Ою - өрнектер сыр шертеді.

Курбаналиев Б.У. Баймуратова А.

“Сырдария” университеті

Kurban1977@mail.ru

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007-2008 ақпан айындағы  қазақ халқына жолдауында “менің жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегідей,  жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең  бастысы  - баршамызға ортақ  ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып  келеді”, -деп нақылдап айтып кеткен.

       Қазақстан халқына арналған  2006-2007 жылдардағы жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың  келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің  бәсекеге  қабілетті 50 елінің қатарынан  нық  орын алу мен 30 коорпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде  елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық  мақсатымыз болып қала бермек.

        Өткен жыл Қазақстан үшін жан – жақты  экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді  ілгері қадам  жасаған  жыл болды.

          Қазақстан 2008 жылдық жаңа экономикалық  жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен  қарсы алды. Мысалы: мәдениет саласының жүйелі жолға қойылып қарқынды дамуы, әсіресе қазақ халқының салт -дәстүрі  мен әдет-ғұрпы, өнері қайта жаңғырып кеңінен өрісін жайып, тез өркендеп жатыр.     

            Қазақ халқының өзіне тән ерте заманнан қалыптасқан ұлттық тәлім - тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибиесі бар.

          Оның ұрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы - еліміздің мүддесі, халқымыздың талабы.  

         Сондықтан да келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Қоғамыздың іргесін нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін бірінші кезекке қою қажет. Оның негізгі мұраты - баланы жастайынан  әлеуметтік ортада мәдениетті қарым - қатынас жасай білуге үйрету, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсетуге халқымыздың кәсіби тыныс - тіршілік, салт -дәстүрімен аңыз ертегісі, халық тарихы, ел шежеіресі, ата кәсіп, ұлттық өнер, ата қоныс,туған жер, жөн - жоралғы, наным - сенім, ырым - рәсім, үрдіс, әдеп т.б. алдағы арман – мақсаты жайлы сыр шертетін оюлар мен кестелі ертегілер өрнектерімізді бүгінгі заманға да пайдасы зор.          

                  Қазақ халқы ою - өрнекті киелі санаған мәселен қабырғаға тұтылған түскиіз бен кілемдегі  кестелерге, өрнектерге біраз зер салып көріңіздер. Қараған сайын ой - қиялдарың оянып, сол ою - өрнектер, бейнелер мен сызықтар арқылы хас шеберлердің не айтқысы келгенін байқайсыздар. Дәлірек айтсақ: баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестеленген кішігірім беторамалды керуеншілерден сәлемдеме ретінде беріп жібереді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен жаңа бүршік атып кел жатқан гүл бейнеленіпті. Мұны көрген ата-анасы.

    -Е-е, қызымыз әуедегі құстай емін-еркін,  жайраңдап өмір сүріп жүр екен, - деп мәз болысады.

Көрдіңіздер ме, әр кестенің астарында  алуан мағына бар екен.

Жігітке жеті өнер аз деп нақылдайтын ата-бабаларымыздан қалған сан қырлы ұлттық өнеріміздің бір саласы қол өнер бұйымдары.

         Қазақ халқының қол өнер бұйымдары бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Тоқыма бұйымдары (кілем,текемет,сырмақ,алаша,киіз т.б.); киім үлгілеріне (нымша, шапан, камзол, бешпет т.б.); бас киім (бөрік, тақия, тымақ т.б.)

Текеметтің киізден айырмашылығы сол, текемет бетіне әр түсті өрнектер басылады. Текеметке түр салып басудың ертеден екі түрлі әдісі болған. Бірінші әдісі-түрлі түсті жүннен бөлек басылған жұқа талдырма киіз қиылып алынады. Екінші әдісі - түрге салынатын бояуды немесе басқа түсті жүнді бөлектеп басып алмай - ақ, сол жүн күйінде бет тартқанда шүйкелеп отырып бірге тартуы.

Текеметтерде мүйіз өрнектердің түрлері қолданылады. Құрылымына қарай олар  орта - ою, қолтықша. Шет ою деп әдісі төрт сатыдан тұрады.

1.Боялмаған ақ жүнді жұқалап жайып талдырып алады да, оның үстіне тағы да осындай  басқа түсті жүн тартып қайта талдырады. Бұл текеметтің негізгі болып есептеледі.

2.Оның үстіне өң есебінде боялған жүн тартып, біраз бастырады.

3.Салынатан өрнектің нұсқасын жүнмен жүргізеді.

4.Әбден пысығанша басады.

Ертеде сырмақ жасаушы шеберлер алдымен өзі білетін немесе қолында бар ою үлгілерінің қайсысын алып, оны қалай орналастыруды қарастырған.

Киізден және матадан дайындалады. Киізден жасалатын тұскиіздерде оның кестесі арнайы басылған ең жақсы киізден жасалады. Оған әрі тығыз, әрі жұқа ақ жүннен басылған ферт сияқты киіз таңдалып алынады, ( қалың   дығы 0,6 – 0,7 см) орта есеппен ені – 150 – 200 см, ұзындығы – 300 – 450 см болу керек.

       Көбінесе біртұтас мазмұндағы бірнеше ою - өрнектердің  жиынтығынан, яғни, бірнеше өрнектің ұнамды үйлескен тұтас желісінен жасау негізінде тігіледі. Мысалы, кестелеуге арналған матаның шетін ені – 10 – 12 см – дей өзге түсті матадан көмкереді. Кейде матаның шетін көмкерудің орнына оны кестелейді, кейде машинамен өрнектеп тігеді. Содан кейін ортадағы матаға 2 – 3 дөңгелек не ромбы бейнелі сызықты кестелеп алып, оның ішін “гүл”, “түйетабан”, “қорқармүйіз”- сияқты оюлардың бірімен толтырып кестелейді. Қатар орналасқан дөңгелектердің, ромбылардың аралығындағы қолтықша ларын мүйіз тектес оюлармен толтырады. Ортадағы дөңгелек (“табақ”) өрнектер мен қолтықшылардағы үш бұрыш бейнелі өрнектер тігіліп болған соң, түскиіздің төрт бұрышы кестеленеді. Бұрыштарға мүйіздердің басы ортаға қарай сұғына келетін және бұрышты толтырып тұратын өрнектер түсіріледі. Киіз бетін матамен оюлап кестелеу қазақтың дебіске дейтін жеңіл сырмағына ұқсас келеді.

     Қорыта айтқанда, жоғарыда аталынған еңбектері мен әдебиеттерде ұлттық қол өнер түрлеріне қатысты қазақ ұлттық ою өрнектерінің туып қалыптасуы, дамуы, мазмұнынан келешек ұрпаққа педагогикалық-психологиялық танымдық тарихи тамырынан хабардар болады.

 

Резюме

В этой работе говорится о национальном мастерстве, об их видах. Благодаря этим знаниям будущее поколение будет знакома с казахским национальным орнаментом с его историей появления с его содержанием, а также познакомиться с его педагогическим и психологическим значением.

Resume

The experience shill and their types ere said in  this work. Thahs to this knowledge future generations will be familiar with Kazakh national ornamental designs and with it’s historic appearance and its connect, it’s pedagogical and philological meaning.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

1. Б.Асанова,  А. Птицина, Ұ. Әбдіғпбарова “Қазақ Ұлттық  ою- өрнектерінің  тарихы және теориясы.” Астана 2008

 2.  Ә.А.Қалыбекова., А.Т.Сәулебаева.” Ою - өрнектер”  Шымкент

3. С. Медеубекұлы. “Ою хан  мен жою хан” Балаларға арналған  психологиялық – танымдық ертегі. Алматы 2004ғ., Баспа  «Балалар әдебиеті».

4. С.Ж.Асанова. “Қазақтың  ұлттық  киімдері.”  Алматы 1994., “Ата мұра”

5. Ұ. М. Әбдіғапбарова. “Қазақтың  ұлттық  ою - өрнектері. “Алматы 1999., “Өнер”

6. Қ. Мұқанов. “Жүннен жасалатын бұйымдар.”  Алматы 1990., “Қайнар”

7. “Қазақ халқының сәндік ою - өрнек өнері.” Ленинград 1970., “Аврора”

8. М. Ш. Өмірбекова. “Ою - өрнектің қолданылуы.” Алматы 1995