Педагогика және психология магистрі, аға оқытушы Г.Қ. Дюсембинова, бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі мамандығының магистранты Ж. Қайырғали

 

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Педагогические  науки\ психолого-воспитательные проблемы разви­тия

личности в современных условиях

 

Педагогикалық қолдаумен бастауыш мектепте тұлғаның креативті дамуы

 

Білім беру жүйесінде түбегейлі өзегірстер үрдісіндегі дәстүрлі технологияның бағыт-бағдары негізі ең алдымен қоғамдағы когнитивтік жүйенің, сана-сезім мен жетілу, әлеуметтік-экономикалық елдегі өзгерістерге байланысты жетіледі. Мектептерде жай оқу емес, терең білім беру мен     жеке тұлға болып қалыптастыру ең бірінші мақсат болып табылады.

Білімді болуды баланың тұлға болып жетілуінен жеке дара қарауға болмайды, оның интеллектуалды  күш-жігері, ар-ожданы жеке тұлға болып қалыптасуының қасиеттері қоғамға қажеттілігі, жауапкершілігі, креативтігі оның өз ойымен өмірдегі орнын табуда көп әсерін тигізеді.

Жаңа педагогикалық ортада кеңінен талқыланып отырған мәселелердің бірі. Адамның дені сау, адамгершілік болмысы оның жеке тұлға болып қалыптасуы, креативті тұлға болуы А.А.Бодалев айтқандай «тек туа біткен қасиеттерге байланысты емес, сонымен қатар өмірінің әрбір кезеңіне байланысты» делінген. Мазмұны мен жүйе бойынша пәндік-практикалық іс-әрекет қарым-қатнас арқылы қоршаған және өзін-өзі тану болып табылады[1]. Бұл сауалдың шешімінде ең алдымен ізгілік жеке бағдар парадигмасы белгіленеді, бұл жүйеде оқушы мен оқытушының теңдігі болып табылады. Оның түр негізінде  «адамның мәдениеті диалогтық қарым-қатынас арқылы, ойлау жүйесінің алмасуы, жеке және топтасу арқылы жаңа туындыларды дүниеге әкелу» болып табылады.

Келесі бір шешім болып белгіленген ізгілік жеке тұлға бағыты парадигмасы, яғни оқушымен оқытушының білім беруде тең құқықты серіктес болуы оның бастапқы жолында «мәдениетті» диалогтық жолмен ұғыну және жасау, мән-мағына алмасу жеке және ұжымдық туындыларын жасау болып табылады.

Бастапқы  тұжырымдамалық жүйе педагогикалық жүйеде креативті  жетілуде мына қағидаларға сүйенеді: табиғи тағлым, баланың табиғи жетілуі, психологиялық және физиологиялық денінің саулығы, шығармашылық жақындығы, баланың әр саладағы қабілеті, жеке тұлға ретінде өзін-өзі өндіру төменгі сынып оқушыларының қалыптасуы.

Жауапты істерді жүзеге асыруда ұжымдық және жеке тұлға ретінде балаларға жауапкершілік арту. Өмірдің экономикалық және әлеуметтік өзгерістеріне байланысты өмірлерін ұйымдастыру  технологиясын үйрету, бірлесіп ұжымдық іс жасау және де ересектермен балалардың бірлесіп жұмыс жасауда келесімдік болуы, өзара түсіністік, сыйластық, өзара көмекке келу, жалпылай болашаққа талпыныс мотивациясы жетілудің бастапқы сатысы болып табылады[2].

Жеке тұлғаның креативті сипаттамасы  әлеуметтік факторлар өзара жетілу жоспарында мағынасы зор зерттеулер болып табылады.

Тұқым қуалау және қанмен біткен қасиеттер сипаттамасын зерттеген Ф.Гальтон, А.Бинс сияқты  ғалымдардың еңбектеріне кері қарсы өз ғылыми  зерттеулерін алға тартқан (И.В.Гетцельс, П.В.Джексон, Дж.Гилфорд, К.Роджерс, Е.П.Торренс, Е.Синнот және т.б.), өз зерттеулерінде креативті жетілудің, баланың өмір сүрген ортасына, тіпті еліне, жанұясының әлеуметтік орны, өзінің шығармашылық қанағаттануының өте үлкен әсерімен маңыздылығын көрсеткен.

Қоршағане ортаның адам баласының талантын жасамай тек оның жетілуіне әсерін тигізеді деп 95%, ал тұқым қуалауға 5% берген.

Креативті жарқын тұлғалардың, өте жеке дара пысықтығымен, өз бетінше еңбек ету, көбіне қоғаммен қоршаған ортамен келіспей жатуы, креативтік жеке  тұлға сипаттамасы болып табылады. Мұндай тұлғалар өмір заңдылықтарынан  ауытқып, инициативаны өз қолына алуы, бір істі аяғына дейін жеткізуді, өз-өзін құрбан етуді, елден ерен зеректігі, тапқырлығы, шыншылдығы, тура сөйлеуді, өзгелердің алдында бас имеуі, іштей жетілуі болады. Әрбір шешілмей жатқан істе өз-өзін сенімді ұстауын  кез-келген жағдайды ұтымды пайдалана білуі, сөйлеу мәнері, өзіне жоғары баға беруі осы креативті мінездемеге жатады.

Әлеуметік ортада креативтік тұғалардың жетілуіне өз әсерін тигізеді.

Біз үшін үлкен қызығушылық болып отырған мәселе бұл  бастауыш мектептердегі педагогикалық хал ахуал. Дәл осы микроортаның баланың креативті мінез-құлқының жетілуіне өте зор орын  алады.

Көптеген ғалымдардың соның ішінде А.Верин, Ермолаева басты назарға алған мәселелері, балалардың қоршаған ортасымен креативтік мінездерінің жүзеге асуы мен  әлеуеті және жетілуінің шығармашылық ойлауы. Ермолаев-Томинаның ойынша баланың психофизиологиялық жетілуі өзін қоршаған ортасында еркін ұстауына әсерін тигізеді деген. Бұл екі сипаттаманың бірдей қалыптасуы жаңа бір жүйеге өту болып табылады. Осы  сипаттамалардың бірдей қалыптасуы кешендер мен қасиеттердің жоғарғы дәрежеде дамып, жаңа бір қызметтік сатыға өтуі болып табылады., Ермолаев-Томиннің ойынша бірлесу  жарасымдылық болмаса, ол ішкі жағдайларды және ұстаздардың ерекше бағыт-бағдар беруі, ата-аналардың шығармашылық бағыт беруі баланың нақты бір салаға қызығушылығын, арттырулары керек.

Шығармышылық жетілудің ішкі жүйе арқылы жетілдірмесе, оның ізденіс арқылы жаңаруы, бұл ерекшелік жетілудің кешендік алғашқы сатысы болады[3]. Бұл жоғары дәрежедегі психологилық модель болып табылады., бұл модель адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуында мінез-құлық ерекшеліктерін басты назарда болуы.

Ал, балалар психологиясында жоғары көрсеткіштер креативті мінездің, олардың болашақта шығармашылық жолда үлкен мекемелерге жетелеуіне себепкер бола алмайды.  Ол шығармашылық тәжірибе жинауға ғана әсерін тигізеді. Қоршаған ортаның жасанды болуы, адамның эмоциялық жағдай ішкі механизмдерге, оның ішінде креативті мінездің қалыптасуы арқылы жетіледі.

Креативтік мінез-құлық әрдайым әр жағдайда көптеген мәселелерді шешуге бағытталған.Барлық болып жатқан жағдайда қоршаған ортаға наразылық көрсету, өмірдің мағынасын іздеу, әрдайым болып жатқан жағдайларға іштей келісу. Мұндай ұстаным адамның жан дүниесінің бұзылуына әкеледі.

Педагогикалық жүйеде креативтік мінез өзгеруіне :

-              оқытушы мен оқушының бірлесуі (басқару жүйесінен бірлесіп еңбек ету жүесі);

-              оқытушының оқыту кезеңінде оқу жүйесінің қанағаттанарлық ғана емес, үрдістік  жағын да қарастырады;

-              оқушының ұстанымы бұрынғыдай жай оқушы емес, белсенді өзінің интеллектуалды қателіктерін түзей отырып, көптеген мәселелерді шешу арқылы жетеді;

-              бұл мінез сабақ жүргізу жүйесінде оқытушының сабақ барысында оқушылардың белсенді  түрде сабаққа қатысуы арқылы қалыптасады.

Педагогикалық ортада әр оқушының дара  ретіндегі қабілеттері сабақ барысында оның өз таңдауын жасау арқылы белгіленеді[4].

Оқушыға өз таңдауын жасауға еркіндік берген кезде біз оның қалыптасуымен қайталанбас жеке тұлға екенін көрсетеміз. В.И.Генезинскийдің ойы бойынша жеке тұлғаның индивидуалдық қасиетті: оның қайталанбас жеке тұлға ретінде өмір жолында  таңдау жасауы табиғи және әлеуметтік-мәдени жағдайына байланысты. Таңдау жағдаятын түсіну үшін анықтама  әдебиеттерімен ғылыми еңбектерге жүгіну керек. Кең мағынада «таңдау» дегеніміз бұл нақты бір  нұсқаны таңдау. Оқу-тәрбиелеу жүйесінде таңдау жасату – бұл оқушының немесе бір топтың өздерінің қабілеттерін кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді. Сөз жалғасында  таңдау  жағдаятын көбіне адамдардың ішкі  ара-қатынастары мен ішкі жағдайға бейімделуін көрсету. Осыған орай бұл жүйеден шығатын түсінік Т.В.Машарова көрсеткендей қоршаған ортамен адамның жан дүниесінің жүйелі түрде болуы. Бұл жүйе өзекті ізденіс пен жабық не көрнекті  болуы керек.

Сонымен жеке- бағдарлау бойынша дәріс беруде таңдау жүйесі – бұл оқытушының сабақ барысында жоспарлау элементі болып табылады. Бұл жүйеде оқушы өзінің таңдауы бойынша сабақтағы алдарына қойған мақсаттарымен, өздерінің қабілеттерін көрсете алады.

Таңдау жүйесінің басты белгілері:

а) уақытты үнемдеу, сабақ барысында көп уақыт алады.

б) бірнеше нұсқалар бойынша жұмыс жасау.

в) оқушылар мен  топтарға таңдау еркіндігін беру.

г) әрбір оқушының таңдап алған нұсқа бойынша жұмыс істеуі тең әрі тиянақты болуы.

Оқу-тәрбие жүйесінде педагогикалық бастаманы алып жүруде қосалқы түрде ізгілік педагогика мен психология жүреді:

- өзін-өзі тану қағидалары

Ұстаз әр баланың қабілетіне  сеніп, оның оқуға деген ынтасын көріп ынталандыру шараларын жасау және өзін-өзі тану мен жетілу үрдістерінің қалыпты түрде өтуі[5];

               - жеке тұлға қағидасы

Жеке тұлға, бұл академик Е.В.Бондаревскийдің ойынша бұл жүйе құрамының өзара тұлға болып дамуының  ең бағалы кезеңі. Сабақ оқыту кезеңінде әр оқушының жеке қабілеттерін бағыттай отырып, оның жетілуіне басты назар аудару керектігін баса айтады;

- cубъектілік қағида

Ұстаз сабақта оқыту кезінде оқушымен субъектілі  қатынас орнатуға тырысады. Ол оқушыларға субъектілі рөлімен субъектілі көзқарастарын орнатуға көмек етеді. Ұстаз сабағын ұйымдастыру  кезінде оқушыларға белсенді  субъектісі арқылы сабақты түсіндіреді;

- таңдау қағидасы

Француздың белгілі философы Жан-Поль Сартрь «Мен және менің таңдауым» демекші, таңдау болмаса жеке  даму мен субъективті адамның өсуі болмайды. Бала өз таңдауы бойынша нақты өзінің қабілеттері арқылы білім беру жүйесінде оқу жылдамдығымен, сабақ барысындағы шешімдерді дұрыс қаблдауы белгіленеді;

- шығармашылық және сәттілік қағидасы

Нақты баланың жеке тұлға болып қалыптасуында оның шығармашылық іс-әрекетіне байланысты. Сондықтан сабақ оқыту барысында тек өнімді емес және де  шығармашылыққа баса назар аудару керек. Оқушылардың қателіктерімен  сәтсіздікке ұшыраған кездері емес, олардың жетістіктерін саралаудағы өлшем басты баға беру  болып табылады[6];

- сенім мен қолдау қағидалары

Сенімсіздік күдікшілдікті тудырады. Оқытушылардың оқушыларға шамадан тыс талап қою, оқушының шамасымен қабілетіне сенімсіздігі оқушылардың сабақ барысында ынталануын төмендетеді. Ұстаздармен ашық болып, өздерінің жеке дара қасиеттерін көрсетуге креативті болуына кедергі келтіреді. Ал сенім мен қолдау оқушылардың ұстаздарымен ашық қарым-қатынасқа түсіп, өздерінің білімдерімен қабілеттерін, мінез-құлықтарының жағымды және жағымсыз жақтарын көрсете білулері, сабақ барысында жоғарғы дәрежеде жетістіктерге  жетудің айқын көрінісі. Бұл қағидалардың орындалуы айқын ойдың тез дамуына әсерін тигізеді, сыныптағы оқушылар, көп ойланатын еңбекқор, ұжымдық бірлесіп еңбек етуге бейімделеді. Оқу серіктестігі – оқу жүйесіндегі бірлесе еңбек ету – бұл бала мен ересек адам арасындағы қарым-қатынас. Бастауыш мектеп қабырғасында жетілдірілген оқу жүйесімен, жеке дара оқу, үйрену, қабілеттері бірлесіп келеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан кейін оқыту барысында үйренеді.

Бастауыш сынып оқушылары да ұжымдық еңбек жасауды  үйренеді. Негізінде пәндік орындауда бірлесіп еңбек ету, бұрынғы қалыптасқан көрнекті құралға сүйенгеннен гөрі  жемісті болады.Сабақ жүргізуде ойын арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру, ойдан шығару,  шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.

Ал сөйлеу және коммуникабельдік ойындар балалардың дұрыс сөйлеуін сөйлем құрау қабілеттерін жетілдіреді. Баланың ұстазға деген сенімі, оның ұстазымен ашық сөйлесе білуі, көңіл-күй арақатынасына еш нәрсе тең келмейді[7].

Оқушылардың бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасауының басты мақсаты:

1)     Әр оқушыға көңіл-күй  арқылы қолдау көрсету.

2)     Әр баланың өз ортасына өзін-өзі көрсетуін және кіші  топта өз қабілетін көрсетуіне көмек беру.

3)     Әр балаға ұстазының тәжірибесін беру және үйрету. 1-ші сыныпта бұл жүйе бағалау және қадағалау. 2-3 сыныптарда алға мақсат қою және алға қойған мақсатқа жету жолындағы жоспар.

Көбіне ұстаздардың жеке басының қабілеттері мен психологиялық кәсіби қабілеттері мен қоса оқушыға деген дұрыс көзқарасы барлық жағдайда адам баласының дұрыс өсіп-өнуі деген ой жүйесі, бала тәрбиесіндегі дұрыс көзқарастар. Әр топтағы жетілу кезеңінде педагогикалық қатынастар, ұстаздың жоғарғы ережесіндегі ұстаз болуына байланысты. Ұстаздың жоғарғы дәрежелі болуы оның рефлексивті, ұжымдық еңбек ету және мейірімділік болып табылады.

Сонымен креативтік жетілу жүйесі сипаттауға байланысты. «Жеке-дара» креативті тұлғаны өзгерте отырып,  кеңінен оның көңіл–күй даралық қабілетіне әсер ете алады. Ішкі және сыртқы аспектілердің әсер етуі, креативті мінездің мотивациялық даралану сфераы мен жеке даралану сферасының механизмі бірдей түпнұсқасы. Жеке тұлғаның әсері мен көп сатылы қоғам түсініктігі бірлесіп өте маңызды фактор құрайды. Бұл құрам әлеуметтік нормалармен бағалы бағдар беру арқылы  белгілі бір қоғамның креативтік жетілуіне әкеледі[8].

Ал, бала болса, ересектермен тығыз қатынаста болғандықтан ол олардың шарттарымен санасады. Осы айтылғанның бәрін саралай келе, мектеп пен жанұя тәрбиелеп отырған бала,  алғашқы 2-10 жылда көп жоспарлы  мінез-құлық қозғалысы арқылы өмір жолын құрайды. Сонымен  креативті жетілудің бастауыш сынып оқушыларына педагогикалық қолдау арқылы келген тоқтамы:

1.  Креативті жетілудің бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық және жеке дара жетілуіне әр түрлі оқыту әдістемесіне байланысты.

2. Креативті мәселемен әлеуметтік факторлар бұл мектеп  жасына дейінгі балалар аспектісінде меңгерілген болған. Ары қарай бағыт беру  үшін тағы да үлкен ізденіс керек. Бастауыш мектеп жасы – бұл баланың жетілу  кезеңі, бұл кезең 6-7 жастан 10 жасқа дейін. Осы мерзім  ішінде де әр түрлі өзгешеліктер білінеді. Қоршаған ортаның креативті жетілудің әсері және  бастапқы сынып оқушыларының креативті жетілуіне қоршаған ортаның әсері қандай деген зерттеулер өте маңызды болып отыр.  Сондықтан бастауыш сынып оқушылары үшін креативті орта жасау керек.  Оны  педагогикалық жетекшілік арқылы жасау керек, оның түпнұсқасында диалогтык жағдай келісім шарт жасау жағдайы және де арнайы оқыту бағдарламасын жасау арқылы дивергентті ойлау жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл жүйе білім беру жүйесіне креативті жетілу бағдарламасын енгізу болып табылады.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1    Дронова Т.А. Образовательная среда вуза как интегрально-креативное поле педагогического взаимодействия / Т.А. Дронова // Воспитательная среда вуза как фактор профессионального станов­ления специалиста: Матер. пятой межрегион. науч.-практ. конф. / Под ред. И.Ф.Бережной, Ю.А. Гончаровой. – Воронеж, 2005. – С. 49-58.

2    Каган М.С. Человеческая деятельность: опыт системного ана­лиза / М.С. Каган. – М.: Политиздат, 1974. – 280 с.

3         Краевский В.В. Проблемы научного обоснования обучения: методо­логический анализ / В.В. Краевский. – М.: Педагогика, 1977. – 264 с.

4    Краевский В.В. Методология педагогического исследования: Пособие для студ. и аспир. Гуманит. ун-тов / В.В. Краевский. – СПб.: ГУП, 2001. – 149 с.

5    Краткий психологический словарь / Под общ. ред. А.В. Пет­ровского, М.Г.Ярошевского. – М.: Политиздат, 1985. – 431 с.

6    Рубинштейн С.Л. Принцип творческой самодеятельности. К философским основам советской педагогики / С.Л. Рубинштейн // Вопр. философии – 1989. – № 4. С. 7-10.

7    Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических иссле­дований / М.Н. Скаткин. – М.: Просвещение, 1986. – 152 с.

8       Сластенин В.А. Педагогика: инновационная деятельность / В.А. Сластенин, Л.С. Подымова. – М.: Магистр, 1997. – 224 с.



 

 

Конференцияға қатысуға

ӨТІНІШ:

 

 

Қатысушының аты, әкесінің аты, фамилиясы (толығымен) Дюсембинова Гульнар Калихновна

Жұмыс орны (толығымен, қысқартусыз қазақ тілінде) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Бастауыш білім беру теориясы және әдістемесі кафедрасы

Қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы педагогика және психология магистрі

Байланыс телефондары (жұмыс, үй., ұялы) 752797, 775245, 87056239354

 Қала коды

E-mail: (міндетті түрде) dyusembinova_g@mail.ru

Мекеменің пошталық коды________________________________________

Қонақ үй бөлмесіне тапсырыс беру қажеттілігі (ия/жоқ)___________

Секцияның атауы №3 Заманауи білім беру кеңістігіндегі педагогтің кәсіпкерлігін жетілдіру

Баяндама тақырыбы «Бастауыш мектепте педагогикалық қолдаумен тұлғаның креативті дамуының негізгі ерекшеліктері»

 

Баяндаманы ұсыну түрі:

               ауызша баяндама               стендтік баяндама  

 

2010, 4октябрь откиздим