А.Б. Мырзабаев, А.Б. Рахимжанова, Н.А. Хасенов

 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті,

Казахстан

 

«Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғат бағында тіршілік ететін сүтқоректілер класына қысқаша сипаттама

 

Зерттеу материалдары және әдісі

 

Зерттеу нысаны «Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғат бағы (МҰТБ). «Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғат бағының сүтқоректелер фаунасы. 

Зерттеуіміздің мақсаты «Бұйратаудың» ерекше қорғалатын табиғат аймақтарының (ЕҚТА) бірі ретінде рөлін зерделей, оның Қарағанды облысының биологиялық алуан түрлілігіне қосатын үлесін көрсету. 

Міндетіміз «Бұйратау» МҰТБ-да қазіргі кезеңде бар жануарлар фаунасының ішінде сүтқоректілер отрядына биоэкологиялық сипаттама беру. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылған әдістер:

1)    Биоэкологиялық ғылыми әдебиеттердегі мәліметтерді анықтау (соңғы 5-10 жылғы);

2)    Сүтқоректілерді отряд бойынша салыстырмалы түрде талдау;

3)    Статистикалық мәліметтерді өндеу.

 

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау.

 

«Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғат бағына (МҰТБ) республикалық маңыздылығы бар «Белодымов» және «Ерейментау» Мемлекеттік табиғи қорықшаларының аймақтары енеді. 

«Бұйратау» территориясы үш зоогеографиялық аудандардың: орталық-далалық, шығыс-далалық және қазақтың таулы өлкесінің тоғысында орналасқан [1].  Бақ Теміртау және Ерейментау мекемелерінің мемлекеттік орман қоры жерінде құрылған, сонымен қатар Ақмола облысы Ерейментау ауданының, Қарағанды облысы Осакаров ауданының аймақтарын алып жатыр. Жалпы ауданы 88 968 га құрайды [2,3].  «Бұйратау» бағында тіршілік ететін сүтқоректілер отрядымен төменде берілген кесте арқылы таныса аламыз (1-кесте. ««Бұйратау» ЕҚТА-дағы сүтқоректілердің фаунасы»).

Кесте 1

 

 «Бұйратау» ЕҚТА-дағы сүтқоректілердің фаунасы

 

Таксон

Таралу саны (жиілігі)

Отр.  Insectivora. Тұқымдас. Erinaceidae

1.

Кәдімгі кірпі - Обыкновенный еж - Erinaceus europeus

++

2.

Құлақты кірпі - Ушастый еж - Erinaceus auritus

+

Тұқымдас. Жертесерлер -  Землеройковые Soricidae

3.

Кіші жертесер - Малая бурозубка - Sorex minutus

+?

4.

Кәдімгі жертесер - Обыкновенная бурозубка - Sorex araneus

++

5.

Тундра жертесері - Тундрянная бурозубка - Sorex tundrensis

+

6.

Ергежейлі жертесер - Крошечная бурозубка - Sorex minutissimus

+?

7.

Кіші ақтісті жертесер - Малая белозубка - Orocidura suaveolens

+

8.

Су жертесері - Кутора обыкновенная - Neomys fodiens

+

Отряд Қолқанаттылар - Рукокрылые – Chiroptera. Тұқымдас. Vespertilionidae

9.

Мұртты жарқанат - Ночница усатая - Miotis mystacinus

++

10.

Тоған жарқанаты - Прудовая  ночница - Miotis dasycneme

++

11.

Су жарқанаты - Водяная ночница - Miotis daubentoni

+?

12.

Сұрқұлақты жарқанат - Серый ушан - Plecotus austriacus

+?

13.

Солтүстік жарқанат - Северный кожанок - Eptesicus nilssoni

+?

14.

Кәдімгі жарқанат - Поздний кожан- Eptesicus serotinus

++

15.

Көптүсті жарқанат - Двухцветный кожан- Eptesicus murinus

++

Отряд Жыртқыштар - Хищные- Carnivora. Тұқымдас. Candidae

16.

Қасқыр - Волк - Canis lupus

++

17.

Түлкі - Лисица - Vulpes vulpes

++

18.

Қарсақ - Корсак- Vulpes corsac

++

Тұқымдас. Куньи – Mustelidae

19.

Ақ қалақ - Ласка -Mustela nivalis

+

20.

Сасық күзен - Степной хорек - Mustela eversmani

+++

21.

Борсық - Барсук - Meles meles

++

Сем. Оленьи – Cervidae

22.

Елік - Косуля - Capreolus pygargus

++

Тұқымдас. Жарты мүйізділер - Полорогие- Bovidae

23.

Арқар - Архар - Ovis ammon

++

Отр. Кемірушілер - Грызуны - Rodentia . Тұқымдас Sciuridae

24.

Қызылұрт сарышұнақ - Краснощекий суслик - Spermodilus erythrogenus

+++

25.

Степной сурок (байбак) - Marmota bobac

+++

Тұқымдас. Суырлар - Мышовковые – Sminthidae

26.

Дала суыры - Степная мышевка - Sicista subtilis

+++

Тұқымдас. Қосаяқтылар - Ложнотушканчиковые – Allactagidae

27.

Үлкен қосаяқ - Большой тушканчик - Allactaga major

++

28.

Секіргіш қосаяқ - Тушканчик-прыгун - Allactaga sibirica

+

Тұқымдас. Атжалмандар - Хомяковые – Crecetidae

29.

Сұр атжалман - Серый xoмячок - Cricetulus migratorius

+

30.

Эверсман атжалманы - Хомячок Эверсмана - Allocricetulus eversmanni

++

31.

Аламан, алақоржын - Обыкновенный хомяк - Cricetus cricetus

++

32.

Жалпақбасты тоқалтіс - Плоскочерепная полевка - Alticola strelzowi

++

33.

Қызыл тоқалтіс - Красная полевка - Clethrionomys rutilus

++

34.

Дала тоқалтісі - Степная пеструшка - Lagurus lagurus

+++

35.

Су тышқаны - Водяная полевка - Arvicola terrestris

++

36.

Су тоқалтіс - Полевка экономка - Microtus oeconomis

+

37.

Кәдімгі тоқалтіс - Обыкновенная полевка - Microtus arvalis

+++

38.

Сүйірбасты тоқалтіс - Узкочерепная (стадная) полевка - Microtus gregalis

+++

39.

Кәдімгі соқыртышқан - Обыкновенная слепушенка - Ellobins talpinus

+++

Тұқымдас. Қаптесерлер -  Мышиные – Muridae

40.

Орман қаптесері -  Лесная мышь - Apodemus sylvaticus

+++

41.

Қаптесер - Домовая мышь - Mus musculus

+++

42.

Кішкентай қаптесер - Мышь малютка - Micromys minutus

+

Отр. Қоянтәрізділер - Зайцеобразные - Lagomorpha Тұқымдас Leporidae

43.

Ор қоян - Заяц русак - Lepus europaeus

+

44.

Ақ қоян - Заяц беляк - Lepus timidus

+++

Тұқымдас. Шақылдақтар - Пищухи – Ochotonidae

45.

Дала шақылдағы - Степная пищуха - Ochotona pusilla

+++

 

Түр сирек кездеседі - +

Түр көп кездеседі - ++

Түр өте көп кездеседі - +++

Көптігі анықталмаған - +?

 

Бұл көрсеткішті диаграммаға түсіріп қарасақ ең көп кездесетін отряд кемірушілер екенін көруге болады. Кестеде берілген ақпаратты қорытындыласақ кемірушілер, жыртқыштар, қоянтәрізділер отрядтарына жататын сүтқоректілер бақ аймағында толық зерттелінген. (1-сурет). 

 

1-сурет. «Бұйратау» бағында тіршілік ететін сүтқоректі (омыртқалы)         жануарлар отрядттардын кездесу жиілігі бойынша салыстыру

                    

 «Бұйратау» ЕҚТА-да  мекендейтін сүтқоректілер дала мен шөлейтті аймақтарда тіршілік етуге бейімделген қазақ таулы өлкесінің біріккен фаунасының жиынтығынан тұрады. Жоғарыда берілген кестеге (1-кесте. ««Бұйратау» ЕҚТА-дағы сүтқоректілер фаунасы») экологиялық бейімделгіштігі бар, далалық және шөлейтті зонада кең таралған, саны көбейген түрлердің бірі дала алақоржыны мен соқыр тышқан енгізілген.  Тікелей пайда болу фактісі анықталмағанымен бұл жануарлар  ұлттық бақта мекендеушілердің тізіміне 2009 жылы ғана енді [4]. Тұқымдастар бойынша фауна түрлерінің көрінісін төменде берілген кестеден көре аламыз (2-кесте).

Кесте 2

Тұқымдастар бойынша фауна түрлерінің көрінісі

 

Ерейментауда кездесетін тұқымдастар

Ерейментауда  тіршілік ететін сүтқоректілер отрядына жататын түрлердің сандық және  % үлесі

Берілген түрлердің Республикадағы жалпы саны

1

Кірпітәрізділер

2-67%

3

2

Жертесерлер

6-46%

13

3

Қолқанаттылар

7-26%

27

4

Жыртқыштар

3-50%

6

5

Сусарлар

3-20%

15

6

Бұғылар

1-33%

3

7

Жарты мүйізділер

1-20%

5

8

Кемірушілер

2-15%

13

9

Суырлар

1-20%

5

10

Қосаяқтылар

2-25%

8

11

Атжалмандар

11-40%

27

12

Қаптесерлер

3-33%

9

13

Қоянтәрізіділер

2-66%

3

14

Шақылдақтар

1-20%

5

 

Ақмола және Көкшетау облыстарында бұланның жақын тіркелу нүктесі Ерейментау тауларынан небәрі 80-150 км-де орналасқан. Қалыпты жағдайда жануардың тәуліктік жүрісі 3-4 км, ал көші қон кезінде 30-35 км-ге жетеді. 60-шы жылдары бұландар Ұлытау мен Қарқаралы тауларына қоныс аудара бастады. Соңғы жылдары бұландар Кент және Қызыларай тауларында тұрақты мекен етуде [4].  Бұландардың ағымдағы мөлшерін ескере отырып (тек Көкшетау облысында - 130 дана), олардың шамамен оннан астамы Ерейментауда мекендейтіні анықталды [5].  

Ерейментаудан батысқа және солтүстік батысқа қарай шамамен жүздеген шақырым шегіндегі аймақ - ақбөкендердің тұрақты жайлауы.

Сілеусін 50-ші жылдары жоғалып, Ақмола облысында, Ұлытау, Қарқаралы және Кент тауларында қайта тіркеуге алынды. Соңғы кездері аталған жерлерде тұрақты кездесіп жүр [4]. Бұл оның негізгі қорегі - ақ қояндардың көптігімен байланыстырылуда. Соңғы жылдары Ерейментау да сілеусін мекен ететіндігі анықталды.

Республикамыздың Қызыл кітабына енгізілген жануарларыдың бірі арқар "Бұйратау" ұлттық табиғат паркінде мекендейтін. Арқар саны азайғанға байланысты қорғауға алынған жануарлардың бірі [6]. Ерейментау тауларында арқар бұрыннан белгілі (1-сурет). Арқарлар популяцияның динамикасы нақты Ерейментау аймағы бойынша үш онжылдық бойы айтарлықтай толыққанды зерттелінген. 1970 жылы Ерейментаудағы арқар санын 350 бас (4,6 дана-1000 га-ға) деп бағаланған. 1981 жылы әуе бақылаулары жүргізілу барысында Ақдің және Бүркітті таулы массивінде шамамен 150-ге жуық шаршы км ауданда 25 арқар мекендейтіндігі анықталды[4].

Соңғы жылдары жер және әуе зерттеулерінің нәтижелері бойынша Ерейментауда арқардың саны өзгеріп отырды. Бүгінгі таңда «Бұйратау» мемлекеттік табиғи бағында шамамен 411 арқар мекендейді [5].

2002 жылдан бастап "Бұйратау" ЕҚТА-да тағы бір тұяқты жануарды жерсіндіру сәтті жүзеге асырылды. Бұл Шығыс және Солтүстік Қазақстаннан әкелінген марал (Cervus elaphus) (2-сурет). Қазіргі уақытта маралдардың 70-тен астам дарақтары бар [5].

Қасқыр, түлкі, қарсақ, дала күзені, борсық, елік, дала суыры (3-сурет), қызылұрт сарышұнақ, сонымен қатар қояндар - ақ қоян мен ор қоян (4-сурет) бақ аймағында тұрақты кездесетін жануарлар түрі. Бірақ, тіпті бақ аймағынан тыс жерлерде жануарлардың аулануы популяцияларға жағымсыз әсер етеді.  Оған қоса кейбір түрлердің саны (борсық, бұғы, қоян) қорық аймағында аз.

Бұйратаудағы шаруашылық маңызы бар жануар -  Стрельцов тоқалтісі, табиғи мумие өндірушілердің бірі; алайда, ол тек Ерейментаудың оңтүстік жартысында кездеседі, солтүстікте оған қолайлы барлық мекендер кіші шақылдақтардың иелігінде [3].

 


1-сурет. Арқар (Ovis ammon)

2-сурет. Марал (Cervus elaphus)

 

3-сурет. Дала суыры (Marmota bobac)

4-сурет. Ор қоян (Lepus europaeus)

 

«Бұйратау» МҰТБ-да тіршілік ететін сүтқоректілер фаунасы Қарағанды облысының жалпы биологиялық алуан түрлілігіне айтарлықтай үлес қосады. Соңғы 5-10 жылдар ішінде жарыққа шықан ғылыми әдебиеттердегі мәліметтер «Бұйратау» бағында түр санының біршама тұрақтанғанын көрсетті. Сүтқоректілер отрядына жататын түрлердің саны (таралу жиілігі, көптігі) жалпы Республикада кездесетін осы түрлердің санымен салыстырғандағы мәлімет «Бұйратау» бағының Қарағанды облысының биологиялық алуан түрлілігіне қосар үлесі айтарлықтай зор екендігін дәлелдейді.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.                 Л.В. Арнольди, А.В. Афанасьев, Медведев Г.С. Чернотелки (Coleoptera,Tenebrionidae)// «Растительные сообщества и животное население степей и пустынь Центрального Казахстана», 1969 ж., 398-408 б.

2.                 Исмаилова Ф.М., Омарова Г.М. «Мемлекеттік ұлттық табиғат бағы «Буйратау»»// Қансонар. – 2014 ж., №3(3).

3.                 Минаков А.И. «Фауна позвоночных животных ГНПП «Бұйратау»» Современное состояние биорознобразие Чарынского государственного природного парка и прилегающих территорий: Конф. материалдары – 2014 ж., 19-20 б.

4.     http://gis-terra.kz/

5.                 Г.Т. Қартбаева, Е. Мизембаев Қарағанды Университетінің хабаршысы 2015ж., № 4 серия.

6.                 «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы». Т.1, Животные, Ч.1. Алматы: 1996 ж., 327 б.