УДК 583 .3./.99
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аймағында
таралған қорғауды
қажет ететін өсімдіктерді инвентаризациялау
Бабашев А.М. -
б.ғ.к., профессор, Abdrazak55@mail.ru;
Бұхарбаева Ж.М.-
биология магистрі, аға оқытушы, zbuharbaeva@mail.ru;
Атраубаева Р.Н.- аға оқытушы;
Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Қазақстан,
Алматы қаласы
Аннотация. Бұл
мақалада қорықта сиреп және жойылу қаупі төнген,
көне және эндемикалық өсімдіктер дүниесі
дәл тізімге алып түгенделіп,
яғни индикаторлық түрлер анықталады.Осы түгендеу
барысында біраз өсімдіктер дүниесі
біржола құрып кетудің аз
алдында тұрғандығын байқауға болады.
Олардың қатарына: көлеңке сүйсіні - Orchis
umbrosa Kar.et Kir., бастыгүлді аққаңбақ –
Gypsophila capitolifolia L., Алматы доланасы – Crataegus almaatensis Pojark.т.б.Осы
аталған өсімдіктер түрлерін келешекте мемлекетіміздің
Қызыл кітабына тіркеу керек, - деп ұсынамыз. Биоалуантүрлілікті
адамзат баласы ғаламшар деңгейінде ғана емес
ұлттық деңгейде де сақтаудың
маңыздылығын түсінді. Биологиялық алуан
түрлілікті дәл тізімге алып
түгендеп яғни инвентаризация жасап жүйеге келтірілген
мәліметтер болғанда ғана конвенция ережелерін талабын тиімді
орындау шараларын жасауға болады.
Тірек сөздер: қорық,
эндемикалық түрлер, инвентаризация, флора, қызыл кітап,
антропогендік фактор, бейімделу, сирек кездесетін өсімдіктер, индикатор, мониторинг.
Алматы қорығының
негізгі міндеті - осы өлкедегі табиғат байлықтарын
қорғап, оның қорын молайту. Қазақстанның
оңтүстік- шығысындағы екі ірі тау жоталары - Іле
және Жоңғар Алатауы. Мұнда Алматы қорығы
алып жатқан Іле Алатауының табиғи өсімдік
қауымдастығы мен жануарлар дүниесіне антропогендік әсер
ерекше. Мұның өзі тау етегінде бір жарым миллионға
жуық халқы бар республикадағы ең ірі Алматы қаласының орналасуына
байланысты
Іле Алатау флорасы – Солтүстік
Тянь-Шаньдағы ең бай флора, онда өсімдіктің 1800-2000–дай
түрі өседі. Флора түрлерінің жалпы санының Алматы
аумағында шамамен 1300-дей түрі кездеседі (Камелин,1973).
Іле Алатау флорасында шамамен 80-дей эндемикалық түрлері
бар. М.С Байтеновтың деректері бойынша (1985), Іле Алатауының
биіктігіндегі флораға 634 түрі енгізілген, соның 22-сі эндемикалық,
солардың 8-сі Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген. Шу-Іле тау аумағында шамамен 900 жоғары сатыдағы
өсімдіктер келтірілген, соның 80-ге жуығы
оңтүстік түрлері, мұнда таралу аймағының
солтүстік шекарасы өтеді. Флорада көптеген эндемиктер атап көрсетілген,
соның ішінде «Қызыл кітапшадағы» Жетісу недзвецкиясы, Регель
қызғалдағы, ірі наголовотка [1].
В.П.Голоскоков Жоңғар Алатау флорасын мұқият
зерттеп, флораға толық конспект жүргізіп, 14 жаңа
түрін сипаттады (1984).
В.П.Голоскоковтың жинауы бойынша басқа ботаниктер 31
жаңа түрін сипаттады, соның 7 түрі соның есімімен
аталады. Қазіргі кезде Жоңғар Алатау флорасында 2168
түрі бар, соның 180 қазақстандық эндемиктер
және 76 Жоңғар Алатау эндемиктері. В.П.Голоскоков
Тарбағатай, Іле Алатауы, Қазақстанның аласа төбелері және Батыс Тянь-Шань
жоталарындағы флоралардың бір-біріне ұқсастығы,
сондай-ақ жоталардың географиялық орналасуына байланысты ореалдық
және ортатеңіз салалары шекарасында флоралардың ауыспалы сипаты
анықталған [1].
Алматы
қорығындағы өсімдіктердің мониторинг
түрлерін есепке алудың жалпы әдістемелері. Өсімдік жамылғысының мониторинг объектісі
аймақ флорасымен (түр жиынтықтылық),
өсімдікпен (қауымдастық
жиынтықтылық) және өсімдікпен танылған
өсімдік жамылғысы болып табылады. Өсімдік
жамылғысының мониторингі
негізгі арнайы білімді талап етеді және жақсы
даярланған мамандармен орындалуы тиіс.
Өсімдік жамылғысының мониторинг міндеттері:
-
өсімдік жамылғысы объектілерінің ағымдағы жағдайын
бағалау;
-
орта сапасын және экологиялық қауіпсіздік
деңгейін бағалау;
-
өсімдік жамылғысы объектілерінің және олардың өсу
ортасының ағымдағы жағдайы туралы ақпараттарын
алу, сақтау олардың даму және өзгерісін болжау;
-
биологиялық алуантүрлілігін сақтау, өсімдік
ресурстарын ұтымды пайдалану және қоршаған
табиғат ортасының сапасын
қолдау көрсету салаларында шешім қабылдау үшін
ақпаратпен қамтамасыз ету.
Флора және өсімдіктер мониторингке мыналар кіреді:
-
фондық
(жаппай) мониторинг барлық жобаның аумағында;
-
толық
мониторинг негізгі аумақтарда және экологиялық
көріністерде.
Қадағалау және өткізу мерзімі мен
дүркінділігі аталған жобалық аумақ үшін 3
маңызды маусымды кіргізуі тиіс:
-
көктем
(15 сәуір – 15 мамыр);
-
жаз (20
маусым – 20 шілде);
-
күз (1
қыркүйек – 1 қазан)
Бұл мерзімдер барлық фенологиялық топтарды
қамтуға мүмкіндік береді: эфемерлер мен эфемероидтар, жазда
гүлдейтіндер (әртүрлі шөптер), кеш гүлдейтіндер
(жусан т.б.) [3].
Алматы мемлекеттік табиғи қорығында өсімдіктер
дүниесін, ұзақ (1977
– 2009 ж.ж) жылдар арасында ғылыми зерттеудің нәтижесінде
жинап, кептіріп, анықтағанда, жоғарғы сатыдағы
өсімдіктердің 960 түрі кездесіп, олар 415 туысқа, 85
тұқымдасқа бөлінген. Соның ішінде 14 ағаш,
64 бұта, 3 бұташа, 5 жартылай бұташа, 3 лиан, 102
біржылдық, 47 екіжылдық, 722 көпжылдық түрлері
бар. Жапырақты ормандар белдеуінде жабайы жеміс – жидекті
өсімдіктердің 5 тұқымдастары, 15 туысы, 42 түрі
ұшырасады. Соның ішінде Сиверс, Недзвецкий алмалары, кәдімгі
өрік қорлары азайып, сирек кездесетіндіктен Қызыл
кітапқа енген [3].
Алматы
қорығында мониторинг жүргізілген өсімдіктерді
зерттеу нәтижелері.
Зерттеудің нәтижесінде өсімдіктерді
анықтап, тізімін жазғанда:
ағаштардың 14 түрі анықталып, олар 6
тұқымдасқа және
10 туысқа бөлінген. Қызыл кітапқа енгізілген
түрлері Кавказ таудағаны, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы,
Кәдімгі өрік.
Қорық жерінде өсімдіктерді теріп,
анықтағанда бұталардың 64 түрі кездесіп, олар 23
туыс, 13 тұқымдасқа бөлінген. Қызыл кітапқа
Мушкетов түйесіңірі, Тянь-шань сибиркасы енгізілген.
Бұташалардан қорық жерінде 5 –
тұқымдасқа жататын 6
туыстың 6 түрі бар. Алатау
бөденешөбі – Қызыл кітапқа енгізілген түр. Жартылай
бұталардың 3 тұқымдасы, 3 туысқа, 4 түрге
бөлінген. Бұта немесе жартылай бұталардың 1
тұқымдас, 1 туысы, 1 түрі кездеседі. Ағаш
тәріздес немесе бұталардың 2 тұқымдасы, 2 туысы,
2 түрі бар. Бұта немесе ағаштың 1
тұқымдасы, 1 туысы, 1 түрі бар екен.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығында өсімдіктер
дүниесін, ұзақ (1977
– 2009 ж.ж) жылдар арасында ғылыми зерттеудің нәтижесінде жинап,
кептіріп, анықтағанда, жоғарғы сатыдағы
өсімдіктердің 960 түрі кездесіп, олар 415 туысқа, 85
тұқымдасқа бөлінген. Соның ішінде 14 ағаш,
64 бұта, 3 бұташа, 5 жартылай бұташа, 3 лиан, 102
біржылдық, 47 екіжылдық, 722 көпжылдық түрлері
бар. Жапырақты ормандар белдеуінде жабайы жеміс – жидекті
өсімдіктердің 5 тұқымдастары, 15 туысы, 42 түрі
ұшырасады. Соның ішінде Сиверс, Недзвецкий алмалары мен
кәдімгі өрік қорлары азайып, сирек кездесетіндіктен,
Қызыл кітапқа енген.
Қорық жерінде шырын беретін – 93 түр, дәруменді
– 41, дәрілік – 80, тағамдық – 35, бояу беретін – 8,
фитонцидті – 9, жемшөптік – 110-нан астам, әсемдік – 35, эфир
майларын беретін – 20, тері илеу кезінде қолданылатын – 10, будандастыру арқасында
сұрыптап жаңа түрлер шығаруға қолданылатын
– 18, құрылысқа ағаш беретін – 7, арам шөптер –
16, улы өсімдіктердің - 22
түрлері және көне түрлер – 14, эндемикалық
түрлер – 18, Қызыл кітапқа енгізілген түр – 28 болып
анықталды [3].
2011 жылы Талғар мен Есік
тау шатқалдарындағы ағаштар мен бұталар теріліп,
анықталған.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы
өсімдіктер дүниесінің жай-күйін айқындайтын
индикаторлық түрлерді, Алматы мемлекеттік табиғи қорығының жылдык
есебі (2011 ж.) бойынша, төменде берілген зерттеудің негізгі бағыттарынан
көруге болады [4].
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер:
1.
Колпаковский қызғалдағы
– Tulipa kolpakowskiana Regel.
2. Островский
қызғалдағы – Tulipa ostrowskiana Regel.
3. Альберт
құртқашашы -
Iris albertii Regel.
4. Колпаковский иридодиктиумы – Iridodictyum Kolpakovskianum
(Regel) Rodion.
5. Кавказ таудағаны - Celtis caucasica Willd.
6. Виттрок
рауғашы - Rheum wittrockii Lundst.
7.
Мушкетов түйесіңірі -
Atraphaxis muschketowii Krassn.
8. Жаужымылдық –
Paeonia hybrida Pall.
9. Жылтыр жанаргүлі – Adonis
chrysocyathus Hook.f.et Thoms.
10. Алтай
гимноспермиумы- Gymnospermium altaicum
(Pall.) Spach.
11. Семенов
айдаршөбі – Corydalis semenovii
Regel.
12. Жирен
сарыбасқурай -
Erysimum croceum M.Pop.
13. Сабақсыз
лейоспора – Leiospora excapa (C.A.Mey.) Dvorak.
14. Тянь – Шань
сибиркасы - Sibiraea tianschanica (Krasn.)
Pojark.
15. Сиверс алмасы – Malus sieversii (Ledeb.) M.Roem.
16. Недзвецкий
алмасы – Malus niedzwetzkyana Dieck.
17. Кәдімгі
өрік – Armeniaca vulgaris Lam.
18. Алматы кекіресі – Oxytropis almaatensis Bajt.
19. Недзвецкий
кекіресі – Oxytropis niedzweckiana
M.Pop.
20. Мұз
пастинакопсисі – Pastinacopsis glacialis Golosk.
21. Семенов
кортузасы – Cortusa semenovii
Herd.
22. Кауфман
иконниковиясы – Ikonnikovia kaufmanniana
(Regel) Lincz.
23. Алатау
бөденешөбі –Veronica
alatavica M.Pop.
24. Орамалы соссюрея - Saussurea involucrata (Kar.et Kir.)
Sch.Bip.
25. Ұялы
шмальгаузения – Schmalhausenia nidulans
(Regel) Petrak.
26. Алматы юринеясы –
Jurinea almaatensis Iljin.
27.
Құмбел саршатыры – Hieracium
kumbelicum B.Fedtsch. et Nevski.
28. Тянь – Шань
скутигері – Scutiger tianschanicus A.
Bond.
Көне түрлер:
1.
Шренк шыршасы - Picea schrenkiana Fisch. et Mey.
2.
Кавказ таудағаны- Celtis caucasica Willd.
3.
Виттрок рауғашы - Rheum wittrockii Lundstr.
4.
Мушкетов түйесіңірі - Atraphaxis muschketowii Krassn.
5.
Алтынды жанаргүлі – Adonis chrysocyathus Hook.fil.et Thoms.
6.
Асылған ақшешек – Arabis pendula L.
7.
Жирен ақбасқурай – Erysimum croceum M.Pop.
8.
Сиверс алмасы –
Malus sieversii (Ledeb.) M.Roem.
9.
Кәдімгі өрік – Armeniaca vulgaris Lam.
10.
Семенов үйеңкісі –
Acer semenovii Regel et Herd.
11.
Мұзды пастернаковник – Pastinacopsis glacialis Golosk.
12.
Қатпарлы соссюрея – Saussurea involucrata (Kar.et Kir)
Sch.Bip.
13.
Көкшіл цицербита – Cicerbita azuzea (Ledeb.)Beauverd.
14.
Тянь – шань цицербитасы -
Cicerbita tianschanica(Regel et
Schmalh.)Beauverd.
Эндемикалық
түрлер:
1.
Көгілдір бидайық – Elymus glaucissimus (M.Pop.) Tzvel.
2.
Доға бидайығы – Elymus arcuatus (Golosk.) Tzvel.
3.
Островский қызғалдағы
–
Tulipa ostrowskiana Regel.
4.
Альберт
құртқашашы -
Iris albertii Regel.
5.
Мушкетов түйесіңірі - Atraphaxis muschketowii Krassn.
6.
Жалпақ сарғалдақ –
Ranunculus dilatatus Ovcz.
7.
Жалғанжүрекжапырақ
эутремасы–M.Pop.Eutrema pseudocordifolia.
8.
Жирен ақбасқурайы – Erysimum croceum M.Pop.
9.
Іле ақбасқурайы – Erysimum transiliense M.Pop.
10.
Тілшікжапырақ
жүйкетұқым – Neuroloma lancifolium (M.Pop.) Botsch
11.
Жалғантасжарған таспа – Astragalus rupifragiformis M.Pop.
12.
Қуатты кекіре – Oxytropis robusta M.Pop.
13.
Талғар кекіресі – Oxytropis talgarica M.Pop.
14.
Боскөл кекіресі – Oxytropis bosculensis Golosk.
15.
Мұзды пастинакопсисі –
Pastinacopsis glacialis Golosk.
16.
Іле жусаны – Artemisia transiliensis Poljak.
17.
Алматы юринеясы – Jurinea almaatensis Iljin.
18.
Құмбел саршатыры – Hieracium kumbelicum B.Fedtsch. et Nevski [4].
Қорытынды
Осы ғылыми және
өндірістік маңызы зор өсімдіктер, яғни сирек,
көне, эндемикалық өсімдіктер, бізге дейін жеткен асыл
қорлар болып табылады. Осылармен қатар тек қорық
жерінде емес, бүкіл Алатау аясында таптап, жаншып, гүлдерін
жинағанда тамырымен қазуының кесірінен көптеген
әсем гүлдер қоры азайып барады. Олардың қатарына:
көлеңке сүйсіні - Orchis umbrosa Kar.et Kir.,
бастыгүлді аққаңбақ – Gypsophila capitolifolia L.,
қой бүлдірген – Rubus saxatilis L., Алматы доланасы – Crataegus
almaatensis Pojark кіреді. Осы аталған өсімдіктер түрлерін
келешекте мемлекетіміздің Қызыл кітабына тіркеу керек, - деп
қорытып, ұсынамыз [5].Оларды
ғылыми тұрғыдан зерттеп, халық игілігіне пайдалану
үшін көптеген мамандар еңбек етуде. Бұл мәселеде
қорық қызметкерлерінің атқарған істерімен
қоса, атқарар жұмыстары да ұланғайыр. Өз
учаскелерін бақылау, ондағы биоалуантүрліліктің санын
есепке алу, олардың тіршілігін биологиялық қызықты
материалдар жинау қорықшылардың біліміне де байланысты.
Сондықтан да бұл мамандардың да білімін жетілдіру ісіне
көп көңіл бөліп отыру керек. Әсіресе, бұл жұмысқа маман
кадрларды көптеп тарту орынды. Олар материалдық жағынан
ынталандырылып, арнаулы киіммен қамтамасыз етілсе, бұл
жұмыста кадрлардың тұрақтануына мүмкіндік туады.
Келешекте қорық жұмысын одан әрі дамыту үшін
оның лабораториясын түрлі құралдармен жабдықтау мәселесін
тезірек шешу де өзінің жемісін беретіндігі даусыз. Осындай
жұмыстарды іс жүзіне асырсақ, Алматы мемлекеттік
қорығының жағдайы жақсара бермек. Ал оны
озық үлгідегі қорыққа айналдыруға
барлық мүмкіндік бар [6,7].
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ященко Р.В. Заповедники Средней Азии
и Казахстана. Выпуск 1, материалы проекта МСОП, Almaty, Kazakhstan, 2006 . - 215 с.
2.Мырзабеков Ж.М. Особо охраняемые природные территории Казахстана. «Ғылым»,
Алматы, 2000. - 18 с.
3.Кокорева И.И. Жоңғар және Іле Алатауында
қорғауды қажет ететін өсімдіктер (қазақ,
орыс тілінде) Комплекс, Алматы, 2007
. - 112 б.
4.Алматы мемлекеттік табиғи қорығының жылдык есетерінен.
2011- 2015 ж.
5.Тоғызақов Б.Ж. Алматы
қорығы.// Жетісу газетінде -7 ақпан, 2004. - 5ші бетте.
6.Алматы мемлекеттік табиғи қорығы-Алатаудың
ажары.«Қағанат» Алматы,2007.
- 129 б.
7.Бабашев
А.М., Елікбаева М.О., Жұбатов Б.Қ. Алматы мемлекеттік табиғи
қорығындағы сирек кездесетін өсімдіктердің
морфофизиологиялық жағдайларына антропогендік факторлардың
әсері.Мат.междунар.конф.: «Приоритетные направления обучения
естественно-научных дисциплин в ВУЗах» Алматы, 2013. – 397-404 беттер.
Инвентаризация растений, нуждающеся защиты Алматинского
государственного природного заповедника
Бабашев А.М. - к.б.н., профессор, Abdrazak55@mail.ru;
Бұхарбаева Ж.М. – магистр биологии, ст.преподаватель, zbuharbaeva@mail.ru;
ст.преп Атраубаева Р.Н.,E-mail:
Казахский Национальный педагогический университет имени Абая,
Казахстан, г.Алматы
Ключевые слова: заповедник,
эндемические виды, инвентаризация, флора, красная книга, антропогенные
факторы, адаптация, редкие растения, индикатор ,
мониторинг.
Inventory of plants needing protection Almaty State
Natural Reserve
Babashev A.M.- professor, Abdrazak55@mail.ru;
мaster of вiology, senior lecturer J.M.Buharbaeva, zbuharbaeva@mail.ru
senior lecturer R.N Atraubaeva
Kazakh
National Pedagogical University named after Abai
Kazakhstan,
Almaty
city
Keywords: nature reserve, endemic species, inventory, flora, red
book, human factors, adaptation, rare plants, indicator monitoring.