Бастауыш сынып оқушыларының
оқу мотивациясын арттыруда бағалаудың маңызы
Журмаханова Мариямкуль Ерсинбековна
№175 негізгі мектептің бастауыш сынып
мұғалімі
Формативті
бағалау - оқушы
мотивациясын арттыра ма? Мені осы сұрақ толғандырғандықтан, сабақ беру кезеңінде бағалау«оқыту үшін
бағалау және оқуды бағалау» модулінің идеяларын қолдана отырып, өз бетімше зерттеу жүргізгендігім
жайлы жазуды қолға алдым. Бұрынғы сабақтарда
оқушыларды тек салыстырмалы
түрде ғана бағалап
келсем, енді деңгейлік курс оқып келген
мұғалімдердің коучингтер өткізуі барысында бағалаудың көптеген жаңа тәсілдерін үйреніп, сол үйренгенімді балаларға беруге талпындым. Бұл бағалау барысында оқушылар өздерін,
қасындағы жұптасын,
келесі топты шынайы бағалай білуге қалыптасады. Формативті
бағалау – баланың сыни
тұрғыдан қалыптасуы үшін, сондай –ақ, алған білімдерін өмірлік
іс-тәжірибесінде қолдана білуге қалыптасуы үшін
өте маңызды. Әрине мен өткізген сабақ
үстінде барлық бағалау түрлерін жақсы меңгеріп кетті деп айта алмаймын,
дегенмен болашақта баланың
қалыптасуына жақсы ықпалын тигізеді деп ойлаймын.Оқыту
үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің
оқудың қай сатысында
тұрғанын, қандай бағытта даму керек жіне
қажетті деңгейге
қалай жету керек
екендігін анықтау
үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері
қолданатын
мәліметтерді іздеу
және қолдану үдерісі
екен. Сабақ барысында бағалаудың нәтижелеріне көңіл
бөліп отыруы керек, мұғалім балаларға көшбасшы бола білуі керек деп ойлаймын. Мұғалім осы бағалау
арқылы суммативті бағалауды жүзеге асырады сонымен
қатар балалардың қай деңгейде сабақты меңгергенін, болашақта не істеуге
болатынына қорытынды жасап, бір жағынан оқушыларды
тәрбиелейді. Себебі, сабақ
үстінде оқушыда- алда үздік болсам, топтағы достарымды
ұятқа қалдырмасам, уақытты үнемді жұмсасам деген
сияқты досыма көмектесем деген ой, шынайы, әділ болу дағдысы
қалыптасады. Мен бастауыш сынып мұғалімі
болғандықтан пәннің ерекшелігіне сәйкес сабақтағы тапсырмалар
оқуды, талдауды, ойлауды, сұрақтар қоюды,
мәнерлеп оқу мен пайымдауларды талап ететіндігі баршаға түсінікті деп білемін. Сол
сабақты өту барысында
оқушылардың
білімге деген
құштарлығын, ынтасын, қызығушылығын
мейлінше артыру үшін формативті
бағалау түрлерін
көбірек қолдануға тырыстым. Оқушылардың жаңа
сабаққа деген деген зор
ынтасын байқадым. Алғашқы сабақта мадақтау, 2жұлдыз 1ұсыныс, бармақпен бағалау
түрлерін пайдаландым. Жаңа сабақ барысында жыл мезгілдері
суреттерін құрастыру арқылы топтасты. Топтасу жеңіл болып
оқушылар жылдам топтасқандықтан оқушыларды «жарайсыңдар, керемет!» деген
мадақтау сөзбен бағаладым. Үй тапсырмасын «Серпілген
сауал» әдісі арқылы сұрадым. Кейбір оқушылар тосылып
тұрып қалды, алдыңғы сыныптасы қойған
сұрақты қайталады. Немесе қысқа жауап берушілер
кездескендіктен алдағы
уақытта осындай кемшіліктер болдырмау керек екендігін ескертіп,
бағыттадым. Жаңа сабақ тақырыбын ашу
мақсатында «қызықты
мәлімет» айдарымен интербелсенді тақтадан бейнебаян
көрсеттім. Сұрақ қою техникасын пайдалана отырып
сұрақ бергенде, жақсы
жауап беріп ойларын ашық жеткізе білгендерді өз тарапымнан
мадақтап, жылы шырай таныттым. Топтық жұмыста 4 топқа әртүрлі тапсырма
бердім. Топтық жұмыста оқушы-оқушы арасында диалог
орнап, тапсырманы тыңғылықты орындауға деген балалар
арасындағы талпыныс байқалды. Топ бақылаушыларына сөз берілгенде С деңгейіндегі А есімді топ мүшелерінің өз қызметтерін атқаруына
жалпылама сипаттама бергенімен, келесі топ бақылаушысының
сөзін тыңдауын күттім.
А есімді бақылаушыға
қайта оралып өз қатесін тауып, түзетуіне
мүмкіндік жасадым. Топ мүшелері өз міндеттерін
атқаруына ғана емес,
топтық жұмыста өзін қалай ұстағанын,
сонымен бірге қандай құнды идея қосқанына көңіл бөлу керектігін
түсінді. Осы топтық жұмысты « екі жұлдыз, бір
ұсыныс» арқылы бағалау тапсырмасы берілгенде топтар арасындағы осы осы
бағалау оқушылардың арасындағы
қызығушылығы мен белсенділігін арттырды. Дей
тұрғанмен, оқушылар бойында әлде де
қалыптасушылық болмағандықтан, бірінші рет
қолданып тұрғандықтан,
жұлдыз беруге қиналмағанмен ұсыныс беруде тек
жалпылама сипаттама берген тұстары да болды. Мысалы: « жақсы
қорғадыңдар, дегенмен бұдан да жақсы
қорғауға болар еді» деген сөздер жазған. Жұптық
жұмыста1-жұпқа еңбек, жалқаулық туралы
мақал-мәтел жазу, 2-жұпқа шегіртке мен
құмырсқаға мінездеме беру, 3-жұпқа шегіртке
сөзіне 5 жолды өлең жазу тапсырмасы берілді.
Оқушылар тапсырманы жұпта
талқылай отырып, нақты жауап
беріп, бір-бірін толықтырып отырды.
Бұл жұмыстан соң тапсырмалары бірдей жұптар
өзара бармақпен бағалады.
Бұл әдістің тиімділігі бала бойында қателесіп
кетуге деген қорқыныш сезімі жойылады, деңгейі әртүрлі оқушылар
жұптасқандықтан,
білмеген тұсын жұптасынан үйреніп, білімін
толықтырады. Жеке
жұмыста Блум
таксономиясының ойлау деңгейіндегі тапсырмалар берілді. Білу,
түсіну деңгейіндегі
сұрақтарға сынып оқушыларының 100% жауап
берген, қолдану деңгейіне 78 % ,
талдау деңгейіне - 55 %, жинақтау
деңгейіне – 38%, бағалау деңгейіне - 20% жеткен. Өз тарапымнан 2жұлдыз
, 1 ұсыныспен бағаладым. Сабақ соңында кері байланыс
орнату оқушының
сабақтан алған білімін,
әсерін, сабақ барысында ұшырасқан кедергісіне
талдай білуін қалыптастырады. Шындығында, балалардың білім алуға деген ұмтылысы,
сабақты формативті бағалауға деген көзқарасы қуантарлық жағдай. Оқушылар сабақ
барысында тығыз
қарым-қатынаста болғандықтан бір-біріне еліктегіш
келеді. Бірінің жасаған жақсы әрекетін пайымдап,
үлгіге алып оны өз бойынан көргісі келеді. Сабақ
соңында «Не үйрендім,не қиын болды, ұсыныс»
түрінде кері байланыс алынды.
Оқушылардың жазған рефлексиясынан
байқағаным, И.Крылов өмірбаянын білгенін,
өлеңнін мағынасын
түсінгенін, постер қорғау қызықты болғанын
барлығы жаза білген. Ал не қиын болды бағанына, бақылаушы
парақшасын толтыру, ұсыныс беру, уақытқа жетіспеуі
деген сөздер жазған. Ұсыныс бағанына уақыт көбірек бөлінсе екен
деген стикер жазылыпты. Яғни
менің ойымша
ой-толғаныстарын жан-жақты саралап, өзіндік
шынайы өлшеу жүргізілгені
аңғарылды. Демек сабақтағы кері байланыстың қаншалықты маңызды
екендігін түсінгендей болдым. Себебі,
оқушылардың
рефлексияларынан келесі
сабақта нені және
қалай өзгертуім керек
екендігіне бағыт, бағдар алғандаймын. «Егінші мен
қасқыр» тақырыбын өткенде топтық жұмыста
«ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен жұмыс жасады.
Мәтінді бөліп оқып, постер қорғады. Топ
мүшелері қызу талқылап, әр топ баяндамашысы постер
қорғады. Топтық жұмыста мәтінді талқылау берілді. Әр топ
бақылаушысы бағалау критерилері бойынша бағалады.
1 |
Ертегі мазмұнының ашылуы. |
|
2 |
Ертегі идеясын таба білуі |
|
3 |
Ертегінің жүйелі айтылуы. |
|
4 |
Постердің
эстетикалық талғамға сай безендірілуі |
|
5 |
Топтың
белсенділігі |
|
Бағалау
критерилері оқушыға берілгенде бақылаушы оқушылар
жақсы толтырып шықты. Бақылаушы парақшасын оқып
болғаннан кейін ойланудың 6
қалпағымен бағалады. Жақсы ақпарат берген
С есімді оқушы –ақ қалпаққа, сыни
көзқарас білдірген М есімді
оқушы – жасыл қалпаққа, оң көзқарасты
ой айтқан А есімді оқушы – сары қалпаққа, шешім
таба білген Ш есімді оқушы- көк қалпаққа
қызықты жауап бере білген Б есімді оқушы - қызыл қалпаққа ие болды. Ал
қара қалпаққа сай оқушы топта болмады.
Қалпақты кімге кигізуді балалар
өздері шешіп, өзара бағалады. Бұл
бағалаудың
тиімділігі мол, себебі, балалар ойлана отырып сынилылық танытып,
қалпаққа лайықты оқушыны өзі таңдайды.
Сондықтан шынайы бағалау
жүзеге асады. Дегенмен
бұл бағалау түріне балалар
қалыптаспағандықтан,
көбірек ойланып, түсіндіру үшін уақыт
көбірек жұмсалды.Жұптық жұмыста 5 жолды
өлең құрастырды. 1-жұп нан сөзіне,
2-жұп қасқыр сөзіне жазды. Бұл жұмысты оқушылар бағдаршамның
түстерін көтеру арқылы өздерін бағалады.
Бағдаршамның қызыл түсін көтерген
оқушының болмауынан сынып оқушыларының тапсырманы жақсы орындағанын
байқадым. Жеке жұмыста семантикалық картамен жұмыс
жасау тапсырмасы берілді. Семантикалық картамен жұмыс жасап
үйренгендіктен бұл тапсырманы орындау қиындық
келтірмеді. Тақтадағы дайын
үлгі жауаппен өз жұмыстарын тексеріп, қателерін
жөндей отырып, өз деңгейлерін бағамдады.
Қасындағы оқушымен өзін салыстыра отырып, алға
жылжуға деген талпынысы оянады.Келесі сабақта кері байланыс ретінде
блоб ағашында өздерінің қай деңгейден, қай
деңгейге жеткенін ойлана отырып, шынайы бағалауларын тапсырдым.
Сынып оқушыларына бұл бағалау ұнап,
қызығушылықпен орындады. В деңгейлі А есімді оқушы қасында отырған
Ш есімді оқушыға «мен саған көмектестім сондықтан
екеумізді бірге белгіле» деп ақыл қосып жатқанын
байқап, әркім өз бетімен орындауы керек деген ескерту
жасадым. Оқушылар бар ынтасымен
орындады. Келесі сабақ В.Сухомлинскидің
«Қатқан нан» әңгімесі болды. Ынтымақтастық
атмосферасын құрып, әртүрлі нанның суреті бар
қиманы құрастыру арқылы топқа бөлінгеннен
кейін үйге тапсырмасын «ыстық орындық» әдісі
арқылы арқылы сұрадым. Орындықта отырған оқушыға сұрақ қоя отырып, өз
тарапымнан фишка арқылы бағаладым. Фишка арқылы бағалау барысында оқушыда ынта,
фишканы көбірек алсам деген талпыныс болды. ортаға өз білімін
көрсеткен оқушының
жүзінде қуаныш сезімімен қатар мақтаныш табы да білініп
тұрды. Бұдан шығатын қорытынды: әр бала мен
үздік болсам деген
алғажылжушылық, ішкі уәжі қалыптасып, өзін
реттеуге көңіл бөледі. АКТ мүмкіндігін пайдалана отырып
«наубайханашының бір күні» атты сюжет көрсеттім. Осы сюжетті
көре отырып мұғалім мен оқушы, оқушы мен
оқушы арасында диалог орнады. В деңгейіндегі Н есімді оқушы «наубайханашы бір нанды
пісіру үшін қаншама
еңбектенетінін көрдік» деп өз таңғалысын
жасырмады. Топтарға мәтін бөліп беріліп, постер қорғау тапсырмасын орындады.
Рөлге бөлінуде талас туып жақандықтан, ол рөлдер
үнемі ауысып тұратындығын түсіндіргеннен кейін,
әр топ өз жұмыстарына
кірісті. Топтық жұмысты мадақтау сэндвичі арқылы
бағалауды жүзеге асырдым.
Топтар бір-біріне ұсыныс беруде
тосылып, мұғалім көмегіне жүгінді. Себебі,
бұл әдіс бұрын соңды мектеп практикасында
қолданылмағандықтан, келесі сабақтарда көбірек пайдаланып, жетілдіру керек
деп ойлаймын. Жұптық жұмыста 1-жұп «жалғасын
тап», 2-жұп «ойлан тап»
тапсырмасын орындады. Жұптар тапсырманы орындап болғаннан
кейін, тақтадан дайын үлгі жауапты көре отырып өз
жұмыстарын тексерді. Бұл бағалау барысында оқушыда
қателесіп кетем ау деген қорқыныш болмайды, сонымен
қатар өздерін оқудың қай сатыда
тұрғандығын пайымдауына мүмкіндік болады. Сабақ
рефлексиясы «1минуттық эссе»
арқылы алынды. Өзіндегі сәтсіздіктер мен
сәттіліктерді талдай отырып, өз ойларын парақша бетіне
түсірді. Парақшаларды жинап
алғаннан кейін С деңгейіндегі Ғ есімді оқушы былай деп
жазған екен: « Нанды қатты қадірлеймін, нанның қалай пісірілетінін білдім, дұрыс
бақылаушы бола алмадым» деп бала ойын қысқа болса да
жинақтай отырып, нақты жеткізе білгендігі ұнады.
Оқушылардың көбісі өз кедергілерін жазғысы
келмесе де бұл
оқушының шынайылылығын басқа балаларға үлгі
еттім. Қорытындылай келе айтпағым, бағалау оқытуды
жақсартып келеді. Формативті бағалаудың стратегияларымен оқып, таныса келе
бағалауды түрлендіре қолданып жұмыс жасауға ерекше
ынталы болдым. Формативтік бағалау - тек оқушылардың пәндік білімдерінің
қорытындысын шығарып, оларды жақсы оқитындар мен
үлгерімі төмендер деп
бөлуден сақтандыратындығы. Оқу үдерісін
жақсартуда табысты оқуды ұйымдастыру үшін
оқушылардың тек пәнді жетік меңгеруіне ғана мән бермей жеке
тұлғалық қасиеттерін
де білу, дамыту маңызды екенін түсіндім. Қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі,
қызметі түбегейлі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, дамытушы,
бақылаушы және басқарушы қызмет атқару керектігін
меңгердім деп айта аламын. Бұл үшін мен мақтана аламын,
мен үшін үлкен жетістік болды және болашақта
барлық оқушыларымды жаңа бастамаларға жетелей аламын.
Өйткені бағалау
арқылы эмоциялық, әлеуметтік және танымдық
кедергілерді жоюға мүмкіндік болады деп пайымдадым.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Л.С. Выготский. Педагогическая психология. – М.: Педагогика, 1991
2. С.Мирсеитова мен Ә.Іргебаева
«Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері,
Алматы 2006
3. Ж.А. «Методологические основы
совершенствовование педагогической системы обучения в школе»