Бультрикова Гүлжаухар Максимовна

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемелекеттік

педагогикалық институты.

 

ИНОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАДА ПАЙДАЛАНУ

 

Компьютерлік графикадан практикалық жұмыс барысында көрсетілетін  әртүрлі процестерді және кәсіптік шеберлікті дамыту үшін бір семестер  аралығында оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыра білу мүмкін емес.  Жоғары оқу орындарындағы студенттердің компьютерлік графикадан кәсіби шеберлігін қалыптастыру, оқу процесін талдау негізінде педагогикалық міндеттерді қолдана білу тәсілдері арқылы көрінеді. Сондықтанда кәсіби шеберлікті шыңдаудың ең маңызды сипаттамаларының бірі-оқу материалының мазмұнын баяндау, оларға оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыра білумен қатар, студенттерге өз іс-әрекетін сыни көзқараспен қарауын қалыптастыру. Осыған байланысты жоғары оқу орындағы студенттердің компьютерлік графикадан кәсіби шеберлігін қалыптастырудың этаптарын қарастыруға болады: уәждеу, мәселені теориялық жағынан  қабылдату, кәсіби шеберлікті дамыту барысында сыни көзқараспен қарауды жүзеге асырту т.б. Сондықтанда, қазіргі кездегі жоғары оқу орындарындағы студенттердің компьютерлік графикадан кәсіби шеберлігінің қалыптасуы: психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім алуы, ойлаудың сыни, креативті стилін қарастырылуы, диагностика, иновациялық технологияны менгеруі, тұлғаның әмбебап қасиеттерінің жиынтығына байланысты.

Алыс, жақын шетел және Қазақстандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын теориялық тұрғыдан талдау жасап қарағанда «шебердің кәсіби құзыреттілік» ұғымының мәні түрлі терминдермен аталғанына қарамастан, антикалық кезеңде Платон, Аристотелдің көзқарасы бойынша жалпы білім беру мен кәсіпке үйретуді байланыстыру негізінде білімнің жоғарғы реалистік деңгейін ұстанып дамытуды ұсынғандығы айтылады, ал, Еуропа XVIII-XIX ғасырда кәсіби мектептерді жоғарғы оқу орындары ретінде қайта құруды қарастырғандығы мен қатар жоғарғы мамандыққа дайындайтын кәсіби оқу орындарының кәсіби құзіреті, бәсекеге қабілетті маман даярлау жолындағы ізденістерінің дәлелі бола алады-делінген [1].

Кәсіби шебердің құзыреттілік мәселесі-күрделі көп қырлы мәселе. Кәсіби құзыреттілік мәселесін философияда, психологияда, педагогикада т.б. кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесінде, акмеология ғылымдарында әр қырынан қарастырылып жүр.

Қазіргі уақытта кәсіби құзыреттілік дербес және жауаптылықпен әрекет ететін белгілі бір жұмыс процесін орындауда қабілеттілікпен икемділікті дамытатын, соған жол ашатын психологиялық ахуал, психикалық сапалардың қосылымы ретінде белгіленіп жүр. Ал кәсіпкер шебердің құзіреттілігін жеке тұлға ретіндегі ахуалын анықтау үшін кәсіби психолог қатысуының маңызы зор.  Құзіретті болу мен құзіретсіз болудың себебі бірдей. Ол адамның жеке тұлға ретіндегі ахуалы, эмоционалды тұрақтылығымен айнымалылығы, көңіл-күйінің жақсы-жамандығына тән.

Заманауи талабына сай жоғарғы оқу орындарында білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы ең басты мәселе мамандардың кәсіби шеберлігін жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, білім беру жүйесі арқылы кәсіби шеберлігін жетілдірудің түп-тамыры – тұлға субьекті болып табылады, ал, барлық білім процесінде тең құқылы субьектілер оқытушы мен студент екенін ескерген дұрыс.

Қазіргі кезде педагогикалық білім беру бағдарламасы мен тұжырымдамасы болашақ кәсіпкер маманның ғылыми теориялық және практикалық дайындығы болуын талап етеді. Оның ішкі жан дүниесі шығармашылыққа негізделген, қоғамды, әлеуметтік, экономикалық жағдайды кәсіпкерлік тұрғыдан түсінетін, заман талабына сай шеберлігі  қалыптасқан дәстүрлі іс-әрекеттерді жаңалықпен үйлестіре білетін  жауапкершілік құзырлығы жеткілікті кәсіпкер маман болуы керек.

Кәсіпкерлік шеберлікке оқытушы – жоғарғы оқу орындарындағы басты тұлға. Студенттің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қасиетін дамыту оқытушыға жүктелген. Бірақ қазіргі кезеңде оқытушы мен студенттің арасындағы тұлғалық әлеуетін дамыту әлі де болса  психологиялық-педагогикалық терең талдаудан өткен жоқ. Екінші жағынан қарастыратын болсақ, кәсіби практика оқу-тәрбие жұмысының процесін тұлға аралық қарым-қатынас деңгейіне көтеретіндігі, яғни, кәсіби шеберлікті шыңдайтын  тәжірибе екі жақтың тұлғалық өсуінің көзі деуге болады, ол, шеберлікпен шығармашылықты ұштайды.

Осыған байланысты жоғарғы оқу орындарында компьютерді  оқыту әсіресе көркемөнер студенттерінің шығармашылық денгейінің өсуіне және ұлттық мәдениетімізді, ата дәстүрімен қалыптасқан өнерімізді, дінімізді, тілімізді бүкіл әлемге танытуға тигізер әсері туралы ой-пікірлерді қалыптастыруда құзырлық орны ерекше.

Заманымыздың талабына байланысты еліміздің экономикасымен бірге интеллектуалды ой-санасы ғарыштап дамыған бүгінгі қоғамның, оқытушы алдына қойып отырған талап-тілегі зор екенін терең түсінген президенттіміз өзінің халыққа жолдауында «Келешекте ұстаз мамандығы ең беделді әрі жоғары ақы төленетін мамандықтардың бірі болуы керектігін және соған орай, оқытушы да уақыт талабына сай болуы қажет» десе, екінші жолдауында осы ойды жалғастыра келе «Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының алдындағы міндет – әлемдік стандарт деңгейінде білім беріп, дипломдарының дүние жүзінде мойындалуына қол жеткізу» екенін айқындап берді[2].

Кәсіби шеберлікті шыңдап білім алып, жаңа талаптарға сай компьютерлік бағдарламаларымен еркін жұмыс істеп шеберлігін дамыта алуы сияқты бүгінгі қоғамның сұранысына сай болуы үшін әрбір оқытушы ұстаз иновациялық технологияда жұмыс істей алуы тиіс.

Егерде тарихқа көз салар болсақ осыған байланысты, ең алғашқы тәжірибенің иесі ғұлама ғалым Я.А. Коменскийдің жалпыға бірдей білім берудің технологиясын атауға болады. Я.А. Коменскийдің ұсынған технологиясының басты элементтері – сабақтастық – сыныптық жүйені оқытудың пәнділігі, материалды түсіндірудің жалпыға бірдей тәртібі т.б., [2].  Оқытудың  бұл  жүйесі  әлі  күнге  дейін  педагогикалық  технологиялардың  негізгісі болып табылады.

Еуропада XX ғасырдың 40-50 жылдары «Білім беру технологиясы» термині күнделікті тұрмысқа қажет техникалық құралдарды пайдаланумен түсіндіріледі: үн және табақша таспалар, түрлі жобалаушы құралдар, көгілдір экрандар, слайдтар т.б.  Кеңестік дәуірдің 60-жылдары бағдарламамен оқыту кеңінен қарастырылды, ал, 70-80  жылдары ғана жоғарғы оқу орындарында информатика, есептеуіш технологиялар, телекоммуникация  негіздері, педагогикалық квалиметрия және жүйелі талдау пәндерінің енуіне сәйкес «педагогикалық технологиялар» пайда бола бастады.

90-жылдары заманауи талабына сайоқыту құралдары орынына персоналды компьютердің шығуына қарай, «педагогикалық технологиялар» бағдарламаларының  даму  кезеңі басталды.

Еліміз егемендік алып, қазіргі қоғамның барлық саласында, соның ішінде, өмірде жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру, осы кезге дейінгі білім саласындағы дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай, жоғарғы оқу орындарының өнер институттарында оқып жатқан мамандықтарды компьютерлік графикадан оқу-тәрбие үрдісіне енгізілген педагогикалық технологиялар арқылы шығармашылыққа тәрбиелеп, студенттерге тиімді білім беру жолдары арқылы, тұлға кәсіпкер мамандық сипатын құзырлық іс-әрекетте кең түрде заман талабына сай қолданылуын қарастыру керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Материалдар жинағы: журнал. Абай ат. ҚазҰПУ. Алматы; 2011.

2.  Қазақстан президентінің «Қазақстан халқына жолдауы» Алматы, 2007.

3.  Педагогика. Оқулық. Абай атындағы ҚазҰПУ. Алматы; 2005.