Каракулова Б.Е.
№52 мектеп, Тараз
қаласы, Қазақстан
ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ –
ҰЛТТЫҢ БАЯНДЫ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
Балаға үнемі әдептілік
тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жола бағыттау –
өмір заңы. Бала өсе келе көп нәрсеге
үйренеді, халқының, ұлтының кім екендігін
айқын түсіне бастайды, отаншылдық сезімі арта түседі.
Кіндік қаны тамып, туып өскен мекенін, табаны тиіп
тұрған топырағын аялай бастайды. Қазақ жері –
қазақ даласы! Қандай керемет, қандай ыстық...
Халықта «Балаңды өз
тәрбиеңмен тәрбиеле, өз ұлтының
тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жан-жақты
мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу отбасынан басталады. Қазақ
халқы балаға тәрбие берудің өзіндік
әдет-ғұрып дәстүрлерін жинақтады.
Әділдік, адалдық, имандылық, адамшылдық,
бауырмалдық, шыдамдылық, парасаттылық,
қамқорлық, кеңпейілділік. т.б. Әдептілік -
әр түрлі жағдайда мінез-құлық ережелеріне
сәйкес өзіңді ұстай білу. Әдепті адам өзін,
өзгелерді ыңғайсыздық жағдайға
қалдырмайды. Өзгелердің ісіне жөнсіз араласпайды,
дөрекі түрде, намысқа тие немесе мысқылдай
сөйлемейді, біреудің дене кемістігін бетіне басып айтпайды.
Әдепті адам өз мінез –құлқы мен
іс-әрекетіне сын көзбен қарап, өзін-өзі
тәрбиелей алады. Жақсы мәнер мен жақсы талғам
адамды сыпайы әрі көрікті етеді.
Тәрбие – отбасынан басталады. Отбасы –
адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның
өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы
отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы
күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын –
тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың
балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп
өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй
болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін
қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында
ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы
секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы
отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен
жауапкершілікті жүктеп отыр. Тәрбие берудің негізгі
міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық
сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол,
мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа
да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп
көрсетілген Қазақстан Республикасының
тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің
негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен
түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі
ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да
балаларының күн сайынғы әрекеттерін
қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік
негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның
біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана
мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің
бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген
қарым-қатынасына байланысты болады. Босағасы берік отбасында
әрбір адам өзара қамқорлық пен
татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп
орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып
ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп
тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын
бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы
тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың
еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік
сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік
қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы,
қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ,
отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі ролі де
ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады,
мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
«Тәрбие басы – тал бесік» деп
қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең
бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби айтқандай «тәрбиесіз білім –
адамзаттың қас жауы, апаты», халқымыз қашанда бала
тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгенен
бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына,
ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп туған
күннен бастап, тәрбиенің негізін қалаған
халық, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген.
Сәбидің жүріп, сөйлей бастағаннан әдепке,
мәдениетке баулу, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге
тәрбиелеу отбасынан басталар мақсатты, халықтық
педагогиканың даналығы.
Адамның жақсы
көңіл-күймен, шын ниетпен, адал сезіммен амандасуы,
оның ізеттілігі мен әдептілігін көрсетеді.Айналасындағы
адамдардың барлығына да күлімдей қарап, ақ ниетімен
сәлем беретін балаларды үлкендер «әдепті бала» деп атайды.
Балалардың сәлемдесуіне қарап-ақ, олардың
әдептілігін байқауға болады. Халық даналығында
«Сәлемдесу - әдептілік бастауы » деп тегін айтылмаған.
Жалпы адамды әдептілік пен
әдемілікке жетелеуші күштің бірі – мотивация болып табылады.
Мотивация дегеніміз жоғарықойылған мақсатқа
жетуге деген ұмтылыс.Егер жас өспірімнің бойында ізгілікке
деген мотивация мол болса, ол сөзсіз
болашағы кемел жан болмақ. Ендеше отбасында болсын, мектепте,
қоғамдық орталардың барлығында жастар санасын
котеретін тәрбиелік маңызы зор интеллектуалды-мәдени
іс-шаралар жиі жүгізілуі қажет.
Табиғаттың бар жаратылысы,
құбылысы адамға тән теңеулермен айтылады. Себебі
адамның көп мінезі табиғаттағы
құбылыстарға ұқсайды.Тіпті жаздың
жарықтығы, ыстықтығы ашық жарқын
адамға ұқсайды.Әдемі, сұлу жандарды гүлге,
көктемге балайды.
Табиғаттағы сұлулық адам жүрегінен орын
алса, сол адамның жаны сұлу болады. Табиғат
адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін сыйға
ұсынады, ұлдарының емендей мықты болуын ойласа,
қыздарының қайыңдай нәзік майысқанын
қалайды. Ал табиғаттың әсемдігі адам жанын
тазалыққа, сұлулыққа, төзімділікке
тәрбиелейді. Қазақ халқы ұл дүниеге
келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанады. Әр
адамның қоғамдық мәнін жан-жақты
дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім
нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей
етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және
жексұрындықты, сәулеттілікті және
ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуге
байланысты оның қоғамдағы тәртібі айқындалады.
Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен
мұраттары болуы керек. Қазіргі кезде әсемдікке
көзқарасты тәрбиелеу-тәрбие барысының зейін
салуды, көн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің
қоғам адамына тек қана өнердің емес еңбек, қоғамдық
қатынастар, қоршаған әлеуметтік орта, тәртіп,
тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал
етеді. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола
отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және
тиімді дем берушісі де болады. Айтар ойымызды нақтылар болсақ,
оқушыөнегелігінің әсемдігі, оның жан
дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға
тартымды етеді, олардың өмірі мен іс-әрекетін
ұйымдастыра алады. Оқушылар алдында ашық көрініс берген
еңбек әсемдігі ол еңбекті тартымды етеді және
еңбек іс-әрекетінің барысын жеңілдетеді. Ерлік пен шын
азаматтық тәртіп әсемдігі адамдарды
қоғамдық тәртіп және
құқық тәртіптерін орындауға жетелейді.
Әдебиет:
1. Ақназаров
Б., - Мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарының
мәселелері, Алматы, 1966 .
2. Айтмамбетова
Б. Р., - Тәрбие процестерінің мәні, заңдылықтары,
принциптері, Алматы, Білім, 1991 ж.
3. Баласағұн
Ж., - Құтты білік, Алматы, Жазушы, 1987