Нурсеитова А.А.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің    аға 

оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

 

Көркем шығармадағы синонимдердің лексико-семантикалық мағыналары

      

  Тұрақты тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қоймайды, сонымен қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына бірі балама болып та қол-даныла береді. Мұндай құбылысты тіл білімінде фразеологиялық синонимдер деп аталады.                                                                                          Тілдегі лексикалық синонимдер мен фразеологиялық синонимдер екеуі екі түрлі аталғанымен, түптеп келгенде, бір мақсатқа қызмет етеді. Ол мақсат — ойлаған ойды баяндау болып табылады. Сондықтан бұл екеуі үнемі бірлікте өзара тығыз қарым-қатынаста, тұтас бір бүтін нәрсенің екі жағы деп қаралуға тиіс. Мақал-мәтелдердің өзді-өзіне синоним болуы фразеологиялық синонимдерге ұқсас. Айырмасы тек мағынасында. Фразеологиялық синонимдер жеке сөздің орнына жүріп, соның білдіретін ұғымын білдірсе, мақал-мәтелдер тұтас сөйлемдік қызметте жұмсалып, әрқайсысы аяқталған ойды білдіреді.    Мақал-мәтелдердің синонимдік қатынасы айтайын деген ой-пікірдің сарындас, үндес келіп, бір жерден шығуында.[1]                                                     Синонимдері қолданудың мынадай тәсілдері бар:                                 Алдаңғы сөйлемде немесе қатар тұрған тексте бір рет пайдаланған сөзді қайталамас үшін оны басқасымен алмастырады. Мысалы: Ерігісте ер өлер, екі батыр егіссе, екеуінің бірі өлер (мақал). Айнала шабытты еңбек, қызу жұмыс. Бізде үздік көп жастар жеке дара («Айтыс»).                                                                 Белгілі бір ұғымды әр жақтан толық сипаттап беру үшін 2 немесе 3-4 синоним сөз қатарынан қолданылады. Мысалы: Балташ жолдасқа опашыл, уәдешіл болатын (Ж.Аймауытов). Майлыбайдың уысындағы күміске өзді-өзі таласып, қырылысып, төбелесіп, өліп қала жаздады. (Ж.Аймауытов). Қатар қолданылған синонимдер бір-бірінің мағынасын толықтырып тұрады. Біреуіндегі кемшін мағыналық, стильдік реңк басқаларынан табылып, бүтін бір ұғымды әр түрлі белгілерімен жан-жақты алып көрсетеді.                                        Тілдегі синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та қолданғанымыз сияқты бұларды қосарлап та пайдалануға  болады. Мысалы: күш-қуат, құрбы-құрдас, ар-ұят, аман-сау, үлгі-өнеге, азып-тозу, қорқытып-үркіту, қажымай-талмай, өткен-кеткен, даусыз-талассыз, мұнды-зарлы, өніп-өсу т.б. Екі синоним сөз қосарланып қолданғанда бұлардың бұрынғы жеке мағыналары абстракцияланып (яғни жалпыға айналып), білдіретін ұғымнын көлемі кеңейеді. Мұндағы күрделі ұғым екі сөздін дара мағыналарының жиынтығынан шығады.  Синонимдер тек жеке сөздермен ғана емес, фазалық тіркестерден де кездеседі. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айтып беру үшін фразалық тіркестер де тілде орасан зор қызмет атқарады.   Синонимдер жеке сөзбен жеке сөз, қос сөз бен қос фраза мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады. Мысалы: Ақсақал абдырды, састы, қысылады, жан терге түсті (Ж.Аймауытов).  Жолыққан жанның бәрі де оған ат үсті, асығыс жауап берді (Ж. Жұмақанов). Ойдың да шикісі бар күлді-көмеш, Сүйкімсіз арам астай адам жемес.[2]                                                    Қазақ тілі лексикалық синонимдерге қандай бай болса, фразеологиялық синонимдерге де соншалықты бай. Мәселен, аза бойы қаза болды, аза бойы тік тұрды, азар да безер болды, ат-тонын ала қашты дегендер мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын келгенімен, іштей өзіндік сәл ерекшеліктері бар. Сол сияқты алғаны ас болмады, алғаны көзінен шықты, жегені желім болды, жегені желкесшен шықты, ішкен-жегені мұрнынан шык,-ты дегендер де белгілі бір ұғымды сан-саққа жүгіртіп, жан-жақты сипаттап тұрғанымен, стильдік мәні жағынан бірдей деуге келмейді. Фразеологиялық синонимдер де ұғымы жағынан бірінен-бірі сатылап өсіп, күшейіп отырады. Мәселен, көз (кірпік) ілмеді, көз шырымын алмады, түн баласына кірпік қақпады, түн ұйқысын төрт бөлді, көрер тацды көзімен атырды деген фразеологиялық синонимдер бірімен бірі, өтіп, күшейе түседі. Біреуден біреудің артықшылығын айтқымыз келсе: пар келмейді, тең емес, ширегіне келмейді, астар болмайды, бақайынан келмейді дейміз. Ал біреудің қалай қорыққандығын айтқанда: жүрегі (зәресі, үрейі) үшты, құты қашты, иманы кетті, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болды, иманы қасым болды дегендер қолданылады. Мұның барлығы етістік фразеологиялық синонимдердің соншалықты байлығын көрсетеді.                                                       Фразеологиялық синонимдер сындық және үстеулік мағынада да кездеседі. Мәселен, біреудің асқан сұлулығын бейнелеп айтқымыз келсе: ай десе аузы бар, күн десе, , ай қабак,, алтын кірпік,  дейміз. Біреудің әкесіне ұқсастығын айтқанда ай-на қатесі жоқ, әкесініц аузынан түскендей дегендер қолданылады. Біреудің байлығын сөз қылғанда: төрт түлігі сай; төрт құбыласы түгел; бес енесі бес-тен; не ішем, не жейім демейді, ішкені алдында, ішпегені артын-да; үріп ішіп, шайқап төгіп отыр дегендерді айтамыз. Ал біреудің бейқамдығын, жайбарақаттығын бейнелесек: қаннен қаперсіз, үш уйықтаса, түсіне енбеген дегендер қолданылады. Қатты ауырып жатқан адамды көргенде: эл үстінде, өлім халінде, өлім аузында, өлі мен тірінің арасында, бір аягы жерде, бір аяғы көрде дегендер жұмсалады. Осылардың бәрі біздің ана тіліміздің шексіз байлығын танытады. Бұл тілдің соншалықты орамдылығы мен икемділігін көрсетеді. Фразеологиялық синонимдер көркем образ жасау үшін қолданылады. Сондықтан бұлар тілдегі кез келген стильде талғаусыз қолданыла бермейді. Бұлардың өзіне лайықты орын тепкен мекені — көркем әдебиет. Көркем шығармада белгілі оқиға жай ғана баяндалмайды. Жазушы болған оқиғаны өзінің ой елегінен өткізіп, оған түрлі-түсті астар беріп, бояу жағып әшекейлейді. Сондай бейнелі сөз қазынасы — тілдегі фразеологизмдер екендігі сөзсіз.Фразеологиялық синонимдер тәрізді тілдеп мақал-мәтелдер де бір-біріне синоним болып жұмсала береді. Бір ойды білдіру үщін мағыналас, мәндес бірнеше мақал-мәтелдер қолданылады.                            Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі — парафраза. Мұны кейде перифраза деп те атайды. Бұл сөздің мәнісі жеке сөздің орнында оның түсінігін сипаттап беру болып шығады. Мәселен, Алматы дегеннің орнына Қазақ астанасы, М. Әуезов дегеннің орнына «Абай жолы» романының  авторы, Күәш деудің орнына — қазақтың бұлбұл әншісі деп қолдануға болады. Парафраза бір заттың белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгенде, немесе соған ерекше назар аудартып, ден қойғызу мақсатында қолданылады. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп баяндау үшін де жұмсалады.                             Мағынасы жағымсыз сөздердің мәнін тындаушыларға жеңілдетіп, жұмсартып айту тәсілін тіл білімінде эвфемизм деп айтады. Бұл да тіл мәдениетінің бір тәсілі болып саналады. Мәселен, өсек-аяң дегеннің орнына жаяу почта, ұзын құлақ, сымсыз телефон деп, өтірік сөз дегеннің орнына қоспа деп, өсекші дегеннің орнына жеңіл ауыз деп, пара дегеннің орнына ауыз бастырық деп, ұрлық дегеннің орнына жиендік деп, қартаю дегеннің орнына жасы ұлғаю деп жұмсартып қолдана беруге болады.                                                  Баспасөзде қолдану жарасымдағын тауып, әдеби тілде орныға алған вариант сөздердің синонимдерден бөлек, мағыналық жағынан әр басқа атауларға айналатыны да кездеседі. Оған бір кездері жарыспа тұлғаларға жатқызып келген өкімет-үкімет, ұлық-ұлы, кішік-кіші, ғаламат-әлемет сөздері мысал болады. Варианттардың мағыналық саралануына көп маңыналықтың ықпалы басым болса,олардың артық сыңарын реттеуде омоним сөздердің тұлғалық даралануының елеулі ықпалы бар екен. Мысалы, тырнақтау-тірнектеу, азар-әзер, ауан-әуен, зар-зәр, оп-өп, мына-міне, дару-дәру, тап-тәп сөздері осылайша дараланған. Икемді емле ережесінің игі әсері арқасында қазақ тіліндегі бұрыннан айтылып келген жарыспа тұлғалардың тұлғалық жағынан болсын, мағыналық жағынан болсын реттелуі байқалады.          Тіл – халықтың аса маңызды қатынас құралы болатындықтан, ондағы сөздер халық тілінің байлығы ретінде танылатыны мәлім. Зерттеушілер синонимдер түгілі мағыналық тепе-тендікі дублет сөздер мен сөз варианттарын да тіл жүйесінің сымбаты мен гармониясына нұқсан келтіретін кездейсоқ құбылыс санап, нұсқау берудің нәтижесін әрдайым дұрыс бола бермейтіндігін ескертеді. Өйткені тіл шұбарлауға итермелейтін сөз қолданудағы ала-құлалық пен тұрақсыздықты аластауға жағдай жасай отырып, тілді байытуға, түрлі амал-тәсілді жетілдіруге, стильдік өң беруге септігі тиюі ықтимал тенденцияны дамыту мақсаты көзделетіні белгілі.                                                                                                  

                                 Пайдаланылған әдебиеттер:                                                                1. Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы: Санат, 1997. -256 б.
2 Сыздық Р.Ғ. Сөз құдіреті. – Алматы:Атамұра , 2005.
3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы,1977.-589 б.
6. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі.-
Алматы,1995. -207 б.