Батырбеков А.Н. в.ғ.к.,Садыбеков Б.Ә. 5 курс студенті

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ БАЗАРЫНДА САТЫЛАТЫН ҚЫМЫЗДЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ

Қымыз - қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Бие сүтінен даярланатын қымызды көптеген көшпелі халықтар- қазақтар, қырғыздар, башқұрттар баяғы заманнан білген.

Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Майы дәмді, белогы жұғымды. Аз шамада кездесетін сүт және көмір қышқылдары адамның тәбетін ашып, асқазанның жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бие сүтінде «С» витамині мол болады. Сондықтан да туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары.

Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе, сүйек және бүйрек туберкулезін, жүрек, қан тамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ витаминдер жетіспегенде, зат алмасу бұзылғанда қолданады. Бірақ, ауру малдан алынған немесе әртүрлі ақаулары бар қымыз адам ағзасына кері әсеретілуі мүмкін. Қымызға қойлатын негізгі талап – бұл адам денсаулығына зиян келтіретін барлық факторларды жою болып табылады. Сүт бағытыңдағы шаруашылықтың дамуы ветеринария ғылымының алдына өндірілетің өнімнің физико-химиялық және ветеринариялық-санитариялық көрсеткіштерінің, сонымен қатар олардың биологиялық және технологиялық сапасын жоғарлатуды міндеттейді. Осыған орай, аталмыш мәселе бойынша Арыс қаласының базарында сатылытаын қымыздың ветеринариялық-санитариялық сараптамасымен танысу мақсаты қойылды. Зертеу жұмыстары Арыс ауданының ветеринариялық зертханасында жүргізілді. Арыс базарына қымыз Арыс ауданының (Ақдала, Дермене, және Пақташы) ауылдарынан апта сайын әкелініп тұрады.

Базарға түскен қымыздың құжаттары тексеріліп, кейін сынама алынып, оның сапасын сезімдік белгілері, физикалық-химиялық көрсеткіштері бактериологиялық тексерудің қортындысы бойынша анықтадық.

Зерттеу нәтижелері 1-2 кестеде көрсетілген.

Кесте 1

Қымыздың сезімдік зерттеу нәтижелері

Зерттеу әдістері

Зерттеу нәтижесі

1- сынама

2- сынама

3- сынама

Дәмі мен иісі

таза, табиғи қымызға тән, бөгде дәмі мен иісі жоқ, сүт қышқылды, аздап ашыған

өткір, зәрлі, күйік иісі, ащы-тағамдық иісті,  дәмі зәрлі, өткір ащы

бөгде дәмі мен иісі жоқ, қымызға тән иісті

Түсі

ақшыл, аздап көгілдір реңкті

дұрыс ашымаған, суы көп, түсі сұрғылт-сары, суынның үстіңгі қабатында бөтен қоспалар бар

көгілдір түсті

Консистенциясы

біртекті, газдалған, көпіршіктенген

қойыртпақ, газдалмаған

көпіршіктенген, біртекті

Вет.сан бағасы

Жарамды, жіберілді

Жарамсыз, жіберілмеді

Жарамды, жіберілді

 

Кесте 2

Қымыздың зертханалық зерттеу нәтижелері

Зерттеу әдістері

Зерттеу нәтижесі

1- сынама

2- сынама

3- сынама

Қышқылдығын анықтау

111

65

83

Спиртті анықтау

2,7

0,8

1,9

Микрофлорасы

таза

таза емес

таза

Вет.сан бағасы

Жарамды, жіберіледі

Жарамсыз, жіберілмейді

Жарамды, жіберіледі

 

1 – кестеде берілген көрсеткіштерге жүгінсек, зерттелген қымыдың дәмі мен иісі 1-ші сынамада таза, табиғи қымызға тән, бөгде дәмі мен иісі жоқ, сүт қышқылды, аздап ашыған, 2-ші сынамада өткір, зәрлі, күйік иісі, ащы-тағамдық иісті, дәмі зәрлі, өткір ащы, ал 3-ші сынамада бөгде дәмі мен иісі жоқ, қымызға тән иісті. Түсі 1-ші сынамада ақшыл, аздап көгілдір реңкті, ал 3-ші сынамада көгідір түсті. Консистенциясы 2-ші сынамада қойыртпақ, газдалмаған.

          2 – кестеде келтірілген деректерге қарағанда, зерттелген қымыздың ең төменгі қышқылдылығы 2-ші сынамада байқалса, ал ең жоғарғы көрсеткіш 1-ші сынамада байқалды. Спиртті анықтау барысында, 1-ші сынамада ол көрсеткіш 2,7 құрада, 2-ші сынамада 0,8, ал 3-ші сынамада 1,9 аралығында болды. Қымыз микрофлорасы 1-ші және 2-ші сынамаларда таза болды.

          Зерттеу нәтижелерін қорыта келе, зерттелген қымыздың 1-ші және 3-ші сынамасы нормаға сай болды. Бұл өнімдер қолданылуға және сатуға жарамды. Ал зерттелген қымыздың 2-ші сынамасы МемСТ-қа сай емес, бұзылған болғандықтан, оны біз жарамсыз деп қабылдадық.

 

Әдебиеттер:

1.Бозымов К. Жылқы және түйе шаруашылығы. Алматы, Қайнар, 1995ж. 2.Бегімбетова Г. Жылқы және түйе шаруашылығы. Алматы, Қайнар, 2004ж. 3.Бегімбетова Г.С., Жүнісов А.М. Жылқы шаруашылығы. Оқу құралы, Алматы,2006ж.

4.Дүйсембаев К.Ы., Бегімбетова Г.С., Жылқы шаруашылығы. Алматы. АЗМИ, 1995ж.