Қазақстан Республикасы ,Оңтүстік Қазақстан облысы,

                                     Сарыағаш ауданы «№26 Т.Өстеміров атындағы

                                     жалпы орта  мектеп» коммуналды мемлекеттік

                                     мекемесінің биология пәнінің мұғалімі

                                     Смаилова Марал Шабазқызы

 

Сабақ барысында оқушылармен  топтық және жұптық жұмыстар атқару

     Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу болып табылады. Осы мақсатта 9-сыныпта биология пәнінен өткізген бір сабағымды көрсетуді жөн көрдім.

Сабақтың тақырыбы:Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі

Сабақтың мақсаты:Оқушылар бейімделгіштік- адаптация туралы ақпарат ала отырып, тірі ағзалардың қорек талғау, бейімделу,климаттық бейімделу, қорғаныш реңдер туралы білу және  тірі ағзалардағы қорғаныш реңдердің үш типтерін ажырат алу. Тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы түсіну.

Күтілетін нәтиже :

Білу

 Тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы біледі

Түсіну

 Бейімделгіштің түрлерін оқып, түсінеді

Қолдану

Алған білімдерін қолдана отырып,берілген тапсырмаларға қорытынды жасай алады.

Анализ

Алған білімдері негізінде бейімделушіліктің түрлеріне сараптама жасай алады.

Синтез

Қорғаныш реңдердің үш типтерін берілген ағзалардан ажырата алады

Бағалау

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жаза алады.

 

Сабақтың құрылымы :

І. Ақпарат блогы

ІІ.Логикалық тапсырмалар блогы

ІІІ. Жаттықтыру жіне білімді есепке алу блогы

ІҮ. Интеллектуалдық тренинг блогы

Ү. Күтілетін нәтиже блогы

Оқыту әдісі: Диологтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , оқытуда АКТ-ны пайдалану

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:  Топтық жұмыс,жұптық жұмыс арқылы оқушыларды сабаққа түгел қатыстыру

Танымдық тапсырмалар : интербелсенді тақта, «Организмдердің бейімделгіштігі» кесте, логикалық тапсырмалар.Постер қорғау.

Негізгі ұғымдар мен терминдер : бейімделгіштік, қорек талғауға бейімделу климаттық бейімделу,қорғаныш рең,еліктеу, көрнекілеу реңі

Сабақты бағалау : Бағалау бетшесі арқылы оқушыларды бағалау .Формативті бағалау.

Үй тапсырмасы: Бейімделгіштіктің үнемі салыстырмалы болуы неліктен? Дәлелді мысал келтір.

Сабақтың барысы:

І. Ақпарат блогы

Тақырып жоспары :

  4.Тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы талдау

C:\Users\biology\Desktop\Марал Ашы0 сба0 Сурет\20160202_104230.jpg

ІІ.Логикалық тапсырмалар блогы

Мына кестені толтыра  отырып ,сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар

Жануарлар

Қорғаныш рең

Қауіп төндіруші рең

Еліктеуші рең

Ызылдауық маса

 

 

 

Ұлу

 

 

 

Құмырсқа

 

+

 

 

Өсімдіктер атауы

Таралу жолдары

Тұқымдары мен жемістерінің бейімделгіштік белгілері

 

Қорытынды жасау:

C:\Users\biology\Desktop\Марал Ашы0 сба0 Сурет\20160202_104008.jpg

Организмдердің бейімделгіштігі туралы --------------------------------------------------------------------------------------

                      

Бұл биологиялық кері кету ме, алға басу ма ?

 

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу  блогы

Деңгейлік тапсырмалар :

                               І деңгей

·                     .     Бейімделгіштік қандай күштердің әсерінен (себептер, факторлар) қалыптасады?

__________________________________________________________________________________________________________________________________

·                     2.     Бейімделгіштіктің үнемі салыстырмалы болуы неліктен?

 

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

3.      Бейімделушіліктің қандай түрлері бар?                                        

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

 

 

ІІ деңгей тапсырмалары

 Бос орынды толтыр:

1. _______________ дегеніміз – тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті. (Бейімделгіштік)

2. _______________ – қоршаған ая түсіне ену. (Бүркеніш реңі)

3. _______________ – бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы. (Кқрнекілеу реңі)

4. Бейімделгіштік тірі қалушылықты арттырып ________________________ алып келеді.

 

ІІІ деңгей тапсырмалары

Тест:

1. Қорғаныш реңді неше типке бөлуге болады?

а) 1

ә) 2

б) 3

в) 4

2. Мимикрияға төмендегі жануарлардың қайсысы мысал бола алады::

а) қанқыз

ә) теңіз атбас балығы

б) кеңалқым

в) батбат

3. Ағзалардың төтенше табиғи жағдайларындағы тіршілікке байланысты қандай бейімделу пайда болады?

а) қорек талғауға бейімделу;

ә) қорғаныш рең;

б) климаттық бейімделу;

в) гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдандыруға бейімделуі.

 

ІҮ.  Интеллектуалдық тренинг блогы

Топтық жұмыс

Иллюстрациялық бейнелеу

Мәтіннің негізгі ойын сызба, сурет т,б. арқылы бейнелеу

C:\Users\biology\Desktop\Марал Ашы0 сба0 Сурет\20160202_104152.jpg

 

      Ү. Күтілетін нәтиже блогы

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

Сабақты бағалау : Бағалау бетшесі арқылы оқушыларды бағалау. Формативті бағалау.

Үй тапсырмасы: Бейімделгіштіктің үнемі салыстырмалы болуы неліктен? Дәлелді мысал келтір.

      Бұл сабақтың нәтижесінде қабілеті төмен оқушылардың өзі де түсінгендерін айтып бере алатындай нәтижеге жетті .Ол оның психологиясында  да қозғалыстың болатынын көрсетеді. Жылы сөйлеу. Мадақтау, көңілін көтеру,жақсы баға алуізгілікке, парасаттылыққа жетелейді. Білім сапасының жоғары болуына жетелейді.

Қазіргі сабақтарды ұйымдастырудағы басты мақсат- дамыта отырып оқыту болса, бұл сабақ оқушының қабілетіне қарай мүмкін жіне міндетті деңгей көлемінде білім алуына жағдай жасайды. Бір сөзбен айтқанда мұғалім әрі үйретуші, әріұйымдастырушы, зерттеуші, оқушының ынтымақтастығын орнатушы болуы керек.

 

Пайдаланған әдебиеттер :

1.М.Қ Гильманов, А.Р. Соловьева, Л.Ү .Әбшенова  Биология   9

Алматы  «Атамұра»   2013ж. 197бет

2. Е.А .Ганжа. Современная теория  эволюций- Тамбов: изд. ТГУ .2002г. 101 стр.