Экономические
науки/2. Экономика сельского хозяйства.
Экономика Магистры Жаналиева Л.Т.
Мухамед Хайдар Дулати атындағы ТарМУ, Қазақстан
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
қажеттілігі
«Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауында –
«Әлемдік халық санының өсуінің жоғары
қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп
отыр. Бүгіннің өзінде миллиондаған адам
аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам ұдайы
тамақ жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін
өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау
үрейлі цифрлар тек өсе түспек. Біз үшін бұл
сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар. Біз
қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар
қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар
және экологиялық таза тамақ өнімдерін шығара
аламыз»,- деген
1996 жылы 13 қарашада
қабылданған Рим декларациясында: «Азық-түлік
қауіпсіздігі дегеніміз – барлық адамның ұдайы белсенді
және салауатты өмір сүруі үшін ас-ауқатқа
физикалық және экономикалық тұрғыдан жеткілікті
мөлшерде қолжетімділіктің болуы», - делінген. Рим декларациясы кез келген елдің
әр азаматының жеткілікті деңгейде тамақтану,
денсаулығын сақтау және аштықтан ада болу құқығын
қамтамасыз етуге, ұлттық тәуелсіз
азық-түлік жүйесін қалыптастыруға шақырады.
Азық-түлік
қауіпсіздігі қандай елдің болмасын
тәуелсіздігінің, еркін дамуы мен халқының
әл-ауқатының артуының кепілі болып табылады.
Азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық
мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де
ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық
мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен
сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке
тәуелділіктен құтыла алмайды.
Жер шары
тұрғындарының саны өскен сайын халықты
азықпен қамтамасыз ету
мәселесі де, азық-түлік қауіпсіздігінің
қазіргі жаһандық жағдайына күрделі қауіп төндіруде. 2050 жылы адам саны 9,5 млрд-қа дейін
жетеді деген болжау бар. Сондықтан да азық-түлік дағдарысы
және оның алдын алу – әлем жұртшылығын
алаңдатып отырған басты мәселе екендігі анық.
Қазіргі таңда азық-түлік тапшылығы орын алып,
ашаршылықтан зардап шегіп жатқан елдер де жоқ емес.
Дүниежүзінде бүгінгі күні созылмалы аштық дертіне
шалдыққандардың саны 925 млн адамға жетеді, бұл
Жер шары тұрғындарының 14 пайызын құрайды.
Сондай-ақ әлем елдерінің
29-ы азық-түлік тапшылығын өткір сезінуде.
Бұл маңызды мәселе турасында Қазақстан Президенті
Н. Назарбаев ШЫҰ мүше мемлекеттері басшыларының отырысы
кезінде сөйлеген сөзінде: «Қазіргі уақытта
әлемдік тұтыну мен табиғат апаттарының салдарынан
шикізат пен энергия ресурстары бағасының өсуі
азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына алып келді.
Азық-түлік
дағдарысының зардаптары бүкіл әлемдегі әлеуметтік
және саяси жағдайдың ушығып кетуіне соқтырады.
Бұл жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін
аймақтық және халықаралық деңгейде
тұрақтандырып, үйлестірілген және келісілген әрекеттерді
жүзеге асыру шарт», – деп атап өтіп, ШЫҰ-ға
қатысушы мемлекеттердің арасындағы азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша
ынтымақтастықты арттыру керектігін айтқан болатын.
Сондай-ақ осы отырыста Елбасы азық-түлік қауіпсіздігі
мен суды пайдалану ісінің маңыздылығын ескере отырып,
ұйым қабырғасында «Су-азық-түлік» комитетін
құру жөнінде бастама көтерген-ді. Қазіргі
азық-түлік дағдарысының әлем бойынша белең
алып отырған шағында мұндай іс-шаралардың жедел
қолға алынып, нақтыланған жүйеде жұмыс
атқаруының, азық-түлік қауіпсіздігін
сақтауда қосымша қор жинаудың, сондай-ақ елді
азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден-бір бағыты
– ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті өрістету, шаруа
қожалықтарын кеңінен дамыту, ауыл шаруашылығы
өнімдерін қайта өңдеу саласы мен тамақ
өнеркәсібіне аса мән беріп, олардың жұмысын
жандандыруды қадағалау қажет.
Азық-түлік
тапшылығының жылдан-жылға артуының бір факторы ретінде
жоғарыда халық санының өсуін атай отырып, тамақ
өнімдеріне сұраныстың
бұрынғыдан еселеніп артып ортырғанын айтсақ, енді бірі
соңғы кездегі аграрлық сектордың дұрыс
жолға қойылмай, кенже қалуы деуге болады. Дереккөздер
мәліметтері көрсеткендей, еліміздегі ауылшаруашық
өнімдері 1990 жылы ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 36 пайызын
құраған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 4
пайыздан ары аса алмай тұр. Атап айтар болсақ, қазіргі кезде
азық-түліктің тек 40 пайызы ғана өзімізде
өндіріліп, қалған 60 пайызы өзге елдер бақшасынан
тасымалданады екен. Яғни қазіргі ауыл шаруашылығының,
аграрлық сектордың кенже қалуы азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге көп кедергі келтіріп отырғаны аян. Сонымен
қатар ауыл-шаруашылық өнімдерін өңдейтін
инновациялық технологиялардың жеткіліксіздігі, өндірілген
ауыл шаруашылығы өнімдерінің басым бөлігін – 80 пайызын
шикізат күйінде шығаруға мәжбүрлеп отыр.
Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру
мен өңдеуде үлкен жобаларды дайындап, арнайы
бағдарламалар негізінде жұмыс жасау керектігі көрініп
тұр. Әлемдік тәжірибелерге сүйенсек, өткен
ғасырдың 70-80 жылдары-ақ Германия, Франция, Швеция,
АҚШ елдері азық-түлік қауіпсіздігіне
бағытталған шаралар бойынша алдымен фермерлердің
құқығын ерекше қорғайтын заңдар
қабылдаған, аграрлық секторға ерекше мән берген.
Демек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта
өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі бір саласы
ғана емес, сонымен бірге ол – азық-түлік
қауіпсіздігінің кепілі.
Елімізді
азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден бір бағыты
– ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті өрістету, шаруа
қожалықтарын кеңінен дамыту. Осы орайда айта кетерлігі,
қай елде болмасын ауыл шаруашылығының өркенді дамуы
алдымен қаржыландыру мәселесіне тікелей байланысты. Өкінішке
орай банктер ауыл шаруашылығына қаржылай несие беруге
құлықсыз немесе несие пайызы өте жоғары,
және алынатын өнім мөлшерлері мен сапалары да көптеген
сыртқы факторлардан (ауа райы, жел, су т.б.) тәуелді
болғандықтан, өндірушілердің өздері де тәуекелге бара бермейді. Қаржы
жағдайының кемдігінен жаңа инновациялық технологияларға
да қолжетімділік барынша арман күйінде қалуда, мысалы
тамшылатып суару, т.б. Мысалы ауыл шаруашылық, бақша өнімдерін
өңдейтін технологиялардың жедел игерілмеуі, шағын
цехтардың болмауы, ала жаздай еңбектенген шаруалар
еңбегінің зая кетіп отыруының басты себебі. Өндірілген
өнімдерді тікелей өткізетін сауда жүйесінің
жоқтығы – өнімнің жарамсыз болып,
құнсыздануына әкеледі.
Сондықтан да
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол
жеткізу үшін аграрлық
секторды жан-жақты жоспарлай отырып, дамытудың маңызы зор.
Базардағы саудадан әлдеқайда алшақ жататын, жылына
бір-ақ рет жиналып, өнім беретін, бірақ адамның
тамақтану үрдісіне аса қажетті ауыл шаруашылық
өндірісіне барынша инвестиция салынбайынша әлемнің
әртүрлі аймақтарында «ашаршылық
көтерілістерінің» бастала берері айдан анық.
Тұрғындар саны жағынан аз болсақ та, жер
көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында
тұрған, кең жазиралы жайылымдары мен егіншілікке
қолайлы алқаптары бар Қазақстанның
ғаламдық азық-түлік жүйесіндегі алар орнын шет
елдік мамандар ерекше атап отыр. IV астаналық экономикалық форумда
да азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі сөз болып,
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
қосымша деңгейін көтере алатын бірден-бір мемлекет ретінде
Қазақ елі аталды.
«Қазақстан – аумақтық және
жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етудегі маңызы зор мемлекет. Агроөндіріс кешенін
дамытуға қажетті жер және табиғи ресурстары мол.
Бұл елде ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып отыр.
Өйткені ол мемлекет тарапынан ұдайы қолдауға ие болып
келеді. Оның үстіне, аталмыш салаға жаңа экспорт
көздерін ашу үшін инвестициялар да көптеп тартылды. Осындай
жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары
Қазақстан – астық пен ұн экспорттау жөнінен
көшбастаушы. Ал бұл Қазақстанның
жаһандық азық-түлік нарығы үшін
қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп отыр», – деп
«ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі директорлар
кеңесінің мүшесі, әрі италиялық «Агротехника»
компаниясының директоры Джорджио Понци еліміздің
агросектордағы әлеуетін сөзіне тиек етсе, осы форумда
сөз алған БҰҰ Азық-түлік ауыл
шаруашылығы ұйымының (UNFAO) бас директоры Жак ДИУФ мырза:
«…жаһандық ауыл шаруашылығы жүйесіндегі
Қазақстанның атқарар рөлінің
маңыздылығын атап өткен жөн. Өзінің бай
табиғи қазынасының арқасында бұл мемлекет ауыл
шаруашылығы өнімін ұлғайту бойынша зор басымдықтарға
ие. Соның арқасында Қазақстан жаһандық
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзін
жаңа деңгейге көтере алатыны сөзсіз. Сол себепті UNFAO
басқа да халықаралық ұйымдармен қатар
Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуда
технологиялық қолдау көрсетуге әркез дайын», – деп жаһандық
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өз
орыны бар қазақ еліне UNFAO-ның ықыласы ерекше екенін
жасырмады.
Біздің елімізде қазіргі таңда дүниежүзілік
экономикалық саясаттың негізгі бір мәселесіне айналған
азық-түлік қауіпсіздігінің айналасындағы
сұрақтарды ертеңгі күнге қалдырмай-ақ
шешуге арналған іс-шараларды жүзеге асырғанымыз дұрыс.
Әдебиет
1. Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы. 27.01. 2012ж.
2. Қуаныш
Айтаханов, Замана 18 мамыр, 2012
3. Молдашева
А.Б. Азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау
және оны қамтамасыз ету механизмі. Афтореферат. Алматы, 2010