Педагогика
Ахметова Камила, Өндірістік
оқыту шебері,
Жаңақорған аграрлы-техникалық
колледжі,
Қызылорда облысы, Қазақстан
Шебердің кәсіби іс-әрекетіндегі жазбаша нұсқау
беруі
Кәсіптік
оқыту процесінде жазбаша нұсқау беру
құжатының орны мен қызметі қандай, олардың
ең алдымен өндірістік оқу іс-әрекетінде
студенттердің тиімді бағыттылығының дұрыс
және сапалы негізін құру және қолдау керек.
Нұсқау беру аса түсінікті
болса да, еңбек іс-әрекетінің тәсілдері мен
әдістерін шебер үйреткені бойынша студенттер естігені мен
көргенін, өздеріне бұл түсініктерден
қабылдағанын оны кәсіптік оқу жұмысы процесінде
кеңінен қолданатындай есте қалдыра алмайды. Ол келесі студентке
жазбаша нұсқау беруде толықтырылады. Бірақ шебер
көмек керек студенттерге дер кезінде көмек көрсетуге шамасы
келмейді, біреулері көңілін бөле алмайды, кейбіреулері
көмек сұрамайды және меңгерген іс-әрекетін
өзі істеуге тырмысады және т.с.с. Осындай жағдайлардан
құтылу үшін сабақ үстінде жазбаша нұсқау
беру құжаты қолданылады. Ол кесте түрінде керекті анықтаулар
рет-ретімен, құрылымымен, ережелерімен берілген жаттығуларды табысты
орындауға арналған арнайы оқу нұсқауы.
Өндірістік
оқыту практикасында, ең алдымен оқу шеберханалары мен
лабараторияларда жазбаша нұсқау берудің келесі негізгі
құжат түрлері болады: нұсқау карталары -
еңбек тәсілдері мен амалдары, операциялар, жұмыс
түрлерімен игеру мен жұмыс жасауда қолданылады; техникалық
нұсқау және технологиялық карталар жалпы кешенді
сипаттағы жұмысты орындауда студенттердің
оқу-өндірістік істерді орындауда қолданылады; оқу
алгоритмі-оқу процесінің әртүрлі кезеңінде
қолдануға болады.
Жазбаша
нұсқау беру құжаттарының ішінде ерекшесі–ол нұсқау
картасы алады. Оны қолдануда студенттерге меңгеріп отырған
кәсібінің негізін үйренуге және кәсібі мен мамандығының
қыр-сырларын толығымен игеруге көмектеседі.
Нұсқау
картасында ақпараттар екі түрде беріледі: ауызша - маңызды
істердің бірізділігі, оқып жатқан әдіс,
тәсілдердің ереже-нұсқаулары және
жарлықтары, атқарған іс-әрекеттің ережелері,
бағалау крийтерийлері және өзін-өзі бағалауы,
еңбекті атқару барысындағы ережелер мен қауіпсіздік
тәсілдері, еңбек іс-әрекеттерін орындауда қолданылатын
амалдардың нұсқауы және графикалық нақты нұсқау
қажеттілігіне ие болатын суреттер, графикалық сызбалар және
т.б. Операцияларын, жұмыс түрлерін игеруге нұсқау
картасы студенттерге еңбектің бірізді ашылған іс-әрекет
негіздерін береді.
Нұсқау
картасын оқытуға бола ма деген сұрақ туады.
Әрине, болады. Нұсқау картасымен оқу сапасы
жоғарылайды. Біріншіден картаның бары студенттердің
нұсқау алу жылдамдығын арттырады, әсіресе бірінші
жаңа еңбек амалдарын игеру кезінде оның әдістерін
және жұмыс түрлерін меңгереді. Екіншіден:
нұсқаулық карталар сол ауданда мамандырылған
жоғарғы дәрежеде білікті мамандардың қатысуымен
және әдістемелік жоспарымен жасалады. Осыған орай
нұсқаулық карталар еңбек тәсілдерінің
тиімді жағынан және студенттерді әдістемелік жағынан
ашады. Осыған сәйкес нұсқаулық карталар
өнімділік оқудағы жаңа бастап келе жатқан
шеберлерге өзіне тән оқу құралы болып табылады.
Нұсқаулық карталар өз
алдында өңдірілген әдістемелік түрде оқылатын
еңбек процесін көрсетеді. Сондықтан да жазбаша
нұсқау беру құжаттамасын студенттердің оқу
құжаттамасы ретінде қарап-қолданып қоймай,
оқу өнімділік шебердің әдістемелік
құжаттары ретінде қолдану керек.
Нұсқау
картасының жетілдіру кезіндегі бірінші талабы олардың оқу
бағдарламасымен сәйкес келуі. Осыған орай бағдарлама
материалының мазмұнының анализіне және
нұсқаулық картаның тұрғызу
құрылымының анықтамасына көңіл бөлу
керек.
Еңбек
оқу амал әдістеріне арналған арнайы түсіндіруді талап
ететін жаңа материалдарды, еңбек түрін бөліп
картаға қосу керек. Ертеректе оқылған еңбек амал-әдістеріне
оңай материалдарды картаға қосуды талап етпейді. Бұл
картаны қолдануға ықшам әрі ыңғайлы етеді.
Біріншіден: оқу материалы мен бағдарлама талдауына сүйене отырып,
картадағы операция амал әдістерінің ашылуын бөліп
қою керек, оқу операциясының басты
бағдарламасының игеруге арналған бағдарлама
тақырыбы. Олардың игеру ретін шебер анықтайды, осы
сәтте нұсқаулық картаны құрастырады.
Басқа
өнімділік оқуда қолданылатын жазбаны нұсқау беру
құжаты, нұсқаулық-технологиялық және
технологиялық карта деп аталады. Бұл карталар нақты
технологиялық құжат кәсіпорындарда мамандығына оқу
бойынша іс жүзінде қолданылады.
Нұсқаулық
карта студентке екі жағын ашады «не істеу керек» және «қалай
істеу керек» - картаның әр элемент бөлігі маңызды
нұсқаулар мен түсініктемелері осында. Жаттығуларды
қалай істеу керек. Нұсқаулық картаның жетілдіру
күрделілігі осында. Нұсқаулық тапсырмаларды және
картадағы түсіндірмелерді қысқа, анық және
түсінікті етіп жасау қажет.
Қорыта
айтқанда, студенттерге ең
маңыздысы қол астындағы картамен қолданып
үйреткен қажет. Егер студент тапсырманы қате жасап жатса
оған қателігіне жол бермей, қайтадан зейін қойып
қарауды талап ете отырып жаңа іскерлік пен дағдысын
қалыптастыру керек. Осындай оқыту әдісі, студенттің
әр нәрсеге зейін қойып қарауына және
ұзақ есте сақтауына себеп болады.
Әдебиеттер
1.Қозыбай А., Жексенбиева Н., Өстеміров
К. Топ жетекшісі (Өндірістік оқыту шебері). Оқу
құралы. «Фолиант» баспасы, Астана-2010.
2. Өстеміров К. Кәсіптік
оқыту әдістемесі. «РАДиАЛ» баспасы, Алматы, 2006.
3. Скакун В.А. Оганизация и методика профессионального
образования. Учебное пособие. Москва, 2007.