Филологические науки / 5.
Методы и
приемы контроля
уровня владения иностранным
языком
Нұрекешова Г.Р. – ғылыми жетекші, филология
ғылымдарының кандидаты
Шегебаев Б.Т. – АЯ-12-1 оқу тобының студенті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Шетел тілін
оқытуға бағытталған интеллектуалды
бағдарламалардың тиімділігі
Ғаламдық
жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын
алған ірі экономикалық өзгерістер мен технологиялық
жетістіктер қоғам дамуының қозғаушы күші
болып табылатын білім жүйесіне орасан ықпалын тигізіп отыр. Әлемдік
қауымдастықтың біртұтас білім кеңістігін
қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге
барынша әрекеттенуі жалпы адамзаттық және ұлттық
құндылықтарды бойына сіңірген саналы да парасатты
тұлғаны тәрбиелеу қажеттігін көрсетеді.
Инновациялық
үрдіс – білім берудің жүйесін жаңарту және
дамыту, сонымен қатар қоғамның, еліміздің
өз дамуында жаңаша қоғамның, әлемнің
оқытушысы қажеттілігінен туындаған үрдіс.
Жаңа
инновациялық білім беруде теледидардың, газет, журналдардың
және таралымы кең түрлі ақпарат
құралдарының рөлі аса маңызды. Өйткені, ол
баланың талғамын дамытады, әдемілік пен жағымсыз
дүниелерді ажырата білуге үйретеді, сонымен қатар
тәрбиенің көптеген саласымен тығыз байланыста болады.
Әдемілікті көру, еңбек ету сапалары жан-жақты
дамыған адамды тәрбиелеуде өте қажет.
Интеллект - жеке тұлғаның ақыл-ой
қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен
байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды
ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық
танымдық үрдістер кіреді, себебі ол ақпаратты мақсатты
бағытта қайта өңдеуге, реттеуге және оқуға
қабілеттілікті арттыруға танымдық іс-әрекет
тұрғысынан үлкен мүмкіндіктер ашады.
Қазір
заман да қоғам да өзгерген. Бүгінгі білім
алушылардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары
да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар
өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан
қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.
Ол үшін тәрбие беру саласында жүйелі жұмыстар
атқару – еліміздегі ең маңызды, әрі кезек
күттірмейтін ауқымды істер болып табылады.
Бұқаралық
ақпарат құралдары - арнайы техникалық
құралдардың көмегімен, кез келген
тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық
жариялауға арналған ақпараттар. Біз дүние
жүзіндегі күнделікті жаңалықтар мен таныстыратын газет-журналдарды,
радио мен теледидиарды «бұқаралық ақпарат
құралдары» деп атаймыз. Қазіргі ақпарат сөзі
күнделікті тұрмыста, ғылымның әр түрлі:
философия, экономика, физика, химия, математика, информатика тағы
басқа салаларында кеңінен қолданылады. Бірақ
әрбір ғылымның ақпарат туралы өз
ұғымы мен түсінігі бар. Бұқаралық
ақпарат құралдарының ерекше белгілері:
жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі, арнайы
техникалық құралдардың, яғни аппаратуралардың болуы, ақпарат
таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты
ықпалы, тұтынушы аудиторияның тұрақсыз
әркелкілігі.
Ақпарат
құралдарының ішінде теледидар – отбасы мен мектептен кейін
балаға тәрбиелік жағынан әсер ететін құрал
болып табылады. Теледидар ұлттық және мәдени
әлеуметтенудің маңызды көзі. Баланың өзі
тұратын ортадағы мәдениетті қабылдауды теледидар да
үйретеді.
Қазіргі
таңда теледидардан «XXI ғасыр көшбасшысы», «Тапқыр достар», «Сөз мерген», «Дарабоз»,
«Кім миллионды жеңіп алады?», «Бәйге», «Полиглот»,
«Көкпар», «Овертайм» және «Жұлдызды
сәт» атты интеллектуалды-танымдық бағдарламалар
ұйымдастырылып, көпшіліктің назарына ұсынылып
жүр. Бұл бағдарламалар көрермен-білім алушыларға
білімнің әрқилылығын және сол білімді
шыңдауға бағытталғандығын, логикалық ойлау
қабілеттерін арттырып, білімге құштар жандардың
белсенділіктерін түрлі сайыстар арқылы жұмылдыруын
қамтамасыз етеді.
Интеллектуалды
бағдарламалардың негізгі мақсаты - оқушылардың пәндерге деген
қызығушылығын арттырып, өз білімін өзге
оқушылармен салыстырып, білім деңгейін топтық жарыста дәлелдей
білуге үйрету және пәндер бойынша оқушылардың
білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау,
білімді, тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту
болып отыр.
Қоғамның
барлық салаларында ақпараттық технологиялардың
тереңінен енгізілуі, қолданыс аймағы уақыт өткен
сайын артып келе жатқан интеллектуалды бағдарламалар бойынша
кәсіби мамандардың жоғары даярлығы болуының
маңыздылығын көрсетіп отыр. Осы шарттардың
барлығы жоғары оқу орындарында оқыту мазмұнына
сапа мен деңгей бойынша қойылатын талаптарға интеллектуалды бағдарламалар
ықпалын тигізері сөзсіз.
Интеллектуалды бағдарламаларды сабақ
барысында қолдану – бұл оның
нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың
бірден-бір жолы, ал ол өз кезегінде
бірлесе жұмыс жасауға,
адами қарым-қатынастарға себепкер болады. Оқытуға
жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге
бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып
табылады. Сондай-ақ оның сапасы алынған білімнің
нақты жағдайда мақсатқа жетуімен қатар
өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты
қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Қоғамның
өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық
ақпарат құралдарының рөлі өте зор.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы"
Заңы. Алматы: «Дастан»,
2007.
2. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы,
2005.
3. Выготский Л.С. Избранные
психологические исследования. М., 1956.
4. Мальгина Л.Ф.
Влияние эмоциональных средств на развитие интеллектуальных способностей.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
материалдары. Павлодар: Павлодар университеті, 2004 - 221-223б.
Анкета
участника конференции
|
1 |
Фамилия, имя, отчество автора (ов) |
Нурекешова Гульназ Рахметбековна-научный руководитель Шегебаев Бақберді Тасқынбекұлы –
студент группы Ая-12-1 |
|
2 |
Название статьи и количество страниц |
Шетел тілін оқытуға бағытталған интеллектуалды бағдарламалардың
тиімділігі, 3 страницы |
|
3 |
Название секции |
«Современный научный потенциал – 2016» XI Международная научно-практическая конференция Сроки проведения: 28.02 – 07.03.2016 Место издания: Science and Education Ltd (Англия) Филологические науки / 5. Методы и приемы
контроля уровня владения иностранным языком |
|
4 |
Место учебы (полное
название учреждения, без сокращений), город |
Государственный университет им.Коркыт
Ата, Казахстан, Кызылорда |
|
5 |
Должность, ученая степень, звание |
Научный руководитель - ассоцированный
профессор, кандидат филологических наук Студент 4 курса группы
Ая-12-1 |
|
6 |
Почтовый адрес (с индексом) на который следует выслать сборник
материалов конференции |
120008, Казахстан, г.Кызылорда, ул.Мусрепова дом №10, кв. 58 |
|
7 |
E-mail (если есть соавторы, то электронные адреса каждого
соавтора) |
Gulnaz_N71@mail.ru |
|
8 |
Телефон для контактов |
Дом: 8-(7242)-23-08-25, 8-771-421-91-71,
8-702-233-13-33 |
|
9 |
Количество дополнительных экземпляров сборника |
0 |
|
10 |
Нужна ли справка, о факте принятия материалов к печати |
нет |
|
11 |
Необходим ли диплом участника конференции |
да |