Болашақ педагогтарды даярлауда креативтік потенциалын жетілдірудің жолдары мен әдістемесі

 

Ходжагельдиева Зульфия Мирзагельдиевна

 Ph.D, "Педагогика және психология " кафедрасының доценті

Бегалиева Тогжан

«Педагогика және психология»  кафедрасының магистранты

Тараз инновациялық гуманитарлық университеті

 

Қазіргі білім беру стратегиясы барлық білім алушыларға өз таланттарын және шығармашылық талаптарын, жеке жоспарларын іске асыруларына мүмкіндік жасауда. Бұл позициялар Отандық мектептердің гуманистік даму тенденциясына сәйкес келеді. Білім алушылардың жеке мүмкіндіктерімен педагогтар хабардар болып, оларды үздіксіз дамытып «арттырулары» қажет. Ұжымдық немесе жеке оқу түрі болсын бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеттерімен байланысты ойлау қабілеттерін дамыту өзекті мәселе.

Шығармашылық – дамудың көрсеткіші креативтілік болып табылады. Психологиялық зерттеулерде креативтілік ұғымы  индивидтің жеке және ақыл-ой ерекшеліктерін, мәселелерді дербес шеше алуға  қабілеті бір тума ойлардың туындауы және оларды шеше білу кешенімен түсіндіріледі[1,15-16б.]. 

Креативтілікті индивидтің жеке және тұлғалық ерекшеліктерімен көптеген тұлғаларға тән үрдіс және кешен деп қарастыру қажет.

Креативтілік – ағылшынның “Creativity” сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді.   Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» бөлімінде КРЕАТИВТІЛІК (лат. Creatio - жасау) – адамның шығармашылық дарын деңгейі шығармашылық қабілеті деп көрсетіледі[2, 45-46б.].  

Психология ғылымындағы креативтілікке арналған талдаулар (анализдер) жеткілікті түрде қарама-қайшылықты суреттейді бірақ «креативтілік» ұғымы ғылыми айналымға механизмдерді және адамның шығармашылық әрекетінің заңдылықтарын зерттеуші термин ретінде енген. Көптеген авторларда креативтілік түсінігінің мәніне жақын келетін «шығармашылық қабілеттер», «шығармашылық белсенділік»; синоним ретінде жиі қолданылады.

Сонымен, Дж.Гилфорд, П.Порренс, К.Роджерс, Э.Фром, Э.Д.Телегина және В.А.Терехов креативтілік деп адамның ойлау таптаурындарының тәсілдерінен бас тартып және мәселені шешудің әртүрлі тәсілдерін табу, тануға және таңқалуға қабілеттілік жаңаны ашуға ұмтылу, дербестілік және белсенділік деп түсінеді. В.Н.Козленко, Г.В.Ожиганова және А.В.Гаврилин креактивтілікті жеке тұлғаның ақиқаттағы қажеттіліктерін ізденістік қайта жасау қатынасы деп қарастырады. Ізденістік қайта жасау белсенділігі қоршаған ортамен белсенді әрекеттесу кезінде көрінеді. Р.Стернберг және Любата креактивтілік өмірге қатынас, қабілеттілік және танымдық сфералар ғана емес, сонымен қатар өмірлік ұстаным дейді. С.Ю.Канн креативтілікті шығармашылық потенциялының шығармашылық құрылымы және жеке тұлғаның интегралды сапасы болып табылатын, құрамалы білім деп атайды. У.В.Кола және М.И.Фидельман креактивтілікті жеке тұлғаның шығармашылық потенциялын құрайшы ой комплексі және жеке ерекшеліктері деп қарастырады.; Н.С.Лейтес және М.А.Холодная «ерекше ақыл құрылымы»; В.Н.Дружинин жалпы қабілеттердің бірі –қиялмен фантазияны қатыстыра отырып қайта жасау[3,85б.]. сондай-ақ қазақстандық ғалымдар Т.Тәжібаев. М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Ш.Т.Таубаева, Б.А.Оспанованың психологиялық, педагогикалық, еңбектерінде де адамның жеке басының дамуы мен шығармашылығының әртүрлі аспектілері қарастырылады.

Зерттеуші ғалымдар оқудағы креативтілік белсенділікті қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына төмендегілер:

 - оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде оқытушы мен студенттің бірлескен іс-әрекеті арқылы (Т.Сабыров, Н.Хмель, Е.Галант, Б.А.Оспанова);

 - креативтілік іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Н.Меньчинская, П.Пидкасистый, Т.Шамова, А.Әбілқасымова, Р.Омарова, А.Мустояпова);

 - оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И.Лернер, Б.Коротяев);

 - іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (П.Гальперин, Н.Талызина, Ш.Т.Таубаева).

 Оқыту үрдісінде студенттің креативтілік белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етілуі тиіс[4,10б.].

Қазіргі таңда қоғамдағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен білім берудің жаңа бағыттарын, әдіс-тәсілдерін айқындауды алға тартып отыр. Қоғамның қай саласы болмасын мамандардан өз кәсібіне сай терең білімімен қатар оның бойынан күрделі мәселелерді шешудегі ерекше қабілеттілік, тапқырлық, шығармашылық қасиеттер талап етілуде. Жоғары оқу орындарындағы жүргізіліп жатқан бетбұрыстар мамандарды даярлауда білім сапасының әлемдік стандарт талаптарына сай келуін басты бағыт етіп алуда. Білім сапасының  артуы бүгінгі таңда білім берудегі кредиттік жүйенің енгізілуімен, оқылатын пәндердің көлемі мен мазмұнының өзеруімен, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру жолдарымен жүзеге асуда.

Интеллектуалдық белсенділіктің креативтілік деңгейіндегі адамдар құбылыстардың себептерін түсінуге тырысады, ал бұл өз кезегінде зерттеудің жаңа мақсаттарына айналады, талдау үрдісін тереңдетеді.

Болашақ мамандардың интеллектуалдық капиталы осы көрсетілген барлық талаптардан тұратындықтан, педагогика және психологиядан алынатын білім де оны биік деңгейде, яғни ғылыми жаңалықтар ашу, жоғары технологияларды күнделікті қолдану сияқты талаптарға сай болуы керек. Педагогика мен психологияға  деген қызығушылықты, ол арқылы адамның креативтік қабілетін ашу, оның шығармашылық ойлауын қалыптастыру, әлемді өзінше тани білуге жетелеу арқылы  дамытуға болады..

 Қазақстан  Республикасының  үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан - жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті  жеке тұлғаны қалыптастыру.  Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында  «педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу» қажеттігі көрсетілген[ 5,30б.].

Кейінгі уақытта бұрын қалыптасқан ережеден ауытқып, педагогикалық практика тек бітіруіні курстарда ғана өткізіліп келді. Қазіргі студенттер Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігінің 2006 жылы дайындалған мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша білім алып жатса, бұл стандартта педагогикалық практика 1-курстан басталады.  Бұдан сал бұрын бітірген студентгерде бұл мүмкіндік болған жоқ. Мектепке тек 3-курста ғана келген студент-практиканттар бірден балалармен араласып кете алмайды, бейімделу уақыты үздікке созылды. Педагогикалық практика алдында 3-курс студенттерінен алынғак бақылау сұрақтарына алынған жауаптардан, жүргізілген әңгімелерден, мектепке баруға деген қорқынышты, сенімсіздікті, өздерінің үлкен сынға үшырауы мүмкін деген ойдың мазалауын байқадық. Біздің ойымызша, бұл олардың мектеппен, оқушылармен байланысының болмағандығының нәтижесі. Егер студенттер 1-курстан бастап практикада болса, жоғары курста мұндай келеңсіз құбылыстар кездеспеген болар еді, Бұған дәлел ретіндс 1-курс студенттерінің педагогикалық практикадан кейінгі нәтижелерді талдауын келтіруге болады. Олардың күнделікке түсірген ойларынан, сонымен қатар Педагогикалық мамандыққа кіріспе атты пәнді меңгеруде  «Мектеп - бірінші курс студентінің көзқарасымен»  шығармасынан көп жағдайдың мәнін білуге болады. Студенттер күндсліктеріндегі жазбаларында көргенін сипаттап, оған талдау жасамаған, ал шығармада олар өздерінің алғашқы әсерлерін ерекше көрсетіп, практиканың маныздылығын жан-жақты, өр кырынан сипаттаған.

Студенттердің барлығы да бұл практиканың дер кезінде ендірілгенін, оның қажет екенін жазады. Олардан үзінді келтірер болсақ: «... Мен мектепке оны кеше бітірген оқушы ретінде емес, мұғалім ретінде қарап және ол жерді өзімнің болашақ жұмыс орным ретінде қабылдай бастадым» десе, келссі бір студент: «Мектеп — бұл керемет мекеме, онсыз өмір қызық болмас еді. Мен мұны практикаға барған кезден жақсы түсіндім» деп жазады.

Көптеген студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алды, өз таңдауларының дұрыстығына көздері жетті, сабақ құрылымы туралы алғашқы түсініктері қалыптасты. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренді. Осы қарым-қатынастар балалардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін, өз еңбектерінің нәтижелігін зерделеуге талпындырды. Бұл айтылғандардың барлығын студенттік аудиторияда сезіну мүмкін емес екені айтпаса да белгілі.

Жоғарыдағы студенттер 2-курста ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практикадан өтті. Бұл практиканың мақсаты — болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалык бағыттауды одан әрі жетілдіру, сонымен қатар оқу-тәрбие міндеттерін шешуді талдау ыңғай тұрғысынан дамыту, гылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және әдістерімен таныстыру. Демек, үздіксіз практиканы ендіру нәтижесінде студенттерді бірінші курстан бастап педагогикалық қызметке жүйелі түрде және оларды үшінші курста өтетін практикаға біртіндеп дайындаута мүмкіндік береді.

Мысалы,  мұғалім  дайындайтын  мамандықтарда, атап айтсақ

5В010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша үздіксіз педагогикалық практика жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:

1) кәсіби іс-эрекетке  психологиялық-педагогикалык кіріспе бойынша практика (1-курс);

2)  ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практика (2-курс);

3)  элеуметтік-педагогикалық практикасы (3-курс);

4)  колледждегі педагогикалық  практикасы (4-курс).

       Әр курстың студенттері үшін орындауға міндетті тапсырмалардың жүйесі анықталған. Біздің ойымызша, бұл тапсырмалар жүйесі жыл сайын психологиялық-педагогикалық циклдар пәндерінің мазмұнына қарай ықтиятталуы тиіс, яғни міндеттер жәнс студентгер іс-әрекеттерінің мазмұны біртіндеп күрделенуі қажет. Олар ең алдымен болашақ мұғалімдердің мүмкіндігінше кәсіби бағытының деңгейін кетеруді қалыптастырады (педагогикалық мамандыққа кызығушылығын, балаларға деген сүйіспеншілігін, жұмысқа жауапкершілік және шығармашылық қарым-қатынасты)[6,15-17б.].

Мұғалім  кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді.

Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:

- студенттсрді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;

-  нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту;

-  болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.

Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік.

Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс:

-  оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;

-  оқушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу;

- педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар, әртүрлі іс-әрекеттерде т.б.);

- оқушылардын оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу;

-  балалар ұжымын алға қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігін анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру, жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау);

-  мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілермен, ата-аналармен және тәрбис ісіне қатысы бар барлық адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу;

-  оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау;

-  ата-аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу[7,16-20б.].

Қорыта айтқанда, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуында үздіксіз практиканың алатын орны ерекше. Ол педагогикалық оқу орны мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде жүзеге асырылады. Нақты жүзеге асырудың тікелей жолы - студенттер үшін «Мектеп күнін» өткізсе мақсатқа сай болар еді. Студенттер аптаның бір күнінде толығымен мектепте болып, алдына қойған міндеттерге жетудің тікелей жолы. Өйткені, қазіргі 1,2-курс студенттері практикаға сабақтан шыққан уақытта барады, бұл кезде студентгердің қандай да бір нәрсеге үйренуге деген қызығушылығы төмен болады деп ойлаймыз.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Хайдарова С. Оқушының шығармашылығын дамыту. //  Бастауыш мектеп. – 1997. -  №4. – 15-16 бб.

2. Асылов Ұ.Ә. Педагогика және психология: қазақ тілі терминдерінің салалы ғылыми түсіндірме сөздігі. – Алматы: Мектеп, 2002. – 45-46 бет.

3. Шевченко Л.Л. Педагогическое творчество. - М., 1996.

4. Нағымжанова Қ.М. Креативтілік феноменінің педагогика және психологияда дамуы. // Білім.- №5 – 2006 – 10 б.

5. Орақова А.Ш. Оқу процесінде оқушылардың  шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары: канд. дисс. автореф. – Алматы, 2006. – 30 б.

6. Жанатбекова Н. Шығармашылық қабілеттілік – даму негізі. // Қазақстан мектебі. – 2006. - №2. – 15-17 бб.

7. Қадірова Б.Н. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту – ғылыми-педагогикалық проблема.  // Білім-Образование. – 2004. -  №2. –  16-20 бб.