Диханбаева З.А.

Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп, Жамбыл облысы, Қордай ауданы,  Қазақстан

 

БІЛІМ САЛАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ЖАНДАНДЫУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

                               

Қазақстан Республикасының президенті-елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы тарихымызға енетін 10 креативті идеялардың ең бастапқысы патриоттық сезім болмақ. Патриоттық сезім- анамыздың адал ақ сүтімен бойымызға берілген,балам- халқыңның елеулі азаматы бол, адал бол деген үнімен бойымызға біткен -ұлы сезім, туған елім, туған жерім, тілім, дінім дегенде тұла бойыңды шымырлатқан, көкірегіңді тулатқан- ұлы сезім. Патриотизм- Отанға деген сүйіспеншілік және адамның аман- саулығы, мемлекетке тәуелді екенін, қысқасын айтқанда патриотизм – мемлекеттің бүгінгі күнімен және келешегімен қарым-қатынасын біріктіреді. Патриотизм елдің ұлттық қауіпсіздігінің, мемлекеттің қалыптасу үрдісі, факторларының бірі, қоғамдағы рухани нығаюдың басты белгісі болып табылады. Дәл осындай ұлы сезім әр қазақ баласының бойында сақталса деген ұраныммен елбасымыздың әрбір қадамын қолдаймын.

Патриотизмді - Отанға деген сүйіспеншілікті білдіретін қағида, өз атамекенінің мүддесіне қызмет етуге дайындық деп түсінеміз. Әрбір адамның туған жерін, тілін, ұлттық салт-дәстүрлерін жақсы көрушілігі ежелгіден мемлекеттің құрылуы кезінде қалыптасып, терең тарихи мұрағаттарда жатыр, соның ішінде әсіресе ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсіп, оның әрмен қарай дамуына үлес қосар, өз елінің нағыз патриоты осы деп түсінеміз. Патриотизм- Отанға деген сүйіспеншілік және адамның аман- саулығы, мемлекетке тәуелді екенін, қысқасын айтқанда патриотизм – мемлекеттің бүгінгі күнімен және келешегімен қарым-қатынасын біріктіреді. Патриотизм елдің ұлттық қауіпсіздігінің, мемлекеттің қалыптасу үрдісі факторларының бірі, қоғамдағы рухани нығаюдың басты белгісі болып табылады.

Халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлы ағамыздың ”Соғыс психологиясы” кітабында күш, ақыл, сезім, жігер туралы айта отырып: ”Әскери патриоттық тәрбиелеу – бұл жөргекте жатқаннан бастап, найзаласқан қоян-қолтық айқасқа дейінгі аралықта жүргізіле беретін тәрбие мәселесі болып табылады.” деген еді. Жоғарыда айтылған тіл мәселесін тереңірек қарастыратын болсақ, әсіресе әскер саласында, қазіргі кезде өз ана тіліміз қазақ тілінде даярлау іс жүзінде еніп келеді. Егерде оған ерекше көңіл бөлсек, қазіргі заман жастарына түсіну өте қиын және сөздердің шет тілінен тікелей аудармасы жоқтық қасы деп айтсақта болады, себебі олардың көбі орыс тілі арқылы аударылған. Ал енді шет тілінен қазақ тіліне соның ішінде ағылшын тілінен қазақ тіліне аудармасы қазақ елінің тарихымен тереңірек таныс болса ғана , тікелей аударма жасай алады. Өз халқының тарихын білу барлық адамдарға қажет. Бірақ ол кәсіби мамандандырылған әскерилерге ерекше қажет екенін Бауыржан Момышұлы атамыз өте жақсы білген. Батыр ағамыз өз сөзінде:”Ерліктің естен шығуы халық қайғысы. Тарих оны кешірмейді ... Мыңдаған батыр жауынгерлер, оның үміт етер жастары, тіпті өспірім ұлдары халықтың сенімді тірегі болады. Олардың қанмен күйген ерліктері мен батырлығы туралы бірде - бір сөз айтып, бірде-бір жол жазбағанды тарих кешірмейді. Сіздің көбісіңізді тарихтың өзі ұятқа қалдырады ” – деп айтқан. Сол себепті батыр ағамыздың ұлы мұрағат сөздеріне қосыла отыра, әскер саласындағы шет тілінен, соның ішінде барабар аудармасын берсе, аудармашының дәл өзін тарих кешірмейді деп айтсақ қателеспес едік. Осы тұста жоғарыда көрсетілген және көптеген басқа ұғымдардың Қазақ халқының ежелгі тарихы болып қалыптасқан әскерді ұйымдастыру және оның соғыс жүргізу тәсілдерінен алынғаны белгілі. Қазір тәуелсіз ел болып, ұлттық қасиеттерімізді орнына келтіре бастағанда, халқымыздың күш қуаты болатын өзіміздің бүгінгі сарбаздарымыз, ұландарымыз осы қазақтың дәстүрлі әскери терминдерін білсе және бойына сіңірсе, ”Отан” қорғау - патриоттық сезімдері шыңдала түседі деген мақсатта болған деп түсінеміз. Осындай өткен мен бүгінгінің жақсысын салыстыра отыра, айырмашылықтарын ескере отыра, тарихымызды біле отыра, өз ана тілімізде лексикалық қорымызды байытсақ деген ұсыныс айтар едік. Кейбір аударылымды оқып отырғанда халықаралық терминрдердің көптеген тілде жазылғанын бірден білу қиынға соғады. Әрбір мемлекетте тарихына, салт- дәстүріне, және мәдениетіне сәйкес өзіне тән ерекше тіл байлығы болуы тиіс. Сондықтан өз тілімізде халықаралық тернминдерді көп алмай келген салалардың бірі-әскери саладағы терминдердің ана тілінде жүйеленіп және бұл жұмыстың одан әрі жалғасуы. Әрине бұл “Қазақстан әскери тарихы” кітабы қазақ тілінде жарық көрді, 4000 жуық әскери терминдерді қамтитын орысша- қазақша түсіндірме сөздіктері шығарылды. Алғашқы құжаттар қатарында «Қазақстан» аударылған болатын. Атап айтатын жағдай көптеген әскери терминдердің аудару сапасын көтермейді. Әскери ғылым саласында, әскердің күнделікті оқу - жаттығу дайындығындағы көп қолданылатын терминдердің түрлі сөздер мен атауларын әскери қызметте бөтенше мағынада болуы мүмкін. Сонымен қатар келесі мәселе – ана тілімізде халықаралық терминдерді пайдалану. Халықаралық атаулардың көп кездесетін саласының бірі- әскери терминдер. Кейбір жағдайларда өз тіліміздегі қолданылатын балама сөздерден гөрі халықаралық терминдерге көбірек әуестенетін кездер байқалып қалады. Бұл туралы кезінде ғалымдар арасында екі түрлі пікір болған. Ал ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордасы,мектептер мен жоғары оқу орындары.Олар жас мамандар мен ұстаздарға мемлекет пен халықтың мүддесін ойлайтын, «елім, туып-өскен жерім, мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп жүрегі соғатын ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін үйретуге міндетті. Ал тәрбиеге байланысты мұғалімдердің білімін жетілдіріп,қайта даярлау мемлекеттің ұсынған қаулы-қарарлары мен заңдарына сай келуі керек.Ұлтжанды,адами құндылықтарды бойына жиған,қиыншылықтан жол табатын,экономикалық бәсекелестікке қабілетті,ары таза.иман жүзді,біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған,елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді.Ұлттық тәрбие дегеніміз сана-сезім мен сенім қалыптастыру.Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені ел-жұрт, қоғамдық орын, ата-ана болып,жан-жақты ойлана отырып берсек,біздің де,мемлекеттің де көркейетіні даусыз.

Қорыта келгенде, жоғарыда аталған ағаларымыздың сөздерін жалғастыра келе, сөз мағынасы дегенді дұрыс түсіну, халықаралық терминдердің өз тілімізде балама жолдарын тапсақ,ол үлкен мәртебе. Және оны іс- жүзінде пайдалану, халыққа жеткізе білу- тілдік символдар табиғатын танумен терминдерінің ана тілінде ұлттық менталитетке негізделсе деген ұсыныс

 

 Әдебиет:

1.            Н.Ә Назарбаевтың “Қазақстан 2050” жолдауы, 2014 жыл.

2.            Х.С.Муханбетқалиев “Военно- теоретический журнал” обл. Акмола г.Щучинск, 2004 г.

3.            ”Тіл ғылымы елімізге тірек болсын” атты мақала,А.Байтұрсынұлы атындағы институт, 2009 ж.