Экономические
науки /9.Экономика педприятия
К.э.н. Елпанова М.А.
Магистрант Әлиуллақызы Б.
Магистрант Бақытберген
М.Қ.
Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан
Кәсіпкерліктегі
бизнес-үдерістердің реинжинирингі
Кәсіпкерлік экономикалық
әрекеттердің барлық саласын қамтитын көп
өлшемді әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып
табылады және ол тұлғалардың экономикалық
тәуелсіздігіне негізделеді. Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
дербестік және тәуелсіздік; экономикалық ынталылық;
шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
жаңашылдық. Экономиканың негізін екі фундаменталды
ақиқат құрайды және олар шын мәнінде
экономиканың барлық мәселелерді қамтиды. Осы
мәселердің бірі болып кәсіпкерлікті дамыту мақсатында
реинжиниринг саналады.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың
біріші жартысында идеология болып бизнес-үдерістердің реинжинирингі
болып табылған. Бұл бизнес-үдерістердің радикалды
өзгеруіне, жаңа бизнес-үдерістің пайда болуына
ықпал етті. Реинжиниринг жаңа ақпараттық жүйелердің
ұсыну арқылы және соның негізінде жаңа
бизнес-үдерістерді құрғызуға мүмкіндік
берді.
Реинжиниринг тәсілдерінің бірнеше типтерін
қамтиды:
- бизнес-үдерістің нәтижесін
алуға жауапкершілікті нақты анықтау;
- жұмыс тапсырмалары мен жұмыскерлердің
жауапкершілік сферасын кеңейту;
- мәліметтер базасын кең түрде
пайдалану;
- бизнес ережелерін тексеру үшін
ақпараттық жүйелерді пайдалану;
- бизнес-үдерістердің нұсқаларын
анықтау және оларды нақты бөлек іске асыру және
т.б.
Нәтижесінде кәсіпкерліктегі
бизнес-үдерістердің реинжинирингі орнын тауып табыстарға жеткізді,
көптеген компаниялар қызметінде осы тәжірибені кең түрде
пайдадалануда [1].
Бизнес-үдерістердің негізгі мақсаты
болып тұтынушылардың өзгеріп тұратын күтілген сұраныстарына:
тиімді компьютеризациялау негізінде стратегияның, технологияның,
өндірісті ұйымдастыруы мен басқаруы тиісті өзгеруіне икемді
және оперативті бейімделу болып табылады (сур.1).


Сурет 1. Ренжиниринг қызметіндегі жобаланған
және дамыған типтік бизнес-үдерістер
Реинжиниринг нәтижесі сандық өлшенетін
маңызды көрсеткіштерді жақсарту болып табылады. Реинжиниринг табысты болады, егер ол
кәсіпорынның ұйымдастырушылық дамуымен тығыз
байланысты. Реинжинирингте қайта бизнес-үдерістерді жобалау болмаса
жетілдіру болып табылады (сур.2).


Сурет 2. Реинжинирингті жүргізу үдерісі
Реинжиниринг жалпы түрде келесі міндеттерді шешіді:
- шұғыл жағдайларға байланыс
желісін жасауға ықпал етеді (себебі көлденең
басқарушылық байланыстарды дамытады);
- ақпараттық ағындарды
орталандырылуға ұйымдастырушылық алғы шарттар жасайды
(себебі нақты үдерістерге жүйеленген ақпараттарды
алуға ықпал етеді);
- жоғары басшылардың функцияларын
бөлуге және оперативтік топтар желісін құруға
ықпал етеді (себебі осы мақсаттарға үдерістік
командалар жұмысының технологиясын қолдануға
ықпал етеді);
- шығармашылық тәсілді мотивациялайды,
жағдайлар мен ұжымдық жұмысты талдайды (себебі осы
қағидалар негізінде жұмыс сипаты мен реинжинирингтегі жұмыскерлер ролі өзгереді);
- орталықтан стратегия мен
орталықтанбаған шешімдерді орындауды ойдағыдай
үйлестіруді шешеді (себебі аралас үдерістер мен матрицалық
құрылымды басқаруға сүйенеді);
- кәсіпорынды қайта
құрылымдауға ұйымдастырушылық жағдайларды
жасайды (себебі басқарудың құрылымындағы өзгертулерді
үдерістік командалар қызметімен байланыстырады).
Кесте 1 реинжинирингтің
базалық категориялары [2]
көрсетілген.
Кесте 1 - Реинжинирингтің базалық категориялары
|
Базалық категориялар |
Категория мағынасы |
|
Іскерлік процедурасы |
Белгілі уақыт
аралығында болатын және танымалы нәтижелері бар жағдайлар
шынжырының функциясы, міндеті |
|
Бизнес-үдеріс |
Соңғы
мақсаты өнім немесе оның түрлерін шығару
болатын бір-бірімен байланысқан функционалдық
іс-әрекеттердің ішкі көлденең иерархиясы |
|
Бизнес-жүйе |
Соңғы
мақсаты өнімді тауарлар, қызметтер, құжаттар
түрінде шығаратын бизнес-үдерістердің
байланысқан жиынтығы. |
Кәсіпкерліктегі бизнес-үдерістердің реинжиниринг негізгі қағидаларына жататын:
-
жауапкершіліктің шоғырлануы: бірнеше жұмыс процедулары бір
процедураға бірігеді (үдерістің көлденең қусырылуы);
- өзін-өзі бақылаумен бірлескен
өкілеттікті табыстау: орындаушылар өзіндік шешімдер
қабылдайды (үдерістің тік қусырылуы);
- үдерісті орындаудың табиғи реттілігі,
мысалы, тізбектік емес қосарластық;
- жағдайға байланысты үдерістерді
орындаудың әртүрлі нұсқалары;
- жұмысты тиімді қылып орындаудың жері
(үдеріс клиентіне оны тапсырғанға дейн);
- келісу, тексеру және бақылау көлемін
қысқарту – менеджерлер жағынан бақылау мүмкін
болса осы үдерісті тұтынушы жағының бақылауымен
ауыстырылады.
Әдебиет:
1. Черемных О.С. Стратегический
корпоративный реинжиниринг: процессно-стоимостной подход к управлению бизнесом:
учеб. пособие по специальностям «Финансы и кредит», «Бухгалтерский учет, анализ
и аудит», «Мировая экономика» / О.С.
Черемных, С.В. Черемных. –
М.: Финансы и статистика, 2008. – 736 с.
2. Реинжиниринг бизнес-процессов. Полный курс МВА: Учебник / Н.М. Абдикеев,
Т.П. Данько, С.В. Ильдеменов, А.Д.
Киселев. – 2-е изд., испр. – М.: Эксмо, 2007. – 592 с.