Кенесариева Гулназ Жарылгасыновна,

жоғары санатты тәрбиеші

№34 «Балбұлақ» бөбекжай МКҚК

Орал қаласы, БҚО

                                                     

 

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.

Оқу іс әрекетінің тақырыбы: «Балабақша - базарлы үй»

Мақсаты мен міндеттері:    Балабақшадағы мамандықтар туралы түсінік бере отырып, баланың да балабақша ұжымының мүшесі екенін және балабақшада өз үйлерінде жүргендей еркін жүруге үйрету.

  ⃰ Балаларды қоршаған ортадағы заттар мен салыстыра отырып, геометриялық пішіндер арқылы таба білуді мегерту.

    Балалардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, сөздік қорын молайта отырып, өзіндік пікірлерін қалыптастыруға дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойындар, сөйлем құрау, тәжірибелік ойындар, әңгімелету, слайд көрсету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балабақша ішіне саяхат жасау, мамандардың еңбегімен танысу.

Көрнекіліктер мен қолданатын құралдар: проектор, тақта, ойын суреттері, бояулар, қылқалам.

Билингвальдық компонент: Күн-солнце, күн- Sun.

                                                  Балабақша-детский сад, балабақша- Kindergarten

                                                  Ойыншықтар-игрушки, ойыншықтар-toys.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Баланың іс әрекеті

Мотивация

лық қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

        

-Балалар, экраннан жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?

-Ал, енді, қараңдаршы, біз айтып жүрген  қыс мезгілінің құбылыстары күнді жауып тұр. Күннің көзін ашу үшін сұрақтарға жауап беруіміз керек.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста ауа-рай қандай болады?

-Аққаланы неден жасайды?

-Қардың түсі қандай болады?

-Балалар, мінекей, біздер сұраққа жауап бергесін бұлттар жойылып, күннің көзі көрінді.

-Балалар, күннің өзі жарқырап тұрғанда көңіл-күйіміз қандай болады?

-Ендеше, күнге қарап көңіл-күйімізді білдірейікші.

Сәлем күн анамыз,

Бүгін бәріміз қуанамыз.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шыққан күнге бүгін!

-Балалар, күнді орыс тілінде қалай айтамыз, ағылшын тілінде қалай айтамыз?

Күн-солнце, күн-sun.

 

 

Балалар шеңберде тұрып сұрақтарға жауап берді.

 

 

 

 

Қыс мезгілін көріп тұрмыз.

 

 

 

Қыс мезгілі.

Қар жауады.

Боран болады т.б балалар жауап береді.

Қардан.

Ақ болады.

 

Көңіл күйіміз көтеріледі, күлеміз ойнаймыз, қуанамыз.

Балалар тәрбиешіге қосылып көңіл күйлерін білдірді.

Балалар күн сөзін үш тілде айтып үйренді.

Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

Тиін кіреді:

-Балалар, тиін неге көңілсіз, қане сұрап көрейікші.

Мен сендердің күнде балабақшада ойнап жүргендеріңді көремін. Сондай көңілдісіңдер.

-Ал бізде балабақша жоқ, менің де сендер сияқты балабақшаға барғым келеді. Балабақша жайлы білгім келеді.

-Балалар, ендеше тиінге балабақша жайлы айтып береміз бе?

  -Ал, сен тиін орындыққа отырып бізбен бірге бол, саған бәрін көрсетіп, айтып берейік.

-Балалар үш тілде балабақша сөзін айтып үйренейікші.

Балабақша-детский сад, балабақша-kindergarten – киндегатен.

-Балалар біздер балабақшада не істейміз?

-Балалар, балабақша қалай аталады?

-Балабақша неден тұрғызылған?

-Балабақша неше қатардан тұрады?

-Біздің тобымыз нешінші қабатта?

-Біздің топ қалай аталады?

-Балалар, балабақша жайлы тақпағымызды айтып берейікші.

Балабақша базарлы үй,

Қаладағы ажарлы үй.

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.

Тиін біздің балабақшада тек балалар ғана емес сонымен қатар үлкен кісілер бар. Олар біздің балабақшада еңбек етеді.

-Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырайын ал, сендер, қандай мамандықтар туралы жасырғанымды  тауып айтыңдар.

Шәкірттердің тірегі,

Мектептердің жүрегі.

Кім ол?

- Балалар мұғалім не істейді?

-Қандай оқу іс әрекеттерінен береді?

Мұғалім – балаларды оқытып, тәрбиелейтін маман иесі.

Жайдары жүз, ай қабақ,

Аузы, мұрнын байлап ап.

Дәрі иісі бұрқырып,

Жүреді бізді аймалап. 

- Балалар, дәрігер не істейді?

- Қалай емдейді?

Өрнектеп сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігетін?     

-Балалар, тігінші не істейді?

-Нелер тігеді?

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.   

-Балалар, аспаз не істейді?

-Қандай тамақтар пісіреді?

Тәрбиеші: Тиін, көрдің бе, біздерде көп мамандықтар жұмыс жасайды екен.

Тиін сөйлейді:

Балалар мынау ғажайып қорапша. Достарыммен ойнап жүріп, байқамай шашып алдым. Енді суреттер араласып кетті.

-Маған реттеуге көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Жолда шашылып қалған сенің ойындарың екен ғой. Оларды мен жинап топқа әкеліп үстелге қойып едім.

-Ендеше, балалар, тиіннің ойындарын реттеп берейікші.

Ойын «Ғажайып қорапша»

-Балалар, алдымызда қай мамандардың құрал жабдықтары екенін тауып орналастыруымыз керек.

-Міне балалар тиіннің ойындарын реттеп бердік. 

Оқу іс әрекеті соңында қорапшасына салып жинап береміз, жарай ма, балалар.

Сергіту сәті:

Қалпақ, қалпақ сен жүгір,

Тез, тез, тез шеңбермен.

Қалпақ кімнің қолында,

Қалса егер басыңа киіп ал.

 -Балалар ойыншықтар сөзін үш тілде айтып үйренейікші.

Ойыншықтар-игрушки, ойыншықтар-toys.

-Балалар, біздер балабақшада тағы да не істейміз?

-Немен ойнаймыз?

-Сендердің қандай сүйікті ойыншықтарың бар?

Ойын: «Қандай ойыншық жасырылған?»

-Балалар ойынның шарты мынадай, алдарыңда геометриялық пішіндер бар, осы пішіндердің артына ойыншықтар жасырылған, енді қандай ойыншықтар жасырылғанын табуымыз керек. Ол үшін пішіндердің арт жағын бояумен бояймыз сонда жасырылған ойыншықтарды көресіңдер.

-Ал енді, балалар тиінмен бірге «Балабақша -базарлы үй» әнін орындайықшы.

-Тиін саған балабақшада балалардың немен шұғылданатыны ұнады ма?

-Балабақша туралы білдің, таныстың саған ұнады ма?

Тиін сөйлейді:

-Балалар, мен балабақша жайлы көп білдім. Мен енді сендерге жиі келіп тұрамын.

-Менің сендерге әкелген сыйлығым бар. (жаңғақ үлестіреді).

-Сау болыңдар, балалар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тиінге балабақша жайында айтады.

 

 

 

Тиін орындыққа барып отырады.

 

Балалар балабақша-детский сад, балабақша-kindergarten – киндегатен сөзін

үш тілде айтып үйренді.

Ойнаймыз, тамақ ішеміз, серуенге шығамыз.

Балбұлақ

Тастан.

Екі қатардан.

Екінші қабатта.

Болшақ.

Балалар балабақша туралы тақпақтарын айтады.

 

Балалар тиінге балабақшадағы мамандар туралы айтып түсіндіреді.

 

Мұғалім

Сабақ оқытады.

Орыс тілінен, ағылшын тілінен, суреттен, музыкадан, дене шынықтырудан сабақ береді.

 

Дәрігер.

Емдейді.

Тамақты қарайды, көзді, ішті емдейді.

 

 

Тігінші.

Тігеді.

Көйлек, шалбар, малақай тігеді.

 

Аспаз.

Тамақ пісіреді.

Сорпа, торт, рожки.

 

 

 

 

Әрине тиінге көмектесеміз.

 

 

 

Балалар тиінге көмектесіп ойындарды орындайды.

 

Балалар тиіннің шашып алған суреттерін құрастырып жинап берді.

 

 

 

Балалар шеңберде тұрып қимыл-қозғалыс арқылы қалпақ ойынын ойнайды.

 

Балалар ойыншықтар-игрушки, ойыншықтар-toys сөзін үш тілде айтып үйренеді.

Ойнаймыз.

 

Машинамен, қуыршақпен, ыдыс-аяқтармен ойнаймыз

 

Балалар алдарындағы берілген ойындарды ойнап, тапсырмаларды орындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тиінмен бірге балабақша өлең айтады.

 

 

Балалар тиінмен қоштасты.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, оқу іс әрекетінде не жайында айттық?

 

 

-Үш тілде үйренген сөздерімізді қайталап айтайықшы?

 

 

 

-Балабақшада қандай мамандар еңбек етеді екен?

-Қонаққа кім келді?

 

-Тиінге қандай көмек көрсеттік?

Балабақша, ойыншықтар, мамандықтар жайлы әңгімеледік.

Күн-солнце, күн-sun.

Балабақша-детский сад, балабақша-kindergarten – киндегатен

Ойыншықтар-игрушки, ойыншықтар-toys.

Мұғалімдер,

аспазшылар,

тігінші, дәрігер еңбек етеді. Тиін келді.

Суреттерін жинастырып бердік.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қыс мезгіліне тән белгілері туралы түсініктері терең, бақылап, тез ажыратып айта білді.

Қандай түсініктерді игереді: Ойыншықтар туралы өз ойларын толық сөйлемдер арқылы жеткізе біледі, ойын кезінде шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын игерді.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Балабақша жайлы түсініктері жоғары, мамандарды танып, қандай еңбек ететіндерін ажырата айтып, түсіндіреді, көпшілік ортада өздерін ұстай білу мәдениетін меңгерді.