Қазақстандағы тарихи музейлер пәнін оқытуда
ақпараттық - техникалық құралдарды қолдану
тиімділігі
ҚазҰУ-дың Археология,этнология және музеология
кафедрасының доценті Г.Б.Қозғамбаева, аға оқытушы Б.Ш.Солтиева
Білім берудің қазіргі негізгі
мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол
жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік
және кәсіби білікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау
және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан
бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және
жұмыс істеу болып табылады. Жоғары білім беру өндіріс пен
нарықтың жылдам өзгеріп жатқан жағдайына
бейімделген жаңа үлгідегі мамандар даярлауға мүмкіндік
беретін бакалаврлық бағдарламалар арқылы іске асырылатын
болады – деп «Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген [1,3б.].
Жоғары оқу орындары мемлекеттік сұранысты жүзеге
асырушы ұйым ролін атқарады, өйткені студенттерге білім берумен қатар болашақта
білікті маманы болып қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Болашақ
маман сенімді, өзіндік ойлау қабілеті бар, болашақ
тұлға ретінде қалыптасу қажет.
Тұлғалық емес бағытталған курстардың орнына
оқу жоспарына жаңа пәндер, арнайы курстар қосылуы
қажет [2, -19б.]. Студентердің музей ісі мен ескерткіштерді
қорғау саласында мамандарды дайындау білімінің негізгі
педагогикалық шарттарының бірі – білім мазмұны.
Мазмұнын іріктеу кезінде білім мазмұны қоғам,
ғылым, мәдениет пен тұлғаның даму талаптарына
сәйкес келу қағидаларын атқару қажет. Бұл
қағидалар «білім мазмұнына қажетті дәстүрлі
білімді, машықты, сондай-ақ әлеуметтің қазіргі
заманға сай даму деңгейін, ғылыми білімді, мәдени
өмір мен жеке бастың өсу мүмкіндігін бейнелейтіндерді
қосуды талап етеді. Тәуелсіз елімізде
тарихи-мәдени мұраны сақтау мен оны дәріптеу бойынша
әртүрлі профильдегі 200-ден астам музей жұмыс
жасайды.Болашақ музей мамандары жоғары оқу орындарында «Музей
ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша
дәріс алып, республиканың әртүрлі салалық музейлерінде жемісті еңбек етуде.
Жоғарғы кәсіби музейлік білім беру жүйесі
Қазақстанда 1930-шы жылдары басталғанымен бұл
үрдіс тек 1980-ші жылдары
жолға қойылды. 1981 жылы әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетіне
«Музейтану» арнайы курсы енгізілді. Тарихи пәндерімен бірге музейтану
пәнін қоса меңгерген мамандарға музейлерде жұмыс
істеуге мүмкіндіктер ашылды. Музей мамандығы бойынша
қызметкерлердің сандық көрсеткіші 1980 жылы-71,2 пайыз,
1987 жылы-75,7 пайызының жоғары білімі болған[3,49б.].Бұл көрсеткіштен біз,
1980-ші жылдардың басында республика музейлерінде жұмыс жасайтын
қызметкерлердің негізгі бөлігінің жоғары білімі болғандығын
аңғарамыз. Бүгінгі күні республикамызда музей
білімінің негізгі орталықтары әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-нің Тарих, археология және этнология факультеті археология,
этнология және музеология
кафедрасы және ОҚМУ-нің
Мәдениеттану,әлеуметтік жұмыс және музей ісі кафедрасы.
Басқа да жоғары оқу орындарында элективті пән ретінде
тарих мамандығын игеретін студенттерге «Музей ісі»,«Музей тану»
пәні оқытылады. Қазақстанның тарихи
музейлері пәнінің мақсаты: студенттер музей
мекемелерінің құрылу, қалыптасу процестерін жете
түсіну, музей қорлары мен коллекциясының қалыптасуын,
музей мекемелерінің қызметтерін қазіргі заманға сай
талаптарын меңгеру. Әртүрлі саладағы музейлердің
археологиялық, этнологиялық, нумизматикалық және т.б.
музей кешен қорықтарының бүгінгі бағыттарын
саралауға үйрету. Тәуелсіздік кезеңіндегі
қалыптасқан Қазақстанның тарихи музейлері
жұмыстарының негізгі бағыттары және бүгінгі
музейтанудың өзекті мәселелерімен жан –жақты танысып,
қазіргі заманға сай жақсарту, зерттеу, анализ, синтез,
сұрыптау, салыстыру сияқты түрлерін қолдану
дағдыларын үйрену. Халықаралық музейлер кеңесінің
және оның Қазақстанның тарихи музейлерінің
ісін жетілдіруде атқаратын ролімен жете таныстыру, сондай-ақ
пәннің мақсат,міндеттерін жете меңгеру.
Қазақстанның тарихи музейлері пәнінен дәріс,
семинар және студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізілетін
өзіндік жұмыстар(СӨЖ) сабақтарымен қатар
оқу бағдарламасына сәйкес белгілі курста музейлерде өтетін практика жүргізіледі. Курс
бойынша студентке білім беруді мақсат тұтқан оқытушы
өз сабақтарында студенттің идеясы мен білім біліктілігін
дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырылуын талап
етеді. Қазіргі кезеңдегі технологиялардың дамуы барысында
ұстаздардың рөлін түбегейлі өзгерту
мүмкіндігі туды, ұстаз тек қана білімді алып, жүруші
ғана емес, сонымен қатар студенттердің өзіндік
шығармашылық жұмысының жетекшісі. Пән оқытушысы дәріс, сабағын
өтуде түсіндіру,әңгімелеу,өзекті мәселе
қоя отырып аудиториядағы студенттермен сұрақ – жауап
әдісін және оқытудың белсенді түрлерін
қолдану тиімділігін қарастырады.
Жоғары
оқу орындарында білім алатын студент - болашақ заманның
саналы, мәдениетті азаматтары ретінде өзінің елінің,
ата - бабасының тарихын, рухани
және материалдық мәдениетін, білуге тиісті.
Ата-бабасының тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын
білу адамның Отанға деген ұлтжандылық сезімін оятады.
Осыған байланысты қазіргі уақытта жоғары оқу
орындарында мамандық бойынша студенттерге өтетін пәндерді
оқытуды жақсартып, оқыту әдістемесін дамытып
жоғарғы сатыға көтеру қажеттілігі бүгінгі
күнде өзекті, әрі қажет. Республикамызда білім
берудің мемлекеттік стандартына сәйкес оқу үдерісінде
ақпараттық техникалық құралдарды пайдалану
тиімділігі артып отыр. Оқыту үдерісінде
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оның ішінде
электронды кітапхана, электронды басылымдар, электронды оқулықтар
және тағы басқалары. Интернет ресурстарын жан-жақты
меңгеру мүмкіндіктері пайда болды, қашықтықтан
оқыту орталықтарына шығу жолдары анықталды. Міне,
осындай жағдайларда болашақ
музей мамандарын даярлау барысында Қазақстанның тарихи
музейлері пәнін оқыту барысында ақпараттық
технологияларды қолдануға мүмкіндіктер жасалуда. Студенттерге
Wеb-сервермен жұмыс жасауға мүмкіндік туып, ЖОО туралы
және басқа ақпараттарды өздерінің Wеb-беттерінде
орналастыра алады, теле коммуникациялық жүйені қолдана
отырып, электронды почта арқылы түрлі телеконференцияларға
қатыса алады. Қазіргі кезде студенттер шетелдердегі виртуалды
музейлерден өздеріне қажетті материалдар мен ол музейдің
тарихы және ондағы экспонаттарымен және басқа елдегі
замандастарымен байланысып, олимпиадалар мен конкурстарға қатысып
оқуға деген ынтасын жоғарылата алуына мүмкіндік бар.
Ақпараттық-технологиялар бүгінгі күні
дәстүрлі оқыту үдерісін өзгертуге нәтижелі
тәжірибенің жинақталғаны байқалып отыр.Жаңа
ақпараттық технологиялар жағдайында оқыту процесі оқытушы мен студенттің
өзара байланысынсыз жүруі мүмкін емес. Студенттің білімді, іскерлікті,
дағдыны өз бетінше меңгеруге талпынысы, оқытушы мен
студенттің бірлескен іс-әрекетінің нәтижесінде болады. Оқыту процесін
ақпараттандыруда студенттің зерттеу қызметін
ұйымдастыру әдістемесінде өз бетімен білім алу жолы ерекше.
Өздерінің танымдық және практикалық
іс-әрекеті мазмұның студенттер өз бетімен
анықтайды. Бұл жағдайда оқу мазмұның
педагог түсініп, ұғып, өңдеп жеткізгендей
болғанымен, кейде дәріс мазмұнда белгіленген жоспардағы
мәселелер қандай да бір әдісті қолданғанымен
толық көлемде жеткізу мүмкін бола бермейді. Сондықтан
студент мұндай дәріс мазмұнындағы кейбір
мәселелердә өз бетімен меңгереді. Мұндай
оқу мазмұның меңгеру өз бетімен білім алу - деп аталады және ол адамның жеке
тәжірибесі болып табылады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша,
өз бетімен білім алу адамның білімді және біліктілікті
меңгерудегі ең белсенді үдерісі.Электронды
оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады: «оқу», «оқыту»,
«бақылау және тексеру»[4,37б.].
Қортындылай келе, Қазақстанның
тарихи музейлері пәнінен дәріс, семинар және СӨЖ
сабақтарын өтуде ақпараттық-техникалық
құралдарды қолдану тиімді. Белгілі бір тақырып бойынша
студенттердің білімін зерттегенде, олардың әртүрлі
деректер бойынша алған білімдері оқулықтар мен дәріс
және семинар сабақтарда берілетін тапсырмалардан
әлдеқайда көп екендігі анықталған. Жаңа
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар өз бетімен білім алу үдерісі
дамуына нақты жағдай жасауда. Өйткені, электронды
оқулықтар өзінің негізгі ерекшеліктері бойынша
студенттерді өз бетінше жұмыс жасауына ықпал етеді.
Әдебиеттер
тізімі:
1.
«Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы».
Қазақстан тарихы. Ғылыми-Әдістемелік журнал №1. 2004
ж.3,7-9б.
2.
Қариева Қ. Ө. Оқу
үрдісін жобалауда педагогикалық технологияны іске асырудың дидактикалық
шарттары. автореф. дисс….пед.ғыл. канд.- Астана,
- 2003. – 30 б.
3. Мұстапаева Д.Ө. Қазақстандағы музей
ісінің тарихы. –Түркістан:
Тұран баспасы, – 2011. – 200 бет.
4.
Шаповаленко С.Г. Учебник в системе средств
обучения. В кн. Проблемы школьного учебника. - М., 1976. - Вып. 4. – С. 37.