Орал қалалық білім беру ұйымының
№34 «Балбұлақ»
бөбекжай МКҚК
Шайхуалиева Екатерина
Серікқызы,
II санатты тәрбиешісі
Білім беру саласы:
Таным
Ұйымдастырылған
оқу іс -әрекеті:Қоршаған
ортамен таныстыру
Тақырыбы:Үй
құстары. Тауық, әтеш, балапан.
Мақсат-міндеттері:
* Балаларға үй құстары және олардың тіршілігі
жөнінде түсінік беру. Үй
құстарын ажырата білуге , және оларды атай білуге дағдыландыру.
*Үй құстарының тіршілігі жайлы
сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау, есте
сақтау қабілеттерін жетілдіру.
* Құстардың
табиғатқа, адамдарға келтіретін пайдасына тоқталу. Үй
құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу,
түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауаптар, ойын.
Қажетті
көрнекті құралдар: Үй құстарының
суреттері, тауық, әтеш, балапан, жұмыртқаның
суреттері.
Алдын-ала
жүргізілетін жұмыстар:Мультфилмнан үй құстарының
жүрісін тамашалау
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық
қозғаушылық |
-Балалар шаттық шеңберіне тұрып
жұмбақ шешейік. Бұрап
қойған сағаттай, Айғайлайды
таң атпай. (Әтеш) |
Балалар
дөңгелене тұрып, педагогтің көмегімен
жұмбақ шешеді. |
|
Іздену ұйымдастырушы |
Балалар бізге қонаққа
қуыршақ Сәуле келді. -Саламатсыз ба қуыршақ Сәуле. Қош келдіңіз, төрлет
қуыршақ Сәуле.Бізде бүгін үй
құстары жайлы оқу іс- әрекеті болып жатыр.Сенде
қатыс біздің балалармен бірге,балалар мен келе жатып бір
үнтаспа тауып алдым.Бірақ мен оның ішіінде не бар екенін
білмеймін.Ендеше Сәуле барлығымыз үнтаспаны
тыңдайық. Үнтаспа тыңдату. Үнтаспадан
үй құстарының дауысын тыңдату. -Балалар,
сендер қандай құстардың дауысын
тыңдадыңдар? -Иә,
балалар, үй құстарының даусы екен. -Дұрыс,
тауық, әтеш, қаз, үйрек, балапан, т.б. Бұл
құстарды неләктен үй құстары деп атайды? Суретпен
жұмыс. -Балалар,
үй құстарының адамға пайдасы өте
көп. Олардың жұмыртқасы мен еті – тамақ.
Бүгін үй құстарының бірі – тауықпен
танысамыз. Тауық
– ең көп тараған құстардың бірі Олардың
балаларын балапан деп атаймыз. Сергіту сәті Мен қоразбын
,қоразбын. Жалқаулармен аразбын, Таңды
бұрын қарсы алып. Елді оятамын жар
салып! «Ку
–ка-ре-ку!» -Балапанның
түсі қандай? -Тауықтарғы
жем, су береміз. Тауықтар бидайды жақсы көреді.Міне,
балалар, суреттен көріп тұрғандарыңдай,
әтештің тауықтан ерекшелігі мынандай: оныі айдары бар, ал
қауырсыны түрлі түсті болады. Тауықты
сипап көрейік (жұмсақ ойыншық тауықты
көрсету) жүні майда, айдары бар, тұмсығын,
қанатын созып көрейік, ол қанатының астына
балапандарын алып қорғайды.
Аяғында тырнағы бар екен. Онымен жерді тырналап,
балапандарына жем тауып береді. Логикалық ойын : «Әтешті құрастыр» Мақсаты:Балалардың үй құстары туралы
түсініктерін кеңейту.Үй құстарын атай
білуге,ажырата алуға тәрбиелеу.Әтешті құрастыра
білуге үйрету. Қуыршақ Сәуле:Балалар сіздерге
рахмет, Мен бұл үнтаспада не бар екенін білдім.Үй
құстарын және
қалай дыбыстайтының да білдім. Ендеше балалар мен кетейін. Сауболыңыздар балалар! |
Балалар амандасады. Саламатсыз ба ! Балалардың жауаптары тыңдалады. Балалар құстардың атын атап
қайталайды. Тауық ,әтештің , үйректің
дауысын тыңдайды. -Үйде
күтіп-баптан өсіретін құстарды үй
құстары деп атайды. Тауық
сөзін балалар қайталайды. Балалар
қимыл-қозғалыспен айтады. -Сары
(суретке қарап айтады). Балалар
қайталап айтады. -Қыт-қыт. -Ку-ка-ре-ку. Балалар ойыншық тауықты ұстап
қарайды. Балалар берілген суреттегі үйқұсы
-әтешті құрастырады. Сауболыңыз қуыршақ Сәуле. |
|
Рефлексивті
коррекциялаушы |
Сұрақ-жауап
әдісі арқылы оқу іс-әрекетін
қорытындылау. -Балалардан қандай үй құстарын
білетіндерін сұрау. -Үй құстары немен қоректенеді? -Әтеш қалай дыбыстайды? -Бізге қонаққа кім келді ? |
Балалар
жауап береді. Тауық,әтеш,балапан. жем,
су. «Ку –ка-ре-ку!»
Қуыршақ Сәуле келді. |
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі: Үй құстары мен дала
құстарын, олардың аттарын, түстерін ажырата білді.
Қандай
түсініктерді игерді:Тауықтың
адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсінікті игерді.
Меңгерген
іскерлікпен дағдылары: Үй
құстары мен дала құстарының айрмашылығын
меңгерді.