Э.ғ.к.,доцент Шомшекова Б.К., магистрант Мухаметкарим М.
І.Жансүгіров
атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан
Қазақстанда экономикалық
ықпалдасу бағыттарын дамыту мәні
Cоңғы
жылдары əлемдік қауымдастық ауытқымалы даму барысында болатын экономикалық
дағдарысты басынан кешіріп, қазіргі уақытта əлеуметтік-экономикалық
күйзелістен шығудың түрлі жолдарын қарастыруда.
Экономикадағы дағдарыс пен ұзаққа созылған
тұрақсыздық салдарынан
кез-келген елдегі қиындықтарды азайту, көп
жағдайда басқа елдермен экономикалық ықпалдасуға байланысты
болатынын қоғамдық практика көрсетіп отыр.
Жалпы әр мемлекет өз халықының əл-ауқатын жақсарту үшін экономикалық
өсімді арттыруға бет бұрады. Осы жағдайларда ықпалдасу
арқылы өткізу нарығын ұлғайту, кедендік
кедергілерді жоюмен бірге инвестицияға қажетті жағдайды құруға болады. Сондықтан
озық дамыған елдер əлемнің
көптеген аймақтарында ықпалдасу үрдісін дамытуға
ынталы болып, аймақтық жəне жаһандық экономикалық бірлестіктердің
белсенді қатысушылары .
Осыдан әлем мемлекеттерінің
түрлі ықпалдасуға ұмтылысы заңдылық. Одаққа бірігу, өзара
ықпалдасу бір жағынан, экономикалық мүддеге байланысты
болса, екінші жағынан, болжанбаған түрлі тәуекел
салдарынан қорғанудың бір әдісі ретінде танылуда.
Тарихи деректерге
сүйенсек, ХІХ ғасырда-ақ Франция мен Монако, Швейцария мен
Лихтенштейн арасында кедендік
одақ құрылып, ол жаңа тарихи кезеңдегі зайырлы қағидаларға жүгінген
алғашқы құрылымдардың бірі болғаны белгілі.
Ал қазіргі жаһандану
жағдайында мемлекеттер арасында түрлі ықпалдасудың
көптеген нысандары мен модельдері экономикалық өмірдің
маңызды буынына айналып отыр. Соның
ішінде батыс Еуропа елдерін біріктіретін Еуропалық Одақты (ЕО)
және еуропа Еркін сауда ассоциациясын (ЕСЕА), Солүстік
америкадағы-Солтүстік американдық еркін сауда ассоциациясын
(НАФТА), Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің
Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының
ассоциациясын (АТЭС), Азиядағы-Оңтүстік –Шығыс Азия
елдерінің ассоциациясын (АСЕАН), Латын
Америкасындағы-Латын-америкалық Интеграция ассоциациясын (ЛАЙ) және «Меркесур» сияқты т.б.
озық интеграциялық құрылымдар бар.
Ал, бұрынғы Кеңес одағы
ыдырағаннан кейін, осы кеңістікте Қазақстан,
Ресей жəне Беларусь мемлекеттерінің қатысуымен
құрылған Кедендік Одақтың (КО) Еуразиялық
экономикалық одаққа (ЕАЭО) ұласуы және оның
басқа елдер үшін ашық болуы ҚР
Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 1994ж. идеясының жүзеге асуы
болып және аталған елдер
дамуының объективті қажеттіліктерінен туындаған[1].
Еуразиялық
экономикалық ықпалдасу барысында үш мемлекеттің
кəсіпкерлері үшін 170
миллионнан астам адамды қамтитын нарықта, іскерлік қабілеттілікті,
бəсекелестікті дамытуға жағдай туып, тауарлар мен қызмет
көрсетудің, инвестицияның, еңбек ресурстарының
еркін қозғалысынан тұрғындарының тұтыну
жағдайы мен өмір сүру сапасын едəуір жақсаруына
негіз болмақ.
Еуразиялық
ықпалдасудың бағыттарын дамытудағы ҚР маңызды
мақсаты–экономиканың шикізатқа тəуелділігін
еңсеру. Одан басқа тұтыну нарығын ұлғайтумен
бірге индустриалды-инновациялық бағдарлама бойынша
құрылған кәсіпорындардың қызмет
нәтижелерін өткізудің оңтайлы жолы.
Мысалы,
2009- 2013 ж. КО аясында Қазақстан экспорты тұтастай алғанда 62,7
%, ал импорты 98,3% өскен. 2014 ж.басында қазақстандық
экспорттағы Ресейдің үлесі 7%, ал Беларусь тек 0,1%
құраса, өзге елдерге 92,9% тиесілі болған. Ал 2013 жылы
Қазақстанның экспорты 82,5 млрд АҚШ долларына
(4,5%) қысқарып, ал импорты 48,9 млрд. АҚШ долларға (5,4%)
өскен[2].
Экспорттың қысқару себебі -
əлемдегі мұнай, газ, металдар сонымен қатар, уран мен
астықтың əлемдік бағасы төмендеп, экспорттан
түсетін ақшалай түсімге өз əсерін тигізді.
Ал импорттың өсімі бірінші кезекте
индустриаландыру жəне қазіргі заманғы өнеркəсіпті
құру үшін қажетті көлік, жабдықтар мен
металқұрылымдар сатып алудың өсуімен және импорт құрамында минералды шикізаттың
үлесінің артуынан болған.
Кейбір мәліметтерге
жүгінсек 2013ж. Қазақстан Ресей нарығына сомасы 5,8
млрд. доллар, жалпы салмағы 53,6 млн. тонна 674 түрлі өнім
жеткізген. Оның ішінде 26,3
млн.т. көмір, 9,1 млн.т.темір кені, 7,2 млн.т. газдар, 1,1 млн.т. хром
кені, 1,1 млн.т.глинозем, 1,06 млн.т. бидай , 863,4 мың т. прокат, 676,2
мың т. марганец кені, 585,1 мың т. күкірт, 554,2 мың т.
жұмыр және қиыршық тас, 446,5 мың т. кварц
экспортқа шығарған. 3,75
млрд. квтсағат электр энергиясы Ресей тұтынушыларына жеткізілген. Ресейге
экспорттау есебінен 5806,5 млн. доллар сомасында кіріс келтірген өнімдер
қатарында темір кені, көмір, уран, глинозем, бидай, газ, мыс кені,
марганец кені, кварц, қымбат металдар, мақта, мұнай және т.б. жетпіске жуық өнімдер бар.
Статистика мәліметтерінен ықпалдасуға
байланысты қазақстандық өнеркəсіп
өнімдерінің артуына оң әсер еткені көрінеді. Мысалы жеңіл
автомобильдер шығару 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда
2013 жылы 50 есеге артса (745 данадан 37,5 мың данаға дейін),
жүк көлігін шығару – 6,5 есеге, телевизорлар мен
қабылдағыштар – 2 есеге, фосфор – 2,5 есеге, минералды
тыңайтқыштар – 10%, коньяк пен шарап – 44% жəне 16%, макарон
өнімдері – 34%, ірімшік пен сүзбе – 39%, сүт жəне ет
өңдеу – 90% жəне 74%, өсімдік майын шығару - 35%
өскен. Нәтижесінде
ішкі нарық молайып, импорттық тауарлар ығысып, өндірістің
артуынан ұсынысқа ие жекелеген тауарлардың экспорты артып отыр. Мысалы, трансформаторлардың
экспорты 11 есеге, жүк көліктері – 17 есе, сантехникалық
бұйымдар – 1,4 есе, аккумуляторлар – 1,7 есе, цемент – 16 есе,
конденсаторлар – 1,3 есе, минералды су мен сусындар – 13 есе, кондитер
өнімдері – 3 есеге көбейген. Осы жылдары Қазақстанның
өңдеуші секторына құйылған тікелей тікелей шетел инвестицияның жалпы
көлемі 6,9 млрд. АҚШ долларын құраған[3].
Бұл
өз кезегінде осы елдердегі бірыңғай сыртқы
сауда саясатын жүргізу, техникалық реттеуга арналған
ортақ кеңістікті қалыптастыру мен экономиканың
маңызды салалары арасындағы үйлестіруді жақсарту,
экономикалық ықпалдастықтың жаңа деңгейіне
көтеруге арналған және т.б. шаралар негізінде жүзеге асқан.
Алдағы уақытта Дүниежүзілік
халықаралық
ұйымдардың берген ұсынымдарын ескере отыра, басты назар
салаларды әртараптандыруға ғана емес, сонымен қатар
сауда серіктестері мен экспорттық тауарлар мен қызмет түрлерініің
номенклатурасын әртараптандыруға көңіл бөлінетіні
белгілі.
Қазір
Қазақстан 127 позиция бойынша экспортқа өнім
шығарады. Ал Қазақстанның табыс деңгейіндегі осы көрсеткіштері сәйкес келетін
Малайзия, Таиланд мемлекеттерінде 800-ге жуық тауар позициясындағы
өнімдерді экспортқа шығарылады.
Егер ҚР
алдағы уақытта үдемелі индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасы (ИИДБ) аясында
экспорттайтын тауар түрлерін 300 аталымға дейін жеткізу жүзеге асқан жағдайда, бұл
оның Бразилия, Чили, Ресей сияқты
елдердің деңгейіне жетуге мүмкіндік бермек [4].
Сондықтан
ҚР 2015-2019 ж. арналған экспорт
бағдары бойынша бизнестің
қатысуын арттыру, кластерлерді дамыту мен өңірлердің
мамандануын тереңдетуді жүзеге асыру орынды болмақ. Ол экспортқа шығатын өнім
түрлерін көбейтуге мүмкіндік құрмақ. Бірақ, ол өнімдер нақты
қай салада және тиімділігі
қандай, қанша адамды жұмыспен қамтып, әлеуметтік
әлеуетті жақсарту және
т.б. ескерілуі орынды деген ойдамыз.
Экономикалық
ықпалдасу барысында құрылыс пен көлік инфрақұрылымында қызмет
көрсету артатыны белгілі. Электр энергетикасы саласында Қазақстан мен Ресей арасында электр қуатын
алмасу бағыттарын рационализациялау
жəне оны тұтынушыларға жеткізу өспек. Одан басқа
көлік құбыр тасымалы саласында, мұнай-газ кен орындарын
игеруде, тау-кен металлургия кешені мен атом өндірісі саласындағы
ықпалдастық ҚР кіріс әкелмек. Сондай-ақ мұнай-химия
өндірісінде біріккен кəсіпорындар құру
мүмкіндіктері қарастырып және Қазақстан мен
Ресейдің машина жасау және т.б. металлургиялық
өнімдерді пайдалануда ауқымды перспективасының тиімділігіне есептеулер
жүргізу арқылы пайдалылықты
анықтау, бизнес бірліктердің мүддесіне сай болмақ. Мысалы,
Қарағанды жəне
Шығыс Қазақстан облыстарындағы
кəсіпорындарға оралдық зауыттармен кооперация жасау және т.б.
ЕАЭО ҚР үшін азық-түлікті
экспорттауға үлкен мүмкіндіктерді ашады. Мəселен, Ресей
жылына 20-25 млрд. АҚШ долларға - 1 млн. тонна ет (ҚР-нан 5
есе көп) жəне 4 млн. тонна жеміс-көкөніс (ҚР-нан
12 есе көп) импорттап отыр.
Осындай тұтынуды қамтамасыз ете отырып және ҚР агроөндірістік кешені азық-түлік
өнімдерінің қорын дайындап, оны Еуропаға, Парсы
шығанағына, Шығыс Азияға, Қытайға экспорттауға болады.
Нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақ ҚР
транзиттік қуаты мен тиімді
орналасқан географиялық
жағдайы бойынша әлемдік деңгейдегі бәсекеге
қабілеттілігін күшейтуге оң әсерін тигізеді. Тасымалдау
мен көліктік- коммуникациялық саласындағы ірі әлемдік
проектілердің жүзеге асуы аймақтағы
халықаралық байланысын нығайта түсіреді.
Қорыта келе, экономикалық ықпалдасу
бағыттарын дамыту ҚР
орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп,
халықтың тұрмыс деңгейін тұрақты
дамытуға мүмкіндік құрады
деген ойдамыз.
Әдебиеттер
1.
Назарбаев Н.Ә. Еуразиялық кеңістік: итеграциялық
потенциал мен оның жүзеге
асырылуы.-Алматы,1994.
2. Құсайынов Б.
Еуразиялық интеграцияның артықшылықтары мен
кемшіліктері, 2015
3.
Еуразиялық экономикалық
ықпалдастық// www.nurotan.kz
4.
Бітікова Д.Өзімізге
де, өзгеге де өз тауарымызды ұсынатын кез келді//Егемен
Қазақстан», 2014.