттік-публицистикалық
стильдің бір жанры ретінде көрсетіледі. /134.192/. Бұл арада мынаны
атап айтуға тура келеді, зерттеуші М.Кожинаның жарнаманы да газет
жанрының бір түрі деп есептеуінің, біздің
байқауымызша, мынадай себептері бар:
1. Мерзімді
баспасөзде дәстүрлі түрде белгілі бір жарнама
мәтіндері беріледі, яғни хабарландыру, аукцион, тендер
мәліметтері, газет бетіне орналасқан плакаттық
жарнамалардың көшірмелері.
2. Мезімді
басылымдарда жарияланатын осындай түрлері басқа газет жанрлары
сияқты біршама дәрежеде ақпарат беру және әсер
ету функцияларын атқара алады.
Шын мәнінде әр
мақсаттық стиль жанрлардың жиынтығы – мәтіндердің
түрлері ретінде қолданылады және мақсаттық
стильдердің барлығы жанрлық қатыстығына
қарай іштей ажыратылады.
Ғалымдардың
көпшілігі мәтіннің жанрлық қатыстығын
оның стильдік ерекшелігіне әсер етуінің негізгі факторы деп
көрсетеді.
В.В.Виноградов лингвистикалық стилистиканың
қарастыратын мәселелерінің негізгісі – ол стильдің
жанрлық ерекшелігін зерттеу деп есептейді. /136.17/
Ішкі шағын подстиль дегеніміз:
әдеби тілдің белгілері бір функционалдық стильдің ішкі
жеке тармақтары, шағын бөліктері. Мысалы, репортаж, хроника,
очерк және т.б. – газеттік-публицистикалық стильдің
шағын стильдері (подстильдері). Бұндай подстильдері атқаратын
функциялары жағынан әдеби тіл стилінің функциясына
сәйкес келуі керек. Газеттік-публицистикалық стильдің негізгі
функциясына дер кезінде ақиқатқа сай ақпарат жеткізу
(информативная функция) және екінші қызметі –
оқырмандарға әсер ету, оның белгілі бір
көзқарасын қалыптастыру немесе ықпал ету қызметі.
Бұл функциялар – тұтастай газеттік-публицистикалық стильге
тән қалыптасқан функциялар. Газеттік-публицистикалық
стильдің басқа стильдерден айырмашылығы осы функцияларынан
көрінеді.
Газеттік-публицистикалық
стильдің подстилі болып саналатын, жоғарыда аталған очерк,
репортаж және т.б. осындай қызметтерді атқару керек.
Бірақ олардың ішкі шағын стиль ретіндегі ерекшелігі –
олардың ақпараттық және ықпал ету функциялары
әртүрлі деңгейлерде болуы мүмкін. Мысалы, хроника тек
ақпарат беру қызметін атқарады, оған ықпал ету
қызметі тән емес. Ал кейбір репортаж подстильдерінде ықпал
ету қызметі жоғары болуы мүмкін. Осыған байланысты
әрбір ішкі шағын стильде қолданылатын тілдік
құралдар да әртүрлі болады.
Кез келген мақсаттық
стильдегі подстиль қозғалмалы құбылыс.
Мақсаттық стильдердің экстралингвистикалық
факторларға қарай өзгеретіндігіне байланысты жанрдың
түрлері де өзгеріп отырады. Мақсаттық стиль
құрамында подстиль түрлері бірде көбейіп, бірде азайып
немесе күрделеніп отырады.
Мысалы, 60-70 жылдарда бас мақала – газеттік-публицистикалық
стильдің ең маңызды, басты подстилі ретінде белгіленсе /137/,
сондай-ақ саяси очеркте газет подстилінің негізгі тармағы
ретінде аталса /138/, қазіргі мерзімді баспасөзде подстильдің
бұл түрлері өте сирек кездеседі.
Бірақ қазіргі
баспасөз тілі көптеген жаңа жанрлармен
толықтырылған, мысалы қазіргі қазақ
баспасөзінде: ақпараттық хабарлама, ықшамдалған
хабар (реферированное сообщение, дайджест), саяси шолу,
мәдени-әдеби очерк, танымдық мақырыптардағы
мақалалар, жарнамалардың көптеген түрлері
қолданылады. /139/
Бүгінгі лингвистикада және
лингвостилистикада жанр түсінігі екі түрлі анықтамамен
түсіндіріледі. Тілдік жанр ретінде, біріншіден – текстотип – мәтін
түрлерінің әртүрлі болуы, екіншіден –
бірыңғай сөйлеулер (типовые высказывания) (диолог реприкалары,
әскери бұйрық, қорқыту және т.б.)
түсіндірілуі мүмкін. Түсініктемелердің мұндай
ауқымы М.М.Бахтиннің монографиясында кеңінен
сипатталған. /122/.
Зерттеулердің бірқатары
стилистикалық жүйенің мынадай тізбегін көрсетеді:
функционалдық стиль – жанрлық стиль – мәтін
түрлерінің ішкі түрлерінің (подтипов) стилі.
Мәтін түрлерінің стилі тестотип деңгейінде
қатынасу саласының шағын заңдылықтарын
қамтиды.
Э.Г.Ризельдің анықтамасы
бойынша, текстотип дегеніміз: «класс определенных письменных и устных видов
текста (жанров текста), обладающих одиноковой функциональной и ситуативной
спецификой, а если и не одинаковой, то
по крайней мере сходной языковой спецификой» /140/13/
Ғалым М.А.Гвенцадзе
жоғарыда аталған стилистикалық жүйеге сүйене отырып,
мынадай тұжырым жасайды: функционалдық стильдерге
жататындығына қарай мәтіндердің топтастырылуы да,
мәтіннің сөйлеу қатынасының
экстралингвистикалық негізінде топтастырылуы сияқты болып келеді.
Мәтіндік типологияның бірлігі ретінде М.А.Гвенцадзе сөйлеу
(тілдік) жанрын ажыратып көрсетеді. Сөйлеу жанрын автор былай
түсіндіреді: «речевой жанр – определенная общность текстов,
надиндивидуальные признаки которых обусловливаются социально закрепленными,
стандартизированными речевыми ситуациями в пределах той или иной
общественно-коммуникативной сферы и которые в силу этого обладают определенными
и устойчивыми факторами построения целого» /141.77/
Сөйлеу
шығармаларының белгілі түрі ретінде жанр немесе подстиль
бірнеше негізде қалыптасады. М.А. Кожинаның осы
ұғымға берген анықтамасы төмендегідей:
«рановидность литературного пройзведения, характеризующегося по сферам общения
различными особенностями назначения, направленностью содержания, образованием
форм и постоения текста в композиционно-сюжетном плане, размером и некоторыми
другими признаками» /142.91/
Жанрдың
маңыздылығына қарай Н.В. Вакуров мынадай анықтама
береді: «жанр – это всегда установка на определенный тип, способ изложения,
характер и масштаб обобщений, вид подхода, отношения к действительности, так и
к экстралингвистической принадлежности речевого произведения» /134/.
Өз жұмысымызда біз
жоғарыда аталған авторлардың анықтамаларын
ұстанамыз, себебі, олардың түсініктемелерінде
экстралингвистикалық ерекшелік те және өзіндік лингвистикалық
бастама да қамтылады.
Бірқатар ғалымдар
публицистикалық стильдің жанрлық құрамының
көп екендігін көрсетеді. Мәселен, М.Н. Кожина «Стилистика
русского языка» атты оқулығында публицистикалық
стильдің газет жанрларында қолданылуын, олардың негізгі
қызметтерін (ақпараттық, әсер ету жіне экспессивті
функциялары) атап көрсетеді /133/Зерттеуші Г.Я. Солганик өз
еңбектерінде газет жанрларына жеке-жеке тоқталып,
әрқайсысының ерекшеліктерін көрсетеді /135.183/
Сондай-ақ, «Қазақ
тілінің стилистикасы» оқулығында да авторлар
көсемсөз подстилі әр алуан екендігін атайды. Авторлар
көсемсөз подстильдеріне мыналарды жатқызады: бас
мақала, ақпараттық хабар, очерк, халықаралық шолу,
памфлет, радио мен теледидардан берілетін хабарлар /135.30/
Жоғарыда М.Н. Кожин,аның
жанр ұғымына берген анықтамасына мынадай толықтыру
жасауға болады: жанр – мақсаттық стильге қатысына
қарай тек қана экстралингвистикалық белгі емес,
сондай-ақ жанр – сөйлеу құралдарының жүйесі
(система речеых средств) /133.179/
Біздің жұмысымызда подстиль
Н.М. Разинкинаның берген анықтамасы бойынша, мақсаттық
сөйлеу стилінің бір түрі ретінде, үш фактормен
белгіленеді:
А) берілу
формасы;
Ә)
беріліп отырған ақпараттың өзгешелігі (түрі);
Б) сол
ақпараттың эмоциялық бояуы /143/.
Бұл анықтамаға,
подстильдің қатынас ортасына қарай, әртүрлі
қызмет ерекшеліктерімен, мазмұнының бағытталуымен
және көлемімен сипатталатындығын қосуға болады.
Сонымен қатар, подстиль тілден
тыс фактілерді және тілдік құралдарды бір бүтін
мәтінге біріктіреді және оларды жүйелі таңдайды.
Бұған болмыстың жеке құбылыстарын таңдап
мәтінде олардың бірізділікпен көрсету; фактілердің
құбылыстардың тануын және олардың өзара
қатынасын сөзбен берілуін құрайтын мәтіннің
құрылымы; мәтін ішінде тілдік құралдардың
қызмет түрлері (әртүрлі стильдердің
элементтерінің ара қатынасы, олардың мәтінде
өзара бейімделуі, мәтінді ұйымдастырушының арнайы
формуласы) жатқызылады /144.84/
Алайда қазақ тіл білімінде
мақсаттық стильдердің подстиль ерекшеліктері туралы пікірлер
аз кездеседі.
Қазақ жарнамасын
газеттік-публицистикалық стильдің подстилі деп тануға екі
негіз бар. Бірінші, жарнаманың тілдік және вербалды емес
құралдары бірігіп келіп ақпарат беру қызметін
атқарады және осы комплексті мәтін прагматикалық
қызмет атқарады. Екінші, жарнама мәтіндерінде, жалпы
газеттік-публицистикалық стильдегі сияқты өзге
стильдердің элементері, образды, бейнелі
тілдік құралдар, мақал-мәтелдер, сирек
жұмсалатын сөздер, жаңа терминдер және т.б.
қолданылады. Жалпы газеттік-публицистикалық стильде
көркемдеуші тілдік құралдарда да ғылыми абстарктылы
маңызы басым терминдері де, ауызекі сөйлеу тілінің
элементтері де қатар жұмсалады. Ал бұл қолданыстар
әлеуметтік мүддені көздеп жұмсалады. Өзге
стильдерге тән элементтер, стильдік белгілердің прагматикалық
қызметті атқаруға қосатын үлесі жоғары.
Мұндай белгілер де жарнама тіліне тән.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ә. Қайдар, Ө. Айтпайұлы «Тіл майданы» Алматы 2000ж.
2. Солтанова Ғ.Ә. «Қазақ жарнамалараы: тілдік сипаты
және олардың ықпал ету қызметі» автореферат Алматы
2001ж.
3. Қазақ тілінің сөздігі. Алматы 1999ж.
4. Асанбаева С. А. «Жарнама саласында мемлекеттік тілді қолданудың
социолингвистикалық өзекті мәселелері» Алматы 1999ж.
5.
Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е.,
Манасбаев Б. «Қазақ тілінің стилистикасы», Алматы 1974 ж.
6. Алдашева А. «Қазіргі қазақ
тіліндегі лексикалық жаңа қолданыстар», Алматы 1992ж.