Сельское хозяйство/Земледелие, грунтоведение и агрохимия.
Алдабергенова Р.Ж.,Салыкова А.С
Қазақ ұлттық аграрлық
университеті,Алматы,Казақстан
ЖҮГЕРІ МЕН МАЙБҰРШАҚ АРАЛАС
ЕГІСТІГІНІҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ТЫҢАЙТҚЫШ
ТҮРЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ
Жүгері (маис)
- Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа
аудандарына да таралды. Оның егістіктері көбінесе бидай егістігі
мен қатар орналасады. Тек дән үшін ғана емес, мал
бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін
өсіру соңғы кезде оның таралу аймағын
кеңейтті. Басты өндіруші елдер - АҚШ, одан кейін Қытай,
Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропа.
Дүниежүзіндегі жүгері өсіретін басты аудан - АҚШ.
Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып
табылады.Жүгері өндіруден әсіресе ТМД елдерінің
көпшілігі өсімдік шаруашылығының артта қалуына
байланысты дәнді дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30-40 млн т
астық сатып алуға мәжбүр. Бұл
тұрғыдан алғанда Қазақстанда ілгерілеу
байқалады.
Қазіргі
ауылшаруашылығы саласындағылардың негізгі мақсаты
сапасы мен өнімділігі жоғары бәсекелестікке қабілетті
тауар өндіретіндей тиімді тыңайтқыш қолдану
жүйесін дайындау, сонымен қатар топырақ
құнарлылығын сақтау мен арттыру шараларын жүргізу
болып табылады.
Молибден
бұршақ дәнді дақылдарының симбиотикалық
азот жинау және топырақ құрамындағы
нитраттың жиналуына әсерін тигізеді. Молибден микроэлементімен
тыңайтқан жағдайда
дақылдың өнімділігі жоғарылайды. Молибден басқа микроэлементтерге
қарағанда өзгеше қаситеттерге ие: шаруашылық
шығымы 60-68%, яғни 4-8 г/га.Соя дақылының дамыған
ортасында негізінен ферролитті топырақтар кең таралған.
бұл топырақтар гранулометриялық құрамы бойынша
жеңіл болып келеді. Соя дақылының өсуі мен дамуы
үшін гранулометриялық құрамы жеңіл, ауа
өткізгіш қабілеті жақсы дамыған, тығыздығы
0,9-1,2 г/см3,топырақ ортасы әлсіз қышқыл немесе
бейтарап топырақтар қолайлы
жағдай туғызады. Ал, соя үшін орташа жағдай-
гранулометриялық құрамы ауыр және сумен аз
қамтамасыз етілген құмдақ топырақтар.
Макро
тыңайтқыштармен қатар соя дақылы үшін
микротыңайтқыштардың да маңызы өте жоғары.
Микротыңайтқыштар дақылдың өнімділігі мен
сапасына, аурулар мен жағымсыз факторлаға төзімділігін
жоғарылатуға әсерін тигізеді. Бұршақ дәнді
дақыладары үшін молибден, кобальт, бор және мырыш
микроэлементтері тиімді.Микроэлементтерді басқа заттармен
алмастыруға болмайды, ал олардың өсімдік
ағзаларындағы жетіспеушілігін міндетті түрде толықтыру
қажет. Тек осындай жағдайда ғана аталған сорт
үшін құрамында қанттың, амин
қышқылдарының, дәрумендердің және
басқа заттардың оңтайлы мөлшері бар сапалы өнім
алуға болады.
Майбұршақ
– әлемдік мәнге ие маңызды ақуызды, майлы дақыл.
Оның тұқымының құрамы орташа есеппен 37-42%
ақуыз, 19-22% май және 30%-ға дейін көмірсутектен
тұрады.
Майбұршақ
өзінің биологиялық ерекшелігіне байланысты, мейлінше
арамшөптерден таза танапта, әсіресе алғашқы
өніп-өсу кезінде жақсы өскін бермесе, онда ол дамуы
бойынша арамшөптерден қалып және қурап кетуі
әбден мүмкін. Сондықтан майбұршақ егісін
арамшөптерден қорғауды қамтамасыз ету үшін тиімді
шараларды жасау, ауылшаруашылығында ең маңызды мәселе
болып табылады.Жүгері мен майбұршақ дақылдарының
аралас егістігінің тек жүгірінің өзін ғана
өсіргеннен негізгі артықшылығы ондағы
азықтық қасиеттерінің, яғни оның көк
майсасы мен сүрлемінде протеиндық заттардың жоғары
болуында.
Зерттеу
нәтижелері мен талдау
Зерттеу
жұмыстары Қазақ ұлттық аграрлық
университетінің «Агроуниверситет» оқу-тәжірибе
шаруашылығының танабында жүргізілді.
Ғылыми жұмыстың
негізгі мақсаты жүгері мен майбұршақ аралас егістігіне
тыңайтқыштардың әсерін бақылау үшін топыраққа
және өсімдікке далалық және лабораториялық
зерттеу жұмыстары жасалынды.
Осы зерттеу жұмысының
тәжірибелікнұсқасы төмендей жүргізілді:
1. Бақылау
2. N60P60K60+B2.5
3. N60P60K60
4. N120P120K60+Zn2.5
5. N120P120K60
6. 20 т/га (көң) + N60P60K60
Бұл
зерттеу нұсқасында жүгері мен майбұршақ
дақылдарының аралас егістігінің сүрлемдік
массасының өніміділігі мен оның сапасын жақсарту
мақсатында алдын ала ескеріліп жасалған. Жүгері мен майбұршақ
дақылының өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында
минералдық тыңайтқыштардың бірдей нормасын және
молибден мен мырыш микроэлементтерінің де әсері зерттелді. Азот
тыңайтқышынан аммоний селитрасы(N 34%),фосфор
тыңайтқыштарынан қос суперфосфат (P2O5
48%), ал калий тыңайтқыштарынан хлорлы калий(К2О 60%). Фосфор-калий
тыңайтқыштары күз мезгіліндегі негізгі жер өңдеу
жұмыстары кезінде беріледі, яғни азоттың-3/2 мөлшері
көктем мезгілінде себу алдында культивациялау жұмыстарымен берілсе,
қалған 3/1 бөлігі жүгері дақылының 7-8
жапырақ пайда болған вегетациялық кезеңінде үстеп
қоректендіруде беріледі. Жүгері және майбұршақ
дақылдарының себу жұмыстары осы аймақтың
жағдайына қарай арнайы белгіленген оптималды мезгілде, яғни
мамыр айының бірінші және екінші онкүндіктерінде пневматикалық
СПЧ-6 МФ ленталы екітармақты әдісімен жүргізілді. Екі
лентаның арасы 70 см, ал екі тармағының арасы 12 см. Себуге
кеткен жүгері дақылының дәні 60 мың, ал
майбұршақ дақылының дәні 200 мың/га.
Тәжірибелік танапта
сүрлемдік жүгеріні егер алдында аңыздық терең
жырту агротехникалық жұмыстары жүргізіліп, сосын 27 см
тереңдікте сүдігер жырту жұмыстары жүргізілді.Ал
ылғал жабу мақсатында тырмалау жұмыстары көктемде 2
рет, ал егін себер алдында культивациялау жұмыстары жүргізілді.
Егістітікті күтіп баптау арамшөптерден тазартып тұру, қатараралық
топырақ өңдеу және вегетациялық кезеңдеріне
байланысты суарып отыру (суару мөлшері 2000-2500м3/га)
жұмыстарынан тұрады. Суару режимі ауа райы жағдайына
байланысты бүкіл вегетациялық кезеңдерінде 4-5 рет
жүргізілді.
1 кесте - Жүгері мен
майбұршақ аралас егістігінің өнімділігіне
тыңайтқыштардың әсері (ц/га).
|
№ |
Тәжірибе варианттары |
Майбұршақ+жүгері жасыл масса |
|
1 |
Бақылау |
821,3 |
|
2 |
N60P60K60+B2.5 |
941,0 |
|
3 |
N60P60K60 |
898,3 |
|
4 |
N120P120K60+Zn2.5 |
836,1 |
|
5 |
N120P120K60 |
831,2 |
|
6 |
20 т/га+N60P60K60 |
963,0 |
1 кестеде көріп
отырғанымыздай жүгері мен майбұршақ аралас
егістігінің өнімділігіндегі бақылау варианттары мен берілген
тыңайтқыштардың жасыл
массасына оң әсерін тигізетіні анықталды.
2 кесте – Дақылдың
азықтық бірлігі мен белоктың мөлшеріне
тыңайтқыштардың әсері.
|
№ |
Тәжірибе варианттары |
Майбұршақ+жүгері
жасыл масса |
|
|
м.б |
шикі белок, % |
||
|
1 |
Бақылау |
520,2 |
5,59 |
|
2 |
N60P60K60+B2.5 |
591,9 |
5,76 |
|
3 |
N60P60K60 |
569,6 |
5,13 |
|
4 |
N120P120K60+Zn2.5 |
598,6 |
5,13 |
|
5 |
N120P120K60 |
520,41 |
6,84 |
|
6 |
20 т/га+N60P60K60 |
522,92 |
7,81 |
Зерттеу нәтижесінде 2 кесте
бойынша шикі протеиннің көптеп жиналуына әсер еткен
варианттар минералдық тыңайтқыштармен қоса
микроэлементтерді берген вариант болды.
Жүгері
дақылының сүрлемдік массасын сүтті-балауызды болып
піскен кезде, ал майбұршақ дақылында бұршақ
дәндері қалыптасқан кезде өнімді жинау жұмыстары
жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша жүгері және
майбұршақ аралас егістігіне минералдық
тыңайтқыштардың жоспарлаған мөлшерімен қоса
органикалық тыңайтқыштармен берген вариантта өнім -
963,0 ц/га. Ал қалған варианттарда жүгері мен
майбұршақтың өнімділігі 831,3 ц/га болып, бақылау
вариантымен салыстырғанда шамамен 1 кестеге сәйкес 141,7 ц/га
жоғары болды.
Қорыта келгенде,
зерттелінген аймақтың шалғынды қара-қоңыр
топырағында жүгері мен майбұршақ аралас егістігінде
минералдық тыңайтқыштар мен қоса микроэлементтер мен
органикалық тыңайтқыштарды қолданған варианттарда
ең жоғарғы өнімділікті көрсеттіп,жүгері мен
майбұршақ дақылдарының аралас егістігінде жоғары өнім алу және
сүрлемдік массадағы протеиннің мөлшерін арттыру
үшін жұмсалатын тыңайтқыштардың оптималды нормасы
мен олардың үйлестігі анықталды .
Әдебиеттер
1. https://kk.wikipedia.org/wiki/
Өсімдік_шаруашылығы
2.
Шеуджен А.Х.
Микроудобрения и регуляторы роста на посевах риса/ ШеудженА.Х., БондареваТ.Н.,
КизинекС.В., ШхапацевА.К.- Майкоп: «Полиграф-ЮГ», 2010. -
292 с
3. УзбековБ.М.,СейдахметовД.Ж.
Ресурс үнемдеу технологиясының майбұршақ
танабының арамшөптерімен майбұршақ танабының
арамшөптермен ластану әсері// Журнал Білім kz //http://nblib.library.kz/elib/library.kz/journal/Uzbekov.Seidaxmetov.pdf