Э.ғ.к., PhD, доцент  ҚыдырбаеваЭ.Ө., магистрант Жакипбеков А.                     

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтуды дамытуда кездесетін  кейбір мәселелер

 

         Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға өтуге байланысты   көптеген қиындықтарды жеңе отырып, жұмыспен қамту саласында елеулі табыстарға жетті.   

           Мысалы, ҚР жұмыссыздық деңгейі 2000 ж.- 12,8%,   2005 ж.-8,1% құраған. Ал 2007 жылы басталған  әлемдік дағдарыс салдарына қарсы шара ретінде елімізде «Жұмыспен қамтудың -2020» бағдарламасын енгізу нәтижесінде жұмыссыздық 2012 ж.- 5,3 % , 2013 ж.- 5,2%, 2014ж.-5,0% төмендеп, қарапайым халықты қорғаудың, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандырудың өзіндік бір тиімді тәсіліне айналды.

          Халықты жұмыспен қамтудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы­ның негізгі мақсаты – жұмыссыздар санын азайту, олардың тұрақты және нәтижелі жұмыс орындарына ие болуы­на жәрдемдесу арқылы халықтың табы­сын арттыру [1].

 Осыған байланысты «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша аталған шараларды  қаржыландыру көлемі 2011 ж. - 37,4 млрд. теңге, 2012 ж. - 62,3 млрд. теңге, 2013 ж.- 71,6 млрд. теңге, 2014 ж.- 94,5 миллиард теңгені құрап, 212,7 мың адам қамтылды. Олардың 193,7 мыңы бағдарламаның қатысушылары ретінде танылып, оның ішінде жұмыссыздар – 113 191 адам (58,4 пайыз), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 79 308 адам (40,9 пайыз), ал 1240 адам (0,6 пайыз) ішінара жұмыспен қамтылды. Бұл бағдарламаға қатысушы 29 жасқа дейінгі жастар үлесі 43,5 пайызды құрап, 84,269 адам, әйелдердің үлесі 48,2 пайыз (93 309 адам) болды[2].

Халықты жұмыспен қамтуға байланысты жүргізілген іс-шаралар республикадағы еңбек нарығының жағдайына оң әсерін тигізді, оны келесі кесте  мәліметтерінен көруге болады.

Кесте 12012-2014 ж.Қазақстандағы еңбек нарығының   динамикасы*

 

2012

2013

2013ж.

2012ж.сал-ыстырған-дағы өсім

2014

2014ж.

2013ж.сал-ыстырған-дағы өсім

Экономикалық тұрғыда белсенді халық, мың адам

8975,1

9042,9

67,8

9101,1

  58,2

Өткен жылғы тиісті кезеңге, %

100,0

101,0

0,1

100,8

 -0,2

Оның ішінде жұмыспен  қамтылғаны, мың адам

8500,1

8576,3

76,2

8644,6

 68,3

Өткен жылғы тиісті кезеңге, %

100,0

101,0

0,1

100,8

-0,2

Жалдамалы жұмысшылар саны, мың адам

5911,4

5984,0

72,6

6073,3

89,3

Өзбетімен жұмыс істейтіндер, мың адам

2634,7

2623,7

-11,0

2605,3

-18,4

Жұмыссыздар, мың адам

475,0

466,6

-8,4

456,5

-10,1

Өткен жылғы тиісті кезеңге, %

100,0

98,2

-1,8

97,8

-0,4

Жұмыссыздық деңгейі , %

5,3

5,2

-0,1

5,0

-0,2

Жас жұмыссыздар деңгейі (15-28 жас аралығы), %

5,8

5,4

-0,4

4,3

 -1,1

Ұзақ мерзімді жұмыссыз деңгейі, %

2,5

2,4

-0,1

2,5

 0,1

Экономикалық белсенді емес тұрғындар, мың адам

3589,7

 3534,7

-55,0

3563,7

29,0

Ескерту*- ҚР және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының үшінші тоқсан көрсеткіштері бойынша құрастырылған.

  Экономикалық белсенділік деңгейі – 71,6%. 2013 ж. үшінші тоқсанда елдің экономикасында 8,576,3 млн.адам, ал 2014ж. үшінші тоқсанында 8,644,6 млн.адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда   58,2 мың адамға артық жұмыспен қатылған.  

Жұмыспен қамтылу деңгейі халықтың экономикалық белсенділігіне қатынасы 94,6% жетті. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде жалдамалы жұмысшылар саны 2012ж.- 5911,4мың адам, 2013ж.-5984,0мың, ал 2014ж.-6073,3мың адамды құрап, 2013ж.-72,6 мың, ал 2014ж. -89,2 адамға көбейген. Өзбетімен жұмыс істейтіндер саны 2014ж.- 2605,3мың адам  болып, өткен 2013ж. салыстырғанда 18,4мың адамға азайған[3]. Барлық жұмыспен қамтылған халықтың саны ішінде еркектер 4,3млн.адам, ал әйелдер–4,1млн.адам(48,8%). Жұмыспен қамтылғандардың жас құрылымы бойынша негізгі үлесін–30,5%- 25-34 жас, 22,7% –45-54 жас, 22,7% –35-44жас және 14,5% –15-28 жас аралығындағылар құрайды.

  Жастар арасындағы жұмыссыздық 2009ж.-13,4% құраса, 2013ж.ол 4,6% болып, шамамен 2 есеге төмендеді.  ҚР жұмыспен қамту ұйымдарының қолдауымен, оның ішінде  «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамтылу -2020» және т.б. бағдарламаларының көмегімен 2013жылы 16,6 мың бітіруші түлектер жұмысқа тартылып, қазір ол жалғасын табуда.

     Алдағы уақытта аталған бағдарлама аясында 1,5 млн. адамды еңбекке тарту болжанып отыр. Оны жүзеге асыру барысында  кедейшілік деңгейін 8,2 %-дан  6 %-ға төмендету, ал жұмыссыздық деңгейі 5,5%-дан асырмау және 2020 жылға қарай біліктілігі жоғары жұмыс күші белсенді халықтың үлесі 50 % -дейін өседі деп болжануда[4].

Соған қарамастан Қазақстанда еңбекке деген сұраныс әлі де болса тұрақсыздық танытуда, соның салдарынан жарты халықтың жұмыс орындарының тұрақтылығын сақтауды және ұзақ мерзімді жоспарлауды қиындатады. Қызметтің төмен өнімділігімен айналысатын жұмысшылар әсерінен, әлі де болса толық емес жұмысбастылық орын алуда.

Мысалы, Алматы облысының еңбек нарығындағы жиі кездесетін мәселелердің бірі –ашылған жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтардың кәсіби-біліктілік құрылымының лайықты болмауы. Жұмыссыздардың  басым деңгейінің орта және жоғары кәсіптік білімдері жоқ. Сондықтан жұмысшы мамандықтарына  тапшылық сақталып және жұмыс күші сапасының төмендігі мен тиімсіз жұмыспен қамту (аграрлық салада жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жоғары) орын алып отыр.  Ол облыстағы   ретсіз көші-қон және көлеңкелі жұмыспен қамтудың тууына әкелуі мүмкін.  

Облыс бойынша халық санының 70%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Ал ауылдық жерлердегі жұмыссыздықтың орын алуы  тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне және тұрғындардың ауылдан жаппай  көшуіне әкеп соғады.

Аталған облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны 2015ж.- 341,8 мың адам, олардың жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі 2014ж.-34,5%-дан  2015ж.- 33,6%-ға азайды. Облыста  әйелдер жұмыссыздығының деңгейі жоғары [5].

 Жалпы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаның басты бір бағыты ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу екені белгілі. Сондықтан өз бетінше жұмыспен айналысатындардың, жұмыссыздар мен табысы төмен отбасылардың көпшілігі ауылды жерлерде тұратынын ескерсек, оның үстіне елді мекендерде жалдамалы жұмыс орындарын құру оңайға түспейтінін есепке алсақ, ауыл кәсіпкерлігін дамытудың маңызы зор болмақ

Сондықтан жұмыспен қамту жағдайларын реттеуде территорияның әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерін, ондағы жұмыспен қамтудың осал жерлері мен  бар мүмкіндіктерін, оның ішінде материалдар, ерекше ресурстар мен шикізаттарды тиімді пайдалану қажеттілігін назар аудару орынды болмақ.

Сонымен бірге кадрлар мен жұмыссыздарды кәсіби оқыту, дайындау және қайта дайындау экономика сұранысына байланысты, әсіресе жұмыс берушілер сұранысына байланысты орындалуы тиіс деген ойдамыз.  

Кейбір алдын-ала жүргізілген есептеулерге  жүгінсек,    2015-2020 жылдары өндіріс көлемінің өсуіне байланысты білікті мамандарға жетіспеушілік, мысалы, аграрлық өндірісте жарты млн. адамды құрайды. Ауылдық аймақтардың көпшілік бөлігінде мұғалім, медициналық персонал,   механизаторлар,    ветеринарлар  және т.б.   сферадағы мамандарға жетіспеушілік қазірдің өзінде орын алып отыр. Осыған байланысты ауылдар мен халық қоныстанған ауылдық пунктерде жоғары әкімшілік тиімділігімен ерекшелінетін, өнеркәсіптің түрлі салалармен айналысатын кіші кәсіпорындар құру орынды болмақ.  

Осындай қызмет көрсету сферасына да жағдайдың құрылуы, инфрақұрылымның әсіресе, көлік инфрақұрылымының дамуына және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жаңа кәсіпорындар құру, жұмыс түрлерінің ауылдық жерлерде дамыта отырып,   ауылдық туризм, аңшылық және т.б. демалыс кезінде айналысатын қызмет түрлерінің белсенді дамуына мүмкіндік туады.

ҚР аймақтарында жұмыспен қамтудың ерекшелігін есепке ала отырып, демографиялық және миграциялық саясатты дифференцияланған әдіс көмегімен реттеуді жетілдіру қажеттілігі туындайды. Ол нақты нормативті құқықтарға негізделген жұмыс күшінің жаппай миграциясынан реттелген қозғалысқа көшуге мүмкіндік жасайды.

Одан басқа халықты жұмыспен қамтуда  еңбек потенциалын пайдалануда басымдықтарды анықтау, еңбекке мотивацияны арттыру, табыс деңгейін жоғарылату сияқты міндеттерді жалғастырудың маңызы арта түспек.

   Қорыта келе, мемлекет алдағы уақытта кең өріс алатын елдер арасындағы ықпалдасу қатынастарының тереңдеуі мен индустриалды-инновациялық экономиканың дамуына байланысты жұмыс күшіне деген сұраныс  пен ұсынысты ескере отырып, ҚР еңбекпен қамту мен  кәсіби білім беру жүйесін  жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу және т.б. арқылы   жұмыспен қамтудағы  мәселелердің  оң  шешімін  табатынына сенімдіміз. 

Әдебиеттер

1.     «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы //www.egemen.kz   

2.     ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері//www. stat. kz.

3.     ҚР және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштері бойынша құрастырылған.  -Астана, 2014.

4.     Дүйсенова Т. Халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің негізгі міндеті/Егемен Қазақстан,2013. 

5.     Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары.-Талдықорған,2015.-36б.