Нүркенова Г.Қ., Калманова
А.Б.
ЖММ "Болашақ" Академиясы,
Қазақстан
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды
қолдану.
Қазіргі
таңда мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны
ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі
ұйымдардағы педагогтар-тәрбиешілердің негізгі міндеті:
әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық
технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның
дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай
жасау. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарда педагогикалық
технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға
бағытталған. Педагогикалық технологияда ең маңызды
жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен
балалардың қарым-қатынасы болып табылады.
Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға
мынадай жағдай туғызу қажет: «Бала біздің
болашағымыз, қоғамыздың азаматы». Оның
мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының
қатарына мыналар кіреді: денсаулық сақтау технологиясы;
жобалы-іс шығармашылығы; ізденіс-шығармашылық
технологиясы; қатынастық-ақпараттық технология; жеке
тұлғаға бағыттау технологиясы; бала мен тәрбиеші
портфолио технологиясы; ойын технологиясы; триз технологиясы және т.б.;
денсаулық сақтау технологиясы.
Денсаулық
сақтау технологиясының мақсаты: Баланың
денсаулығын нығайтуға,білім дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту ұйымдары, баланың денсаулығы мен
оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес
қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында
оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз
мүмкін емес.
Жобалау шығармашылық
технологиясы. Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық
тәжірибені дамыту және байыту. Тәрбиешілер өз іс
әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады.
Триз жүйесі
бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз
тәсілдерді қолдану. Триз технологиясының мақсаты:
баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып
табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3негізгі
мақсат қарастырылған. 1.Ауызша сөйлеуге үйрету,
сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты
бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа
сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін
тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап
беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ
т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін , пішінін білдіретін
сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін
(жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі
қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында,
үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға
үйрету. 2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз
қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете
отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай
дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден
тұратын сөйлем құрату. 3. Байланыстырып сөйлеуін
дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде
көрген түйгенін , сурет және оқылған ертегілер
мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша
сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып,
қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы:
«Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі
қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады?
(қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні ,кілемнің
беті) Ешкінің түсі сұр болған ,тағы нелер
сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім ,
сұр ішік, сұр қоян). Құдықтың суы
қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады?
(мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады).
Балалардың шығармашылығын дамыту жолында:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсырма
Музыка.
ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі. Сурет
салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер
қолданылады. Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл
қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі
түтікшелерді;жіптерді картоп қималарын:трафареттерді: тіс пастасы
мен тіс щеткасын,қайнатылған ас бояғыштарын қолданады.
«Бақ-бақ гүлі» тақырыбы бойынша іс-әрекетті
ұйымдастыру үшін ең бірінші қайнатылған
азық –түлік бояғыш заты керек.Одан кейін түс
қағаз желімі қажет. Бүкіл параққа түс
қағаз желімін жағып тіс щеткасы мен бояуды алып
Бақ-бақ гүлін саламыз.Ал шөптерді салу үшін,
тағыда тіс щеткасын жасыл бояуға батырып алып саусақ пен тіс
щеткасының тістерін қағу арқылы
шашыратамыз.Соңында керемет «Бақ-бақ» гүлі өскен
алаңқайды бейнелей аламыз.Және де түтікшелерді қолданып,
үрлеу арқылы бейнелеуге болады. Қағазға алдын ала
желім жағып жарма ұнтағын мсеуіп оның үстіне
керемет бейнелер жасауға болады.Алақанды бояуға батыру
арқылыбастырмалап сурет салуға болады. Мәселен : кактус
салуға болады. Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану
баланың қиялын дамытады.Өзіне-өзі риза болып одан да
керемет жұмыс жасауға талпынады.Оқу іс-әрекеттерін
кіріктірудің тиімді жағы өте көп.Біріншіден бала
жалығып кетпейді: Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу
арқылы олардың қызығушылығы артады. Берілген тапсырмаларды
орындау,балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен
айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты
жоюға ықпал жасайды. Балада танымдық
қызығушылықтың болуы-олардың оқу
іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да
іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін
көрсетті.
Әдебиеттер:
1. Использование
современных информационных и коммуникационных технологий в учебном процессе:
учебно-методическое пособие / Авторы-составители: Д.П. Тевс, В. Н. Подковырова,
Е. И. Апольских, М. В, Афонина. – Барнаул: БГПУ, 2006.
2. Смирнова Е.О.
Дошкольная педагогика от Фребеля до «Истоков» (Обзор педагогических систем и
программ дошкольного воспитания) :Учебное пособие. – Киров , 2003.