Тұлғаның кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың психологиялық тетіктері

 

Нургалиева М.Е.

 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.

 

Білім беру кеңістігінде қазіргі таңда білім  беру - әлеуметтік  құрылымның  маңызды  элементтеріне  айналды. Дүние  жүзінде  білімнің  әлеуметтік  ролі  артты.  Адамның  болашағы  оның  қазіргі  алған  білімінің  сапасына, көлеміне,  ойлау  деңгейіне  байланысты.  Осыған  сәйкес  студентке белгілі  бір  көлемдегі  білім,  білік,  дағдыларды  меңгертумен  қатар  дүниетанымын  кеңейтіп,  оларды  шығармашылық  бағытта  жан-жақты   дамыту  бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Оның ішінде ғаламдық өзгерулерге бейім жеке адамның да, қоғамның да жаңа іс-әрекет түрлеріне ынталана алатындай, өзгермелі мәдениеттік ортада өзін-өзі анықтай алатындай,  және адамгершілікке, интелектуалдыққа, кәсіби біліктілікке тәрбиелейтіндей оқытудың үздіксіз жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туындауда.

Көп жылдар бойы кәсіпкерлік біліктілікті кәсіптік білімнің негізгі көрсеткіші деп бағалау теория мен тәжірибе жұмысы дайындығы арасындағы табиғи байланысқа мән берілмеуіне, мамандарды кәсіпке дайындауда білім қорының жеткілікті болмауына әкеліп, кейбір студенттердің оқуға, одан кейін болашақ кәсібіне деген біліктілігінің төмендеуіне әсерін тигізді.

Жоғары мектептің білім беру барысындағы осы мәселені шешу жолының бірі - студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қайта бағдарлау арқылы оларды таңдаған кәсібі саласында өз білімдерін, іс-тәжірибелерін, мақсаттарын  толықтай жүзеге асыруға тұлғалық құлшыныстарын ынталандыру.

Мамандыққа оң таңдау жасау қарым-қатынасының пайда болуы өз ішінде қарым-қатынас объектісі мен субъектісінің өзара әрекеттесуінен басталатын  «адам-мамандық» білім беру жүйесін білдіреді. «Адамның мамандыққа қарым-қатынасы» ұғымы субъектіден шығатын белсенділікке жалғасу мүмкін емес. Кәсіби бағыттылықты, оны дамыту шарттары мен қозғаушы күштерін зерттеу қарым-қатынастың екінші жағынан, яғни мамандықтан шығатын ықпалдар жүйесінен қол үзе отырып іске асырылуы мүмкін емес. Бұл қарым-қатынас тараптарының өзара ықпалдасуының белгілі жағдайларында кәсіби бағыттылықты дамытудың қозғаушы күштерін жасайтын диалектикалық қарама-қайшылықтар сипатына ие болады.

Тұлға мен еңбек арасындағы сәйкестіктің мінсіз үлгісі іс-әрекеттің объективтік мазмұнына және оның тұлғалық мәніне толық сәйкес келуі тиіс. Бірақ толық сәйкес келуге мынадай себептерге байланысты шынайы қол жеткізу мүмкін емес. Біріншіден, мамандық таңдау мотивтері құрылымында аталған іс-әрекетпен іштей байланысты мотив үнемі басым бола бермейді. Расында, көрсетілген ой-пікір жеке сипаты бар, себебі кәсіби бағыттылықтың мотивтер жүйелерін қайта құру және деңгейлерін арттыру мүмкіндігі бар. Басқа пікір неғұрлым түбегейлі мәнге ие.

Іс-әрекеттің спецификалық мазмұнына деген қызығушылық басым болатын барлық жағдайларда бұл қызығушылықты тереңдету мүмкіндігі сақталады. Іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыруда оның шығармашылық мүмкіншіліктері адамнан толық байқалады.

Олай болса, кәсіби еңбектің объективті мазмұны мен адам үшін оны таңдау немесе оған қатысуға болатын сондай тұлғалық мән арасындағы сәйкессіздік шарасыз. Жоғарыда аталғандай, кәсіби бағыттылықты дамытудың негізгі мазмұны оның деңгейлерін арттырудан тұрады, бұл үдеріс аталған сәйкессіздіктерді жоймай мүмкін болмайды. Белгілі бір жағдайларда ол диалектикалық қарама-қайшылықтар сипатына ие болады, кәсіби бағыттылықты дамытудың қозғаушы күші бола бастайды. 

Бұл қарама-қайшылықтардың пайда болу шарттарын, дамыту мен шешуді неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырамыз. Адамның белгілі бір мамандыққа оң таңдау жасау қарым-қатынасын байқату олардың өзара ықпалдасуының басы ретінде түсіндірелді. Бұл өзара ықпалдасудың маңызды ерекшелігі, көрсетіл-гендей, мамандықтың спецификалық, қоғамдық маңызды мазмұны мен оны артық көрудің тұлғалық мәні арасындағы сәйкессіздік болып табылады. 

Сәйкессіздіктің өзіне тән сапалы түрлерінің үш деңгейлерін бөліп алуға болады. Алғашқы жағдайда мамандық таңдаудың басым мотивтері мен оның қандай да бір объективті мазмұнының маңызды тараптары арасында органикалық байланыс бар. Мамандық таңдаудың қалған мотивтерінде әдетте аз не кем мөлшерде толықтырады, жетекші мотивті негіздейді. Сәйкессіздік тұлғаның мотивациялық саласындағы талаптардың барлығының неғұрлым толық көрінуінің әлеуетті мүмкіндіктерінің болуынан, яғни таңдаудың тұлғалық мәнін тереңдетуден тұрады.

Сәйкессіздіктің басқа сапалы өзіне тән түрі мотив басты рөлді атқаратын, іс-әрекеттің объективті мазмұнына қатысы бойынша жанама жағдайларда пайда болады, мотивтер құрылымында тура мотивтер де бар. Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтерін зерттеу резервті кәсіби мақсаттар қатарында өз негізінде «өзінің жарамдылығына деген сенімділік», «педагогикалық мамандықтың беделі» сияқты мотивтердің басым болуын көрсетті. Сонымен бірге «баланы дамыту үдерісіне деген қызығушылық», «балаларды сүйікті пәніне оқытуға ұмтылу» сияқты тура мотивтер неғұрлым әлсіз, сондықтан олар белгілі мәнге ие бола алған жоқ. Негізгі кәсіби мақсат (мұғалімдік қызметпен байланысты емес) бұл студенттерде басқа мотивтермен анықталды. Негізгі мақсатты іске асыру мүмкін болмаған жағдайда педагогикалық іс-әрекетті таңдаудың көрсетілген жанама мотивтері ашық бола бастады. Тура мотивтердің болуы іштей бұл таңдауды уәжді етті, бірақ ол тиімді нұсқа ретінде толғандырмады. Ұқсас жағдайларда ішінара кәсіби бағыттылық ретінде де анықтайды. Мамандықтың объективті мазмұны мен таңдаудың мотивациялық негізі арасындағы сәйкессіздік басқа сипатқа ие. Мамандықты талап ету көп жағдайда тұлға қарым-қатынасы бойынша сырттай болып қалады, оның мотивациялық саласына кірмейді, тура мотивтер басым болған жағдайда соншалықты шектеулі.

Сәйкессіздіктің үшінші түрі мамандық таңдаудың тура мотивтері толықтай болмаған кезде пайда болады. Әдетте, бұл тұлға үшін жоо-ны таңдау маңызды мақсатқа (мысалы, кейін ЖОО-да оқытушы болып жұмыс істеу мүмкіндігі үшін университеттің химия факультетіне түсу) жету үшін қажетті құралдың мәні болған кезде болады. Осындай жағдайларда таңдау мотивтері мен таңдап алған мамандық мазмұны арасындағы сәйкессіздік соншалықты толық болып келеді, мамандық талаптары тұлғаға жат болуы соншалықты, «кәсіби бағыттылықтың» байқалуы мәнін жоғалтады. 

Кәсіби бағыттылықты қалыптастыру үдерісін А. А. Ростунов әзірлеген үлгі түрінде ұсынуға болады, мысалы мотив түзеуші компонент перспективалар болып келетін ЖОО студенттері [1].

 

мақсаттар мен бағдарлар, ниеттер жүйесі

ниеттер

мотив

мақсатқа жету үшін жасаланатын іс-әрекет

 

 

 

дүниетану, көзқарастар, сендіру және идеалдар

 

 

перспективалар

 

 

 

 

 

қажеттілігі, әуестенуі мен қызығушылықтары

 бейімділіктер, білімдер мен іскерліктер перспективаларының талаптарымен келісу дәрежесін дәлме-дәл бағалау

 

перспективаларды тану

 

Сурет 1. Кәсіби бағыттылықты қалыптастыру үлгісі

 

Бұл үлгіде көрсетілгендей, студенттің қажеттілігі, әуестенуі мен қызығушылықтары перспективаларды тану және бар бейімділіктер, білімдер мен іскерліктер перспективаларының талаптарымен келісу дәрежесін дәлме-дәл бағалау негізінде пайда болады. Жалпы маңызы бар перспективалар негізінде дүниетану, көзқарастар, сендіру және идеалдар, мақсаттар мен бағдарлар, ниеттер жүйесі қалыптасады. Перспективалар мұндай жағдайда студенттің жеке мақсаттары ретінде байқалады.

Студент тұлғасының тұрақты бағыттылығын қалыптастыру мен қолдау іс-әрекет арқылы, кері байланыстар арқылы перспективалар талаптарын келісудің үздіксіз үдерісін білдіреді.

В. И. Ковалев атап көрсеткендей, мотивтерді қалыптастыру мақсаттар мен ниеттердің жүйелеріне тең, қажеттіліктерді қалыптастырумен бірге жүреді [2]. Қажеттілік және басқа да компоненттер (қызығушылықтар, елігу, мақсаттар, ниеттер) перспективаларды неғұрлым терең танып білу және адамның нақты мотивтерге пайда болған қажеттілігінің трансформациясы есебінен тұрақтылау бола бастайды. 

Перспективалардың қоғамдық маңыздылығын өзгерту, оны танып білу және қолда бар білімдер мен іскерліктердің осы перспективаларының талаптарымен келістіру дәрежесін дәлме-дәл бағалау жаңа қажеттіліктер мен мүдделердің, мақсаттар мен бағдарлар жүйесінің пайда болуына, көзқарастарды, сенімдер мен дүниетанушылықты жетілдіру қажеттілігіне әкеледі. Бұл өзгерістер пайда болған келісімдердің орнын толтыратын белсенді іс-әрекетке түрткі болады. Егер жеке тұлға іс-әрекет үдерісінде перспективаларды көре алмаса немесе тұлға ретінде ол үшін қоғамдық маңызы бар мүдделерді көрсетпесе бағыттылық қатып қалған сияқты дамымайды, себебі қоғамдық маңызы бар перспективаларға жетуде белсенді іс-әрекет жоқ.

Кәсіби бағыттылықты дамыту үдерісінде білім алушылар бірнеше баспалдақтан өтеді. Бастапқы баспалдақ. Оқушылар өздерін эмоционалды бағыттай отырып, нақты мамандықты, эпизодтық, ситуативтік қызығушылықты, пәндік бағдарды, кейбір еңбек әдеттерін меңгеруге сырттай шешім қабылдайды, бірақ оның өз бетінше шешім қабылдауы жоқ және бастамашылдық байқалмайды.

Екінші баспалдақ. Оқушылардың мамандыққа тиісті бағдары және неғұрлым тұрақты қызығушылықтары болады; оның бейімділігі байқалады, бірақ оны көбінде оқу материалының практикалық жақтары қызықтырады; қалыптасқан мақсат оқу-өндірістік іс-әрекетке жалпы бағыт береді, оның бойында өзіне деген сенімділік, өз бетінше жұмыс істеу сезімі байқалады; жауапкершілік сезімі қалыптасады.

Үшінші баспалдақ. Оқушылар бойында мамандыққа деген нық бағдар, тұрақты қызығушылық және оған деген бейімділік болады; оқу материалының практикалық, сондай-ақ теориялық жағына да ерекше әуестенуі байқалады; кәсіби еңбек арқылы тұлғаның өз ісін дәлелдеп беруі байқалады.

Төртінші баспалдақ. Өз мамандығына ерекше әуестену; адам мен іс бір бүтін болып бірігеді; бағыттылық таңдап алған мамандыққа деген үлкен қабілеті болған кезде, айқын көрінетін бейімділіктер мен икемділіктер қалыптасады; жоғары кәсіби шеберлік пен кәсіби идеалдың болуы; өз мамандығының жеке және қоғамдық маңыздылығына нық сенімі көрінеді.

Кәсіби бағыттылықтың дамуын оның көздерін тұлғаның ішкі дүниесін, оны танудың белсенділігін ғана шектей отырып түсінуге болмайды. Бұл қаралып отырған қарама-қайшылықтарды тану оны шешу үшін әлі жеткіліксіз екенін растайды.

Аталған қарама-қайшылықтардың күшею мүмкіндігі көп жағдайда идеялық мотивтер, өздігінен айтуға тырысу, материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ұмтылу сияқты неғұрлым ортақ мотивациялық факторларды бірдей бағындыру сипатына байланысты. Мотивтер күресі пайда болған жағдайда қайта бағдарлау ғана немесе  бастапқы ниеттің сақталуы мүмкін. Бірақ ішкі күрес адам үшін оның мамандығы мазмұнының тұлғалық мәні барын өздігінен өзгерте алмайды.  

Мамандықтар, оның адамға қоятын талаптары туралы жаңа ақпараттар легін қамтамасыз ететін танымдық іс-әрекет толық кәсіби бағыттылық кезінде неғұрлым тиімді (таңдаудың тура мотивтеріне ие болу). Адамзат алдынан ашылатын жаңа мүмкіншіліктер мұндай жағдайларда бағалау мен ұғымдардың қалыптасқан жүйесін кеңейтетін және тереңдететін құнды-бағдар беру әрекетін ынталандыруы мүмкін. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Ростунов А. А. Психология профессионализма – М. : Международный гуманитарный фонд «Знание», 2006. – 265 с.  

2. Ковалев В. И. Психологический практикум 24. Содержание процесса культурной идентификации как новый тип образовательной подготовки личности педагога в вузе //Новые образовательные технологии обучения в вузе: Межвуз. сб. науч. тр./ ВолГТУ.- Волгоград, 1998.- Вып. 4. Ч. 2.