Педагогика/Проблемы подготовки специалистов.

Аманбаева Э.А п.ғ.к, доцент., Біләл Ф.Ә. магистрант

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақстан

 

Кәсіптік оқыту педагогының кәсіби тұлғалық сапаларының ерекшеліктері

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015ж. 30 қараша күнгі Қазақстан халқына Жолдауында  кәсіптік техникалық білім беруге көп назар аударды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басты міндеті –әмбебап және икемді дағдыларға ие үздіксіз білім беруге қатыса алатын мамандарды даярлау болып табылады.

«… 2017 жылдан бастап жаңа жоба «Барлығына тегін кәсіптік-техникалық білім беру» іске асады. Оны жасауға өкіметке тапсырма берілді»[1].

Елімізде тиімділігі жоғары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құру қоғамның тұрақты болуына себебін тигізіп, бұл білім беру саласын, оны қайта құру жолдарын, құрылымын мемлекеттегі болып жатқан экономикалық өзгерістерге сәйкес келу талаптары өзекті мәселелерге айналып отыр.

Қазіргі дамып, өзгеріп жатқан әлемде, оқу орындарын бітірушілердің жылдам әрі жаңа өндіріс жағдайына қалыптасуы, сондай-ақ еңбек нарығында жас маманның әлеуметтік құқығының қорғалуы, адамдардың құндылықтары мен материалдық қажеттілігінің мәселелерін шешуге бағытталған.

Педагогтың кәсіби маңызды сапалар жиынтығы мен оның тұлғалық ерекшеліктері педагогикалық қызметке кәсіби дайындығы ретінде анықталады.

Кәсіптік оқыту педагогының білім сапасын арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ.

Кәсіптік оқыту педагогының білімін жетілдірдегі мақсат құру олардандербестікті, білім алушылармен қарым-қатынас жасау әдістерін анықтауды және өзара сенім орната білуді талап етеді.

Сондай-ақ кәсіптік оқыту педагогында ойлау жүйесінің икемділігі, білімін жеңіл қолдана білуі, дамыған талдау қабілетінің болуы, жаңалықты сезе білуі, жігерлілік, мақсатқа талпынушылық, тапқырлық, пәнге және білім алушыларға деген қызығушылық, шабыт және т.б. қасиеттер болуы қажет. Кәсіптік оқыту педагогы сабақ мақсатына неғұрлым тән болатын, эмоционалдық мазмұнға бай тіл бірліктерін таба алуы керек.

Кәсіптік оқыту педагогының өзін-өзі ұстай білуі, табандылығы, тапқырлығы, өзін-өзі дамытуға құштарлығы оның табысының басты шарты болып табылады.

Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Кәсіптік оқыту педагогтарының біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:

- кәсіптік оқыту педагогының кәсіби жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтілетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру;

- білім беру аясында кәсіптік оқыту педагогының зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты кәсібилікті кеңейтуді талап ету.

П.Ф. Каптеров «оқыту ахуалында педагог бірінші орынды алады, оның қандай да бір сапалары оқытудың тәрбиелік ықпалын жоғарылатады немесе төмендетіп отырады, - деп көрсеткен [2].

Сонда, ол педагогтың қандай қасиеттерін негізгі деп анықтаған. Ең алдымен, ол арнайы педагогтік қасиеттерін көрсеткен, оған педагогтың ғылыми дайындығы мен жеке педагогтік талантты жатқызады. Талантты педагог болу үшін үнемі шығармашылықпен айналысу керек.

Кәсіптік оқыту педагогының шығармашылық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді. Шығармашылық қуаты шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық бағытта педагог пен білім алушының өзара ықпалымен, әрі дамуымен, ынтымақтастықта жоғарғы деңгейіне жетудің мәні зор. 

В.А.Сластениннің айтуы бойынша,жалпы педагогқа мынадай кәсіби талаптармен профессиограммада үш негізгі кешендерді біріктіруқойылды:

- жалпы тұлғалық сапалар;

-педагог кәсібінің ерекшелігін анықтайтын сапалар;

-пән бойынша іскерліктер мен дағдылар[3].

Уақытты қадағалай отырып өткізілетін әр түрлі шығармашылық  ойлаудың жылдамдығының қалыптасуына табиғи түрде тікелей әсер ете отырып, дивергенттік ойлаудың жылдамдығы жөнінде айтатын болсақ, даму тек бұл нақты кәсіби тұлғалық сапасына негізделген жағдайда ғана білім алушыға барлық жаңа жағдайларды ұсынғанда, сондай-ақ әр түрлі деңгейлердегі тапсырмалардың көлемін қолданғанда ғана мүмкін болады.

Қорыта айтқанда, уақытты бақылай отырып, негізгі принципі шектеулі уақыттың ішінде көптеген жаңа идеяларды ойлап шығару болып табылатын ми штурмымен байланыстыра отырып тапсырмаларды орындау ойлау жылдамдығын дамытуға тікелей әсер етеді.

Аталған қасиеттер кәсіптік оқыту педагогынын жаңашылдыққа жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.

 

Әдебиеттер:

1. Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша.

2. Каптеров П.Ф. Дидактические очерки. Теория образования // Избр. Педагог. Соч. –М., 1982.

3. Сластенин Ф.Н. Формирование личности учителя советской школы в профессиональной подготовка.-М., Прометей 1980.