Педагогика. Современные методы
педагогиеи
Байқожаева
Тілеулес Мұхамырқызы
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім
беретін мектебі, Алматы қаласы
Мағжан Жұмабаевтың
поэзиясы әлеуметтік, эстетикалық талғамы жоғары,
айрықша айшықталған, ерекше жаралған дүние, қазақтың сөз
өнері үшін жаңа, терең
әлем. Мағжан лирикасының құдіреті –
түр сипаты, сөз қолданысы тілінің дәлдігі,
ой-толғамдарының жаңалығы, суреттелген жайлардың
айқындығы, сөз ойнату иірімдерінің жарасымы –
осының бәрі жинақтала келе Мағжан поэзиясының
ерекше қасиетін байқатады.
Мағжан Абай дәстүрін жалғап, оны
жаңалады, өзіндік бояумен өрнектеді. Мағжан Абайды
үлгілі ұстаз етіп
әрқашан құрмет
тұтты. Оның ең үлкен себебі
Мағжанның қолына 1909 - жылы шыққан Абайдың
өлеңдер жинағы түседі. Бұл жинақ
Мағжанның үлкен ақындық мектебі болады.
Сондықтан қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар
Әуезов: "Абайдан кейін Мағжанды сүйемін Мағжан –
культурасы зор ақын... Сыртқы кестенің келісімі мен
күйшілігіне қарағанда, бұл бар заманның шегінен
асқандай... бүгінгі күннің бар жазушының ішінен
келешекке бойұрып, артқы күнге анық қалуға
жарайтын сөз – Мағжан сөзі"- деді. Мағжан алғашқы
өлеңдерінің бірін Абайға арнап "Алтын хакім
Абайға"- деп атады. Өлеңде Абай сөзінің
баға жетпес асыл екенін, мың жыл өтсе де мәні де,
мағынасы да жойылмайтынын, әлемде жаңғырып
тұратынын атап өтеді. Мағжан да Абайдай өз халқын
өзге халықтармен тең дәрежеде көргісі келді.
Халқын өнер, білім оқуға, озық мәдениетке
шақырды. Ол халқының ойсыз жүрген кездерін, мінез-
құлқындағы кейбір кемшіліктерді қатты сынайды.
Ақын өлеңдерінде өмірдің, өнердің
небір жұмбақ кілтерін өзге жұрт біліммен ашып жатыр, ал
бұл ұмтылыс біздің жастар арасында жоқ деп
қынжылады. Бұл идея ақынның "Сорлы
қазақ", "Өнер білім қайтсе табылар",
"Қазағым" өлеңдерінде айқын
көрінеді.
Мағжан
шығармаларының қайталанбас құндылығы - мектеп оқушыларын
отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ақын өлеңдерінен
отаншылдық сана, отаншылдық сезім, ұлтжандылық,
ұлттық патриотизм, Отан, мемлекет, ел, халық, атамекен, ар,
намыс, ождан, қарыз, парыз т.б. қасиеттерді байқауға
болады. Сонымен қатар ақын
өлеңдерін оқу арқылы жас ұрпақты ерлік,
батырлық, қайырымдылық, мейірімділікке тәрбиелеуге
болады. Мағжанның "Мен жастарға сенемін"
өлеңінде ақын жастарды қайраттандырып, жігерін
қайрап, бойға күш қуат беріп, намысын оятады, рухты
көтереді, жігерлендіреді. Ақын жалындаған жас азаматты арыстан мен жолбарысқа
теңеп, көзінде оты, сөзінде жалыны бар жас қырандар дей
келе айбынды алаш елі үшін алға Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңінің
тақырыптық идеялық негіз кеңес
өкіметінің жетпіс
жылдық билігі тұсында қазақ
әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған
тұлғалардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Талантты
ақынның есімі де, маржан
жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға
ұшырады. Азат өмірді,
халқының тәуелсіз ел болған қалпын
көруге ұмтылған, солжолда білегіндегі күшімен де,
жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер. Ақын бір
өлеңдерінде ел жайын, оның болашағын, оқуын,
өнерін тілін, дінін, ділін ойлап қамығады. Ал енді бірде елім
деп еңіреп тұрған сол елге бостандық, еркіндік
әперуді көздеген, анталаған жаудан елімді қайтсем
қорғаймын деген азаматты көреміз. Еуропаның
қазақ еліне өктемдік жасап, зорлық көрсеткені
ақынның жанына қатты батады. Мағжанның
жоғарыда аталған өлеңдерінен заман шындығын,
тарих кезеңдерін, тоз - тоз болып, өз елінде қысым
көрген қазақ халқын көреміз. Ақын күңірене
отырып, ер түріктің арғы тарихынан сөз
қозғайды және ерлік, батырлықты аңсайды, оны
көрсетуге мүмкіндік жоқ екенін біліп күйзеледі.
Ақын халықтың сан-салалы тіршілігінің бәріне
үңіледі, алуан түрлі пікір айтады, ол үшін бөтені
жоқ, бәріне тоқталады.. Бәрі де Мағжан
қаламында өлең боп ойнайды, сыңғырлап, сылдырап,
бұлақ болып құйылып, шөлді қандырады. Ақынның "Түркістан"
өлеңі (25 шумақтан тұрады) оның баяндау тәсілі ғана емес, көптеген
көркемдік амалдарды өзінің ауыз әдебиетін жетілдіру
жолымен алған.
"Түркістан" -
өлеңінде түрік халқының тұтастай тарихына
тоқталады да: Түркістан - екі дүние
есігі ғой,
Түркістан
- ер түріктің бесігі ғой
Тамаша
Түркістандай жерде туған
Түріктің тәңір берген несібі ғой
- деп келіп, қазақтың арғы тарихын, ұлы
тұлғалар тағдырын, қасиетті жерлерін, би -шешендерін,
табиғатын, киелі жерлерін тұтас баяндайды.
"Түркістан"
өлеңінің бір шумағы өлеңдік
тұлғасы жағынан келесі шумақтарын қайталамауы
мән беретін құбылыс. Бірде баяндау, бірде суреттеу
әдісін алмастырып отырады. Мәселен, әлгі шумақты таза
сурет не таза баяндау деп бөліп айту қиын. Себебі, суреттеу
тәсілінің барлық бейнелілігі өлең бойына дарытыла
отырып баяндалады. Ырғағы да соған бейім. Алайда, екпін тіпті
үшінші буынды қойып, бірінші буынға түседі. Бұл
бұрын қазақ өлеңінде кездеспеген. Еспе
қайталау арқылы ол екпінді әлсіретіңкіреп, ішкі
ырғақтың күшімен тегістеп жіберген.Еспе қайталау мұнда жеке сөздер арқылы
емес, "бесігі ғой", "несібі ғой", "есігі
ғой" сияқты сөз тіркестері арқылы жасалып,
ұйқастың да толымды түрін қоса қамтамасыз
етеді. Ауыз әдебиетіндегі еспе қайталау айрықша
орын алады. Мағжан
шығармалары өз заманының тұтас бір шежіресі, өз
үнімен, көркем де отты шыншыл сөзбен жасалған
туындылары ана тіліміздің
тұғырын биіктете түседі. Поэзияның көркем тілі эпитетсіз
болмайды. Біреулер эпитетті өлең сөздің реңін
әдейі құбылту, құлпырту деп түсінсе
өзге біреулер суреттеп отырған заттың мәнін дәлме
–дәл, нақты сөзбен жеткізу құралы деп біледі.
Ақын өз өлеңдерінде көркемдік тілді шебер
пайдалану жолдарын тиімді ізденістермен таба білген деп ойлаймыз.
Ақын түсінігінде ана
тілі –ұлт тәуелсіздігінің кепілі. Ұлтының
ұлт болуы үшін бірінші шарт – тіл болуы. Ұлттың тілі
кеми бастауы ұлттың құри бастағанын
көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе жоқ.
болмасқа тиісті». Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де
ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол
өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал
адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы,
бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың
мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани
білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да
мән-мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа
тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз
заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі
астарына үңіледі. Дүниені философиялық
тұрғыдан таниды. Шығармаларынан қазақ тіл білімінде
кездесетін етістікті фразеологизмдерді, мақал-мәтелді, образды
бейнелеулердің бірнеше түрін кездестіруге болады. Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша
сіңірген. Әдеби туындыларымен бірге жыр, поэмалары,
зерттеулері Мағжанның қаламынан туған оқу
құралдары да бар. Жастарды оқу, білімге
шақырған қаламгер әлемдік педагогиканы
қазақтың ұлттық ерекшеліктеріне сай етіп,
бірқатар еңбек жазды. Оның Ташкентте «Педагогика» атты кітабы
және төменгі сыныпқа арналған «Сауатты бол» атты
оқулығы жарық көреді. Елінің тарихы мен
мәдени мұраларын терең білген Мағжан
қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт»,
«Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың
қобызы», «Ертегі» сияқты бірнеше тамаша поэмалар тудырды.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында
өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, өмірден
дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлілді шешімдер
қабылдай білуге үйретеді. Шығармашылық қабілет
әр оқушының табиғатында болады. Біздің міндетіміз
оқушы бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып
көрсету. Оқушының шығармашылық қабілеттін мұғалім
аша білуі керек деген ойды ақын өз заманында айтып кеткен.
Мағжанның
өлеңдерін Жүсіпбек
Аймауытов өте жоғары бағалаған.Ол: "Мағжан – ең алдымен, сыршыл
ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның
жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті
сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді.
Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.
Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын
құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан
таба алмайсыз". деп баға береді. Мағжан поэзиясының жоғары
деңгейлігін, азаматтық, отаншылдық, ұлттық
рухқа толы екенін дөп басып айтқан.