Экономические науки /6.Маркетинг и
менеджмент
К.э.н. Елпанова М.А.
К.э.н. Казбекова Л.А.
Магистрант Ибрагим А.Ж.
Магистрант Қалманова Р.Ә.
Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан
Басқарушылықтағы
стратегиялық жоспарлау тетіктері
Қазақстан
экономикасы соңғы онжылдықтар көлемінде
айтарлықтай экономикалық өсуге қол жеткізді.
Қазақстан Республикасының нарықты экономикасын
әлемдік қоғамдастық мойындады. Соңғы
жылдары аймақтардың өзара қарым-қатынастарын
басқарудың тиімді формаларын қалыптастыруда бірқатар
өзгерістер болды. Сондықтан, аймақты дамытуды тиімді
басқарудың міндеттерін анықтау, сапалы экономикалық
ортаны айқындау мәселесін қарастыруда және
аймақтың дамуын қамтамасыз ететін
басқарушылықтың маңызды элементтерінің бірі болып
стратегиялық жоспарлау табылады. Кәсіпорын және олардың
басшыларының болып жатқан өзгерістерді қарапайым
ілтипатқа алуымен шектелмеуі тиіс, өзгерістерді ғылыми
негізделген сапалы басқару қажеттілігі күннен-күнге айқындала
түсуде.
Дағдарысқа
қарсы тактикалық міндеттерді орындауда мемлекеттің
күш-жігерінің үйлесуі ел дамуының тұтастай бейнесін
көруге мүмкіндік бере бермейді, сондықтан әр
кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты
сапалы параметрлерді жасау, дамудың жоғары деңгейіне
жетудің жолдары мен тетіктерін әзірлеу маңызды қадам
болмақ. Мемлекет басшысы 2050 жылға дейін
Қазақстанның дамуының стратегиясын ұсына отырып,
өсудің жаңа параметрлері мен ел дамуының басым
бағыттарын белгіледі. Ол, шын мәнінде, мемлекеттік
менеджерлердің алдына бүкіл мемлекеттік тетікті «дағдарысқа
қарсы қолма-қол әрекет етуден» алып шығып,
дамыған мемлекет құру міндетін қойды. Елбасы алға
қойған тапсырмалардың бірі ретінде дамудың жоғары
деңгейіне жетудің стратегиялық жоспарының маңызды
бөлігі – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына
ену жоспарын айтуға болады. Елбасының идеясы бойынша
стратегиялық даму жолында бұл инструменттерді бірыңғай
құрылымға жұмылдырып, орталықтандырылған
бақылау жасау секілді алға қойылған міндеттерді
кезең-кезеңімен орындауға көшіретін кез жетті.
Осыған байланысты аймақтық даму жөніндегі мемлекеттік
саясатты стратегиялық ұлттық міндеттер мен
мақсаттарға сай құрылымдау жұмыстары
жүргізілуі керек. Жалпы алғанда, Президент ұсынған
ұзақ мерзімді дамудың мақсатты, кешенді, стратегиялық
тұрғыдан зерделенген. Мұндағы нақты міндеттер
мен тапсырмалар стратегиялық болашақтық тұрғыдан
тұтас жүйенің динамикалық дамуына жағдай жасайды
[1].
Сонымен қатар, республиканың барлық аймақтарында
стратегиялық жоспарлар, оның ішінде өнеркәсіп
өндірісін дамыту, индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге
асыру жолымен халықтың өмір сүру жағдайларын
жергілікті жерде жақсарту, елдегі барлық халықтың
тұрмыс деңгей мен сапасын арттырудың ең тиімді
тәсілдерінің бірі болып табылады.
Ұйым
стратегиясын жоспарлау, бір жағынан стратегиялық
басқарудың жүйесі болып табылады, екінші жағынан
стратегиялық жоспарлау үдерісінің негізін
құрайды. Сондықтан, «стратегияны жоспарлау» және
«стратегиялық жоспарлау» ұғымдарын бірдей үйлестіру
рұқсат етіледі. Стратегиялық жоспарлау – бұл ұйым
миссиясы мен мақсатын тұжырымдау, келешекте ұйымның
тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қажетті
ресурстарды анықтау және алу, оларды таратуда өзіндік стратегия
таңдау үдерісі [2]. Оны іске асыруда ресми, сондай-ақ
бейресми процедураларды қажет етеді. Сонымен бірге көптеген
стратегиялық сипаттағы құнды идеялар, бұрын
ешқашан мұндай мәселелермен айналыспаған адамдармен
ұсынылады. Жаңа технология, өнім, жаңа нарық
жасауға байланысты ұсыныстарды ынталандыру жүйесін
құру аса маңызды. Сонымен, жоспарлар үдерісін ресмилеу
стратегиялық ойлауға басшылардың кең шеңберін
және орта буын мамандарын тартуға мүмкіндік береді,
яғни оларға мейлінше жоғары деңгейлі басқару
«мектебінен» өтуге мүмкіндік береді. Стратегиялық
жоспарлаудың шешім қабылдау үдерісінен айырмашылығы
шамалы. Мұнда да тек шешім қабылдау ғана керек емес, сонымен
бірге балама әрекетті таңдауға байланысты міндеттерді
тұрақты шешу қажет. Бұған кәсіпорын
миссиясы мен мақсатын, стратегияның өзін
таңдауға, ресурстарды бөлуге, стратегиялық міндеттерді
таңдау жатады. Балама шешімдерді іздеу негізінен стратегиялық
жоспарлаудың бейімділік сипатымен айқындалады. Бұл
сыртқы ортада жүріп жатқан өзгерістерге реакция.
Стратегиялық жоспарлау үдерісінің үлгісі жеке
кезеңдердің агрегирлеу және дезагрегирлеу дәрежесін
көрсетеді. 1 суретте стратегиялық жоспарлау үдерісінің сызбасы
берілген.
|
|
|
Сыртқы
ортаны талдау |
|
|
|
|
||
|
Баламаларды талдау және стратегия
таңдау |
||
|
|
||
Сурет
1. Стратегиялық даму үдерісі
Суретте
көрсетілген кезеңдер стратегияны жоспарлаудың меншікті үдерісін
құрайды. Жоспарлау үдерісінің күрделілігі
әр кезеңнің мазмұнымен анықталады, олар көп
көлемде зерттеу жұмыстарын жасауды қажет етеді. Стратегия,
әдетте, ұйымда қалыптасқан өзара
қарым-қатынастарды ыдыратады және басшылық саясатына
қайшы келуі мүмкін. Бұған табиғи реакция –
дәстүрлі қарым-қатынас және өкілеттілік
құрылымын бұзатын кез келген жаңалық
енгізушілікке қарсы күрес. Екінші елеулі мәселе,
стратегиялық жоспарлауды енгізу табыс алуды қамтамасыз ететін,
қызметтің бұрынғы және жаңа түрлері
арасында дау-таласқа әкеледі. Ұйымдарда стратегиялық
жоспарлауды енгізудің бірінші сатысында тиісті дәлел де,
стратегиялық ойлау бейімділігі де жоқ. Келесі мәселе,
ұйымдарда не өзі туралы, не сыртқы қоршаған орта
жайлы қажетті ақпараттың болмау. Сонымен бірге, әдетте,
оларда стратегияны жасаумен және іске асырумен айналысатын
құзыретті басқарушы да жоқ [3].
Ұйым
мақсаты мен миссиясын таңдау стратегиялық жоспарлаудағы
бірінші және ең жауапты шешім болып табылады. Миссия және
мақсаттар келесі кезеңдеріне бағдар қызметін
атқарады және сонымен бірге даму баламасын талдауда ұйым
қызметінің бағытына белгілі шектеу жасайды. Ұйым
өз миссиясын сыртқы қоршаған ортадан іздеу керек,
өйткені әлеуметтік маңыздылықты тұрақты
қолдау оның тіршілік етуіне және келешекте тиімдіқызмет
атқаруын қамтамасыз етеді. Табыс ешқашан да
ұйымның басты мақсаты бола алмайды, өйткені табыс аса
маңызды болғанмен, тек ішкі мәселе. Шаруашылық
мақсаттары миссия шеңберінде және оның дамуында
тұжырымдалады және анықталады. Мұнда жоғары
басшылық бағдарланатын құндылықтар мен
мақсаттар есепке алынады. Жоғары басшылық ұзақ
уақыт бойы белгілі құндылықтарға сенімділігін сақтайды,
ол басқару тәсілін таңдаумен, сондай-ақ ұйым
мақсатымен айқындалады.
Стратегиялық
жоспарлаудың қазіргі заманғы стратегиясы стратегия
әзірлеуде тиімді әдістемелік тәсіл – стратегиялық
сегменттеу және шаруашылық жүргізудің
стратегиялық аймағын бөлу пайдаланылады. Бұл
фирманың сыртқы қоршаған ортасын жеке тенденция,
қауіп, жаңа мүмкіндіктер тұрғысынан зерттеу.
Мұндай талдау объектісі шаруашылық жүргізудің стратегиялық
аймағы – ұйымның шығатын сыртқы ортасының
жеке сегменті болып табылады.
Стратегияны
бастапқы талдау құрылым және өнім
жиынтығына байланысты емес, аймақты таңдаудан тұрады.
Мұндай талдау даму, табыс нормалары, тұрақтылық
және технология тұрғысынан кез келген бәсекелеске осы
аймақтағы перспективаларды бағалауға мүмкіндік
береді, ал бұл ұйымның осы аймақтағы басқа
фирмалармен қалай бәсекеге түсетінін шешуге мүмкіндік
береді. Шаруашылық жүргізудің стратегиялық
аймағын таңдаған соң ұйым осы салада
нарыққа шығатын өнімдердің тиісті номенклатурасы
жасауға тиіс.
Шаруашылық
жүргізудің стратегиялық аймағын анықтаған
кезде ұйымның сыртқы айналасын сегменттеу күрделі
міндет құрайды. Көптеген басшыларға және
мамандарға ұйымның даму келешегіне көзқарасын
өзгертуге тура келеді. Нарық сыртқы ортаны жаңа
талаптардың туындау саласы, қатаң бәсекелестік сала
ретінде қарастыруға мәжбүр етеді. Сегментация
күрделілігінің басқа себебі, шаруашылық
жүргізудің стратегиялық аймағы көптеген
айнымалылармен сипатталады, соның ішінде, өсу және
рентабелдік перспективалары, тұрақсыздықтың
деңгейі, табысты бәсекенің басты факторлары т.с.с.
Бұларды бәрін болжау қиын шаруашылық
жүргізудің стратегиялық аймағын таңдауда
ұтымды шешім қабылдау және олардың арасында ресурстарды
бөлу үшін, басшылар сегментация үдерісінде көп параметрлерді
іріктеу қажет.
Әдебиет:
1. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ». Қазақстан Республикасының Президенті –
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы. Астана, 2014.
2. Бердалиев К.Б. Стратегиялық менеджмент:
Оқулық.-Алматы.-2011.
3. Виханский О.С. Менеджмент: Учебник/О.С.Виханский; А.И.Наумов -3-е изд. Москва: Гардарики, 2002.