Абдрашева
Алия Қажымұқанқызы
Қазақстан. Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институтының
аға
оқытушысы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі.
Қанапина Биғанша
Төлеуханқызы
Қазақстан. Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институтының
аға
оқытушысы.
Алиақпарова
Алмагүл
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2
курс студенті.
Мәңгілік ел
ұлттық идеясы халқымыздың ұлы мұраты
Елдігіміздің
туын көтерген елбасымыз «келешегіміз кемел, болашағымыз
жарқын болсын десек, бүгінгіміз үшін емес, ертеңі
күніміз үшін өмір сүруіміз керек» деген.
Дағдарыстың күні күркіреп, технологиялық
төңкеріс болар шақта ертеңімізді ойламасақ есеміз
кеткелі тұр. Сол үшін елбасымыз «Қазақстан 2050»
стратегиясын жасады, «Мәңгілік ел» идеясын ұсынды. Бұл
біз үшін қысу таяң кездегі ұстанар ұранымыз,
келешекке қойған жоспарымыз болмақ. Стратегиямыздың басты мақсаты - біз салқын саясат пен
қылышынан қан тамып тұрған КСРО-ның шекпенін
жамылып, қалың ұйқыда жатқан кезде, өзге
елдердің ақ боз аттарына қамшы басып индустрияға
қарай өрлеп кеткен елдерді қуып жету.
Қазір олардың да
қарасы көрініп те қалды, себебі біз дамыған 50
елдің қатарына қосылдық. Енді бір 40 – 50 жылдан
соң 30 елдің құрамына кіріп, діттеген
мақсатымызға да жеткелі тұрмыз. Ол үшін бабымыз бен
бағымыз жарасын тауып, экономикамыз ентікпей, бірлігіміз жарасып,
тірлігіміздің түтіні түзу шықса, айымыз да оңынан
туғалы тұр.
«Мәңгілік
ел» бұл идеяны да елбасымыз тектен-текке ұсынып отырған
жоқ. Себебі бұл идеяның негізін қалаған түрік жұртының данагөйі, үш бірдей
қағанның кеңесшісі болған атақты
Тоныкөк (Тұй-ұқық) мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан
13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын
ұсынған, бұл идея үш негізден тұрады
[1,20-21]. Оның біріншісі - көне түркі жазба
ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы толығырақ
айтар болсақ, «Күлтегін» жазуының қазіргі
қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында:
«Көктегі түркі тәңірісі, түркінің
қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын
дейін, халық болсын дейін...» - осындай мәліметтер келтірілген
[2,63]. Яғни, бұған алғашқы негіз - тілі
де, діні де, ұлты да мәңгі жасасын, өмір
сүрсін деген тілек пен
үміт.
Екіншісі - Әл-Фарабидің «Қайырымды
қала тұрғындары» атты философиялық шығармасы.
Бұл идеяның теориялық-методологиялық
тұрғыдан тиянақталуын айтуға болады. Толығырақ
айтар болсақ, Әл-Фараби «Қайырымды қала
тұрғындарының
көзқарастары туралы» трактатында қала
тұрғындарын бес топқа бөледi. Оның ойынша,
«қайырымды қала бес түрлi адамдар тобынан
құралады: ең құрметтi адамдардан, шешендерден,
өлшеушiлерден, жауынгерлерден және байлардан». Әл-Фараби
ең құрметтi адамдарға
ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды iстерде
беделге ие болғандарды жатқызады. Екiншi топтағы шешендерге -
дiни қызметкерлердi, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды, сол
сияқты шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал
өлшеушiлерге - есепшiлердi, дәрiгерлердi, астрологтарды,
математиканы оқытушыларды қосады. Ғұламаның айтуы
бойынша, байлар дегенiмiз - қалада байлық табатындар, егiншiлер,
мал өсiрушiлер, саудагерлер, қол өнершiлер. «Қайырымды қала
тұрғындары көзқарастары» трактатында әл-Фараби
әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi орнықтыратын -
iзгiлiктi қоғам туралы ой қозғайды. Мұндай
қоғамды ұлы ойшыл «әрбiр адам екiншi адамның
өмiр сүруiне қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне
көмектесетiн адамдарды бiрiктiру арқылы ғана адам өз
табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам
түрiнде елестетедi [3,117].
Халықтың аз қамтамасыз етiлген топтарын мемлекеттiк
қолдау туралы бұдан мың жылдан астам бұрын
айтылған ғұлама
идеясы бүгiнгi күнi де мемлекеттiң iшкi саясатындағы
басты мiндеттердiң бiрi болып саналады. Осындай жетiлдiрiлген
қоғамда,
әл-Фарабидiң
айтуынша: «бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау, көмектесу,
қолдау, ұжымдасу адамдардың өмiрлiк қажетiне
айналады. Әл-Фараби мұндай қоғамды тумысынан
табиғат берген он екi қасиетi бар ақылды, бiлiмдi, сабырлы,
рухани билiктi iзгiлiктi билiкпен ұштастыратын, адам қасиеттерiн
бағалауға қабiлеттi адам басқаруы керек» [3,117] дейдi.
Басшымыз бен қоғамымыз осындай
болғанда ғана дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болмақ. Сонда
ғана біз атағы дүркіреп, экономикасы күркіреп
тұрған 30 елмен тереземізді теңестіре аламыз. Үшіншісі -
Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген
«Құтты Білік» дастаны. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі,
мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды
қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор
әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны
көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге
құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі
патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға
қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат.
Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеуметтік
рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде
жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі.
Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш
Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады [3,161].
Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір
мәні пайымдалып, жалпы адамзаттық
рухани байлықтар – мұрат,
дін, этика, өнер және даналықтың мәні
сараланған. Бұл жерде айтылып тұрған идея
елбасымыз әділетті, әкімдеріміз ақылды, парасатты,
халқымыз қанағатшыл, ынсапшыл болса, бақ –
дәулетіміз артып мәңгілік ел боламыз.
Біз айтып отырған жалпы
қазақстандық ортақ шаңырағымыздың
ұлттық идеясы деп Елбасымыз айшықтаған
Мәңгілік Ел ұғымының тарихы тереңде.
Оның мәні мен мағынасы Алаштың әр баласының
қаны мен жанына ұя салып, бүгінде еркін самғауға
мүмкіндік алды. Қазір біз тәуелсіз, зайырлы мемлекетпіз, біз
дамуды қажет ететін ғасырда өмір сүреміз. Біздің
ғасырымыз жеңілдің асты ауырдың үстімен
өткерер жеңілдікті көтермейді. Біз жастар еліміздің
болашағы үшін аянбай тер төгуіміз керек, елбасымыз да
жолдауда жастарға көбірек сөйлейді. Себебі,
қозғаушы күштері де жастар біздерміз. «Еңбек» - деді, елдің басшысы бізге, «ғылым»-
деді, елдің басшысы. «Екеуіне иек артпай, ертеңіміз жоқ»-
деді, елдің басшысы. Бұл стратегия сіздер мен біздерге
арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер
мен біздер. Елдің болашағын бірге жасайық. Бай-қуатты мемлекеттермен иық тіресіп, еңсемізді биік
ұстап жүрейік.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1) Бас редактор: Ерлан Сыдықов.
«MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи
журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет.
2) Күлтегін Тоныкөк: Ежелгі
түркі рун жазбалары (Әдеби нұсқасын жасаған
Қадыр Мырза Әли..) — Алматы, «Өлке» баспасы, 2001.
— 144 бет.
3) Н.Келімбетов
«Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы, Ана тілі 1991. 264 бет.
4)
Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауы «Қазақстан жолы -
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Астана, 2014
жылғы 17 қаңтар
5) «Егемен
Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газеті
№28/28252/11 ақпан, 2014 жыл.