Педагогические науки/

Бабаева Жанар Алиқызы

№184мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Қожакент ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан

 

Жаңаша оқыту жетістікке жетелейді

 

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген  қасиеттерімен озады» деген Абай. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін  жойған емес. Озық  ойлы  білімдар  заманның  дамуына  өз  үлесін  қосады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге  қалаймыз» тақырыбындағы жолдауында «өмір бойы білім алу әрбір  қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген. ХХІ ғасыр білімді де білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көп мәдениетті тұлғалар ғасыры болмақ.

Білім беру саласында түбегейлі өзгерістер енгізілуде. Сондықтан орта мектептерде кәсіби құзырлы, жаңа технологиялармен қаруланған, өз пәнін жетік меңгерген мұғалімдер болады деп сенім артады. Сабақты қызықты сапалы өтуі, тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Мұғалімнің шеберлігі мен оқушыларды жұппен, топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар оқушылардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады. Олардың арқасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді, уақыт үнемделеді.

Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен  қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді әрі жеке  жұмыста өз білімін тексереді. Сабақ барысында оқушылардың ізденуін   қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің  бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқу» жобасының стратегиялары. Өз пәнінің мазмұнын меңгертудің әдістемесін жетілдіруде «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модульінің ролі мен үшін ерекше болды. Өйткені, бұл модульдегі  мұғалімнің оқушыларды  қалай  оқу  керектігін  үйрету  және олардың  қалай  оқу керектігін үйрену үдерісіне жете мән берілгенде ғана пәннің мазмұнын меңгерту мен меңгеру сәтті жүреді екен. Мектептегі тәжірибемде сыни тұрғысынан ойлауға оқыту «Синквейн» әдісін қолданған кезде present simple, present countinuos-тың сөйлемдегі айырмашылығын байқайды, дұрыс қолдана біледі, жаттығуларды өз беттерімен орындайды. «Мағынаны ажырату»   кезеңінде оқушыларға learn English сөз тіркесі берілді. Ассоциация әдісі  сияқты, кластер жасай отырып жұмыс істеді. Осындай тапсырманы орындау барысында оқушылардың белсенділігі  артты.

Блум таксономиясының білу деңгейінде «аукцион» ойынын ойнаттым. Бұл ойынның мақсаты «қоршаған орта» тақырыбына байланысты білетін сөздерін еске түсіру және қаншалықты сөз білетіндігін анықтау.

Present simple 5 сөйлем, present continuous-ке 5 сөйлем берілген, лексика 12 сөз. Барлығы 22 сөз. Оқушылар қолдарындағы қағаздарды көтеру арқылы  жауап берді. 6 сөзді немесе 1 сөйлемді тапқан оқушы ойыннан шығады. Осы тапсырма бойынша мынадай бағалау критерийі берілді. 12 сөзге, 5 сөйлемге 5 ұпай, он сөз 3 сөйлемге 4 ұпай, 7 сөз 2 сөйлемге 1 ұпай.           

Келесі жаңа әдістердің бірі «диалог арқылы оқыту». Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Ағылшын тілі пәнінде ең тиімді әдіс болып  табылады. Мұғалім сабаққа кіргеннен бастап оқушылармен диалогта болады. Оқушылармен амандасуы, бүгінгі күнді, аптаның күнін, айды, жыл мезгілді сұраудан басталады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету оқушыларды қызықтырады. Сабақ барысында оқушылар бір-бірімен екеуара әңгімелесіп, жұбымен сұрақ-жауап әдісін тиімді қолдана біледі.

Диалогтық оқыту мұғалімнің шын мәнінде шынайы білімі мен құзіреттілігінің, кәсіби біліктілігінің арқасында ғана жүзеге асады.

Оқыту үшін бағалау және оқушы бағалау. Формативті бағалау барлық сабақ кезеңінде жүргізіледі: қол шапалақтау, қол белгісі, стикермен бағалау, критерийлер арқылы бағалау. Сабақтың соңында жиынтық баға қойылады. Сабақтың соңында кері байланыс баланың бүгінгі сабақты түсінгенін және де келесі сабаққа ұсынысын білдіреді. Талантты және дарынды балаларды оқытуда әр түрлі әдістерді қолдандым: әлем шарлау, кубизм, рольдік ойындар, диалогтар құрау, семантикалық карта, көрнекілік стратегиясы. Мысалы, «әлем шарлау» стратегиясы арқылы алған білімдерін бір-біріне түсіндіріп, тыңдайды. «Кубизм» стратегиясы арқылы ұғымды жан-жақты, әр қырынан салыстырады, анықтайды, суреттейді, зерттейді, т.б.  

Бағдарламаның 7 модулін сабақтың әр кезеңінде дұрыс қолдана білген мұғалім белгілі бір жетістікке қол жеткізеді.

Осы арқылы қандай нәтижеге жеттім?

Ø Оқушылар  басқамен  қарым-қатынас  жасай  біледі;

Ø Басқаларды тыңдауды, кез-келген жауапқа сыйластықпен, түсіністікпен қарауға  үйретеді;

Ø Өз ойын топ ішінде, топ алдында ашық айтуға, қорғай білуге үйретеді.

Ø Керек кезінде өз көзқарастарын өзгертуге үйретеді, дамуын қамтамасыз етеді;

Ø Оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге үйретеді;

Ø Сабаққа деген қызығушылығы артып, белсенділігі жоғарылайды;

Ø Алған білімдерін өмірмен тәжірибемен  байланыстыра алады.

Қорыта келгенде, алдағы уақыттарда осы бағдарламамен жақсы жұмыс жасасақ, оқушыларымыздың санасы жаңашыл идеяларға толы болады деп ойлаймын. Міне, осындай қуат бойына дарыған оқушы келешекте бәсекеге қабілетті болатынына сенімдімін.