Сураншиева Р.К., Байғазиева А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекттік университеті, Қазақстан

 

ҰЛТ МАҚТАҒАН ДАРА ТҰЛҒА - ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ

 

Қадыр –негізінен ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда қазақ халқының ақыны.Қадыр Мырза Әли –ең алғаш өзінің шығармашылық жолын балаларға арнап өлеңдер  жазудан  бастаған ақын. Ал , балаларға арнап шығарма жазудың  өзіндік ерекшелігі ,көптеген қиындықтары бар. Балалаға арнап шығарма жазу үшін автордың балалардың мінез- құлқын ,психологиясын, қабылдау дәрежесін жете білу аса қажет. Қ.Мырза Әли балалардың психологиясын,мінез-құлқын ,қабылдау ерекшелігін әбден зерттеп,біліп,меңгеріп барып,шығарма жазумен айналысқан педагог жазушы  екенін танытты. Ақын шығармалары көптеген халықтар тілінде  және ағылшын, француз,неміс,поляк, балгар , венгер ,манғол,фин тілінде аударылған. Бәрі де бала жүрегін жаулап алатын,олардың жан дүниесін тербетер ,әдемі,көрікті. Өмірге келген әрбір жасөспірімнің білім қорын байытып,өмірлік сабақ алуынаұйымды түрде тікелей  жәрдемдесетін еңбектер.XXғасырдың 60-жылдарынан бергі жарты ғасырға жуық ақын шығармалары  ересек оқырмандарға арналды.1965 жылы жарық көрген «Ой орманы»өлеңдер жинағындағы мазмұны терең ,көркемдік дәрежесі биік өлеңдерімен –ақ ақын қалың оқырманың жылы ықыласына бөленіп,бірден әдеби әдеби қауымға жете  таныла бастады.Оған дәлел -1966 жылы «Ойарманы» өлеңдер жинағыүшін ақынға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының берілуі. Одан кейінгі жылдары ол өндіре жазып ,көптеген  көптеген өлең кітаптарын бастырды.  «Дала дидары»(1966), «Бұлбұл бағы»1967,»Ақ отау»(1968), «Домбыра»(1970), «Алақан»(1977)т.б. Ақын біткеннің  негізгі тақырыбы ортақ болғанмен , олардың әрқасысының өзіндік ерекшелігі де болатыны даусыз. Адамды жырлауда Қадыр ақынның өзіндік ерекшелігі ,мәнері көркемдік қолтаңбасы айқын көзге шалынады. Мәселен,адамның жан дүниесінің алуан-алуан сырлары бар екенін,адам өмірінің күрделілігін ақынның өзіншежыр өрнегіне түсіруге талпынуын көреміз.  Қадыр ақын үнемі адам бойынан ізгілікті ,жақсылықты ,жарқын        сипаттарды іздеп табуға ұмтылған ақын.Адам басындағы  сол ұнамды қасиеттерді биік шабытпен жырлаған.Оның өлеңдерінен ақынның адамға деген  шынайы сүйіспеншілігі, махаббаты жарқырап көзге түсіп отырады

 Сезетұғын сияқты осы бастан бекем ұл

Дүниенің тұтқасы Адамдарда екенін!- деп  Қадыр ақын жер бетіндегі барлық қоғамның тетігі,тіршілігі, бет-бейнесі адам деп біледі.

Күн нұрына арманын малғанда –Адам.

Жақсылықпен бір тыныс алған да –Адам.

Құлап түскен  торғайдың балапанын

Ұясынан көтеріп салған да –Адам!-деп ақын адамдардың жағыпаздық тұлғасын,құдірет күшін,әдеби ұлы бейнесін жыр өрнегіне дұрыс түсірген.

 Адамды, адамдарды ардақтап,көкке көтере жырлаумен қатар,Қадыр ақын оның бойында  бар кемшіліктерді де көре біледі. Адамдарда жиі-жиі ұшырайтын ашқарақтықты,тойымсыздықты,қанағатсыздықты ақша тауып байлықты арман ететін дүниеқорлықты«Байлық» атты өлеңіндегі ақынның:

Ақша қуған адамдарда жоқ сенім,

Бар арманы-алтын ұстап өтсе күн.

Ажалменен жатқандада айқасып,

Өзін қойып,

Сені ойлайды

Тек сені!-деген айналамыздағы байлықтың соңына түспейтін миллиондаған қарапайым адамдардың барлығы да құптайтын, мақұлдайтын болса керек. Оның туған халқының арғы- бергі өмірі, тіршілігі туралы өлеңдері өте көп. Сол өлеңдердің  барлығын жинақтап айтсақ,қазақ халқы  өмірінің көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды  тарихи деуге болады. «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты ел аузында жатталып кеткен атақты өлеңінде ол қазақ халқының  ғасырлар бойы  қалыптасып қалған ұлттық әдет-ғұрып, мінез –құлқын, психологиясын,экономикалық,әлеуметтік, саяси бейнесін тарихи шындыққа сай үлкен көркемдік шеберлікпен суреттеп берді.

Бабамыздың шоқ басқан табанымен,

Бірдей екен жақсысы жаманымен.

Бір жаманы -тынымсыз көше беоген,

Бір жақсысы- қимаған даланы кең.

Өз елін, халқын өлшеусіз махаббатпен, жан-тәнімен, жалынды жүрегімен беріле сүюдің  үлгі-өнегесін де Қадыр Мырза Али өлеңдерінен танимыз.Әсіресе,Қадыр өлеңдерінде 1941-1945 жылдардағы  Ұлы Отан соғысы кезіндегі кеңес адамдарының қаhармандығы,тап болған алапат қиындықтарға төтеп берген төзімділігі,ғажайып жігер-күш танытуы  айқын да көркем  бейнелермен берілген. Бұрын-соңды ешкімнің аузынан шықпаған тың образды сөздер  де ақын өлеңдерінде жиі ұшырайды.

Қадыр Мырза Али-эпик ақын.Ол  XX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өсіп жетілуіне көп еңбек сіңірген ғұлама.

 

Әдебиет:

1.       Дүйсенбаев Ы.  Эпос және ақындар мұрасы.-Алматы:Ғылым,1987

2.        Жұмағалиев З.  Дауылды жылдар шежіресі.-Алматы:Мектеп,1987

3.       Қирабаев С. Таланқа құрмет.-Алматы:Жазушы,1988-245б

4.       Омаров І.  Әдеби толғамдар.- Алматы:  Жазушы,1988-397б

5.       Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. Алматы, 2005ж