Мурзахаева Б.Г.
№40 жалпы білім беретін
мектеп,
қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Орал қаласы, БҚО
Қазақ тілі мен
әдебиеті сабақтарында жаңа технологияны пайдалану тиімділігі
«Мұғалімнің
жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен
әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы
қажет” деген» Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі
кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын
талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып,
сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру
қабілеттерін жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану,
әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды
да қызықты өткізу, мұғалімнің жеке
басының интелектісін дамыту, оқу іс-әрекетін, өтілетін
тақырып мазмұнын аша білу. Жеке тұлғаны дарынды,
білімді де білікті етіп шығару - мұғалімнің педагогикалық
шеберлігі. Бұған жету үшін оқытудың жаңа
инновациялық технологиясын қалыптастыру қажет. Атақты
ғалым В.М.Шепель «Технология,
бұл – өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің
жиынтығы, жағдайдың өзгеруі»,-дейді.
Қазақ тілді
оқытуда бірден-бір тиімді әдіс – сын тұрғысынан ойлау
әдісі деп ойлаймыз. СТО-дағы мұғалімнің басты
міндеті - оқу материалын оқушыға дайын күйінде
көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра
отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды
шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
Ø шыңдалған
ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни
көзбен қарау;
Ø күрделі
мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер
қабылдауға құштарлық;
Ø үйрету мен үйрену бірлігінен,
үйренудің қызығушылығынан тұратын,
үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
СТО үйрету үшін мына төмендегі шаралар
орындалуы шарт.
1. Оқушыларға
ойлануға рұхсат беру;
2. Оқушылардың әр
түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау;
3. Үйренудегі
оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
4. Сенімділік.
Осы технологиямен жұмыс барысында
оқушылар іс-әрекетінен мына
өзгерістерді байқауға болады:
1. Бірлесіп
жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі білмегенін
үйренуге, білгенін ортаға салуға үйретеді.
2. Ұжымдық,
жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары
қалыптаса бастайды.
3. Білімді
өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе білуге
дағдыланады.
4. Оқушылар
сабақтың басынан-бастап білімді игеруге белсене кіріседі,
қызығушылығы артады.
5. Сабаққа
енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда
болады.
6. Өзін-өзі
бағалай біледі.
7. Саралауға
үйренеді.
8. Ғылыми
жұмыспен айналысуға қызығушылық танытады.
9. Өз пікірін
қалыптастырып, «мен» деген рөлін көтере алады.
Тарихты оқытуда
оқушылардың креативтілік қабілетін дамыту қазіргі білім
берудің
негізі болып
табылады. Сын тұрғысынан ойлау – креативті тұлғаны
қалыптастырудың бір жолы. Креативтілік – ағылшынның
Creativity сөзінен аударғанда «шығармашылық» деген
мағынаны береді. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес,
шыңдалған ойлау. Сыни тұрғыдан ойлай отырып,
оқушы сана- сезімін, ойлау қабылетін, дүниетанымын дамыта
алады. Сыни тұрғыдай ойлауды тарих сабағында пайдаланған
өте тиімді, әрі керекті әдіс деп қарастыруға
әбден болады. Неліктен? Отанымыздың тарихына сараптама жасау
арқылы оқушылардың өзіндік пайымы қалыптасады.
Оқушылар тарих сабағында ұтқыр жауап айтуға
тырысады: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылады,
үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына тарихи
сұрақтар қояды. Оқушылар болжамдар айтады, өзіндік
сана-сезімі қалыптасады.
Білім
берудің маңызды шарты оқу үрдісінде
оқушылардың қызығушылығын арттырып,
өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып
табылады. Ендеше, дәстүрлі сабақта оқушы
мұғалімнің көмегімен білім алса; оқушы мұғалім
білім сыни тұрғыдан
ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім - тек бағыт беруші.
СТО мен дәстүрлі
сабақтарды салыстырсақ:
|
СТО сабақтарда |
Дәстүрлі сабақтарда |
|
Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады. |
Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді. |
|
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым. |
Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді. |
|
Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым. |
Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды. |
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын
қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары
деңгейде өтуінің алғы шарты оның
қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия
дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен
оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін,
қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана
жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды
шығармашылықпен әрекет етуге,
ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты
ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады,
стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың
ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те
жіберуге болады. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ
құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау,
әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді
мүмкіндіктерге қол жеткіздім. 2- сынып оқушыларының
жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни
тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында
қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне
тоқталайын: РАФТ Бұл
стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын
түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру,
жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы
жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын
жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара
оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін
дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз
бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс
қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса
түседі. Төлен
Әбдіковтің «Қонақтар» сабағынан үзінді. Осы
сабақта қолданылатын әдіс түрлері. 1.Қызығушылықты
ояту. Бес жолды тұжырымдама стратегиясы. а) Сапабек; ә)
Бөтен, қатыгез; б) Келді, қоштасты, құрметтемейді,
в) Үйіне қонақ болған
Сапабек; г) Бала. 2. Мағынаны тану.
а)Ұқсастық пен даралық стратегиясы.
ә) РАФТ
стратегиясы.
Рөл-
Ерғабыл
Аудитория
– Сапабек
Форма
– (хат)
Тақырып
– Ақталмаған
үміт
Жуан-жіңішке сұрақтар:
оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін
мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар
құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық
әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы
алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады,
қойған сұрағына өзі жауап беруге
дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын
мұқият тыңдап, сұрақ
құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік
сұрақтарға ілтипат білдіреді. 1.Сапабек ауыл адамдарының алдында өзін
қалай көрсетті? 2. Келіні Томаның қылығы туралы не
айтар едіңіз? 3. Қарттың қалған үміті кімде
болды? Ол үміт ақталды ма? 4. Баланың ата-ана алдындағы
үміті дегенді қалай түсінесіңдер? Қолжазба
күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға
өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры
молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады. Осындай
жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен
пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз
ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады,
оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі
сұрақ қоя білуге дағдыланады. Толғаныс.
(Автор орындығы). «Ата-ана алдындағы борышым», «Әке
үміті» . Бұл кестедегі
көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері
негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты
өскенін аңғаруға болады.
Сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасының бұдан да басқа стратегияларын
әдебиет сабағында кеңінен қолдануға болады.
Бұл тәсілдер оқушыларды тыңдаушы, орындаушы ретінде
емес, ойланып еңбек етуші дәрежеге жеткізеді, ал
мұғалімді белсенді түсіндірушіліктен арылтып, алдында
өз сезімі мен көзқарасы, өзіндік пікірі бар даму
үстіндегі жеке тұлға отырғанын сезінуге жетелейді.
Оқушыларды мұғалімге тәуелділіктен арылтып,
өзінің білімді игеру қызметін өздері басқара алу
қабілетін шыңдайды, құр мәлімет алумен шектелмей,
еркін пікір айтуға тәрбиелейді. Таным белсенділігі мен
дербестігінің артуына ықпал етеді.
Жас жеткіншектердің ақыл-ой әлеуетін
барынша дамыту үшін олардың санасына өз халқының
тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын,
азаматтық және отансүйгіштік идеяларын сіңіруіміз
қажет. Осының бәрі әдебиет пәні арқылы
жүзеге асатындықтан да, егеменді еліміздің еркін ойлы
азаматын қалыптастырудағы әдебиет пәнінің
маңызы зор екенін ескере келе, оны оқыту мәселесіне
үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының
қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау
қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын
көрудеміз. Осы әдістерді үзбей қолдану – жеке оқушылардың
шығармашылық қабілеттерінің ашылуына жол сілтейді. Эссе
мен 5 жол өлең жазуда да шығармашылық қабілеттері
дами түседі.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. С.Мирсеитова мен Ә.Іргебаева
«Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы 2006
2. Ж.А. «Методологические основы
совершенствовование педагогической системы обучения в школе