Бекмагамбетова А.К, Тебенова К.С., Тусупбекова Г.А.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік  университеті, Қазақстан

Логопедиялық жұмыста тыныс алудың маңызы

 

Тыныс алу – автоматты, рефлекторлы түрде өтетін аса маңызды физиологиялық үрдіс. Жүйке жүйесінің тыныстық орталығы арқылы жүзеге асатын тыныс алу үрдісі үш фазадан тұрады: тыныс шығару, үзіліс және тыныс. Олар үздіксіз және ритмикалық тұрғыда бірінен кейін бірі кезектен жүреді. Тыныстың алғашқы фазасы тыныс шығару болып табылады. Ағзаның қалыпты жұмысына қажет ауаның жаңа мөлшерін алу үшін тыныс алу жолдарында оған арнап орын босатып қою қажет, бұл тыныс шығару арқылы жүзеге асады [1].  

Тыныс шығарудан кейін жүретін тыныштық үзіліс өтпелі бола отырып, тыныс шығарудың аяқталуы және импульстің тыныс алуды күтумен сипатталады. Үзіліс, тыныс алудың белсенді фазалары сонда маңызды болып табылады: ол өкпедегі газ алмасу мен ауа тазарудың тиімді болуын қамтамасыз ете отырып, оның жұмыс қабілетін жоғарылатады. Үзілістердің мөлшері физикалық жүк көлемі, жүйке жүйесінің жағдайы және басқа факторларға тәуелді. Сөйлеу тынысын дамытуда кинезотерапияның (қимыл - әрекет арқылы емдеу) элементтерінің бірі болып табылатын тыныс гимнастикасы маңызды роль атқарады [2,3].

Дәстүрлі тыныс жаттығуларының мақсаты – алынатын және шығарылатын ауа көлемін көбейтіп, тыныс шығаруды жергіліктендіріз. Тыныс гимнастикасы дизартрия, кекештену және басқа да сөйлеу ауытқуларынан зардап шегетін балалармен жүргізіледі. Жылжымалы нерв тыныс алу үрдісіне қатысады, сондықтан жылжымалы нервтің тыныстық ядролары зақымдалған уақытта жұту, дыбыс құралуы, артикуляция ғана емес тыныс алу да бұзылады. Тыныс алу бұлшықеттерінің иннервациясының бұзылуы есебінен сөйлеу тынысы бұзылады. Тыныс ритмі сөйлеудің мағыналық үйлесімділігімен реттелмейді, сөйлеу кезінде ол әдетте жиілейді, жекелеген сөздерді айту кезінде бала үстіртін дем алып, белсенді тыныс шығару қысқарады және үнемі ашық тұратын ауызға қарамастан әдетте мұрын арқылы іске асады [4].

Адам Баланың сөйлеу тынысының дамуы сөйлеу дамуымен бір уақытта басталады. 3 – 6 айлық жаста тыныс жүйесінің дауыстық реакцияларды жүзеге асыруға дайындық басталады, яғни сөйлеу онтогенезінің ерте кезеңінде ауызша сөйлеудің негізінде жатқан фоноторлық тыныстық механизмдердің координациясының диффуздық жасалуы жүреді.

 Екі жасында балаларда дауыс аппараты толық қатаймайды, сөйлеу тыныс шығаруы өте әлсіз болады, соның нәтижесінде нәрестенің дауысы жеткілікті дәрежеде қатты шықпайды.

Үш жасында балаларда қысқармалы әлсіз тыныс шығару болады (1,5 – 2 секунд), көбісі жеткіліксіз қатты сөйлейді.

Төрт жасында балалардың тыныс шығаруы ұзарады, нәресте а, у, и сияқты дауысты дыбыстарды 3 – 5 секунд ішінде бір деммен айту жағдайына жетеді.

Бес жасында баланың тыныс шығаруы ұзарады. Дауысты дыбыстарды ол 3 – 7 секунд ішінде айта алу мүмкіндігіне ие болады.

Алты жаста тыныс шығару аса ұзағырақ болады. Сөйтіп балалар бір деммен и, а, у дауысты дыбыстарын 4 – 8 секунд ішінде айта алады. (еркін жағдайда 4 – 6 секунд ішінде)

Жеті жаста тыныс алудың дамуына балалардың қысқа мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтарды бір деммен айтуына ықпал етеді. Ұзын сөйлемдерді айту кезінде үзілістерді дұрыс қолдануға, дер кезінде ауаны жинауға көңіл бөлу қажет.

ның психологиялық әрекетінің аранайы көрінісі ретіндегі сөйлеу – адамдар арасындағы қарым – қатынастың күрделі түрін атқарады. Сөйлеу өз кезегінде ойлаумен тығыз байланысты, себебі ол өз дамуында бірқатар тілдік заңдылықтарға сүйенеді.

Сөйлеу қызметтері күрделі генез арқылы ажыратылады. Басқалары сияқты, яғни жүйке жүйесінің элементар пішіндері сияқты олар туа біткен болып табылмайды. Керісінше олар шартты – рефлекс заңдары бола дамиды және баланың миына қоршаған ортадан келіп түсетін дыбыстық қоздырғыштардың мінезі мен пішініне тәуелді болады [5,6].

Адамның сөйлеу аппараты шартты түрде бір-бірімен тығыз байланысын екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімге бас миында орналасқан орталық немесе реттеуші бөлім жатады, екіншісі – тыныс мүшелерін дыбыс шығару және дыбысты артикуляциялық мүшесін қамтитын атқарушы бөлім. Осы аталған 3 қызметтің тығыз өзара әсерлестігі адамның анық сөйлеу әрекеті механизмінің маңызды, құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Алайда, сөйлеу дыбыстарын шығаратын атқарушы бөлімнің маңызды рөліне қарамастан оның құрылуы дегенмен жүйке жүйесінің жоғары бөлімдеріне тәуелді болды. Себебі ол атқарушы аппараттың механизмдерін тиісін өткізуші жолдар арқылы іске қосады. Орталық бөлімнен кейін түсетін импульстердің әсерінсіз жергілікті сөйлеу мүшелерінің қозғалысының жүзеге асауы мүмкін болмайды.

Сөйлеу тыныс алумен  тығыз байланысты, ал жергілікті сөйлеу мүшелері сонымен қатар тыныс мүшелері болып табылады. Тыныс аппаратының кейбір бөліктері иіс сезу (мұрын қуысы) және ас қорыту (тіс, тіл, таңдай, жұтқыншақ) мүшелеріне жатады.

Сөйлеу актісінде бір – бірімен байланысын 3 қызмет арқылы ажыратылады:

1.            Ауа ағымының пайда болуы

2.            Дауыстың пайда болуы (фонация)

3.            Сөйлеу дыбысының пайда болуы

Сөйлеу дыбыстары мен дауыстарын жасау үшін энергия көзі болып табылатын ауа ағымы тыныс алу актісі процесінде, яғни тыныс шығару фазасында пайда болады. Сөйлеу әрекетінде тыныс мүшелері өзінің негізгі биологиялық қызметі – газ алмасуды жалғастыра отырып, бір уақытта дауыс шығарушы сонымен бірге артикуляциялық қызмет атқарады. Осыған байланысты сөйлеу кезіндегі тыныс немесе сөйлеу тынысы, қарапайым, яғни анималды тыныстан арасындағы айырмашылық көрінеді. Бұл сөйлеу әрекеті кезіндегі тыныс актіне қойылатын ерекше шарттарға байланысты болады.

Сөйлеу - тыныс шығару фазасында пайда болады. Толық мағыналары үзінділерді (сөйлем, синтагма) біркелкі айту үшін ұзақ тыныс шығару қажет; ал тыныс алу керісінше сөйлем үзіктерінің арасындағы үзілісті азайту үшін ұзақ тыныс шығару қажет; ал тыныс алу керісінше сөйлем бөліктерінің арасындағы үзілісті азайту үшін қажетінше қысқа болуы қажет. Сөйлеу тынысының алғашқы ерекшелігі тыныс шығарудың тыныс алудан ұзақ болуында. Егер кәдімгі тыныс кезінде тыныс алу мен шығару ұзақтығы бірдей болады деп айтсақ, сөйлеу тынысы кезінде тыныс шығару фазасы тыныс алу фазасынан 5-8 рет ұзағырақ болады. Тыныс шығарудың ұзаруы тыныс циклдың ішінде уақытты болу есебінен ғана емес (тыныс алу – тыныс шығару), сонымен бірге барлық циклдың жалпы ұзақтығын арттыру есебінен жүргізіледі. Кәдімгі тыныс алу кезіндегі тыныс қимылдарының саны минутына 16-20 рет, яғни бір цикл 3-4 секунд жалғасады; сөйлеу кезінде тыныс жаттығуларының саны екі есе азаяды (минутына 8-10 рет) және сәйкесінше әрбір тыныс циклына екі есе артық уақыт бөлінеді (6-8 секунд). Бұл сөйлеу тынысының екінші ерекшелігі тыныс актісінің осындай қайта құрылуы кезінде сөйлеу үзіктерінің арасындағы үзілістер шамамен бір секундқа дейін қысқарады, ал сөйлеу үзіктерінің ұзақтығы кәдімгі тыныс алу кезіндегі 1 ½ 2 секундтың орнына 5-7 секундқа дейін көбейеді [7].

Аса ұзақ тыныс шығару үшін кәдімгі тынысқа қарағанда көп ауа қоры қажет. Шығарылған ауа көлемі, сонымен қатар, жұтылатын ауа көлемі сөйлеу кезіндегі кәдімгі тыныстағы 500-600 мл орынына 1800-2000 мл дейін жетеді. Осылайша, сөйлеу кезінде тыныс алу тек қана аса қысқа емес, сондай – ақ өте терең болады. Жылдам және терең тыныс алудың қажеттілігі сөйлеу тынысының үшінші ерекшелігін шарттайды: ол кәдімгі тыныс алу сияқты мұрын арқылы емес, ауыз арқылы іске асады, себебі мұрын арқылы ауаның үлкен көлемін сіңіруге мұрын жолдарының тарлығы кедергі келтіреді.

Сөйлеу тынысының  төртінші ерекшелігі – сөйлеу кезіндегі тыныс шығару тыныс шығару бұлшықеттерінің белсенді көмегі арқылы іске асуы (қарын қабырғасы және қабырғааралық бұлшықеттер). Бұл біріншіден аса ұзақ және терең тыныс шығауды қамтамасыз ету үшін және екіншіден онсыз дыбысты сөйлеу мүмкін болмайтын ауа ағымының қажетті қысымы пайда болуы үшін қажет.

Баланың дұрыс сөйлеу тынысы сөйлеу дағдысының даму процесінде қалыптасады.

Тыныс алу мен тыныс шығаруды жүзеге асыратын бұлшықеттер жұмысындағы үйлесімсіздік баланың тыныс алу кезінде сөйлеу әрекетін тудырады, бұл тыныстық қозғалыстарды сөзді айту кезінде бақылауды, сонымен қатар, тыныс, фонация және артикуляция арасындағы қоординацияны одан сайын бұзады. Сондықтан логопат балалардың тынысы үстіртін, жиі және артикуляциялық болып келеді.

Ұсынылып отырған дәстүрлі тыныс жаттығуларының жүйесі тыныстың физиологиялық ерекшеліктеріне негізделіп, тыныс алу аппаратын, оның иікемділігін және жұмсақтығын дамтыуға, оның көлемін үлкейтуге т.б. сөйлеу және дыбыс аппаратын (жекелеген дыбыс, буын, сөз және сөйлемдерді айту) сәйкесінше қимыл – қозғалыстармен үйлестіре отырып жаттықтыру арқылы жүзеге асыруға бағытталған [8].

Дәстүрлі тыныс гимнастикасын сәтті игерудің негізгі ережелері:

Ø Ләззат ала отырып тыныс алған жөн, себебі жағымды сезімдердің өзі денсаулықты біршама жақсартады.

Ø Тыныс жаттығуына ерекше көңіл бөлген жөн, бұл оның жағымды жерін көбейтеді.

Ø Ағза ауамен толығуы үшін баяу тыныс алу қажет.

Ø Қажетінен көп жаттығу жасамаған абзал.

Ø Мұрынмен дем алып, ыңғайлы спорт киімінде жаттыққан жөн.

Дәстүрлі тыныс жаттығуларын орындау техникасы:

Ø тік тұру, иықты түсіру, еркін тыныс алу. Иықты баяу көтере отырып тыныс алу, иықты баяу түсіре отырып тыныс шығару.

Ø төмен түскен қолдарды алдыға айқастырып, иықты алдыға жылжыта отырып еркін тыныс алу; лопатка түйістіріп, иықты баяу артқа қарай жылыжыта отырып тыныс шығару.

Ø омыртқаны тек кеуде бөлімінде ғана иіп, баяу алдыға еңкейе отырып тыныс алу; баяу бой жазып, артқа қарай шалқая отырып, тыныс шығару.

Ø тап сол бастапқы қалып. Тыныс алу, тыныс шығару кезінде бұрылу – бір қол артта, екіншісі алдыда; бастапқы қалыпқа келу, нақ сол қимылды басқа бағытта жасау.

Ø аяқты иықтың деңгейінде қою, қолды төменге түсіру. Оң қолды баяу көтере отырып, дене бойынша жылжу және иықты көтеру  - тыныс алу; қол мен иықты түсіру – тыныс шығару. Сол қимылды басқа бағытта жасау.

Ø «байдаркамен есу» - иықпен кезек – кезек айналма қимылдар жасау (еркін тыныс)

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1      Керімбекова Ж. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетінің тежелуі //Ұлағат. - 2007. - №5. Б.24-28

2      Өмірбекова Қ. Қ. Балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру әдістері/ //Хабаршы.- 2006. - №1. Б.31-36.

3       Ермағанбет Ә.  Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. //Дефектология. - 2008. - №4. - Б.3-4

4      Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии. Учебное пособие для студ.пед.инст. М., 1990, 225 с.

5      Бадяева Н.Е. Волшебная поляна.  //Логопед. - 2006. - №3. - С.71-75

6       Борисенко, Т. Н. Особенности логопедической работы в условиях стационара с младшими школьниками. //Логопед. - 2004. - 1. - C. 100-105

7      Козлов В. Свободное дыхание. М:. Издательство Московского трансперсонального центра, 1993, 250 с.

8        Тебенова К.С. Дети с отклонениями в развитии: Учеб.пособие/ Караганда: Изд-во КарГУ, 2003. - 104с.