Казбекова Лиман Айдарбековна
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға
оқытушысы, э.ғ.к
«Экономика»
мамандығының магистранты
Кәсіпорынның
іскерлік-белсенділігі
Қазақстан Республикасының
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
өзінің жыл сайынғы жолдауында шағын және орта
бизнесті дамыту керек екенін әрдайым еске сала отырып, оған жасалып
жатқан мүмкіндіктерді ерекше атап өтеді. Қазіргі
уақытта мемлекетіміздің тарапынан қолға алынған,
жеке кәсіпкерлікті қолдау шаралары
ТМД елдері арасындағы ауқымы бойынша теңдессіз болып
табылады.Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы біз
экономикалық дамуы тұрақты мемлекетке айнала аламыз. Демек,
елімізде жұмыс жасап жатқан әрбір кәсіпорынның
экономикамызда өзіндік орны бар деген сөз. Сол себепті де мемлекет
жаңа кәсіпорындардың ашылуына,жұмыс жасауына
мүдделі. Осы кезеңде тіркелген,жұмыс жасап жатқан
кәсіпорын санын білу мақсатында, 2016 жылдың 1
қаңтарындағы статистикалық орталықтың
мәлімметеріне сүйенсек.[1]
Кесте-1
ҚР кәсіпорындар статистикасы
|
Кәсіпкеліктің
түрлері |
Жалпы саны |
Шағын |
Орта |
Ірі |
|
Тіркелген
кәсіпорындар |
360 287 |
351 287 |
6 572 |
2 486 |
|
Осы
уақытта жұмыс істейтіндер |
221 655 |
212 925 |
6 311 |
2 419 |
|
Белсенді
кәсіпорындар |
125 695 |
117 578 |
5 787 |
2 330 |
Мәліметтен
байқағанымыздай елімізде 360 287 кәсіпорын тіркелінгенімен,
осы уақытта белсенді жұмыс жасап жатқандарының саны 125
695 болып отыр. Демек белсенді кәсіпорындардың пайыздық
көрсеткіші 35 пайыз. Дамыған 30 мемлекеттің қатарына
қосылу үшін бұл көрсеткіштерді әлдеқайда
молайту керек екені айдан анық.
Әлемдік
дағдарыс кезеңінде осы кәсіпорындардың
банкроттыққа ұшырамауы мемлекет үшінде аса қажет.
Банкроттыққа ұшырамаудың ең тиімді жолы
кәсіпорынның іскерлік-белсенділігін арттыру болып табылады.
Қазіргі уақытта кәсіпорындардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру маңызды, сондықтан кәсіпорын басшылары алдарына келесідей екі
үлкен мақсат қойып отыр. Біріншісі, жаңа
құрал-жабдықтарды үздіксіз түрде іздестіру
болса,екіншісі бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып саналады. Нарықта
бәсекелестіктің артуы себебінен , кәсіпорын барлығын жаңалауға тырысады, бәсекелестікке төтеп беру
үшін ерекше әдістер
қарастырады. Қазіргі
қалыптасқан нарықтық экономикада кәсіпорын
міндетті түрде тиімді, динамикалық
және рациональды дамуы тиіс. Ал бұл даму түрлері іскерлік белсенділікті дұрыс
басқарылған жағдайда ғана мүмкін. Іскерлік
белсенділікті басқарудың негізгі міндеті:кәсіпорынның
бәсекелестік деңгейін арттыру болып табылады.
Жоғарыда
атап өткендей, іскерлік белсенділік кәсіпорынның
экономикалық жай күйінің және дамуының
көрсеткіші. Қазіргі уақытта кәсіпорының іскерлік
белсенділігіне берілетін бірнеше
анықтамалар бар. Бірақ бұл анықтамалар термин
мағынасын толығымен аша алмайды. Сондықтан түсінікті
түрде жеткізу мақсатында, бірнеше анықтамаларға
кеңінен тоқталсақ.
- Іскерлік
белсенділік-белгілі бір тауарды өндіру
немесе қызметтердің нақты нысанын көрсету түрінде нақтыланған экономикалық қызмет.[2]
- Іскерлік белсенділік-кәсіпорын
қаражаттарының айналым жылдамдығының көрсеткіші.
- Іскерлік белсенділік- әртүрлі
қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі
мен қозғалысын көрінісі.
Іскерлік
белсенділік түсінігін көптеген ғалымдар зерттеді. Атап
айтқанда: В.В.Ковалев, Л.В. Донцова, Н.А.Никифорова, А.Д.Шеремет,
М.В.Мельник, О.В.Ефимов және тағы басқа. Енди сол
ғалымдардың пікіріне тоқталсақ. В.В.Ковалев іскерлік
белсенділікті екі мағынада қарастырады: кең және тар
мағынада. Іскерлік белсенділік
кең мағынада: кәсіпорынның еңбек нарығын,
тауар нарығын, капитал нарығын нығайту және арттыру
болып табылады.Ал тар мағынада:ағымдағы өндірістік
және кәсіпорынның қаржылық қызметі деп
есептейді. Одан да тар мағынадағы анықтаманы А.Д.Шеремет,
Р.С.Сайфулин және Е.В.Негашев есімді эконмист-қаржыгер мамандары
берді. Олардың ойынша:іскерлік белсенділік кәсіпорынның
айналым құралдарының айналым жылдамдығынан ғана
көрінеді деп санайды. Анықтаманың негізгі ерекшелігі іскерлік
белсенділіктің көрінетін негізгі себебін атап көрсете
алған. Л.В.Донцова
және Н.А.Никифорованың пікірінше,
іскерлік белсенділік кәсіпорынның қаржылық
жағдайынан және қаржылық айналым жылдамдығынан
көрінеді. Т.И және
С.В.Юрковтардың айтуынша: іскерлік белсенділіктің
көрсеткіштері кәсіпорын құралдарының пайдаланылу
тиімділігін көрсетеді. Бұл анықтаманың ерекшелігі
нақтылығында. Алайда ол іскерлік белсенділік мағынасын
толыққанды ашып көрсете алмайды. [3]
Біздің
ойымызша, ғалымдардың іскерлік-белсенділікке берген
анықтамаларының сан алуан түсінікте болғанына
қарамастан, оларды екі топқа бөліп қарастыруға
болады. Бірінші топтағы авторлар,
іскерлік белсенділікті кәсіпорынның нарықтағы
өзінің даму мүмкіндігін ұлғайту және
өндірістегі сатылым көлемін барынша арттыру мәселелері
шеңберінде қалыптасқан түсінік дейді. Екінші
топтағы ғалымдар, іскерлік
белсенділікті кәсіпорынның барлық көрсеткештерін,нәтижелерін,тиімділігін
бағалаушы параметрі ретінде қарастырады. Іскерлік
белсенділіктің деңгейі ең алдымен кәсіпорынның
өмір сүру деңгейіне(пайда болуы, дамуы, шырқау шегі,
құлдырау, депрессия) байланысты.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен
маңызы бар, өйткені
қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның
төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда
қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі
кәсіпорынның өндірістік – техникалық
күшінің артқанын көрсетеді. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен
қызметінің тиімділігін бағалау және талдау
қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып
табылады. Кәсіпорынның
іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен
оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді.
Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын
қаншалықты тиімді пайдаланғандығын
анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі
қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі
мен қозғалысын зерттейді. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы активтерге салынған
қаражаттың қаншалықты тез нақты
ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады. Қаражаттың айналымында
болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі
жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару
стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы)
анықталатындығын айта кету керек. Қолданылған
баға саясаты, құрылған актив құрылымы,
пайдаланылған тауарлы – материалдық қорларды бағалау
әдістемесінде байланысты кәсіпорын өз қаражатының
айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер
ету еркіндігіне ие болады. Іскерлік белсенділік компанияның
ағымдағы қызметінің тиімділігі мен нәтижелерін
сипаттайды. Біздің ойымызша: Іскерлік белсенділік
кәсіпорынның жай күйін ,мүмкіндігін, ішкі потенциалын
көрсетеді. Барлық жағдайда іскерлік белсенділік
кәсіпорынның ішкі жағдайына тікелей тәуелді.Іскерлік
белсенділікті екі көзқараспен қарастыруға болады.
Бірінші көзқарас бойынша кәсіпорынның
стратегиялық, үлкен мерзімді тапсырмаларын шешуші және
екіншісі ұйымның ағымдағы өндірістік
қызметі. Бірінші көзқарас бойынша іскерлік белсенділік
кәсіпорынның барлық теxнологиялық басқаруын,
қаражаттық және тауарлық нарығын дамыту
тетіктерін қамтыйды. Екіншісінде кәсіпорынның
өндірістік және қаржылық жағдайын тиімдету,
бәсекелестік қабілетін арттыру болып табылады.
Пайдалынылған
әдебиеттер
1.Statgove.kz
статистика орталығы
2.Википедия,түсіндірме
сөздігі
3.Особенности
деловой активности предприятия, С.Л.Дзахоева ,2015 год