Заурбекова А.М.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ТАРТЫС ПЕН ӨЗАРА РЕНІШТІҢ ТУЫНДАУ СЕБЕПТЕРІ

 

Осы заманғы психологиялық зерттеулерде әлеуметтік өмірдің әр түрлі өрісінде болып отыратын талас-тартыстар мен дау-дамайдың өрбуі ерекше назар аударып, олардың себеп-салдарын анықтап отыруға ерекше мән беріп отыруды қажет ететін өмір тіршілігінің шындығы.

Шәкірттер мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы кезге дейін жете зерттелмеген мәселе. Міне,осы мәселені зерттеуді негізгі объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты. 

1. Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Олардың өмірдегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді.

2. Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер рет көзге түсіп қалғандарды «тәрбиеленуі қиын» балалар қатарына ой салмақтамай қосып, өз жұмыстарында қиындатады. Енді-енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін тигізеді.

Мұғалім мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге оқушылар тобы, олардың жас және өзіндік ерекшеліктері, мұғалім мен оның оқушылар ұжымына басшылық ету стилі де әсер етуі жатады.Тәлім-тәрбие саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтап қарастырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы тартыстардың туындап, олардың етек алуының бірнеше түрлері болатындығы байқалады.

Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын жәйттер мұғалімнің білім деңгейі мен оны шәкірттерге тиімді әдіс-тәсілдермен жеткізе алмай, тәжірибесіздік көрсетіп, оқушыларға серпінді ықпал ете алмайды. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қоятын талабын үнемі өзгертіп қалыпты жағдайдан жиі ауытқып отырады.

Соның салдарынан шәкірттердің тәртібі де нашарлайды. Мұндай кемшіліктер, ең алдымен, ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ жүргізудегі методикалық олқылығынан пайда болып, шәкірттер сабаққа көпшілік уақытын босқа жіберетін болады. Алайда мұндай жағдайдан туындайтын тартыстар оқу-тәрбие ісіндегі өзге сипаттағы дау-дамайлардан кемдеу.

Баланың өз басына талап қоюы, айналасына зер салып, әрбір нәрсеге мән беруі баланың өсіп жетіле бастағанын көрсетеді. Мұндай ерекшеліктерге баланың ересек адамдармен қарым-қатынас жасап, өзінің есейгендігін байқатуы оның адами-этикалық жағынан да талап-тілегінің өскендігі деп санау керек.

Ересекадамдарменсалыстырғандымұғалім мен оқушыларарасындағыөзарақарым-қатынаседәуіркүрделі. Өйткені, мұндағыбіріншіжақ-мұғалімтолыққалыптасқан, мораль, этикалықжағынанжетілген, мінез-құлқыорныққанадам. Екіншіжақ- оқушылар. Бұларнебарыөзұстазыныңсезіміменақыл-ойынаынтыққандарғана. Мұғалім мен оқушыныңойлану, түсінусипаттары да түрлідеңгейде. Ұстаздарғаайдайаныққұбылысшәкіртіненанымды бола бермейді. Кейдемұғалім мен оқушыбірқұбылысқа, сөзгенемесеқылыққаберетінбағалары да түрліше. Тіптіқарама-қарсымәнде де болуымүмкін. Ұстаз бен шәкірттерарасындағықарым-қатынастатартыстыңтуындауынаұстаздықметодикалықтұрғыдақатежіберіпжаңылысуы, не оқуматериалынтиянақтытүсіндіреалмауы да себепболады.

Әдетте, мұндай жағдайда мұғалім оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ ұстап көпшілік-қоғам жұмыстарына сирек қатысады. Оқушылар ұжымының сан алуан жұмыстарына, ұжымдық пікірлерге жете мән бермейді. Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға деген наразылық, қанағаттанбау сезіміне орай тартыстың туындауына себеп болады.

Тәлім-тәрбиеісіндебаланыңсанасы мен ақыл-ойыныңдамуындағысаналыөзгерістердіескеріп, олардыдұрысжолғапәрмендібағыттапотыратынболса, ондашәкіртмінезініңұнамдықасиеттерінбірізділікпенқалыптастыруғаболады.

Біріншіден, бір сыныптағы оқушылардың жеке пән мұғалімдеріне қатынасы;

екіншіден, сабақ жүргізген пән мұғалімдерінің ерекшеліктері;

үшіншіден, оқушылардың жеке пәндерге деген ықылас-ынтасы;

төртіншіден, мұғалімдердің сынып ұжымымен қарым-қатынасының сипат.

Болашақ ұстаздар мұндай жағдайлардың мән-жайын терең барлап түсінгені дұрыс.

 

         Әдебиет:

1.        Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық )деңгей . ІІІ басылым «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ, 2012

2.        Білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық педагогикалық оқулары. « Педагогтың кәсіби өсуі - білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» баяндамалар жинағы, Алматы, 2013 ж., І бөлім, 482 бет.

3.        Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. //Білім әлемі. Алматы., 2004 ж.  №6.

4.        Синица И. Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік - Алматы : Мектеп, 1987. - 223б.

5.        Каримов А.Н. Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік негіздері: Оқу құралы– Алматы, 2011. - 225 б.