Макешова Ж.М. ф.ғ.к,доцент, Тапаева А.Қ
Қазақ тілін оқытуда интербелсенді әдістерді
пайдаланудың
артықшылықтары
Бүгінгі кунде әлемдік білім беру жүйесі
жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңында жан-жақты сипатталған: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»[1.10]
Тұлғаның дамуы өз кезегінде
оның белсенді әрекеттер мен тығыз байланысты, өйткені
адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды елейді, ескереді,
есте сақтайды. Сол себепті де бүгінде білім игеруде интер белсенді
әдістердің маңыздылығы дау туғызбайды.
Қазақ тілін оқытуда интерактивті әдісті
мұғалімнің білім берудің барлық
кезеңдерінде белсенді жағдайға қоя білуі,
оқушының білім алу
үрдісін мәнді етеді. Болашақ ұрпақтың жеке
тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін
ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдануды жетік
меңгеру, мұғалімге қойылатын қазіргі заман талабы.
Әдіскер ғалым А.Әлімов: «Құзырлылық
дегеніміз -оқушының өзін-өзі ұйымдастыруы,
басқаруы, бағалауы, қадағалауы, түзетуі,
масылдық пен бәсеңдіктен арылуы, белсенді болуы және
өз өміріне деген жауапкершілікті толық өз мойнына
артуы»- дейді[2.25]
Ал
құзырлылық білім игеру процесін жоспарлаудан нәтижені
айқындауға қарай ойыстырады, негізгі әрекет
тұлғасы оқытушы деп есептелетін «оқытудан» басты
қозғаушы күш оқушы болатын «оқуға»
ауыстырады, салмақты «білім беруден» «білім алуға» түсіреді.
Оқушы қазақ тілі сабағында өз
құзырлылығын алға кояды, яғни білімді
игерудің әдістері мен тәсілдерін өзіндік
тұрғыдан айқындайды, сынып алдындағы өз біліміне
деген жауапкершілікті терең түсінетін жеке тұлға
ретінде көрінуге күш салады.
Қазақ тілін оқытуда
дәстүрлі «білім беру» өз мақсаты мен мағынасын
нақты белгіленген (мемлекеттік стандартта көрсетілген
тақырыптар мен сабақтардың аумағында) білім жиынтығын
игеру мен шектесе, тұлғалық
даму мен өздігімен білім
құрастыруды негізгі идея деп ұстанған
көзқарас оқу үйренудің негізін тек пәндер
емес, ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді әдістер
құрауы қажет. Интербелсенді әдістер мен тәсілдер
оқушылардың тұлғалық тұрғыдан
өзіндік және дербес түрде дамуына әкеледі, оларды
өз мүмкішіліктері мен ұстанған
құндылықтарын түсінуге және бағалауға
жетелейді. Интербелсенді әдістер-мұғалңм мен
оқушының өзара әрекеттесуін, оқу мен оқытудың
негізі деп танитын және сондай қатынасқұа жағдай
жасайтын әдістер , басқаша айтқанда «интербелді» дегеніміз-біреумен
қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірленсе
әрекет жасау, диалог құру, ал «интербелсенді оқу»
дегеніміз-өзара қарым-қатынасқа негізделген
үйретуші-үйренуші,
үйренуші-үйренуші,үйренуші-өзімен-өзі
форматтарында жасаған қарым-қатынас(әңгіме,
сұхбат, пікірлесі, бірлескен әрекеттер т.б)
Әдіскер ғалым Жанпейісова М.М «:Өзара қатынасу, сөйлесу адам
тұлғасын дамытудың маңызды факторы болып табылады,
сондықтан оқу қызметін өзара қатынас жасату
арқылы ұйымдастыру оны тек жандандырып қана қоймайды,
оқушы тұлғасын дамытуға елеулі ықпал етеді»
-дейді.Ал интербелсенді
оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары: орта қалыптастыру;әрекет арқылы үйрету; өмірмен байланыстыру; өзінділікпен дербестікке баулу.
Қазақ тілі сабағында келесі
интербелсенді әдістерді қолдануға болады: кейс-стади–өз бетінше ойлау
қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын
көрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы
сұрақтарды топпен талдау; іскерлік, рөлдік ойындар –оқушыларға
әртүрлі кәсіби рөлдерде сөйлеуге және
сабақты мәселелі жағдайды қалыптастыруға
мүмкіндік беретін оқыту әдісі;тестілеу–әртүрлі
күрделіліктегі өзара байланысты тапсырмалар жинағынан
тұрады; PBL (problembasedlearning–мәселеге-бейімдеп оқыту)
әдісі -қойылған мәселемен өзбетінше
жұмыс істеу нәтижесінде оқушы қазақ тілі
және де басқа пәндер бойынша компетенттілік
құрылымдарын игеретін оқыту әдісі;TBL
(teambasedlearning–кішітоптардаоқыту) әдісі
–оқушыға топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға
мүмкіндік беретін оқытудың топтық әдісі.
Топтық
дискуссия әдісі-оқушыларды кәсіби жағдайды талдауға,
мәселені құру дағдыларын қалыптастыруды
үйретуге, басқа қатысушылармен қатынасқа
түсу игерімін дамытуға, сонымен қатар, әртүрлі
кәсіби мәселелер бойынша шешім қабылдау дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған
әңгімелесудің түрі,миға шабуыл әдісі –топтажұмыс
істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде
оқушылар ситуациялық жағдайлар шешімін жауабының
бірнеше жолын айтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдерді
қабылдаудың белсенді әдісі;тренинг(ағылш. «to train» -
оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе,
яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді
талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік
алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған
білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары
қалыптасады.
Қазақ
тілі сабағында тренинг
әдісін төмендегідей тәрттіппен жүргізуге болады:
- оқушылар
бір-біріне бетпе-бет отыратындай етіп айналдыра орындықтар
қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл
жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу
кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір-біріне
сенімділік артып, қызығушылық танытады, ынталы болады);
- тренингке
қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек. «бұл сенім
атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың
назарын тұрақты
аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);
- бүкіл
тренинг бойында достық көзқарастағы сенімді атмосфераны
жасау және қолдау;
- тренингке
қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының
оған қатысуын
қадағалау;
-
оқытушы-жаттықтырушы өз пікірін ұсынбай-ақ
қатысушыларды сабақтың мақсатын орындауға
жетелеуі тиіс;
-
оқытушы-жаттықтырушы әрбір жаттығудың уақыт
шеңберін сақтауы керек;
- тренингтің
бірінші сабағында «танысу» жаттығуы өткізіледі және
«келісім» (топтық жұмыс ережесі) қабылданады;
- теориялық
жадығат пен интерактивті жаттығулардың, серігудің
арасында сабақтастық болуы керек;
- кез-келген тренинг
сабақ басталарда сол сабақтың мақсаты мен міндеттері
айтылады, ал соңында қортындыланады;
- кез-келген тренинг қандай
мақсат қойылса да, әрдайым танысу мен жұмыс ережесін
жасаудан басталады.
Қазақ тілі сабағында интербелсенді
әдістерді қолдана отырып, оқушының өзін-өзі
тұлғалық дамыта білу және өз қабілеттерін
жүзеге асыру тәсілдерін меңгеруге үйретеміз.
Пайдалалынған әдебиеттер:
1. 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасында Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
–Астана, 2010 .-45- бет
2. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану
мәселелері. Оқу құралы/ Әлімов А.Қ.-Алматы,
2013.-448 бет
3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы- оқушыны
дамыту құралы ретінде. –Алматы, 2002.50-бет