Қабул О. Қ.
аға оқытушы, гуманитарлық
ғылымдар магистрі
А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қостанай
қ.
А.ҚҰНАНБАЕВТЫҢ
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
ОЙ-ПІКІРІ
Абай қазақ әдебиетінің классик
ақыны болумен қатар философ, психолог, көсемсөз шебері,
аудармашы, ғалым, ағартушы, тарихшы, эстетикашы, педагог та.
Оның ой-өрісінің, ойлау жүйесінің танымдық
құдіреті мен күші бүгінгі күн тәртібінде
тұрған көкейтесті проблемалармен де астасып жатады.
Сондай сан қырлылықтың бір көрінісі
– құқық бұзұшылықтың себептері
және олармен күресу мәселелері Абай әлемінін ерекше
орын алады.
Абайдың түсінігі бойынша қылмыс
әлеуметтік құбылыс, яғни оның жасалуына
қоршаған орта тікелей әсер етеді. Әрбір орта жеке
адамның мінез-құлқының, қимыл-әрекетінің
қалыптасуына себепші. Жеке адам өзі тіршілік еткен айналасымен
тәрбиеленіп, түлеп өседі. Бұл қағиданы Абай
құқық бұзушылықтың ең негізгі
себептеріне жатқызады. Абай осы туралы өз сөзін «Адам баласы
өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майданғы
кісімен сырлас болады» деп қорытады.
Қазақ ағартушысы қылмыс, жалпы
құқық бұзушылық тұқым
қуалау арқылы қалыптасады деген Чезарие Ломброзо сияқты
зерттеушілердің теориясын жоққа шығарады. Абайдың
түсінгі бойынша ешбір адам туған күннен бастап
қылмыскер болмайды. Олай тұжырым жасаудаң ешқандай негізі
жоқ, яғни жалған. Қылмыстық әрекеттерді
тұқым қуалау арқылы қалыптасады деген теорияны
Абай мыны шумақтармен («Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін») жоққа шығарады.
Жеке адамның заңсыз,
құқық бұзушылық жолға түсуін,
соның салдарынан қылмыс жасауға баратындықты Абай
негізінде қоршаған ортаның әсерінен басқа
үш себеппен белгілейді: «Күллі адам баласын қор қылатын
үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Олар: надандық.
еріншектік. залымдық.
Надандық – білім-ғылымның
жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмады.
Білімсіздіқ хайуандық болады.
Еріншектік – күллі дүниедегі күналардың
досы. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік –
бәрі осыдан шығады.
Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам
баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан
хисабына қосылады» - дейді Абай [1].
Шын мәнінде Абайдың бұл
ғақлиялық сөздеріне талдау жасап қарасақ,
дәл осы заманда да сол көрсетілген факторлар қылмысқа
итермелеп,соған себепші болатыны ақиқат екенін
аңғарамыз. Қалмыстық зертелер соны дәлелдейді. Нанандық
Абайдың түсінігі бойынша білімсіздіктен туады, ондайлардың
сана деңгейі төмен, қоғамдық дамудан парасат пен
мәденениеті кейін қалған. Әлбетте, ондай адамдар
дөрекі, қатыгез, сөйлеу мәдениеті мен
арақатынастық сыпайлықтан мүлдем ада. Күш
қолдануды мәселені, дау-жанжалды шешудің ең негізгі
құралы деп ұғынады. Жалпы Абай қоғамдарғы
барлық керттартпа, арсыздық қырықтардың бел алуын
адамгершілік, тақуалық, қасиеттердің
жоқтығын надандықпен тікелей бойланыстырып қарайды.
Надандық – адам баласының қас жауы. Барлық бәле
тек сол қасиеттерден тарайды. Міне, осыған байланысты Абайда «надан» деген
сөз көп кездеседі. Яғни қоғамды түзеу
үшін, қылмысты жою үшін ең алдымен
надаңдықпен күресуіміз қажет. Ал надандықпен күресу
ең алдымен отбасы, ошақ қасынан, білім ордаларынан
басталытыны хақ.
Абайдың ұғынуы бойынша ереншектік,
жатып ішерлік, еңжарлық еңбек етуге деген ынтаны мүлдем
жояды. Бұл қасиеттер адамның бойына бала кезенен
ата-ананың әлпештеуінен, еңбекке баулымауынан, баланы
қызғыштай қорғап өсіруден болатын дерт. Осындай
тәрбиені көрген жасөспірім жеңіл өмірге,
дайынға үйренеді, өзі адам болып талпынудан, тіпті ойлаудан
да қалады. Себебі, ата-анасы бәрін дайындап беріп отыр, не ішем, не
киемді білмейді. Өз ойын осы мағынада Абай «Сегіз аяқ та» түйіндейді
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын [1].
Абай бұл қағидалы идеяны тағы да
қорытындылай келе адам баласының қылмысқа,
«жаманшылыққа» үйір бола беретұғынының бір
себебі-жұмысының жоқтығы», деп кесіп айтады (Қырық екіші сөз ).
Залымдылық болса қоғамға аса
қауіпті іс-әрекет. Залым адам әр уақытта қылмыс
жасауда дегеніне жетеді. Адам бойында залымдық қасиеттер көп
әсерлерден қалыптасқан тәрбие, т.б. Залымдылық
үнемі адам бойынан, мінезінен көріне бермейді, ол бір
көргенге байқалмайтын мәндік құбылыс.
Залымдық пен қалмыс жасау қоғамға аса
қауіпті. Абай соңдықтан да залымдықты жыртқыш
хайуанға теңейді. Абайдың пікірінше, қылмыстық
жолға түсүдің себебі схема жүзінде былай көрінеді
|
жұмыссыздық |
|
мақтаншақтық |
|
қылмыс |
![]()
![]()
![]()
|
|
|
арсыздық |
|
құқық
бұзушылық |
![]()
![]()
![]()
|
ақылсыздық |
|
білімсіздік |
|
Теріс
қылық |
Абай
тағылымдағы сақтандыратын ең ортақ дерт – надандық.
Қазақтың қай қаласына, аулына барсаңыз,
шарап ішкен, дөрекілік мінез көрсетіп қылмыстық
жолға түсуге ден қойған қазақтың
жастарын көргенде ұлтымыздың болашағы не болады деген
ойға қаламыз. Өкінішке орай, жауапқа тартылып,
түрмеге түсіп жатқандар арасында қазақтар
көп, әсіресе ойсыз, мақсатсыз жастар орынсыз желігіп, от басады.
Абай
жастарымыздың осындай жағымсыз жақтарын тек, жоғарыда
көрсеткендей, надандықтан, білімсіздіктен болатынын дәлелдеп,
ұлтымызды түзеу үшін осы дерттерден арылуға
шақырады.
Абайдың
ойынша қылмыстық, пайдақорлық жолмен табыс табу еш уақытта
жақсылыққа апармайды. Қайткен күнде де ол
өзінің заң белгілеген жазасын алады, жауапқа тартылады.
Жәбірленушінің көз жасы кімді болса да әділ сот алдында
жүгіндіретініне кәміл сенеді, яғни ерте ме, кеш пе,
қарау адам сазайын тартады.
Қазақ
ойышылы қылмыстың себептерін анықтай келе
күресудің де, қылмыстың алдын алу жолдарын да өз
ойының шеңберімен белгілеп бергендей. Қылмыстың алдын
алу, Абайдың түсінігі бойынша, сәбидің бесіктен белі
шықпай жатқан кезден бастап ата-анасының, ортаның,
мемлекеттің тікелей міндеті болуы тиіс. Қылмыстық жолға
түсу Абайдың танымдық фәлсафасы бағдарының
анықтауынша, жас кезден басталады және бойы үйренгеннен кейін
әдет болып қайталана беруі әбден мүмкін.
Сондықтан әрбір жеке адамды, жасөспірімді дер кезінде
дұрыс жолға салып, теріс әрекетін әшкерелеу,
тоқтату ең маңызды алдын алудың іргетасы. Осы орайда
Абай: «Жаманшылыққа бір елі кеткен соң, бойын жиып алып
кетерлік қайрат қазақта кем болады» дейді. [2].
Абай
жастардың бұзақылық, жалпы қайсы бір
қылмыстық әрекеттен аулақ болуын қалайды,
құқықтың талаптарын орындауға
шақырады. Өз әрекетіне жауап беріп, сабырлылық танытуды
жөн көреді.
Ақырын
жүріп, анық бас,
Еңбегің
кетпес далаға - [1].
деп («Әсемпаз
болма әркеге») жастарды заңды құрметтеуге
шақырады. Жеке адамның өзінің
қимыл-әрекетіне қайдай жағдайда болмасын есеп беруі – Абайдың
түсінігі бойынша, норма болуы шарт. Әрбір әрекетке аяқ
басу үшін алдымен мың ойланып, мың толғану қажет.
«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, – дейді
Абай, – күнінде бір мәрке, болмаса жұмасында бір, ең болмаса,
айында бір, өзіңнен өзің есеп ал» – [3].
Құқық
шартттарын орындамау қылмысқа әкеп соқтыратыны
сөзсіз. Бір рет қылмыс істеген адамға қара күйе
жағылатынын, одан кейін сүттен ақ, судан таза болғанымен
жаман атақ қалатынын, ондай көлеңкелі
жәйттердің адам болашағына тосқауыл болатынын Абай
қатаң ескертеді.
Абай
тағылымы бойынша қайсыбір қылмыс, теріс қылық
болмасын міндетті түрде ашылып, қылмыскер қатаң
жазаға тартылуы тиіс. Қатаң жазаға
тартылмағандық қылмыстың жасала беруіне тыйымауына
тікелей себепші. Жазасыздығын сезінген адамның психологиясы
қылмысқа баруды дағдыға айналдыруы да ғажап емес.
Әділ жаза қолдану қылмысты тыюдың негізгі
талаптарының бірі.
Қазақ
ойшылы қылмысты болдырмауда және оның алдын алуда
діннің көмегіне ерекше ден қояды. Дінді, құранды
жақсы түсінген, оның барлық имандылық,
адамгершілік шарттары мен талаптарын бойына сіңірген, бұлжытпай
орындаған адам қылмыстық жолға түсуі мүмкін
емес. Дін адам бойына нұр құяды, ол сондай-ақ
құқық бұзушылыққа жол бермейтін
сиқыры бар рухани тосқауыл іспетті дүние. Абайдың
ойынша имандылыққа сендіру арқылы қылмыстық
әрекеттердің тамырына балта шабуға әбден болады. Тек
сол бағытта жұмыла жұмыс істеу парыз.
Әдебиеттер тізімі
1.
Сүйіншалиев А. Б. Абайдың қара сөздері. -А., Ғақлия
ғылыми-әдебиет орталығы, 1995. -197-205 б.
2.
Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. -А., Жазушы, 1999. 29-356
б.
3.
Фукс С. Л. Обычное право казахов в 18-первой половине 19 века. -А., Жазушы, 1981. -111-114с.