Абдимуталифова Қ.Ж., Жақсылық Ә.Ә.
Ғылыми жетекшісі: Байганова А.М
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университеті
EMAZE БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
МҮМКІНДІКТЕРІ
Ақпараттық-комуникациялық
технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру
жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін
әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа
қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.Білім беруді
ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне
ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық
модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы
деңгейге көтерудің алғы шарты. Білім
берудің ең маңызды мәселесінің бірі ол
оқыту ақпараттарын тиімді көрсету болып табылады.
Дәстүрлі білім беру қарапайым статикалық
көрнекіліктерді қолдана отырып, вербалды қарым –
қатынас түрінде құрастырады. Бүгінгі күні
мұндай жүйе ескірген немесе, кәсіби жаңартуды керек
ететін жүйе болып табылады. Қазіргі кезде мультимедиялық
қолдауды пайдаланып дәріс, оқулықтарды көрнекі етіп жасағысы келген кез
– келген оқытушы, пайдаланушы үшін арналып жасалған программалар
бар. Көрнекілікті жасау аспабы ретінде
PowerPoint, Prezi және isprinq өнімдерін айтып кетуге болады. Сонымен қатар Emaze бағдарламасы қазіргі уақытта кеңінен
қолданылатын, негізгі
әлеуметтік желі арқылы пайдаланылатын программа. Программаны
жүктеу үшін www.emaze.com
интернет мекен-жайы арқылы кіреміз.
Сурет
1. Программаны жүктеу
Осы мекен-жайды таңдаған соң сізге
мынадай парақша пайда болады.
Сурет 2. Программаның негізгі терезесі
Міне осы бет, Emaze.com сайтының
негізгі беті болып табылады. Emaze.com сайтына тіркелу үшін @mail.ru
мекен жайын және құпия сөзді жазасыз.
Сурет 3. Программаға кіру
Emaze.com сайты тек ағылшын
әріптерін ғана қабылдайды. Істелген әрекеттерден кейін
слайд жасауға мүмкіндік болады.
Сурет 4. Негізгі бет
Emaze.com сайты Power Point программасы сияқты бірнеше беттік
слайд жасауға арналған. Негізгі командаларға тоқталайық.
Негізгі командалар
My- менің; Shared-пайдаланылғандар;
Explore- пайдаланылатындар; Slide – слайд;
Section – бөлім; Themes – тема;
Text – текст; Image- сурет;
Media – медиа; Shape – форма;
Chard – монгольді; Save –
сақтау.
Осы командаларды қолданып слайдтарды құруға
болады. Әр жасаған слайд беттерін сақтап отыруыңыз шарт. Emaze программасы арқылы жасалған жобаны мысалға келтірейік.
Сурет 5. Жобаның басты беті
Сурет 6. Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Жобаны орындау барысында Emaze
программасының басқа презентация жасайтын программалардан
айырмашылықтары мен артықшылықтарын байқадық.
Көптеген мүмкіндіктерін қолдана отырып, «Информатика теориясы
және оқыту технологиясы» тақырыбында презентация
жасадық. Программаның басқа презентация жасайтын
программалармен салыстыра отырып, Emaze программасының
көптеген мүмкіндіктерімен таныстық.
Сурет 7. Тәрбие жұмысы
Сурет 7. Олимпиада жеңімпаздары
Бірыңғай
қоршаған ортаға ұйымдастырылған түрде
мәтін, гипермәтіндік сілтемелер, графика, бейне, музыка
және аудио сериясы (барлығы міндетті емес) тіркесімін қолдану
мүмкіндігі бар.
Қорытындылай
келе, бұл программаның
негізі- интернет. Emaze программасы- қолданушыларға ыңғайлы инструментальді қабықша.Қазіргі таңда
Emaze программасы кеңінен қолданылады және де
сұранысқа ие.
Қолданылған әбебиеттер:
2. Гриншкун В.В. Григорьев С.Г.
Образовательные электронные издания и ресурсы. // Учебно-методическое пособие
для студентов педагогических вузов и слушателей системы повышения квалификации
работников образования. / Курск: КГУ, Москва: МГПУ – 2006, 98 с.
3. Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун
В.В., Григорьев. Создание и использование образовательных электронных изданий и
ресурсов. Алматы, «Білім», 2006.-134 с.