Технические науки/12. Автоматизированные системы управления на производстве

Магистрант Амирбекова А.И., ф-м.ғ.к.профессор, Құдайғұлов А.Қ

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақстан

Автоматтандырылған жүйедегі қызмет ету модульдерін сипаттау

 

            ОӘЖ : 004.422:303.064(045)

 Ғылыми прогресс — білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы — автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады. Автоматтандырылған жұмыс орны - бұл әр уақытта арнайы жүйе, техникалық құрылғы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру тобы және ол нақты шамаларға бағытталады (әкімшілік, бөлімдерге т.б. мекемелерге). Автоматтанған жұмыс орнын индивидуальді, толық  және ұжымдық мақсатында қолдануға болады. ЭЕМ жүйесінің нәтижелі қызмет етуі үшін толық және ұжымдық автоматтанған жұмыс орындарға қолданылатын мамандарға (ужымдарға) АЖО жұмысын ұйымдастыруға талапты қатаңдату керек және бұндай жүйедегі әкімшіліктендіруі функцияларын нақты анықтау керек. Автоматтанған жұмыс орны жүйесі ашық, икемді, тұрақты даму мен жетілдіруге икемдену керек. Мекемелерде автоматтанған жұмыс орындағы мәліметті жоспарлау, басқару, өңдеу және шешімді қабылдаудың өзіндік құрылымы ретінде автоматтандыру жүйесін басқару болып табылады [1].

Автоматтандыру жүйелерінің негізгі түрлері:

        Жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесі (АСП)

        Ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйесі (АСНИ),

        Автоматтандырылған проектілеу жүйесі (САПР),

        Автоматтандырылған эксперименттік комплекс (АЭК),

        Икемделген автоматтандырылған өндіріс (ГАП)

Ең алдымен, менің диссертациялық жұмысым туралы айта кетсем, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны «Оқушылар сарайы жасанды интеллект үйірмесінің жұмысын автоматтандыру».

Бұл жүйеде мыналар қамтамасыз етілуі қажет:

·       Мамандардың мәліметі өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы;

·       Диалогты режимде жұмыс істеуі;

·       Эргономика талаптарына сәйкес АЖО-ның қамсыздануы;

·       Компьютердің жоғарғы өнімділігі;

·       Күрделі процесстердің максималды автоматандыру;

·       Автоматтандырылған жүйеде оқушылардың мекемеге кіріс-шығыс мәліметтерін смс арқылы ата-аналарға мобильді түрде хабар берілуін қолдану.

·           Үйірмедегі оқушылар мәліметтері (үлгерімі,басқа да үйірмеге     қатысуы туралы және т.б. )

 

Яғни жасалынатын бағдарламаның модуліне қысқаша сипаттаймыз.

         Бағдарламаның модульдіндегі  SMS-шлюзге анықтама.

Берілген бұл қызмет түрі автоматтандырылған SMS-хабарламаны сіздің бағдарламаңыздан, сайт пен сервистер, арнайы бағдарламалардың API  хаттамасы  көмегімен жүргізіледі. [2].

Хабарламаның шлюз арқылы топтастырылған кезінде  келесі хаттамалар арқылы қолдау табады:

Мүмкіндіктері

Осы хабарлама шлюзі арқылы көптеген ауқымды жіберілімдер, сондай-ақ жеке хабарландыру хабарламасымен келесі мүмкіндіктерге ие:

·         дерекқорды басқару жүйесі

·         шешім қабылдауды қолдау жүйесі

 

    Ата-аналардың баласы (оқушы) туралы мәлімет алатын болса, 1 және 2 суретте  көрсетілген  [3].

 

Сурет 1 –  Тіркелу

 Қай салада болмасын жұмыс жасайтын мекеме автоматтандырылған жүйелердің жасау сапасы жоғары болуын талап етеді, сондай-ақ, жұмыс өнімділігінің жоғары болуын, сенімділікті, мәліметтер мен бағдарламалардың қолжетімді және ауқымды болуын қалайды. Ақпараттық жүйелерді пайдалануда қосымша талаптар мен бағдарламалық модульдері немесе жабдықтарды жаңартуды түзету қажеттілігі туындайды. [4].

     Сурет 2 – Оқушылар мәліметі туралы ата-атаның көру мүмкіндігі.

 Қорыта келгенде, бағдарлама ақпараттық ішкі құрылымды басқару жүйесі;мамандандырылған есептеу кешендері, жұмыс орнын автоматтандыру үшін арналған. Ол жедел мәліметтер үшін қажет ақпараттардан тұрады. Солардың негізінде құрылған кестелер мен формаларда жұмысқа қажет мәліметтер ұсынылған. Сұраныстар мен есеп берулер Мәліметтерді жылдам табуға және осы мәліметтердің құжат түрінде ұсынылуына мүмкіндік береді.

        

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1        Титоренко Г.А. «Автоматизированные информационные технологии в экономике» Москва, 1999

2        Құрманғалиева Н.Қ. «Деректер базасы» пәні бойынша орындалатын курстық жұмысқа методикалық нұсқа 050703- «Ақпараттық жүйелер » мамандығына арналған,  Семей, ҚазҚЭИ, 2007

3        Будущее искусственного интеллекта / Редакторы-составители К.Е. Левитин, Д.А. Поспелов. М.: Наука, 1991.  

4        http://technomag.edu.ru/doc/45749.html