Педагогические науки/5. Современные методы преподавания

 

Бактиярова Г.Г., Абишов К.А.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ колледжі, Қазақстан Республикасы

 

Электрондық оқулық материалдарын ұсыну технологиясы

 

Оқу процесінде оқу материалдары әр түрлі рөлдерден тұрады (негізгі және қосымша), оны алу әдісі әр түрлі (локальды және желілік), орындалу тәртібі бойынша  (полиграфиялық, аналогті магнитті жазба, компьютер тасымалдаушылары арқылы жазылған сандық жазба), ақпаратты беру сипаты бойынша (мәтін, статистикалық және динамикалық графика, аудио, видео, мультимедиа). Қашықтықтан оқыту барысында көптеген жұмыстар жеке оқытылады видеодәрістер, арнайы жасалған оқулықтар,  компьютер көмегімен алынған күрделі, терең бағдарламалар, олармен кері байланыс жасау әдістері (іскерлік және шұғыл ойындар, пікірталастар және т.б.), міндетті түрде осылардың қайсысы ақпаратты оқыту формасын нәтижелі түрде беруіне болатынына көзімізді жеткізуіміз керек.

Әр пән бойынша білім беру саласында оқу-әдістемелік кешені (ОӘК) құрылады.Әр ОӘК теориялық білімді жетілдіруге, практикалық дағды жұмысын қалыптастыру кезінде пайдаланылады. ОӘК тек қана теорияны бермейді, сонымен қатар практикалық тәсілдерді, тест және т.б. өзіне бақылау жасау үшін беріледі. Оқыту процесінде әдістемесінің негізін мультимедиялық курс құрайды. Мәні бойынша мультимедия курсын оқу-әдістемелік кешен ұсынады.

Мультимедия курсы бұл барлық оқу процесі кешенінің дидактикалық бірлігі, ол сандық және аналогты формада жасалады.

Қазіргі оқу мультимедиакурсы – бұл қарапайым интерактивті мәтін емес (немесе гипермәтінді) материал, видео- және аудиоматериал қосымша берілген электронды түрдегі бағдарлама. Оқытуды қамтамсыз ету үшін ең бірінші қажетті ақпарат болу керек, ол әр түрлі формада немесе әр түрлі тасымалдаушыларды болуы қажет. Курс кешеніне видео- және аудиокассеталар, сонымен қатар баспа материалдары қажет. Бұл техникалық және экономикалық ойлармен айтылған (оцифрованное «тірі» видео талабы үлкен көлемді зердені сұрайды, мультимедиа-компьютерге қарағанда, видеомагнитофон құны төмен, оны кез-келген жерден алуға болады, сонымен қатар  психологиялық сипатта: кейбір үйренушілер видеоақпаратты (визуалдар) тез қабылдайды, кейбір үйренушілерге дыбыс (аудиалдар) қажет болса, үшіншілеріне бұлшық еттің белсенділігі (кинестетиктер) деп аталады.  

Оқу-әдістемелік кешенін белгілеп қоятын болсақ, оқыту жүйесінде оқытушыға міндетті болып есептеледі. ОӘК негізі (мультимедиакурсы) бұл интерактивті бөлім, ол тек қана компьютерде өңделеді. Бұған келесілер енеді: электрондық оқулық; электрондық анықтама; тренажерлы кешен (компьютерлі модель, конструкторлы тренажерлар); есептер; электронды лабораториялық практикум; компьютерлік тестілейтін жүйе; электронды оқулықта энциклопедиялар, карталар, атластар, сонымен қатар оқулыққа эксперимент жасау нұсқасы, курстық және диплом жобасына нұсқау береді.

Электрондық оқулық гипермәтіннің негізінде және оқу материалы мазмұндалған, үйренушіге  интерактивті кадр ретінде ұсынылған. Гипермәтіндік құрылым үйренушіге тек қана материалдың траекториясын ғана бермейді,   сонымен қатар жұмыс барысының дұрыс темпін, материалды үйрену, оны дұрыс психофизиологиялық қабылдау қасиетімен беріледі.  Электронды оқулықтың негізгі функцияларына: үйретушіні тіркеу; мәліметтерді қорғау; навигация; оқыту траекториясын анықтау; оқу ақпаратын ұсыну; оқыту, диалог жүргізу және көмек көрсету; білімді бақылау; тест өткізу; оқу қызметінің нәтижесін өңдеу, сақтау және тіркеу (статистикалық есеп).

Электрондық оқулықтар өзіндік сабақ оқу барысында білім алатын, жек оқу жағдайын жасайды. Үйренуші оның субъектісі бола отыры, электрондық оқулық одан өзін басқаруға талап етеді.  Бірақ электрондық оқулықпен жұмыс жасау шектеулі, тек қана одан тест ғана ала аласыз. Графикалық, сөйлеу, жазу мәдениетін үйретуді қамтамасыз етпейді.

Электронды анықтама кез-келген уақытта үйренушіге толық анықтамалық ақпарат кешенін береді. Электрондық анықтамада оқулықтың қосымша материалынан анықтама алуға болады.

Электрондық анықтама электронды тізімнен немесе курста пайдаланатын терминдер, шетел тілі және авторлардың цитаталары көрсетіледі. Әр гипербелсенділік тізімінде оның – терминнің аудармасы, шетел сөздерінің грамматикалық сипаттағы аудрмасы, энциклопедиялық сипатты береді.

Компьютерлік моделдер, конструкторлар және тренажерлер практика сабағын бекітуге көмегін тигізеді. Жоғарыда көрсетілген кешен компьютерлік модель сияқты болмайды. Әр қайсысы кішігірім құбылыстағы модель ретінде беріледі. Математикалық модель негізінде (өзінде басқару параметрлерінен тұрады), компьютерлік модельдер тек қана оқу құбылысын шығарып қан қоймайды, олар түсіндіріледі (диалогты режимде). Бұл лабораториялық жұмысты жасаған уақытта қойылады, сонымен қатар модель процестерін басқаруды өңдеу жатады.

Компьютерлік технологиялар дайын модель объектілерімен ғана жұмыс істемейді, сонымен қатар олардың әр элементін жекелеп қояды.

Тренажерларға компьютернлік есептерді жатқызуымызға болады. Компьютерлік задачниктер әр түрлі есептерді шығаруғы мүмкіндік жасайды және оны теориямен байланыстырады.

Электронды лабораториялық практикум объектілерді зерттейді немесе экспериментті модельдейді бұны қазіргі уақытта жасау өте қиын. Тренажерлар эксперимен жасайды. Лабораториялық тренажерлар эксперимент өткізетін жерді таңдайды, ең алғашық дағдысын, тәжірибесін көреді. Лабораториялық практикум Интернет арқылы эксперимент жасай алады.

Тренажер ретінде компьютерлік тестілеу жүйесін алуымызға болады, бір жағынан үйренушінің өзіндік мүмкіншіліктерін бақылайды, екіншісінен барлық жұмысты, қорытынды бақылауын өз мойнына алады. 

Компьютерлік тестілеу жүйесі өзі жеке бағдарлама болып есептеледі, әмбебап бағдарламалық қабықты (оболочка) бұны толтыру оқытушыға жүктеледі. Соңғы кезде тест дайындау жүйесін іске қосады, ең қарапайым жұмысы мәтіндік редакторлармен қызмет жасасу. Тест жүйесін пайдаланған әлде қайда тиімді. Тестілеу жүйесі электрондық оқулық сияқты бір қабықтың ішінде, бірақ өзі жеке ОӘК элементі сияқты болуына тіпті болады. Бұндай жағдайда тестілеуден өтетін әр түрлі пәннің ақпаратты мәліметтер базасында сақталған.

Кейбір оқыту процесінде Internet-тік қауымдастықтан бірінші шыққанымен  олардың негізі (радио және теледидар) болса, ал дүниежүзілік қауымдастықта барлық мүмкіншілік қашықтықтан оқыту телекоммуникацияларына берілсе – бұнда кері байланыс қамтамасыз етілген. Қашықтықтан оқытудың тиімділігі студент оқытушыдан өзіне қажетті білімді алса, онда оқытушы сол білімді бақылаушы тұлға ретінде саналады.

Коммуникация технологияларын келесі екі типке бөліп қарастыруға болады - оn-line жіне off-line. Біріншісі қазіргі уақытта ақпаратты беруді нмесе тасымалдауды қамтамасыздандырады, ол хабарламалар, шақыру хаттары, қызметтік хаттар және т.б. Оff-line технология арқылы қабылданған хабарлама компьютер адресатында сақталады. Пайдаланушы оны кез-келген уақытта бағдарламалар көмегімен қаруына боады.

Оff-line технологиясының негізгі мүмкіндігі ол рсеурстарға талап қояа отырып жіберу жылдамдығы тез. Оларды  Internet-ке қосуға болады.

Бұл технологияға электрондық пошта, тізімдерді жатқызуға болады. Электрондық пошталар арқылы оқытушы мен студенттің арасында оқу ақпаратын таратуға болады. Бұл технологиялардың барлығы желіде қосылып тұрған әр түрлі компьютерлермен хабарласуға мүмкіндік жасайды.

Оff-line технологиясының үлкен мүмкіндігі бұл көбінесе  электронды поштамен жұмыс істеуі. Қазіргі пошталық бағдарламалар гипермәтінді форматта олар (гиперссілтемелер, мәтіннің шрифтік және әр түсте фрагменттерін ерекшелейді, графикалық бейне көрмелерін ұйымдастырады). Бұдан басқа мысалы файлды MS Word формат құжатына да жібере алады.

Оn-line технологиясына жататын chatInternet арқылы мәтіндік хабарламалармен алысу. Пайдаланушы жұмыс істеу барысында өз алдындағы экраннан барлық ақпаратты (келіп түскен)  көре алады. Көптеген бағдарламалар басқа адамен сұқбаттасуға жабық программаларды пайдаланып жұмыс жасайды.

Егер компьютер дыбысты картамен, микрофонмен және құлаққа тағатын (наушниками) құрылғылар немесе акустикалық колонкалармен жабдықталса, онда  аудиоконференциялар болады.

Телеконференциялар электрондық пошта арқылы, хат-хабар жазысу кезінде (off-line режимінде) немесе шынайы уақытта (оn-line) режимінде болуы мүмкін. Бірінші жағдайда телеконференциялар болатын тізімдер жіберіледі. Екінше жағдайда арнайы жасалған телекоммуникациялар көмегімен қосымшалар беріледі, ол сол арада әр қатысушының экранында бейнеленеді немесе көрсетіледі.

Видеоконференциялар режимінде болатын отырыстарда ұжым бір үлкен сұрақты талқылайды. Бұндай мәжілістерде қосымша құрылғы, көбінесе  видеокамералар керек. Егер бейнеленген суреттің сапасы онша болмаса, онда ол барлық бұқаралық халыққа еркін түрде көрсетіле береді. Ең жоғары талаптарға қанағаттану үшін ең біріншіден қымбат бағаға сатып алынған құрылғылар қажет, келешекте барлық ақпараттық технологияларды осындай видеоконференция ретінде көрсетіледі. Міндетті түрде видеоконференцияларды қашықтықтан оқыту кезінде қолданған дұрыс.

Жоғарыда айтылған барлық ақпараттық телекоммуникация технологиясы оқыту облысының оқу материалдары оқу процесінде қолданылады. Бұл жерде «дұрыс» және «дұрыс емес» қашықтықтан оқыту технологиясында кездеседі. Әр технологияның әлсәз және күшті жақтарын көрсете алады. Оқыту технологиясының мақсаты тұтынушылардың және үйренушілердің оқу ортасына байланысты болады.

Ашық білім беру кеңістік идеясы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген: «Білім сапасын жетілдіру мақсатында аймақтық дәрежеде оқытуды қашықтықтан-виртуальды және жаңа білім технологияларын өңдеу, шығару және енгізу».

Сайып келгенде білімнің жаңа парадигмалары туралы сөз қозғалып отыр, білім беру орталығында үйренуші немесе білім алушы тұр. Электрондық оқулықтар арқылы оқыту мүмкіндігі студенттің алдында тұрған, таңдауы бойынша курс мазмұнының бақылауы, оқу стратегиясы және оқу ресурстарымен жабдықталған. Оқыту анықтамасы бойынша «студенттің жеке өз басының білім алуы, бұл жерде оқытушы немесе институттың мүддесі емес, керісінше студент өз білімін жетілдіреді. Бұл жерде білім беруші ретінде оқытушының рөлі ауысады. Осындай білім алу үшін оқыту әдісі пайдаланылып, жаңа ақпараттық технологиялардың басым көпшілігі қолданылады».

           1.      Демкин В.П., Можаева Г.В. Технологии дистанционного обучения. Томск: Изд-во Томского университета, 2003.

           2.      Методические указания по подготовке курсового кейса и организации дистанционного учебного процесса в Карагандинском государственном университете им. Е.А. Букетова. Караганды: Изд-во КарГУ, 2004.

           3.      Скибицкий Э.Г., Егоров В.В. Дистанционное обучение: теория, практика и перспективы развития. Алматы: «Ғылым», 2004.