Шакирова А.Т.
№43 ЖББОМ, жоғары санатты
химия
пәнінің мұғалімі,
Орал қаласы,
Батыс Қазақстан облысы
Химия сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау
технологиясын қолдану
Қазіргі заман
ағымына қарай білімнің күші бағаланып,
оқу-ағарту мәселесі бағалануда.
Педагогикалық технологиялар
оқыту мақсатына жетудің тиімді, ұтымды жолдарын
көрсетеді. Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің
қарқындылығы мен белсенділігін арттырғанмен, кей
технологияларда бұл құралдар басты идеяны және
нәтиже тиімділігінің негізін құра отыра, жеке
тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталған. Олар :
проблемалық оқыту технологиялары, дамыта оқыту технологиясы,
сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Осылардың ішінде
кейінгі жылдары сабақтарымызда қолданып жүрген «Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасына
тоқталайық.
Сыни
тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
Сыни
тұрғыдан ойлау өзіндік ойлау қабілеті болып табылады,
себебі оқушылардың өз бетінше ойлап, күрделі
мәселелерді шеше алатындай, еркіндігі болу керек. Ойлау жекелей болса
ғана сыни тұрғыдан ойлау бола алады, бірақ бұл
оқушы басқа адамның идеясы мен тұжырымын
қабылдамауы керек дегенді білдірмейді.
Сыни
тұрғыдан ойлау сабақта шешілуі керек мәселелерді
түсіну және сұрақ қоя білуден басталады.
Сабаққа дайындық кезінде мұғалім
оқушылардың алдына қоятын мәселелерін анықтап
алып, оқушылар дайын болған кезде бұл мәселелерді
өз бетімен түсіндіруіне көмектесу керек.
Сыни
тұрғыдан ойлау мәселенің өзіндік шешімін
тапқан кезде, бұл шешімді дәлелдермен, тұжырымдармен
бекіткен кезде, оқушылардың нақты деректермен сөйлей
білу дағдыларын әкеледі.
Сыни тұрғыдан ойлау әрі
әлеуметтік тұрғыдан ойлау болып та табылады, балалар
оқып, талдағанда, қарсы шыққанда, басқа
балалармен пікір алмасқанда, өз пікірлерін нақтылайды,
тереңдетеді, сонымен бірге басқаларды тыңдай білуге,
олардың пікірімен санасуға, өз пікірі мен
көзқарасына деген жауапкершілікке үйренеді.
Сыни
тұрғыдан ойлауда бірнеше жұмыс түрін
қарастыруға болады, ең бастысы – жазу, жазба жұмысы.
Жаза білетін оқушы әрқашан да белсенді, өйткені ол
өз бетінше ойлайды, бар білімін қолдана алады, жаза білетін
оқушы оқырманға қарай бағдарлап жазады.
Дәстүрлі
педагогикадан жаңа педагогикаға көшу – заман талабы,
ақпараттандыру кезінде қоғам мен оқушылардың
қажеттілігін қанағаттандыратын жаңа әдістемелер
мен технологиялар керек.
Жаңа
технологияларды іздеу «сыни тұрғыдан ойлау» технологиясына алып
келді, бұл арқылы сыни тұрғыдан ойлай білетін әрі
қорытынды шығаратын тұлға тәрбиелеуге болады.
«Сыни
тұрғыдан ойлауға» құрылған сабақ
үш бөлімнен тұрады.
I. Ой шақыру кезеңі –
пәнге қызығушылығын немесе сабаққа ынтасын
ояту.
I.
Мағынаны тану кезеңі – жұмыс
кезінде материалды тану.
II.
Рефлексия кезеңі – материалды
қорытындылау және өз призмасы арқылы бағалау.
Аталған технология бойынша өз тәжірибеммен бөліскім
келеді. Мысалы, алдыңғы білімді жаңа біліммен салыстыру
қажет кезінде сабақта ынталандыру кезеңінде Венн диаграммасын
қолданамын.
«Озон»
тақырыбын оқып-үйрену кезінде «Оттегі» деп аталатын
диаграмманың бірінші бөлімін алдыңғы сабақтарда
алынған білімдерін еске түсіре отырып, оқушылар өздері
толықтырады. Алдымен дәптерде өз беттерімен жұмыс
істейді, кейін жұппен, одан кейін топпен жұмыс істеп, ұжыммен
қорытындылаймыз, «қарлы кесек» әдісін қолданып
диаграмманың бірінші бөлімін толтырамыз. «Озон» аталатын
диаграмманың екінші бөлімін мағынаны тану кезінде
оқулықты оқи отырып, тақырып бойынша білімдерін
дәптерлеріне жаза отырып, толтырады.
Үшінші
бөлім диаграмманың ортасы алғашқы рефлексия кезінде
толтырылады. Әр топ озонға және оттегіге тән жалпы
қасиеттерін ажыратып көрсетеді.
Рефлексияның
соңғы кезеңін түрлі тәсілдермен өткізуге
болады: бес миуттық эссе.
1.
Сабақта не ұнады?
2.
Жаңа тақырыпты үйрену кезінде
қандай қиындықтар болды?
3.
Сабақ тақырыбына менің
қарым-қатынасым.
Осы
сұрақтар бойынша ауызша да өткізуге болады. Күрделі материалды
оқып-үйрену кезінде жаңа типті есептерді шешу кезінде «Аялдап
оқу» әдістемесін қолданамын.
Жаңа типті есептерді шешу кезінде алгоритмдер
құрастырылады.
Бұл
әдістеменің мәнін «Тұз гидролиді» тақырыбын
талдау кезінде қарастырамыз, ынталандыру кезеңін імәселелерді
талдау түрінде өткіздім, үш тұз ерітінділерінің
ортасын анықтау үшін зертханалық жұмыс орындадық
: мырыш сульфаты, калий карбонаты және натрий хлориді. Жүргізілген
жұмыстан кейін оқушылар «Берілген тұздардың
ерітінділері неге индикаторларға байланысты?» деген мәселе
қойылады. Мәселе қойылғаннан кейін алынған
нәтижелердің себептерін болжауға тырысады.
Алдын-ала
оқулықтағы параграф 3 бөлімге бөлінеді.
Мағынаны тану кезеңінде әр бөлім бөлек
оқытылады және дәптерге конспект түрінде жазылады,
сондай-ақ бөлімді оқу барысында туындаған
сұрақтарды жазып алады, содан кейін топпен талқыланып,
тақтаға жазылады. Егер оқушылардың бірі
сұрақтың жауабын білетін болса, түсіндіріп беруге
болады. Қалған 2 бөлімі де осылай оқылады, сабақ
соңына дейін барлық сұрақтарға жауап алынады, тек
ашық сұрақтарға ғана жауапты келесі сабақта
хабарлама түрінде алады.
Сабақ «Гидролид»
тақырыбындағы бес жолдық өлең түріндегі
рефлексия кезеңімен аяқталады, «Тұз ерітінділері мен еру электроиді»
тақырыбы бойынша сабақты электронды конспект және
интерактивті тақтаны қолдану арқылы өткіздім.
Ынталандыруды ояту
кезеңінде «Электролиз» кластері арқылы өткіздім. Кластер –
тақтаның ортасына тақырып немесе тірек сөзі жазылып,
жан-жағына мағыналас сөздер жазылатын суретті форма. Мағынаны
тану кезеңінде «Мыс хлориді тұз ерітіндісінің электролизі»
конпектісінің бірінші бөлімін оқу және жазу
арқылы бердім.
Еріту кезінде CuCl2 иондарға
түзіледі.
CuCl2→Cu2++2Cl-
Токты үнемі өткізу кезінде катиондар
Cu 2+ катодқа қарай жылжиды, ал аниондар Cl-
анодқа қарай
+ + + +
K(-) - A(+)
Cu2+→ - 2Cl-→
-
катодта - анодта:
Cu2+ + 2e → Cu0 ↓ - 2Cl- - 2e → Cl20↑
-
Электролиздің суммарлық
реакциясы
Электр тогы
CuCl2 == Cu0 + Cl20↑
5 минуттан кейін әр оқушы
көршісіне тақырыпты түсіндіріп айтып берді, көршісі
тыңдап, сұрағы болса, айтушыға қойды. Одан кейін
оқушылардың бірі интерактивті тақтада тақырыпты презентация
түрінде көрсетті. Осылай «Калий хлориді ерітіндісінің
электролизі (тотығуы)» атты конспектінің II бөлімі
оқылды.
Су – әлсіз электролит ретінде жекелей
түзіледі.
H2O↔H+ +OH-
Катодқа катиондар жылжыса К +
және Н +, анодқа + Cl - және OH-
К (-) А (+)
Н+,К+ - CL-,OH- +
- +
- +
- +
Н + белсенділігі
К+ дан жоғары
болуына байланысты катодта Cl – белсенділігі OH – дан жоғары,
газ бөлінеді. Газ H2
0 ↑: сондықтан
анодтан Cl 2↑: бөлінеді
2H++ 2e = Н2º↑ 2 Cl- -2e = Cl2↑
Электролиздің суммарлық реакциясы мынадай түрде болады:
эл
.ток
2KCl
+ 2 H2O = H2º↑ + Cl2º↑+2KOH
К А
«Күміс нитраты ерітіндісінің
электролизі» бөлімін оқу рефлексия кезінде есептерді шешу
арқылы өтті. «Күміс нитратының су ерітіндісін
электролиздеу кезінде 5,6 газ бөлінеді. Катодқа неше грамм металл
бөлінеді?» Оқушылар тапсырманы ойдағыдай орындады,
бұл сабақ тақырыбының меңгерілгенін білдіреді.
Өз ойымды мынадай жолдармен
аяқтағым келеді:
«Мен барлық жауапты білгеннен гөрі,
кейбір сұрақтарды білгенді жөн деп санаймын». Джеймс Тарбер.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту
технологиялары. – Алматы, 2000.
Қабдешова Ә.
Сын тұрғысынан ойлау // Қазақ тілі мен әдебиеті.-
№10.35-45б
Ешанова
Г.Сұлтанбек Қожахметовтің жеке тұлғаның
дамуына бағытталған ой-
пікірлер// Қазақстан жоғары мектебі. -2006.-№1.
96-99 б.