Заурбекова А.М, Ынтымақова Д.К.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНА
ОТЫРЫП ЖАСАЛАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Бұрынғы қолданылған оқыту
әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек
тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан
шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім
негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс
алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау - өте
күрделі маңызды құбылыс.Сын тұрғысынан
ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың
қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін
және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан
ойлау дегеніміз- ой қозғай отырып, оқушының өз
ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап,
салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі
зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз
бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын
тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы.
Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге,
пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға,
құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей
отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Оқушы-ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші.
Мұғалім-әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі
шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін
уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық
айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді
қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді
іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған
қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған
сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез-келген
жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған
түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін,
жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз
ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе,
өз іс-әрекетіне лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен
өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан
қарап, өз мақсатына пайдалана білу. Бастауыш сынып
оқушыларын кез-келген мазмұнға сын тұрғысынан
қарауды сабақта және сабақтан тыс уақытта
үйрету. Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды
меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт:
- жоспарлауға дайын болуы;
-бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
-қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
-жете түсінуі (өзінің және
басқа адамдардың пікірін қадағалау);
-ымыралы келісімді іздеуі;
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
- сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін
уақыт және мүмкіндік беру;
- оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
- әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік
жасау;
- оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
- әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға
қабілетті;
- оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның
пікірін бағалау.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
- инсерт;
- екі жақты күнделік;
- қосымша журнал;
- сабақтың бірінші кезеңінде қойылған
сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т.
б.Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады,
тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс,
әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе- эксперимент жасау,
мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта
жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде
жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі
және білім прагдимасы қалыптасады.Аталмыш бағдарламада сын
тұрғысынан ойлау мен жазу технолгиясын сабақта тиімді
қолданудың теориялық тұжырымдары көрсетілген. Сын
тұрғысынан ойлау технолгиясы қазіргі таңда жас
ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ең
қажет ететін әдістеме.
Бүгінгі таңда білім берудін озық
технологияларыңн меңгермейінше , сауатты әрі жан-жақты
болу мүмкін емес.Міне сондықтан да ұстаздың
мақсаты міндеті осындай жақсы қасиеттерді
оқушының бойынан жоғалтып алмай,тереңінен
қалыптастыру. Одан әрі жоғары деңгейде дамыту болып
табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында сын тұрғысынан
ойлау технологиясы ерекше орын алады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
жалпы оқытуды үйретіп қана қоймай, түрлі
әдіс-тәсілдер арқылы оқуға деген ынтасы артып,
өзін-өзі оқытуға деген ойы арта түседі. Сыни
тұрғысынан ойлау ұғымын белгілі бір идеяларды
қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды
жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу,
салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен
тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп
түсіндіреді. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын
қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары
деңгейде өтуінің алғы шарты оның шартты
ережелерінде,яғни,стратегияларында. Стратегия дегеніміз-философия,
әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген
стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне
білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ.
Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет
етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең,
жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады,
стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына
қарай стратегияларды әр мұғалім өзі тиімді
пайдалана алады. Бұл мұғалімнің әдістерді
қолайлы пайдалану шеберлігіне де байланысты.Сто технологиясының
мақсаты балалардың келешек өміріне қажет қимыл
әрекеттері яғни жан-жақты ойлау арқылы дұрыс
шешім қабылдай алуға үйретеді.
Әдебиет:
1.
«Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы
2.
Қазақстан
Республикасы Президентінің халқына жолдауы.
3.
Сабыров Т. Оқушылардың оқу
белсенділігін артыру жолдары. А.1978.
4.
«12-жылдық
білім беру», 2009 ж.
5.
«Модульдік оқыту технологиясы оқушыны
дамыту құралы ретінде» М.М.Жанпеисова, Алматы, 2002.
6.
Қажыкенова С. Сын
тұрғысынан ойлау жобасының тиімділігі //
Қазақстан мектебі, 2010, № 8.
7.
Исабаева С. Танымдық
іс-әрекетін арттырудың әдіс тәсілдері. //
Қазақстан мектебі, 2010, № 11.